Турбо Паскальмен жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 19:23, реферат

Описание работы

Компьютерде шығарылатын есептердің күрделіленуіне байланысты программалардың көлемі өсіп, оларды жазу, оқу, түзету күннен күнге қиындап келеді. Белгілі бір өндірістік мәселенің мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын есептеу программалары ұзақ уақыт пайдаланылады, олар күнделікті өмір талабына сәйкес өзгертіліп, түзетіліп отыруы тиіс. Осыған байланысты программа құруды, түсінуді, өзгертуді жеңілдететін тәсілдер жасалған, олар құрымдылық (структуралық) программалау деп атайды.

Работа содержит 1 файл

Турбо Паскальмен жұмыс 1.docx

— 42.26 Кб (Скачать)

Турбо Паскальмен жұмыс

Компьютерде шығарылатын  есептердің  күрделіленуіне байланысты программалардың  көлемі өсіп, оларды жазу, оқу, түзету күннен күнге қиындап  келеді. Белгілі бір өндірістік  мәселенің мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын есептеу программалары  ұзақ уақыт пайдаланылады, олар күнделікті өмір талабына сәйкес өзгертіліп, түзетіліп  отыруы тиіс. Осыған байланысты программа  құруды, түсінуді, өзгертуді жеңілдететін тәсілдер жасалған, олар құрымдылық (структуралық) программалау деп атайды.

Адамның түсінуі мен қабылдауын  ыңғайлы тәсілдер жиынын құрылымдық программалау деп атайды. Әрбір программа  бөліктері бір-бірімен тығыз логикалық  байланыста болады, оның бір жерінен  екінші бір жерінен «секіру» болмауы  тиіс.

Құрылымдық программалау – goto операторсыз программалау болып  саналады, яғни шартсыз көшу операторын мүмкіндігінше пайдаланбау керек. Сол себепті программа бөліктері  соларда көрсетілген тәртіп бойынша  мәліметтерді өңдеу ережесін орындайтын логикалық құрылымдардан тұрады. Кез келген программа шектеулі стандартты логикалық құрылымдардан құрылады. Негізгі логикалық құрылымдар туралы бұдан бұрын айтылған болатын, олар:

сызықтық құрылым – программадағы операторлардың немесе олардың топтарының жазылу реттелігімен тізбектеле орындалуы тиіс;

тармақталу – берілген шарттың орындалуы-орындалмауы бойынша алдын ала көрсетілген бірнеше (көбінесе екі) мүмкіндіктің бірін таңдауды жүзеге асыратын басқару құрылымы;

  қайталау – көрсетілген шарттың орындалуына байланысты операторлар тобының циклде қайталануы.

Бұл құрылымдардың ең басты  ерекшелігі – олардың орындалу алгоритмдерінің  бір кіріс және тек бір шығыс  сызығы болады. Мұндағы әрбір құрылымдық бірлік – бір оператордан, біріктірілген операторлар тобынан немесе қабаттастыдеп атайды.рылған  құрылымдардан да тұруы мүмкін.

Қазіргі кездегі программалау технологиясы «жоғарыдан төмен қарай» орындалатын әрекеттерді біртіндеп айқындау тәсілін кең пайдаланады. Осы технологияға сәйкес күрделі есептің белгілі бір бөлігі тәуелсіз қарастыруға, шығаруға болатын блок – қосалқы программа ретінде құрылуы мүмкін. Осындай құрылымы күрделі программаны – сатылы түрде жинақталған тәуелсіз қосалқы программалардан құруға болады.

Әдетте, циклден тыс кейбір әрекеттер тізбегін программаның бірнеше  жерінде қайталауға тура келеді. Практикалық  есептерді шығару кезінде де негізгі  программаның белгілі бір бөлігін  әртүрлі мән бере отырып, бірнеше  рет қайталап пайдалануға тура келеді. Мұндай бір-біріне ұқсас программа  бөліктерін қайталап жаза бермеу үшін оны жеке қосалқы программа ретінде  қарастырып, керек кезінде орындап  отыру  қолайлы.

Белгілі бір ат қойылып, жеке программа рүрінде бөлек жазылған, қажет кезінде оны қайталап пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігін көмекші немесе қосалқы программа (подпрограмма) деп атайды. Қосалқы программаларда бірнеше операциялардың біріге отырып толық орындалуын адағалап, программаның негізгі бөлігінде оның тек атын көрсету арқылы бір рет орындаумен шектелуге болады.

Қосалқы программаны пайдалану:

  • негізгі программаның көлемін кішірейтеді;
  • негізгі программада пайдаланылған айнымалыларды қосалқы программада да пайдалану мүмкіндігін береді;
  • қосалқы программаға берілген компьютердің жедел жады көлемін ол орындалмай тұрғанда, бос ұя ретінде басқа мақсаттарға пайдалануға болады;
  • қосалқы программаны пайдалану тәсілдері құрылымдық  программалау талаптарына сай келеді.

Құрамында қосалқы программалар тәрізді құрылымдық программалау

жабдығы бар Турбо Паскаль  тілі процедураға бағытталған тіл  деп аталып жүр.

Қайталанатын әрекеттерді  қайта жазып көшіруге көп уақыт  кетірмеу үшін Турбо Паскальда қосалқы  программалар ретінде функциялар мен  процедураларды қолданады. Процедуралардың  циклдерден айырмашылығы, олар программаның әр жерінде оператор тізбегі өзгермей, тек бір рет қайталанып отырады, яғни әр пайдалану кезінде бір  рет қана орындалады.

Белгілі бір әрекеттерді  орындау мақсатында алдын ала  бекітілген  аты бойынша шақырылып  орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі процедура деп аталады. Процедура өрнектердің операнды (аргументі) бола алмайды. Программада процедураның атын көрсету оның орындалуына себепші болады да, мұндай әрекет процедураны шақыру деп аталады. Мысалы, Read(F) процедурасы пернетақтада терілген бір мәнді F айнымалысына меншіктейді.

Функция да процедура секілді  орындалады, бірақ оның процедурадан екі айырмашылығы бар: функция аты  өрнектердің операнд рөлін атқара алады;  функция орындалған соң  программаға тек бір ғана мән  беріледі. Жұмысының нәтижесі бір  ғана мән болатын процедура функция деп аталады.

Процедура түріндегі қосалқы  программа бірнеше оператор тізбегінен тұрады және оның жұмыс нәтижесі де бірнеше мән болуы мүмкін. Функция  түріндегі қосалқы программа  математикалық функциялар тәрізді  бастапқы операнд (аргумент) арқылы белгілі  бір өрнекті есептей отырып, нәтижесінде  тек бір ғана мән береді. Функцияның және процедураның жұмыс істеуі үшін берілген бастапқы мәліметтер, яғни нақтылы  параметрлер қажет.

Турбо Паскаль тілінің  барлық процедуралары мен функциялары  екіге бөлінеді: стандартты және тұтынушы өзі анықталған бейстандарт топтар. Стандартты функциялар мен процедуралар тілдің элементі ретінде өз аттары бойынша алдын ала анықталған түйінді сөздермен белгіленеді. Ал бейстандарт функциялар мен процедураларды әр программалаушы өзі жаңа атау беру арқылы анықтайды да, олар орындалатын  әрекеттерден тұрады.

Турбо Паскаль  стандартты кітапханалық модульдер.

 

Турбо Паскаль тілінің 6.0 және одан жоғары нұсқаларына 9 стандартты кітапханалық модуль кіреді, олар: System, Crt, Dos, Graph, Graph3, Overlay, Printer, Typbo3 және Турбо Vision арнаулы кітапханасы. System модулі келісім бойынша бірден іске  қосылады, ал қалғандарын программа құрушының өзі стандартты Uses түйінді сөзі арқылы еңгізеді. Мысалы: Uses Crt, Dos, Printer.

Осы модульдердің әрқайсысының атқаратын қызметтеріне тоқталайық.

System – Турбо Паскаль тілінің негізгі модулі, осының құрамындағы стандартты қосалқы программалар басқа барлық модульдердің жұмысын қамтамасыз етеді.

Crt – дисплей мен пернетақтаны басқарады.

Dos – Dos жүйесінің әртүрлі функцияларын орындау ісін жүзеге асырады.

Graph – қазір қолданыстан шыққан немесе сирек кездесетін CGA, EGA, VGA, HRC, IBM 3270, MCGA және АТТ6300 графикалық адаптерлерімен (дисплейлерімен) тиімді жұмыс атқару мүмкіндіктері іске қосылады да, түрлі түсті графика элементтерін экранға шығаруды атқарады.

Graph3 – Турбо Паскаль 3.0 нұсқасының стандартты графикалық қосалқы программаларын пайдалануды қамтамасыз етеді.

Overlay – оверлейлік (көлемді программаны шағын бөліктерге бөліп, қажет болғанда оны айтадан біртұтас күйде жұмыс атқаратын қалыпқа келтіру) программаларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін жасайды.

Printer – принтерде мәлімет басып шығаруды жылдамдатады.

Typbo3 – программаның Турбо Паскаль 3.0 нұсқасымен  сәйкестігін барынша үйлестіру ісін атқарады.

Турбо Vision – тұтынушы интерфейсін (жұмыс ортасын) жасайтын объектіге бағытталған қосалқы программалар кітапханасы іске қосылады.

Ішкі функциялар мен процедуралар. Турбо Паскаль программаларында  System стандартты кітапханалық модулі бірден автоматты түрде іске қосылады да, ол Uses бөлігінде көрсетілмейді. Сондықтан оның құрамындағы ішкі стандартты процедуралар мен функцияларды кез келген жерде пайдалануға болады.

 

Графика

Дисплей экраны нүктелер жиыны  болып табылатын төрт-бұрышты  аймақ болып табылады. Ол графикалық және мәтіндік режімдерде жұмыс атқара алады. Графикалық режімде экранның әрбір нұктесін түрлі түске бояп, сол түстер арқылы сызық, мәтін және әртүрлі бейнелер кескіндеуге болады.

Графикалық программалау процесінің тиімділігін арттыру  мақсатында Borland International фирмасы  GRAPH арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған болатын, онда қазіргі кездегі мониторлардың барлық типтерімен жұмыс істейтін, экранға түрлі мөлшердегі қаріптер шығара алатын драйверлер жиыны бар.

 

Графикалық режімге  көшу адаптерлері.

 

Экранға мәлімет шығаруды аппараттық жағынан сүйемелдеу екі  модуль – бейнеадаптер және бейнемонитор арқылы қамтамасыз етіледі. Бейнемонитор немесе дисплей – мәтін және графикалық бейнелер шығарылатын құрылғы, ол электрондық сәулелік түтікшеден немесе сұйық кристалды тақтадан тұрады. Дисплей теледидар сияқты жұмыс істеп, экрандағы бейне секунд сайын 25 рет жаңаланып отырады. Адамның көзі бейнелердің мұндай жиілікпен ауысуын байқай алмайды да, мониторда сол бейне қозғалмай тұрғандай болып көрінеді. Экрандағы бейнелер кішкене нүктелерден (пиксельдерден) тұратын қатарларға біріктірілген. Сондықтан экранның басқарылатын ең кіші элементі пиксель (pixel) болып табылады. Экрандағы кез келген бейне осы пиксельдер арқылы салынады. Графикалық режімде экран тіктөртбұрышты пиксельдер жиынынан құралады да, мұнда оның кез келген пикселінің түсін әртүрлі етуге мүмкіндік бар.

Экран бетіндегі атарлар  саны және бір қатардағы нүктелердің  саны пайдаланылатын бейнеадаптерлердің жұмыс режіміне байланысты болады. Бейнеадаптер – экранды басқару блогы, оны дисплей адаптері немесе адаптер деп те атайды. Графикалық бейненің экранда айқын көрсетілуі сапасы адаптер типіне қарай әртүрлі бола береді. Әдетте, монитор мен адаптер бірге жұмыс атқарады. Адаптер шағын электрондық тақшада (платада) бөлек орналасады, кейде ол жүйелік (аналық) тақшамен бірге де жасалады.

Жалпы бейнеадаптер екі бөліктен – электрондық-сәулелік түтікше контроллерінен (СRT контроллері) және бейнебуферден тұрады. Жетілдірілген қазіргі кездегі адаптерлер бұлардан басқа графика контроллерімен де жабдықталады.

IBM PC тәрізді компьютерлерде адаптерлердің бірнеше стандарты пайдаланылады, алғашқыда тек қарапайым ақ-қара түсті мәтіндік ақпатарттарды өңдеуге арналған адаптерлер қолданылған болатын, олар 25 жолдан тұратын 40 немесе 80 символдық мәтіндермен ғана жұмыс істейтін. 1982 жылы Hercules  фирмасы HGC (Hercules Graphics Card – Геркулес графикалық картасы) адаптерін шығарады, оның мәтіндік ақпараттардан өзге 720 х 350 нүктеден тұратын графикалық көріністі бейнелеуге мүмкіндігі болды. Кейіннен түрлі түсті  (CGA) және жетілдірілген графикалық адаптерлер (EGA) шықты. Соңғы кезде VGA және SVGA типіндегі адаптерлер кең пайдаланылып келеді. Қазіргі кезде адаптерлердің жетілдірілген оңнан астам түрі бар. Олар бір-бірінен экран бетіне шығатын нүктелер санымен жіне экранның жұмыс режімімен немесе түрлі түсті санымен ғана ерекшеленеді. Дисплейлердің негізгілерінің сипаттамалары 7.1 – кесте көрсетілген.

 

 

Негізгі дисплей  адаптерлерінің сипаттамалары.

 

Адаптерлердің типтері

Экранның жұмыс  режімі

Нүктелер саны

CGA (Color Graphics Adapter – түрлі түсті графикалық адаптер)

 

MCGA (Multi Color Graphics Adapter)

 

EGA (Enhanced Graphics Adapter)

 

 

EGA 64

 

 

TGA Mono

 

Herc Mono

 

ATT 400

 

 

VGA (Video Graphics Array)

 

SVGA (Super Video Graphics Array)

 

PC 3270

 

түрлі түсті

 

монохроматты көп түсті

күшейтілген көп түсті

 

түрлі түсті

 

монохроматты

монохроматты

түрлі түсті

 

түрлі түсті

түрлі түсті

 

монохроматты

 

 

320х200

 

 

640х250

 

640х350

 

 

 

640х350

 

 

640х350

 

720х348

 

320х200

 

 

640х200

 

800х600

 

 

720х350


 

Қажетті драйверлерді қолдану  арқылы кез келген адаптерді графикалық режімде  пайдалануға болады. Драйверлер деп дербес компьютердің техникалық  құрылғыларын басқаратын арнайы программаны айтады. Графикалық драйвер Турбо Паскальдің функциялары мен процедураларын дисплейдегі нақты адаптермен үйлестіре отырып, оның графикалық режімдегі жұмысын басқарады. Графикалық драйверлер, негізінен, барлық адаптерлер үшін жасалған, олар файл атының типі (кеңейтілуі). BGI (Borland Graphics Interface – Boriand фирмасының графикалық интерфейсі) болып дискіде сақталады. Мысалы, CGA. BGI – CGA-ға арналған драйвер, EGAVGA.BGI, т.б.

 

CRT  модуліндегі  адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері.

 

Турбо Паскальдің мәтіндерді еңгізіп-шығаруды жетілдіретін бірнеше  стандартты функциялары мен процедуралары  бар, олар кітапханалық CRT (Cathode Ray Tube Display – электрондық сәулелік түтікшедегі дисплей) модулінде жинақталған.

Мәтіндік режімде адаптерлер экранға 40 немесе 80 жолдан тратын 25, 43 тіпті 50 жолдық мәтін шығара алады. Мәтіндік режімде процедураларды пайдалану  үшін алдымен CRT модулін іске қосу керек. Ол үшін программа тақырыбынан кейін арнайы жол жазылуы тиіс:

PROGRAM «программа аты»;

USES CRT ;

СRT модулін пайдалана отырып, экранға шығарылатын символдардың түсін, мөлшерін, экранның түсін де өзгертуге болады.

Сонымен бірге экранда  терезе асауға, оны өшіруге, курсорды автоматты түрде жаңа орынға көшіруге, оның жаңа орнын анықтауға, жолдарды өшіруге және жалғастыруға, т.б. көптеген әрекеттер істеу мүмкіндігі бар. Оларды орындайтын программалар процедура  түрінде берілген. Мәтіндік режімді  орнату мынадай стандартты процедура  арқылы жүргізіледі:

Информация о работе Турбо Паскальмен жұмыс