Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 15:59, лабораторная работа
Мультимедиа. Оқу үрдісінде ақпаратты экранда бейнелеудің түрлі формаларын (график, қозғалыс, мәтін, дыбыс) қолдану «мультимедиа» идеясын туғызды. Оның көмегі арқылы оқытушы бағдарламаларды пайдалануды жүзеге асыруға болады. Мысалы, географияны, ағылшын тілін, не информатиканы оқыту да компьютер мұғалім рөлін атқарады. Жоғарыда келтірілген құралдардың әрқайсысының өзінің оқу үрдісінде қолданылатын ерекшеліктері мен орындары, функциялары бар.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
БАӨЖ
Тақырыбы: Оқу процесіндегі мультимедиа
Магистрант: Шойбекова А. С
Тобы: Ая 12-1м
Оқытушы: Нұрекешова Г.
Қызылорда 2013 жыл
Оқыту процесіндегі мультимедиа
Мультимедиа. Оқу үрдісінде ақпаратты экранда бейнелеудің түрлі формаларын (график, қозғалыс, мәтін, дыбыс) қолдану «мультимедиа» идеясын туғызды. Оның көмегі арқылы оқытушы бағдарламаларды пайдалануды жүзеге асыруға болады. Мысалы, географияны, ағылшын тілін, не информатиканы оқыту да компьютер мұғалім рөлін атқарады. Жоғарыда келтірілген құралдардың әрқайсысының өзінің оқу үрдісінде қолданылатын ерекшеліктері мен орындары, функциялары бар. Енді оларды біріктіріп, кешен (комплекс) жасап колдансақ, онда жұмысымыз өнімді де тиімді, нәтижелі болмақ.
Кәдімгі информатика оқулығы білімді жалпылауды, ойлау үрдісін реттеуде, материалды сапалы меңгеруде компьютерсіз не оған дейін қолданылуы мүмкін. Арнайы дайындалған нұсқаулар, оқушының ЭЕМ-мен өздігінше жұмыс істеуіне бағыт беріп, мұғалім жұмысын едәуір жеңілдетеді. Барлық ұғымдар, түсініктер оқулықта беріледі. Плакатка жазылған ақпарат (формула, бұйрық және т.б.) еріксіз есте сақтауға арналған. Транспаранттар мұғалімнің сабақ өту кезінде тікелей тақырыпқа қатысты қолданылады. Оқу киносы ЭЕМ-де динамикалық қозғалыс жасауда қолданылады. Үлкен экранды теледидар ЭЕМ экранына қарағанда жаппай түсіндіру барысында көрнекі құрал орнын толтырады. Ал «мультимедиа» құралы бұл құралдардың мүмкіндігін кеңейтіп интеграциялай түседі.
Технологияның мультимедиасы - қолданушыға мәлiметтiң ұсынысының мүмкiндiгi (мәтiн, дыбыс видео, анимация, графика) әр түрлi формалардың өзара әрекеттесуi өздiгiнен тәртiп. Мультимедиа технологияны арнайы аппаратты және программалық құралдарды құрайды. Мультимедиа - өнiмдер байланысты бiрнеше дәрежелерге бөлуге болады олар тұтынушылардың топтарына бағытталған. Мультимедианың құралдың 90-шi жылдарымен дамып мiнсiздiкке жеттi, болып, сондай электрондық кiтап және газеттер, құрал, видеоконференция, жаңа үйренудiң жаңа технологиялары график түрiнде дизайн, дауыс және пошталар. Мультимедианың құралдарының қолдануы компьютер қосымшаларында болуы мүмкiн өңдеуде өрлеудiң арқасында болды және жаңа микропроцессорлар және мәлiметтi сақтаудың жүйелерiнiң өндiрiсi.
Жаңа ақпараттық технология ресурстарына мультимедиялық технологиясы жатады. Мультимедия технологиясы білім беру іс-әрекетінің әр түрлі салаларына күн сайын барынша еніп жатыр . Қоғамды жаппай ақпараттандыруда байланысты сыртқы фактор да, білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік және мемлекетаралық бағдарламалардың қабылдануымен, білім беру мекемелеріндегі қазіргі заманғы компьютерлік техника мен бағдарламалық жасақтаманың таралуымен, барған сайын көптеген мектеп оқытушыларына ақпараттандырудың қажетті тәжірибелерінің пайда болуымен байланысты ішкі факторлар да мүмкіндік туғызады. Көптеген жағдайларда мультимедиа құралдарын пайдалану педагогтардың еңбегін қарқынды етуге, сондай – ақ мектеп оқушыларын оқытудың тиімділігіне оң ықпал етеді. Сонымен қатар кез келген тәжірибелі оқытушылары ақпараттық технологияны енгізудің жеткілікті жиі оң әсерінің аясында, көптеген жағдайларда мультимедиа құралдарын пайдалану оқытудың тиімділігін ешқандай арттырмайтынын, ал кейбір жағдайда мұндай пайдаланудың кері әсері болатынын растай алады.
Оқытуды ақпараттандырудың орынды және ақтық проблемаларының шешімі кешенді түрде және барлық жерде жаппай жүзеге асырылуы тиіс. Білім беруде ақпараттық – телекоммуникациялық технологияларды пайдаланудың оң аспектілері жеткілікті көп (оның қатарына, әрине, мультимедиа да жатады). Негізгі аспектілер ретінде мыналарды бөле-жара айтуға болады: Білім мазмұнына таңдау мен қалыптастырудың әдістері мен технологияларын жетілдіру; Информатика мен ақпараттық технологиялармен байланысты жаңа мамандырылған оқу пәндері мен оқыту бағыттарын енгізу; Информатикамен байланысты емес дәстүрлі мектеп пәндерінің көпшілігінің оқыту жүйесіне өзгертулер кірісту; Қосымша құлшыныс механизмдерін пайдалана отырып, оқытуды даралау мен саралау есебінен мектептегі оқытудың тиімділігін арттыру; Оқыту процесінде өзара әрекеттің жаңа формасын ұйымдастыру; Мектеп оқушылары мен мұғалімнің іс-әрекеттерінің мазмұны мен сипатын өзгерту; Жалпы орта білім беру жүйесін басқару механизмін жетілдіру.
Теріс аспектілерінің
Мультимедиа ресурстары мен құралдарын пайдаланудың артықшылықтары |
Мультимедиа ресурстары мен құралдарын пайдаланудың кемшіліктері |
Оқыту процесінде
оқушылардың қабылдауына Күрделі, қымбат
немесе қауіпті шынайы Процесстерді динамикалық
көрсету есебінен ақпарат Микро және макроәлемнің
нысандары мен процесстерін Оқылатын материалды кеңінен оқулық, қоғамдық, тарихи мәтінмәнге көмкере отырып және оқу материалын оқушылардың түсініктерімен байланыстыра отырып, оқушылардың когнитивтік құрылымды дамытуы мен түсініктеме беру мүмкіндігі. |
Мұғалімдер мен оқушылар қазіргі заманғы мультимедиа мен телекоммуникациялық құралдар қол жеткізетін ақпараттың үлкен көлемін пайдалануға қабілетсіз болып шығады; Бір мезгілде ақпараттың
әр түрлі типін қатар Оқытушы мен оқушының, оқушылардың бір бірімен бетпе бет қарым қатынас жасауын шектейді де оларға компьютер сұқбаттасу түріндегі қарым- қатынасты ұсынады. Оқушы кәсіби тілде сұқбаттық қарым-қатынастың, ойын қалыптастыру мен тұжырымдаудың жеткілікті практикасын ала алмайды; Компьютерлік техниканы
шамадан тыс және қажетсіз
пайдалану білім беру |
Мультимедиа технологияларын оқыту процесінде пайдалануға негізделген және білім беруге арналған электрондық мультимедиалық ақпараттық ресурстарға мыналар жатады:
1) Электрондық мультимедиа оқулықтары;
2)Ақпараттық-іздестіру мен анықтамалық мультимедиа жүйелері;
3)Қолданбалы мультимедиа энциклопедиялары;
4) Білім деңгейлерін тексеру мен өлшеуге арналған мультимедиа
құралдары;
5) электрондық тренажерлар;
6)математикалық және
имитациялық модельдеуге
құралдары;
7) алыстан қатынас жасау зертханалары мен виртуальдық зертханалардың
мультимедиа құралдары;
8)автоматтандырылған үйретуші жүйелер;
9) сараптамалық үйретуші жүйелер;
10) парасаттылық үйретуші жүйелер.
Мүмкін болатын
басқа барлық мультимедиа ресур
Мультимедиа ресурстары мен олардың дидактикалық сипаттамалары туралы мәліметтерді педагогтарға қолайлы түрде топтастыруға болады.
Мультимедиа ресурстары |
Мультимедиа ресурстарының дидактикалық сипаттамалары |
Электрондық мультимедиа оқулықтары |
Негізгі білім беретін мультимедиа ресурстары болып саналады. Электрондық оқулықтар жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде әзірленуі және жалпы орта білім беру пәндерінің стандартына толығымен сәйкес болуы тиіс. |
Ақпараттық – іздестіру мен анықтамалық мультимедиа жүйелері |
Ақпаратты енгізу, сақтау, іздестіру және ұсыну үшін арналған. |
Қолданбалы мультимедиа энциклопедиялары |
Қолданбалы мультимедиа энциклопедиясы мектептің бір пәніне де, пәндер тобына да сәйкес әзірленеді. |
Білім деңгейлерін тексеру мен өлшеуге арналған мультимедиа құралдары |
Оқушылардың білімімен
сан рет қайта-қайта жиі |
Электрондық тренажерлар |
Практикалық іскерліктер мен машықтарды игеру үшін арналған. |
Математикалық және имитациялық модельдеуге арналған мультимедиа құралдары |
Тәжірибелік пен теориялық зерттеулердің шекарасын кеңейтуге, физикалық тәжірибені есептеу тәжірибесімен толықтыруға, мектеп оқушы мен педагогтың иелігіне қосымша ақпараттық мәліметтер ұсынуға арналған. |
Алыстан қатынас жасау зертханалары мен виртуальдық зертханалардың мультимедиа құралдары. |
Қымбат тұратын зертханалық жабдықтарды сатып алу шығындарын қысқарту, оқу зертханаларында қауіпсіздік жұмысының деңгейін төмендету мақсаттарымен мұндай мультимедиа ресурстарға алыстан жедел қатынас жасауға арналған |
Автоматтандырылған үйретуші жүйелер |
Мектеп оқушыларын теориялық материалдармен,жатығулармен және білім деңгейін тексеру құралдарымен таныстыруғаарналған |
Сараптамалық үйретуші жүйелер |
Мұндай мультимедиа
ресурстар жеткілікті күрделі мәселелерді
шешу кезінде сараптаушының іс-әреке |
Парасаттылық үйретуші жүйелер |
Ең жоғарғы деңгейлі білім беруге арналған мультимедиа ресурсына жатады және сонымен қатар жасанды интеллект базасында іске асырылады. |
Бұл кестеден
мультимедиа ресурстарының
Шетел тілін жаңаща оқыту соңғы жылдары жоғары қарқынға ие болды. Үстаздардардың сабақты жобалаудағы жауапкершілігі студенттердің шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады . Олар аз уақытта жаңа технология жәрдемінде үлкен жетістіктерге жете алады . Оқудың дәстүрлі үрдісіне инновациялық технологияны ендіру, оқытушылар мен студенттерге дәстүрлі формаларды және әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңаларды да, атап айтқанда : тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар және т б . Оқытушылардың біліктілігі олардың педогогикалық қарым- қатынаста жағдаят жасауда көрінеді, онда оқытушылар да, студенттер де таңдау және бақлау мүмкіншілігіне ие болады. Инновация дегеніміз тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дәстүрлі оқу- тәрбие үрдісіне қолдана білу. Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзектімәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.
Білім беру үрдісін ақпараттандыруда төмендегідей әдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады:
1)білім беруде көлемді
ақпаратқа қол жеткізе алу;
білім алуға мотивацияның
2)жеке тұлғаны жетілдіру ( түлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен шұғылдану іскерлігін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және т. б.
3)әлеуметтік тапсырысты
жүзеге асыру (компьютерлік
4)оқу-тәрбие жүмысын
жетілдіру (білім берудің
Сөз арқауы компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде,тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады,жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға , сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады . Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.Студенттердің шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар және т. б.