Windows XP операциялық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 21:52, курсовая работа

Описание работы

WindowsXP - Microsoft ұсынған операциялық жүйе. Бұл жүйеде бұрын бөлек болған W9x мен NT екеуін біріктіру жоспарланған. Алғашқыда бұл проект Whisler деп аталған. Бірақ сосын ол екіге бөлінді. WindowsXP W9x пен W2kPro-ні ауыстыруға және WindowsNET NT Server-ді алмастыруға бағыттанған. Атауларының түрлі болуына қарамастан олардың барлығы Windows2000-дің тікелей мұрагерлері және WindowsNT тізбегін жалғастырушылары болып табылады. Бұл WindowsXP-дің негізгі ерекшеліктерін анықтайды.
WindowsXP-дің тыңнан қосылған қабылеттері болса негізінен істетушілерге әзірленген, сыртқы көрініс көп дәнекерлік қабылеттерімен торап, қабылеті жағындағы ерекшеліктері болып, өткендегі меңгеру жүйелер барлық қабілет ерекшеліктерімен өз бойына сіңіріп, өзінің кемелденген қабілеттері арқылы алға шыққан.

Работа содержит 1 файл

Искакова Жулдыз Курстык жумыс.doc

— 222.00 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Есептеу техникасы кафедрасы

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: “Windows XP операциялық  жүйесі”

 

Жетекші: Қантөреева М.А.

Орындаған: Искакова Ж.К.

Мамандығы: 050704

Топ: ЕТБҚ -21

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана – 2010ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ЖОСПАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                 Кіріспе

WindowsXP - Microsoft ұсынған операциялық  жүйе. Бұл жүйеде бұрын бөлек  болған W9x мен NT екеуін біріктіру  жоспарланған. Алғашқыда бұл проект Whisler деп аталған.  Бірақ сосын  ол екіге бөлінді. WindowsXP  W9x пен W2kPro-ні ауыстыруға және  WindowsNET  NT Server-ді алмастыруға бағыттанған. Атауларының түрлі болуына қарамастан олардың барлығы Windows2000-дің тікелей мұрагерлері және WindowsNT  тізбегін жалғастырушылары болып табылады. Бұл WindowsXP-дің негізгі ерекшеліктерін анықтайды.

WindowsXP-дің тыңнан қосылған  қабылеттері болса негізінен  істетушілерге әзірленген, сыртқы  көрініс көп дәнекерлік қабылеттерімен  торап, қабылеті жағындағы ерекшеліктері  болып, өткендегі меңгеру жүйелер  барлық қабілет ерекшеліктерімен  өз бойына сіңіріп, өзінің кемелденген қабілеттері арқылы алға шыққан.

Мұның ішінде ең алдымен  таратылған WindowsXP professional нұсқасы болып, WindowsXP-дің кәсіптік нұсқасы дегенді  бідіреді. WindowsXP болса Windows2000-ның озық техникалары негізінде.

WindowsXP операциялық жүйесіндегі WindowsXP болса Experience-дің қысқарылып жазылуы болып, «тәжірбие көшірмесі» - деген мағынаны білдіреді. Ол Windows2000 операциялық жүйесімен Windows98 операциялық жүйесіндегі ерекшеліетерді қорытындылай отырып жасалған 32 орынды меңгеру жүйесі. Онда Home, Professional, Server, Advanced Server және сан орталығы нұсқасы қатарлы нұсқалары бар. Көптеген жаңа техникаларлың қабілеттері қосылады. WindowsXP операциялық жүйесі ықпалдас жоғарғы қабілетке ие меңгеру жүйесі мінбесі болып біз онда мейлі қандай бір қызмет жүргізейік, барлығында ойдағыдай бітіре аламыз.

Windows ХР операциялық жүйесі 2001 жылдың 25 қарашасында жарыққа шықты. Бұл қазіргі кезге дейінгі Microsoft корпорациясы шығарған, жалпы қолданысқа арналған операциялық жүйе. Ол негізгі үш версияда шығарылады:

 ●  Windows ХР Professional;

 ●  Windows ХР Ноme Edition;

 ●  Windows ХР 64-bit Edition.

Сондай-ақ, косымша екі  версияда: Media Сеntег Edition және ТаbletPC Edition. Windows ХР операциялық жүйесі екі жүйелер  тобының: сенімді Windows 2000 мен халыктық Windows МЕ операциялық жүйелерінің ең жақсы жақтарын өз бойына сіңіре отырып, Windows-ТЫҢ 9X - үйге арналған және NT - кәсіпқой мамандарға арналған линейкаларды біріктірді. Алдынғы операциялық жүйелерге арналған программалармен сәйкестігі іске асырылды. Басты өзгерістерге интерфесті атап өтуге болады. Сонымен қатар, модификацияланған NTFS 5.0 файлдық жүйесін және шифрлеуші файлдық жүйесін қолдану арқылы ақпаратты қорғауға болады.

 

 

 

                             

1 Windows ХР операциялық  жүйесін орнату.

1.1 Windows ХР операциялық  жүйесін жаңадан орнату.

1.1.1 Жүктеуші компакт-дискіден орнату.

Егер сіздің қолыңызда Windows ХР дистибутивті компакт-дискісі  болса, онда осы дискіден орнатуға болады. Бұл жағдайда компьютер қосылғанда Delete пернесін баса отырып оның BIOS-на кіру керек. Оның ішінде First Boot ретінде СD-RОМ-ды көрсету керек. Осы амалдар орындалған жағдайда жүктеуші дискіден Setup программасы Windows ХР операциялық жүйесін орнатуын бастайды.

Setup программасы экранға  қолданушы оқуға тиіс Лицензиялық  келісімді (License Agreement) шығарады. Егер  қолданушы лицензиялық келісім  шартымен келіспеген жағдайда <Еsc> пернесін баса отырып, Setup программасының  жұмысын тоқтатады. Әрі қарай Setup бұрын орнатылған Windows ХР операциялық жүйесін іздейді. Егер табылған жағдайда Setup программасы келесі нұсқаларды ұсынады: егер орнатылған операциялық жүйе болса, онда оны жаңартуды ұсынады, жаңадан орнату немесе операциялық жүйені орнатуды тоқтату. Егер Windows ХР операциялық жүйенінің орнатылған нұсқалары табылмаса немесе жаңа орнатылу таңдалған жағдайда. Setup программасы қатты дискіде бар бөлімдердің тізімін шығарады. Қолданушыға бөлімдер тізімінен операциялық жүйені орнату үшін бөлім таңдауын немесе бос кеңістік табылған жағдайда, оны жаңа бөлімге айналдыру ұсынады. Егер бөлімдердің бірі таңдалған жағдайда, Setup программасы қолданушыға келесі нұсқамаларды ұсынады:

•   ҒАТ32 файлдық  жүйесін

 пайдалана отырып  бөлімді форматтау

•   NTFS файлдық жүйесін пайдалана отырып бөлімді форматтау

•   Бөлімнің файлдық  жүйесін NTFS форматына айналдыру

•   Бөлімнің файлдық  жүйесін өзгеріссіз қалдыру

Қайтадан құрылған бөлімдер міндетті түрде форматталады және осы  жағдайда қолданушы файлдық жүйені таңдауға мүмкіндік алады. Егер бөлімді NTFS форматына айналдыру таңдалса, онда ол іс жүзінде келесі рет жүктелгенде айналады. Әрі қарай Setup программасы жүйедегі дискілерді тексеруді орындайды. Одан кейін аяқтаушы, яғни графиктік фазаға қажетті файлдарды қатты дискіге көшіреді. Файлдарды көшіру таңдамалы түрде, компьютердің аппараттық кұралдарын тану арқылы алынған мәліметтерге сәйкес жүргізіледі. Керекті файлдарды көшіріп  болғаннан кейін  Setup программасы      компьютерді   қайта   тиейді.   Содан   кейін   орнатылудың графиктік фазасы басталады.

 

 

 

 

1.1.2 Winnt және Winnt32 программаларының көмегімен орнату

 

Компьютерді компакт-дискінің көмегімен тиеу мүмкін болмаса және Windows ХР-ді бірінші операциялык жүйе ретінде бос қатты дискіге  орнату керек болса, онда:

1.  Windows 98 немесе Windows МЕ жүктеуші дискетасын дайындап, оның файлдарына Smartdrv.ехе және Fdisk.exe файлдарын қоса көшіру керек.

2.  Осы дискетаның  көмегімен компьютерді жүктеп, командалық  жол пайда болған соң, fdisk командасының  көмегімен қатты дискіде бір немесе бірнеше бөлім кұру керек.

3.  Жүктеуші   дискетаның   көмегімен   компьютерді   қайта   жүктеп, командалық    жолда    format:  командасының    көмегімен   ең болмағанда   бір   бөлімді   (бірнеше   бөлім   құрылған   жағдайда) форматтау керек (көбінесе - С:\).

4.  Форматталу аяқталған  соң sys С:\ командасын беру керек.

5.  Командалық жолдан Smart Drive командасын жіберу керек.  Содан соң компакт-дискідегі I386 каталогіне көшіп, сондағы Winnt.ехе  программасын қосу керек. Windows ХР  операциялық жүйесін орнату процедурасы басталды.

1.2 Windows ХР операциялық  жүйесін орнатылған операциялық  жүйені жаңарту арқылы орнату

 

Егер компьютерде Windows NT Workstation 4.0/Windows 2000 Professional операциялық  жүйелері орнатылған болса, онда жаңарту  қиындық тудырмау керек. Бұл олардың архитектураларындағы, жүйелік реестрлерінің құрылымындағы, файлдық жүйелерді қолдауы мен қауіпсіздік концепциясындағы ұқсастықтарына байланысты.

Егер де компьютерде Windows 98 немесе Windows МЕ операциялық жүйелерінің  бірі орнатылған жағдайда, алдын ала қолданылған программалардың Windows ХР операциялық жүйесімен сәйкестігін тексерген жөн. Бұған себеп екі операциялық жүйелердің жүйелік реестрлер құрылымының әртүрлігі. Мұнымен қатар жаңарту процедурасын Windows 98/МЕ операциялық жүйелерінде қолданылған құралдардың драйверлерін Windows ХР-ге көшіреді. Windows 95/98 операциялық жүйелерінде қолданылған 16-разрядты ескі драйверлер, Windows ХР қолдамайтын VxD моделінде негізделген. Кең тараған құралдардың драйверлері Windows ХР дистрибутивті компакт-дискісіне енгізілген. Орнатуды жалғастыруға керекті құралдың драйвері болмай қалуы мүмкін. Бұл жағдайда Setup программасы керекті драйвер алынғанша жаңарту процедурасын тоқтатады. Осындай қиыншылыққа кездеспеу үшін келесілерді орындаған жөн:

1.  Жаңарту керек  операциялық жүйенің басқаруында  компьютерді қосып,    

     CD-ROM-ға дистрибутивті  компакт-дискіні салу керек. Windows XP Setup   программасы автоматты  түрде қосылады.

 

2. Пайда болған Windows XP Setup-қа қош келдіңіз (Welcome to Windows XP Setup) терезесін Жүйенің сәикестігін тексеру (Check system compatibility) операциясын, содан кейін Жүйені автоматты түрде тексеру (Check system automatically) опциясын таңдау керек.

      

3. Жүйені Windows ХР операциялық жүйесімен сәйкестікке тестілеу операциялық жүйені Windows ХР-ге дейін дұрыс жаңартуға кедергісін тигізетін барлық факторларды, сондай-ақ орнату кезінде немесе орнату аяқталғаннан кейін қателіктер туғызатын сәйкес емес компоненттерді анықтауға өз септігін тигізеді.

Келесі орындалатын операциялар Орнатылған Windows 98/МЕ операциялық жүйесімен қатар орнату бөлімінде қарастырылып өтетін операцияларға тән болып келеді. Бір айырмашылығы, орнатылған типін таңдау терезесінде жаңарту деп белгілеу керек. Бұл кезең біткен соң орнатылудың графиктік фазасы (GUI phase). басталады.

Жоғарыдағы кестеге қарасақ, онда Windows 9х/МЕ операциялық жүйелері NTFS файлдық жүйесін қолдана алмайтынын көреміз. Егер  Windows 9х/МЕ операциялық жүйелерінің бірін қолданып отырғанда  Windows ХР ОЖ орнатылған бөлімді де қолдану керек болса, онда бөлім FАТ32 файлдық жүйесін қамтуы керек. Қатты диск екі немесе бірнеше бөлімдерге бөлініп, олардың файлдық жүйелерін айқындағаннан кейін Windows ХР ОЖ орнатуға болады. Ол үшін орнатылған операциялық жүйемен компьютерді тиеп, оның СD-RОМ-на Windows ХР дистрибутивті дискісін салу керек. Содан соң келесі 5-суреттегі терезе шығады.

Бұл терезеден Install Windows ХР пернесін басу арқылы winnt32.ехе программасының көмегіне жүгінеміз. Келесі терезеден  орнатылым типін белгілеуге болады. New Installation (жаңадан орнату) деп белгілеу керек.

Өнім кілтін енгізу. Өнім кілті (Product Кеу) дистрибутивтің қорапшасында жазылады. Ол бес-бестен бөлінген 25 таңбадан тұратын таңбалар жиыны. Мысалы: VP3WH-BJVP8-HRY4Y-T7YFJ-G3XQY

Өнім кілтін енгізгеннен кейін келесі Орнатылым параметрі (Setup Options) терезесі шығады. Онда басты тіл мен тұрған жерді белгілейді.

Сондай-ақ, Қосымша параметрлер... (Advanced Options...) батырмасын басып, ашылған  Қосымша параметрлер... (Advanced Options...) терезесінен қолданушыға ыңғайлы параметрлер енгізуге болады. Қосымша параметрлер... (Advanced Options...) терзесінде орнатылатын файлдарды қай  папкадан (Сору installation files from this folder:) және қатты дискідегі қай папкаға (То this folder on my hard drive:) көшіруге болатынын көрсетуге болады.

 

2 Файлдық жүйелер

2.1 Файлды жұмыс  жасау үшін ашу

          Файлдық жүйе – бұл құрылым  ядро жүйенің басқаруымен және жүйедегі жадыдағы пайдаланушыларға қатынас жасауға мүмкіндік береді. Жадыдағы қорлар әр түрлі информация тасушы жадыға кіргізеді: бұлар (иілгіш дискілер, CD-ROM, винчестер).  Ядро осы қорларды  бір иерархиялық құрылымға  ұйымдастырады, ол / құжатта басталып және көптеген құжаттарға бөлініп басқа құжаттармен жұмыс жасайды. Ең басты құжат жоғарғы денгейі тұқым айтады.

Құжаттан басқа файлға өту үшін, файлдың атымен бірге  оған өту үшін жолы көрсетеді. Атының жолы абсолютті (мысалы /tmp/afile)  немесе оған кіруші (мысалы bmp/emacs). Файлдық  жүйе – бұл операциялық жүйенің  компоненті, ол файлды құрады, сақтайды және атаулы деректер  жиынына қатынас құрады. Бұл атаулы деректер жиынын файл деп атайды.

Файлдың негізгі қасиеттері.

1.Файл – бұл аты  бар және осы атқа сілтеп  файл мазмұнымен әрекеттесуге  мүмкіндік беретін бір объект. Әдетте файл аты – ол тізбекті  бір символдар, оның үзындығы операциялық жүйеге байланысты.

2. Орналасудан  файлдың  тәуелсіздігі. Нақты файл жұмыс  орындау үшін файлдың сыртқы  құрылғыда орналасуы жайында  ақпараттың қажеті жоқ.

3. Енгізу-шығару функцияларының  жиынтығы. Әр бір операциялық  жүйе файлмен алмасуды қамтитын функциялар жиынтығын анықтайды. Көбінесе функциялар жиынтығы келесі сұраныстардан тұрады: Бар немесе жаңа файлды ашуға болады.

                                         

2.2 Оқу және  жазу

 

 Көбінесе файлдармен  алмасу бірнеше деректер блогымен ұйымдастырылуы мүмкін. Алмасу жасалынатын деректер блогы екі түсінік көрсетеді. Бір жағынан әр есептеу жүйесіне деректер блогының мөлшері белгілі, және олар алмасуға тиімді болып табылады, ол программалы – аппаратты мөлшерлер. Басқа жағынан бұл деректер блогы реалды алмасу кезінде программистермен өзгертілуі мүмкін. Оқу/жазу функцияларында оқитын немесе жазылатын деректердің көбісінде алмасуға арналған деректер блогының мөлшері және деректер блогының саны белгіленеді. Таңдалған деректер блогының мөлшері реалды алмасудың тиімділігіне байланысты, мысалы бір машинаның деректер блогының тиімді мөлшері 256 Кб болып табылады, ал сіз 128 Кбайтан алмасу орындағыңыз келеді, сонда сіз екі рет қатынас құрасыз. Бір рет алмасу орындау үшін сіз оны екі бөліп алмасу орындайсыз, бұл жағдайда операциялық жүйе тиімсіз элеметтерді өзі түзеуі мүмкін. Түзелмеген жағдайда ол сіздің қатеңіз.

                               

 2.3 Файлдық нұсқағышпен басқару

 

Әр бір ашық файлмен  файлдық нұсқағыш байланысты. Бұл  нұсқағыш бойынша әр бір уақытта алмасу орындайтын келесі файлдың мекені көрсетіледі. Ол блокпен алмасу орындалған соң нұсқағыш бір блоктан кейінгі позицияға өтеді. Файлмен жұмыс ұйымдастыру үшін бұл нұсқағышты басқаруды білу қажет. Файлдық нұсқағышты басқару үшін арнайы функция бар. Нұсқағыш дегеніміз ол файлды ашу функциясымен байланысты бір айнымалы.

                                          

2.4 Файлды жабу

 

Бұл операция екі функция  арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:

1. Ағымдағы файл мазмұнын  сақтау және жабу

2. Файлды жою.

3. Файлды жапқан соң  онымен барлық байланыс тоқтатылады.

4. Деректерді қорғау.

Информация о работе Windows XP операциялық жүйесі