Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 15:59, лабораторная работа
Мультимедиа. Оқу үрдісінде ақпаратты экранда бейнелеудің түрлі формаларын (график, қозғалыс, мәтін, дыбыс) қолдану «мультимедиа» идеясын туғызды. Оның көмегі арқылы оқытушы бағдарламаларды пайдалануды жүзеге асыруға болады. Мысалы, географияны, ағылшын тілін, не информатиканы оқыту да компьютер мұғалім рөлін атқарады. Жоғарыда келтірілген құралдардың әрқайсысының өзінің оқу үрдісінде қолданылатын ерекшеліктері мен орындары, функциялары бар.
Оқу
процесінде интерактивті
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
« Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты
жолдауында «Онлайн оқыту тәжірибесін дамытып,
елімізде оқыту теледидарын құру қажет»
деп көрсетілген. Солардың бірі білім
берудегі ақпараттандыру барысында дидактикалық
және оқыту құралы болып – компьютер мен
интерактиті тақта. Сондықтан кез келген
білім саласында интерактивті тақтаны
оқыту құралы ретінде барлық пәндерде
оқытуға пайдалынады.
Білім берудегі интерактивті
технология — мұндағы интерактивті сөзі
— inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын
білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен
жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес,
бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында
барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын
оқыту барысы.
Мұнда арнайы видеокамера қолданылады.v
Мәтінді және объектілерді сақтап, олармен
жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Арнайы
құрал арқылы жазба мәтінді баспа түріндегі
жазбаға айналдырады.
Elluminate Live бағдарламасы
арқылы интернет желісінде
Activote құралының көмегімен мұғалім экранда тест жүргізіп,
оның жауабыныңv
нәтижесін талқылай алады.
Интерактивті жабдықтардың көмегімен материалдардың ұсынудың формалары:
1. баяндамашы дайындаған презентация
2. оқу материалдарын
экранның бетінде жазба
көрсету
3. интерактивті тақтадағы барлық жазбаларды
сақтап
магнитті тасымалдауыштар арқылы тарату
немесе
электронды поштамен жіберу және баспадан
шығару
Дүниежүзіндегі
интерактивті технологиялар
Дүниежүзі бойынша интерактивті құрал-жабдықтарды
шығаратын алдыңғы қатарлы компаниялар:
1. Promethean (Ұлыбритания, ИД Activboard),
2. Interwrite Learning (АҚШ, ИД Interwrite™ Board),
3. SMART Technologies Inc. (Канада, SMART Board),
4. Hitachi (Жапония, ИД Hitachi Starboard),
5. Polyvision (Корея, ИД PolyVision),
6. Panasonic (Жапония, Panasonic Panaboard и др.)
Interwrite Board интерактивті тақтасы
(ертеректе GTCO Interwrite SchoolBoard) GTCO CalсComp Inc.
(АҚШ) негізіндегі технология «электромагнетик»,
жоғарғы мүмкіндіктерге қол жеткізетін,
ең жоғарғы жылдамдықтағы және қолжазба
мәтінін нақтылайтын, сонымен бірге ұзақ
жылдар бойы қолдануға болады. Бұл тақтада
дәстүрлі сызу құралдары қолдануға болады
(сызғыш, транспортир, бұрыштама және т.б.)
геометрия, алгебра, сызу, физика және
т.б. кеңінен қолданылады. АҚШ (7125 Riverwood
Drive Columbia, MD 21046, USA)заводында жасалынған
тақтаның беті бүлінбейді, соған байланысты
бұл тақта білім мекемелерінде үлкен сұраныста.
Hitachi экраны және интерактивті
тақта
24 функционалды батырмалары бар, 72 виртуальды
түстермен сурет салуға болады, жаңаStarBoard FX Duo софт ның негізінде Интернет
арқылы 50 басқа StarBoard FX бір мезетте қашықтықтан
конференция өткізу үшін байланысқа шыға
алады.
SMART Technologies Inc технологиясы
SMART Board интерактивті тақтасында екі әр
түрлі технологиялар қолданылады: Технология
резистивті матрица Резистивті матрица
– бұл жұқа сілтеуішті екі қабаттан тұратын
тор, әуедегі саңылаумен бөлінген. Технология
DViT (Digital Vision Touch) – меңзер координатын
қолданатын (маркер немесе саусақ) тақтаның
бұрыштарында сандық бейне камералар
орналасқан. Бұл технологияны қолданғанда
меңзердің жылдамдығы артады да, функциональдық
мүмкіндіктері артады.
Panaboard KX-BP800 интерактивті тақтасы
Электронды Panaboard KX-BP800 интерактивті тақтасының
жиналыстар, семинарлар, тақтамен телеконференциялар,
презентациялар мен сұхбаттасу жүргізуге
мүмкіндігі мол тақта. Мұнда тақтаның
көшірмесін алуға болады, проектор түсіретін
экран, интерактивті монитор және басқа
да көптеген мүмкіндіктері бар.
Оны компьютерге және проекторға қосқанда,
Panaboard KX-BP800 тақтасы интерактивті мониторға
айналады, электронды маркердің көмегімен
компьютердің қосымшаларын басқаруға
болады.
Webster тақтасы
Электронды интерактивті Webster тақтасының
сериясы TS (TS-400/ TS-600 / TS-800) Polyvision компаниясынан
– кәсіптік презентациясын өткізуге арналған
құрал. Комплектіге «Webster тақтасы, дербес
компьютер, мультимедиа проектор» жатады.
«Маркер Тақта» Маркер 4 түсті (қызыл, қара,
жасыл, көк) және өшіргіштің көмегімен
қарапайым тақта тәрізді кез келген жазбамен
суреттерді салуға, құруға және редакторлеуге
болады. «Электронды тақта» маркермен
немесе саусақпен басқара отырып қажетті
операцияларды атқарғанда компьютерлік
тышқанның қызметін атқарады..
ACTIVboard (Promethean компаниясы) — ACTIVstudio программасы
арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер,
мультимедиялық проектор және ақпараттарды
енгізуге арналған активті қаламнан тұрады
Интерактивті тақта –дегеніміз не?
Интерактивті тақта (ИТ) – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Интерактивті тақтаның негізгі құрылғылары:
Aктивті қалам –
бұл меңзерді басқару
Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. «Оң қол» сонмен бірге «сол қолмен» жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro (Активпанель)
үлкен аудиторияларда
жүре беруге болады, ал проектор болса
кескінді үлкейтіп көрсетеді. Радио портты
ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін
конференцияға қатысушылардың белсенді
қатысуына мүмкіндік береді. Конференция
немесе презентация кезінде аудиторияда
еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель
аудиторияның кез келген жерінен тақтамен
жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар
өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада
жаза алады. ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның
қызметін атқара алады, презентация мен
конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе
ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде
дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы.
ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады,
бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға
болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт
беттерінде жазу жаза алады. ACTIVote тестілеу
жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына
сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың
нұсқаларынан желісіз радио пульттің
батырмасын басу әдісімен жауап беруге
мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен
ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп
конференция қатысушысының жауабын қабылдайды.
ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы
зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене
чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады
ACTIVstudio PE программасы
арнайы презентацияларды
Activstudio Professional Edition —
мұғалімдерге интерактивті сабақтарды
өткізу барысында Activ-тақтаны қолдануға
негізделген программалық құрылғы.
Жұмыс үстеліндегі Activstudio Professional Edition таңбасына
Activpen қаламымен екі рет шерту қажет. Ал
жұмыс үстелі:
1.Флипчарттың тақырып
қатары
2. Флипчарттың жұмыс аймағы
3. Негізгі құралдар тақтасы
4. Тақырып қатарындағы батырмалар
5. Флипчарт беттерінің түстік аймағы
6. Флипчарт құралы
7. Қоржыннан тұрады.
Интерактивті тақтаның ең бастысы –
негізгі құралдар тақтасы. Ол :
Тақырып қатары, басты меню, жылжыту, флипчарт,
бүктеу, қаламның қалыңдығы, жұмыс үстелі,
түстер палитрасы, еркін таңдау, қалам,
маркер, өшіргіш, мәтін, тазалау, болдырмау
, қайталау, бүркемелеу, прожектор, фотоаппарат,
масштаб, арнайы құралдар, тану, құю, Activote
құралдарынан тұрады.
Негізгі құралдар тақтасындағы «Арнайы
құралдар» батырмасын басып, осы құралдарды
іске қосуға болады. Бұл тақтада қажетті
20 құралды пайдаланып, олармен жұмыс жасауға
мүмкіндік береді
Флипчарт құралдар тақтасы арнайы диапазон
құралдарымен флипчарттағы жұмыстарды
ұйымдастыруға көмектеседі. Объектіні
редакторлеу тақтасының көмегімен объектіні
редакторлеудің көптеген мүмкіндіктеріне
қол жеткізуге болады. Тақта объектіде
екі рет шерткенде пайда болады.
Кітапхана ресурсының толық мүмкіндіктерін флипчарт құрғанда пайдалануға болады. Мұнда суреттер мен дыбыстардан бастап аяқталған іс-әрекеттер, оқу жоспарлары да бар. Ол мыңдаған дайын ресурстармен қамтамасыз етілген. Кітапхана ресурсын іске қосу үшін, флипчарттың құралдар тақтасынан «Кітапхана ресурсы» батырмасын басу керек.
1. Жалпы / Менің коллекциям
2. Жалпы / Менің түсім
3. Жалпы / Менің торым
4. Жалпы / Менің кескінім
5. Жалпы / Менің мәтінім
6. Жалпы / Менің формам
7. Жалпы / Менің сызбам
8. Жалпы / Менің ескертпем
9. Жалпы / Менің дыбыстарым
10. Жалпы / Менің флипчартым
11. Жалпы / Менің флипчарт беттерім
12. Жалпы / Менің лентам
13. Жалпы / Менің көрсеткіштерім
14. Жалпы / Менің бейнем
15. Жалпы / Менің веб-сілтемелерім
16. Жалпы / Менің іс-әрекеттерім
Интерактивті құралдардың
келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1.Бормен тақтаға жазылған кескінді, интерактивті
тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен
салыстыруға болмайды.
2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі
қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын
әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе,
тез арада түзетуге болады
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы
тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның
жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол
жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі
артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер
етеді.