Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 19:23, реферат
Компьютерде шығарылатын есептердің күрделіленуіне байланысты программалардың көлемі өсіп, оларды жазу, оқу, түзету күннен күнге қиындап келеді. Белгілі бір өндірістік мәселенің мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын есептеу программалары ұзақ уақыт пайдаланылады, олар күнделікті өмір талабына сәйкес өзгертіліп, түзетіліп отыруы тиіс. Осыған байланысты программа құруды, түсінуді, өзгертуді жеңілдететін тәсілдер жасалған, олар құрымдылық (структуралық) программалау деп атайды.
GetGraphMode lnteger; функциясы адаптердің, яғни графикалық драйвердің ағымдағы режімнің мәнін береді.
SetGraphMode (Mode integer) – бұл процедура графикалық режім орнатады да, экранды тазартады, мұндағы Mode – орнатылатын режімнің коды. Мысалы, осы процедура арқылы графикалық режімнен мәтіндік режімге шығуға және кері ауысуға болады.
program reg;
uses graph;
var f,g:integer;
begin
f:=detect; initgraph (f, g, ' ');
writeln ('графикалық режім');
writeln ('Enter –ді басыңдар');
readln;
RestoreCRTMode; writeln (' мәтіндік режім');
Readln;
SetgraphMode (GetgraphMode);
Writeln (' қайта графикалық режімге көштік');
Readln;
CloseGraph
end.
Бұл программа графикалық режімнен мәтіндік режімге және кері көшіруге арналған.
MoveTo (X,Y: integer) – курсорды көрсетілген мәндері бойынша жаңа координаталарға жылыту (көрсекіштің жаңа орнын анықтау);
MoveRel (DX,DY: integer) – курсорды тұрған нүктесінен әрі қарай DX бірлігінен көлденең (оңға), DY бірлігінен тіке (төмен) бірлікке орын ауыстыру;
RestoreCRTMode процедурасы графикалық режімнің алдындағы режімді (көбінесе мәтіндік режім) қалпына келтіреді. Оның CloseGraph процедурасынан өзгешелігі – қойылған графикалық режімдерді өшірмейді, буферді тазаламайды;
GetX: integer функциясы Х координатасының ағымдағы мәнін береді;
GetY: integer функциясы Ү координатысының ағымдағы мәнін береді.
Геометриялық объектілерді құру процедуралары.
Нүкте салу операторы. Экранның кез келген жеріне нүкте салуға болады, GRAPH модулінде нүкте PutPixel процедурасы арқылы салынады, оның пішімі
PutPixel (X,Y integer color word);
мұндағы X,Y- нүкте координаталары, color оның түсін анықтайды. Мысалы, for i=1 to 60 do PutPixel (i,1,Red); операторы бірінші қатарға 60 қызыл нүктеден тұратын сызық салады. Экран бетіндегі бұрын салынған нүктенің орнын аныұтау үшін:
GetPixel (X,Y : integer) : word;
Функциясы қолданылады.
Түзу сызық салу процедурасы экранда екі шетінің координаталары берілген кесінді сызуды атқарады. Оның пішімі:
Line(X1,Y1,X2,Y2: integer);
мұнда ағымдағы түс бойынша координаталары X1,Y1 нүктесінен X2, Y2 нүктесіне дейін кесінді сызылады, мысалы Line(1,1,600,1).
Бастапқы нүкте көрсетілмесе, онда мына процедура:
Lineto(X,Y: integer); - курсор тұрған орыннан бастап координаталары Х,Ү болатын нүктеге дейін түзу сызық сызады.
LineRel (DX,DY: integer);- ағымдағы нүктеден қашықтығы координаталар өсімшесіне DX,DY сәйкес болатын жаңа нүктеге дейін түзу сызық сызылады. Турбо Паскальда жіңішке, қалын, штрихті, пунктирлі, т.б. сызықтар сызылады. Сызық стилі мына процедура арқылы салынады:
SetLineStyle(T,P,Th: word); - сызық қалындығы мен стилін орнату, Т- сызық түрі, P- сызық үлгісі, Th – сызық қалындығы.
Сызық стильдері
Тұрақты |
Оның мәні |
Сипаттамасы |
SolidLn DottedLn CtnterLn DashedLn UserBitLn |
0 1 2 3 4 |
Үздіксіз сызық Нүктелер тұраты сызық Нүктелер ме тиреден тұраты сызық Штрихті пуктирлі сызық Орындаушы тағайыдайтын сызық типі |