Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 13:45, контрольная работа
Microsoft Excel — бұл құжаттарды тез арада таблица түрінде дайындауға арналған программа.Ол математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады. Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлауға болады. EXCEL программасын іске қосу үшін «Пуск» менюінің «программы» тобынан «Microsoft Excel» таңдаңыз. Excel терезесі ашылады. Excel: 1- меню жолынан тұрады, яғни «Файл», «Вставка», «Правка», «Вид» және т.б. 2- Стандартты аспаптар тақтасы 3- Форматтау аспаптар тақтасы. Excelде құжатымызды сақтау, жаңа құжат ашу, қағазға басып шығару, қате тексеру т.б операциялар үшін стандартная аспаптар тақтасы, ал құжатымызды өндеуге және көрнекті қылдырып көрсету үшін форматирование аспаптар тақтасы қолданылады немесе меню командалары қолданылады.
1. Қосалқы кестедегі х мәнін өзгертіп, Н2 ұяшығына -5-ті енгізейік.
2. Қадамды да өзгертіп, І2 ұяшығына 2-ні енгіземіз.
3. Коэффицент мәнін де өзгертіп, J2-re 1-ді енгіземіз.
Қосалқы кестеге кез келген өзгеріс енгізсек, негізгі кестеде автоматты түрде қайталап есептеу ісі жүргізілетініне көңіл аударыңыз.
4. Ары қарай жұмысты
жалғастыру үшін, бұрынғы сандық
мәндерді өз қалпына
Енді негізгі және қосалқы кестелерді аздап түрлендірейік.
1. Жоғарыдан тақырыптар
енгізілетін екі жолды
- курсорды бірінші жолға орналастырамыз;
- Кірістіру=>Жолдар командасын орындаймыз (2 рет).
2. Тақырыптар енгіземіз, ол үшін:
- А1 ұяшығына «Кесте» сөзін;
- А2 ұяшығына «Негізгі» сөзін;
- Н2 ұяшығына «Қосалқы» сөзін енгіземіз.
3. А1:J1 ұяшықтарын біріктіріп «Кесте» тақырыбын ортаға жылжытамыз:
- А1: J1 блогын ерекшелеп аламыз;
- Форматтау саймандар
тақтасының батырмасы арқылы
бағаналардағы мәліметті
4. Сол сияқты етіп «негізгі» және «қосалқы» сөздерін де бағана ортасына жылжытамыз.
5. Тақырыптарды шрифтің басқа түрлерімен жазамыз.
Туралау
Кез келген ұяшықтағы мәліметтерді сол жақ, оң жақ шетке туралауға, ортаға жылжытуға (көлденең, тік бағыттарда) және де мәтінді тіке орналастыру тізбегін де (жоғарыдан төмен қарай, төменнен жоғары қарай) бағыттап өзгертуге болады.
Мәтіннің тіке орналастыру тізбегін (ориентация) өзгерту үшін Форматтау аспаптар тақтасын немесе Формат=>Ұяшық=>Туралау мәзір командасын пайдалану керек.
Форматтау аспаптар тақтасының батырмалары арқылы негізгі және қосалқы кестелер үшін оларды қоршап тұратын тіктөртбұрышты жақтаулар сызып шығайық.
Жақтау сызықтарын сызу үшін аспаптар тақтасы батырмасын немесе Формат=>Ұяшық=>Жақтау мәзір командасын да пайдалануға болады.
Бұған қоса кесте ішін бір түспен (мысалы, сары) және кесте тақырыптарын екінші түспен (мысалы, қызғылт) бояп қоюға да мүмкіндік бар.
САН ФОРМАТТАРЫ, АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ, EXCEL-ДЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ БАСПАҒА ШЫҒАРУ
Енді Excel-дегі пайдаланылатын сан форматтарымен, таблицадағы ақпаратты қорғау тәсілдерімен және кестені қағазға басып шығару жолдарымен танысайық. Ақпаратты қорғау мәселесін қарастыру кезінде Ex21.xls файлын пайдаланамыз.
Ұяшықтардың қорғалу қасиетін енгізу
Белгілі тәсілдердің бірімен блокты ерекшелеп алайық. Содан кейін Формат=>Ұяшық=>Қорғау командасын орындап, шыққан сұхбат терезесіндегі Бекіту параметрін іске қосамыз немесе алып тастаймыз.
Парақты немесе жұмыс кітабын толық қорғау үшін: Сервис=>Қорғау=>Парақты қорғау командасын орындау қажет. Ал, керісінше, қорғау қасиетін алып тастау үшін Сервис=>Қорғау=>Парақтан-+ корғауды алу командасы орындалады.
Мысалдар:
1. H4:J4 блогын ерекшелеп, оның қорғау қасиетін алып тастайық. Ол үшін Формат=>Ұяшық=>Қорғау командасын орындап, экранға шыққан Бекіту терезесінін [х] белгісін алып тастаймыз.
2. Жұмыс парағын өзгертуден қорғау үшін: Сервис=>Қорғау=>Парақты қорғау=>ОК командасын орындаймыз.
Осылардың нәтижесінде негізгі кестеміз (Ex21.xls) толық күйде және қосалқы кестенің тақырыбы қорғалып тұрады,
Енді А4 ұяшығындағы 1-ді 10-ға өзгерткіміз келсе, ол әрекетіміз орындалмайды. Бірақ қосалқы кестедегі 0,2-ні 0,5-ке өзгерткіміз келсе, ол әрекет орындалады да, негізгі кестеде де есептеулер нәтижесінде жаңа мәндер пайда болады.
Қадам мәнінін алғашқы санын 0,2-ні қайта жазайық та, файлды бұрынғы атымен қайта сақтайық. Ол үшін Стандартты аспаптар тақтасының Сақтау батырмасын басу қажет.
Функцияларды қолдану
Функциялар есептеулерді жеңілдетеді. Олар y=f(x) түрінде жазылады, мұндағы у — есептелуге тиіс функция мәні, х — аргумент, f — функция.
Функция енгізілген ұяшық мысалы ретінде: =A5+sin(C7) формуласын келтіруге болады, мұндағы А5 — ұяшық адресі, sin() — функция аты, жақша ішінде оның аргументі тұрады, С7 аргумент (сан, мәтін және т. б.), бұл сәтте С7 ұяшығында сан болуы тиіс.
Excel программасының кейбір фунциялары:
- SQRT(x) — х санының оң мәнді квадрат түбірін анықтайды, мысалы, sqrt(25)=5.
- SIN(x) — радианмен берілген
х бұрышының синусын анықтайды.
- МАХ(тізім) — берілген тізім ішінен ең үлкен (максимум) мәнді анықтайды, мысалы: мах(55,39,50,28,67,43)=67.
- Sum(тізім) — берілген
тізімнің (блоктың) сандарының
Функция аттары орыс тіліне аударылған Excel нұсқаларында орысша беріліп, басқаша жазылуы мүмкін.
Жиі пайдаланылатын қосынды табу функциясы үшін аспаптар тақтасында арнайы батырма бар.
Функция атын формулаға кірістіру үшін Функция шеберін пайдалануға болады, ол Кірістіру=>Функция командасымен немесе fx бейнеленген батырма арқылы іске қосылады. Батырма басылғанда экранға функциялар бейнеленген сұхбат терезесі шығады. Соның ішінен керектісін таңдап алып Қадам батырмасын басу керек. Сонда Функция шеберінің екінші терезесі экранға шығады да, одан аргументті таңдап алуға болады.
MS EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктері
Диаграммаларды даярлау
Excel-дің ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі — оның сандар қатары мен бағаналардағы ақпараттарды толық, көрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен диаграммаларға айналдыруы болып саналады.
Диаграммалар - мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарды үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады.
Excel-де 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар. Excel графикасын үйрену кезінде үйдегі компьютерді бір аптада пайдалану уақыты жайлы (сағатпен) мәліметтерін қарастырайық.
А1:Н6 мен І1:І2 блоктарындағы мәліметтер онша қызықты емес, І3:І6 блогындағы мәліметтерді графиктік түрде беруге болады. Экранға І3 ұяшығынан басталатын кесте бөлігін шығарайық. Диаграмманы немесе графикті даярлау үшін Диаграмма шебері деген функцияны пайдаланған жөн.
Excel-дің бұл функциясы бес сұхбат терезесі арқылы диаграмма (график) тұрғызуға және оны жұмыс парағына салып шығуға керекті мәліметтерді сұрап алады.
Стандартты аспаптар тақтасындағы Диаграмма шебері батырмасын бассақ, Excel диаграмма кестенің қай маңында орналасуы керектігін сұрайды. Біз, мысалға, А18 ұяшығын курсормен көрсетіп, тышқан батырмасын басулы күйде ұстап тұрып А18:G35 блогын ерекшелеп шығайық та, батырманы қоя берейік.
1-қадам
Мұнда Excel Диаграмма шеберінің «4-тен 1 қадам» деген сұхбат терезесін шығарады. Осы терезе арқылы Excel тұрғыза алатын диаграмма түрі таңдалады.
Мысалы, терезеден шерту арқылы «Гистограмма» түрін таңдап, Келесі батырмасын басамыз.
2-қадам
Диаграмма шеберінің бұл сұхбат терезесінде диаграмма болып тұрғызылатын мәліметтер орналасқан ұяшықтарды тышқан көмегімен ерекшелейміз. Егер ерекшеленетін ұяшықтар сұхбат терезесімен жабылып тұрса, онда оны өзімізге белгілі әдістердің бірімен жылжытамыз. Келесі батырмасын басамыз.
Егер ұяшықтар дұрыс ерекшеленбесе, онда осы қадам терезесінде қайта ерекшелеп аламыз.
3-қадам
Диаграмма шеберінің бұл сұхбат терезесінде Мәтінге берілгендер маркері және аты түсініктемесі қосылу керек, керек еместігін, диаграммадағы Х және Y өстерінің аттарын көрсету қажет. Диаграмма атауына «Компьютерді пайдалану» деп енгіземіз.
Түсініктеме диаграммадағы мәліметтердің аттарын және оң жақта орналасатын нұсқауыштарын — маркерлерін бейнелейді.
Егер алынған нәтиже көңіліңізден шықпаса, қайтадан алдыңғы терезеге «Кейін» батырмасы арқылы оралуыңызға болады.
Біздің кестеміздегі түсініктемеге ешқандай атау берілмегендіктен, оның тұсында келісім бойынша алынатын 1-қатар деген атау тұр. Мәтін үшін мұнда бағана санын өзгерту де керек емес. Егер ұсынылып отырған диаграмма көңіліңізден шықса, Келесі батырмасын басамыз.
4-қадам
Бұл диаграмманы қайда орналастыру керектігі жайлы Excel-дің соңғы сұхбат терезесі.
Диаграмманы тұрған параққа орналастыру-ды таңдаймыз. Дайын батырмасын басамыз. Біз өз жұмыс парағымызға енгізілген диаграмманы алдық. Егер бұл диаграмманың ұнамайтын жері болса, оны түзетуге болады.
Диаграмма элементтерінің мөлшерін өзгерту және орнын ауыстыру
Диаграмманың мөлшерін қалай өзгертсек, диаграмманың жеке элементтерінің мөлшерін де сол сияқты етіп өзгертуге болады және ол элементтерді белгілеп алып диаграмманың ішкі аймағында орнын ауыстыруға болады. Оған қоса бүкіл диаграмманы толығынан тышқанмен бір шерту арқылы ерекшелеп алып, оны да парақ бетінде орнын ауыстыруға болады.
Диаграмма элементтерімен танысайык.
1. Курсорды басқару пернелерін
баса отырып, диаграмма элементтерін
таңдап аламыз да, тышқанның оң
жақ батырмасын басамыз.
2. Диаграмма элементтерімен және Excel пІрограммасының басты мәзірімен тышқан арқылы танысайық. Диаграмманы түзету кезінде мәзір басқаша болады.
3. Диаграмма элементтерінің орнын ауыстырып көрейік. Диаграмманың кішкене бөлігін қиып алайық, ол үшін:
- диаграмма аумағын
- кез-келген сектор ішінде
тышқан батырмасын шертеміз. Сектор
айналасында кішкене қара
Тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап, бір секторды 1 см қашықтыққа орнынан «сүйрейміз».
4. Тағы екі секторды қиып аламыз.
Диаграммадағы ерекшелеулерге пайыздың ондық бөліктерін жазып қоялық. Біздің кестеміздегі мәліметтер үтірден кейінгі бір ондық таңбаларымен берілген, ал диаграммада олар алдын-ала келісім бойынша берілмейді.
Оның форматтарын өзгертуге болады, ол үшін:
- белгілеулерді ерекшелейміз;
- контексті-тәуелді мәзірде Мәліметтер белгілеулерін форматтау деген жолдағы Сан=> 0,00% дегенді таңдап аламыз.
Диаграммаға атау енгіземіз. Егер диаграмманы тұрғызу кезінде бірден атауы көрсетілмесе, оны кейін жазуға болады.
Түсініктемені форматтау
Диаграммада түсіктемені дұрыс көрсету үшін:
1. Түсініктемені (ұяшықтағы) ерекшелеп алып, контексті-тәуелді мәзірді шақырамыз.
2. Харіпті, оның түрін графикте түсініктеме ойдағыдай орналасатын етіп тандап аламыз.
Диаграмма аймағының мөлшерін өзгерту
Диаграмманың өзінің де мөлшерін өзгерте аламыз, ол үшін:
1. Курсорды басқару тақталары
арқылы диаграмма аймағын
2. Оның көлемін ортадағы
немесе бұрыштағы қара
Диаграмманы баспаға шығаруға дайындау
Word редакторында құжаттарды баспаға шығаруға дайындау кезіндегідей диаграмманы да баспаға шығарудан бұрын алдын-ала қарап шығуды ұсынамыз.
1. Диаграмманы түзету-толықтыру режимінен алдын ала қарап шығу режиміне көшеміз. Мұнда әрі кесте, әрі диаграмма қағаздағыдай көрініп тұруға тиіс.
2. Ландшафты түрде орналастыруды таңдаймыз.
3. Колонтитулдарды алып тастаймыз.
4.Торларды түгел алып тастаймыз:
Бет=>Парақ=>Жалаушаны алу [Х]=>Торларды кағазға басу командаларын орындаймыз.
Қолданылатын әдебиеттер
1. Жаңа информациялық технологиялар; Информатикадан 30 сабақ, Алматы, ЖТИ, 2003ж.
2. Компьютер әлемі, Республикалық журналы, №1, 2001 ж.
3. Информатика мен есептеуіш
техника негіздері, А.Г.
4.ЭВМ-мен жұмыс істеуді үйренейік, Гигловый А.В. Алматы, 1992ж.
5.ЭВМ және программалау элементері, Қараев Ж, Алматы, Рауан, 1991ж.
6. Компьютер: сұрақ және жауап, Бектаев С.К., Алматы, Қазақстан, 1991ж.
7. Информатика: жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған құралы, Алматы, Қазақ университеті, 1992ж.
8.Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту: екі бөлім, Алматы, мектеп, 1972ж.
9.“Компьютерлік технология ерекшіліктері”, Информатика негіздері, №1, 25-26 бет
10. Экономическая информатика, под ред. П.В.Конюховского, Д.Н.Колесова, Питер, 2000г.
11. Информатика, учебник
под ред. профессора Н.В.