Макромедиа флеш интерфейсі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 21:10, реферат

Описание работы

Flash бағдарламасы Web-анимацияларды құру мақсатында қолданылатын бағдарлама. Қазіргі кезде Flash бағдарламасының көмегімен күрделі интерактивті бағытталған кескіндерді, динамикалық Web-беттерді, мультфильмдерді, ойындарды және т.б. ұйымдастыруға болады.
Flash бағдарламасында құрылған құжаттың кеңейтілмесі *.fla (Flash құжаты) және *.swf (Small Web-File- кіші Web-файл) типті болып келеді.

Содержание

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Құжат құру, сақтау және қасиеттер бөлімі
MacroMedia Flash құралдарымен суреттер салу жолдары
және мәтінмен жұмыс
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

МХ.docx

— 789.82 Кб (Скачать)

 

 

Мазмұны

 

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

  1. Құжат құру, сақтау және қасиеттер бөлімі
  2. MacroMedia Flash құралдарымен суреттер салу жолдары

және  мәтінмен жұмыс

III Қорытынды

IV Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

FLASH бағдарламасы  мүмкіндіктері:

Біріншіден, ол бізге кескінді жеңіл салуға мүмкіндік  береді. Бұл жағдайда ол сызықтардың  түзу сызылуын бақылайды және де пайдаланушының қозғалыстарын түзейді. (бұл өте  актуалды, егер суретті графикалық планшетпен емес, тышқанмен салса). Көпқабатты кескіндерді де жеңіл  жасауға болады.

FLASH бағдарламасын  пайдалана отырып, мәтіндік информацияны  құрастыруға болады, және бұл  бағдарлама пайдаланушы кейбір  мәліметтерді енгізе алатындай  формалар жасай алады. Бұл пайдаланушылық  формалар HTML құралдары жасайтын  формаларды еске түсіреді және  солар сияқты іс - әрекет жасай  алады. Мәтіндік өрістер қарқынды  өзгере алады. Одан басқа да  әртүрлі қосымша мүмкіндіктері  бар (мысалы, кернинг және тренинг  үшін инструмент өте ыңғайлы).

FLASH бағдарламасы  арқылы әр түрлі анимациялар  құруға болады. Осында траекториямен  обьектілерді жылжыту үшін, морфинг  үшін (морфинг дегеніміз бір обьектінің  формасын басқаға айналдыру), бір  обьектінің бөліктерінің тәуелсіз  анимациясы үшін қолайлы инструменттер  бар. Анимацияның басқа түрлері  үшін де инструменттер бар.  Бірнеше қабатты қолданудың арқасында  тек қана қозғалыстағы немесе  формаларын өзгертетін обьектілерді  анимациялау ыңғайлы; бұл жағдайда  компьютер статикалық обьектілерді  қайта салуға өзінің ресурстарын  кетірмейді. Одан басқа басқару  элементтерінің көмегімен (мысалы, батырма, меню және тағы басқа)  қолданушымен жеңіл қарым –  қатынас ұйымдастыруға болады. Бұл  элементтер арқылы анимацияны  басқаруға және, мысалы, интернеттен  қажетті ресурстарды жүктеу кезінде  сервермен қарым – қатынас  жасауға да болады.

FLASH бағдарламасы  арқылы жасалынған анимация дыбыспен  де сүйемелдене алады. Және  бастапқы фонограмма үзіліссіз  болса да керекті кадрларды  белгілі бір дыбыстық эффектілермен  жеңіл синхронизациялауға болады. Сондай – ақ кез келген қолданушының  оқиғасына дыбыс қосуға болады (мысалы, тышқанның батырмасын немесе  компьютердің пернетақтасының пернесін  басқан кезде).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: MacroMedia Flash бағдарламасының интерфейсімен және мүмкіндіктерімен танысу

 

Құжат құру, сақтау және қасиеттер  бөлімі

 

Flash бағдарламасы Web-анимацияларды құру мақсатында қолданылатын бағдарлама. Қазіргі кезде Flash бағдарламасының көмегімен күрделі интерактивті бағытталған кескіндерді, динамикалық  Web-беттерді, мультфильмдерді, ойындарды және т.б. ұйымдастыруға болады.

Flash бағдарламасында құрылған құжаттың  кеңейтілмесі *.fla (Flash құжаты) және *.swf (Small Web-File- кіші Web-файл) типті болып келеді.

Flash 8 бағдарламасының стандартты жүктелу  жолы: Пуск®Программы®Macromedia® Macromedia Flash 8 (1-сурет).

 

 

1-сурет. Macromedia Flash 8 бағдарламасының жүктеу жолы.

 

 

Экранда Macromedia Flash 8 бағдарламасының жұмыс  терезесі ашылады (2-сурет).

 

 

 

Жүйелік мәзір батырмасы


Тақырып

атауы

Мәзірлер қатары

атауы

Құжатты ашу бағаны

Терезені басқару батырмалары

Құрал саймандар тақтасы

Қасиеттер

бөлімі 

Панельдер

бөлімі 

2-сурет. MacromediaFlash8 бағдарлама терезесі


 

 

 

 

 

Create New (Құру) бөлімінде Flash Document (Flash құжаты) сілтемесін басыңыз. Экранда Flash 8 бағдарламасының жаңа құжаты пайда болады (3-сурет).

Құрылған  файлдың қажетті параметрлерін «Рroрerties» (Қасиеттер) панелі көмегі арқылы енгізуге болады.

 

Мәзірлер қатары


Уақыт өлшемі қатары

Панелдер  бөлімі

Құрал саймандар тақтасы

Қасиеттер бөлімі

Фильм кадры терезесі


 

 

 

3-сурет. Flash8 бағдарламасының жаңа құжаты.

 

«Tools» (Құрал  саймандар) тақтасы бірнеше бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде -  объектіні ерекшелеу және суреттер салу батырмалары орналасқан (4-сурет).

Объектіні толығымен ерекшелеу батырмасы


Объектіні жеке-дара ерекшелеу батырмасы


4-сурет. Объектіні ерекшелеу  және суреттер салу батырмалары.

Мысалы, қандай да бір тіктөртбұрыш сызайық: . Толығымен ерекшелеу батырмасы көмегімен объектіні ерекшелеудің екі жолы бар: бірінші жолда объектіні толығымен ерекшелеп аламыз , ал екінші жолда тінтуірдің сол жақ батырмасын объектіде үздіксіз екі рет шертеміз де қалаған бағытта орын ауыстыруымызға болады.

Жеке-дара ерекшелеу  батырмасы көмегімен объектінің бұрыштарын белгілеген кезде тінтуір нұсқағышы тұсында іші бос кішкене тіктөртбұрыш пайда болады, ал қабырғаларына нұсқаған кезде тіктөртбұрыш қара түске боялады. Объект бұрыштарын өзгертуге болады, ал қабырғаны нұсқаған бойда сол жақ батырманы баса отырып, объектінің орнын ауыстыруға болады.

Екінші  бөлімде  объектінің орнын ауыстыратын және масштабын өзгертетін батырмалар орналасқан, үшінші бөлімде – белгіленген объектінің қосымша қасиеттер орналасқан, төртінші бөлімде құю және жиектеме жасау құрал–саймандар тақтасы орналасқан (5-сурет).

Объектінің орнын ауыстыратын және масштабын өзгертетін батырмалар


Ерекшеленген  объектінің қосымша қасиеттер бөлімі

Құю және жиектеме жасау  құрал–саймандар тақтасы


 

                    

5-сурет. Құрал-саймандар тақтасы.

Үшінші  бөлімде – белгіленген объектінің қосымша қасиеттері көмегі арқылы объектінің бұрыштар санын өзгертуге қажетті батырмалар орналасқан. Мысалы, қандай да бір тіктөртбұрыш сызайық. Қосымша қасиеттер бөліміне шерткен кезде шығатын сұхбаттық терезеде қажетті бұрыштар санын енгіземіз (6-сурет).

   

6-сурет.Қосымша қасиеттер бөлімі  сұхбаттық терезесі.

Анимациялық әсерлер беру үшін «TimeLine» (Уақыт өлшемі қатары немесе Монтаждау үстелі) қолданылады. Дыбыстау нұсқағышы (қызыл түсті тіктөртбұрыш) анимациялық әсерлердің орындалу барысында нөмірленген кадрлар бойымен жылжып отырады (7-сурет).

 

  Мәзірлер қатары


Уақыт мөлшері және монтаж үстелі

Құрал саймандар тақтасы

Фильм кадры

Түспен жұмыс жасау панелі

Қасиеттер  (инспекторлар) панелі


 

 

7-сурет. Macromedia Flash MX бағдарламасы терезесі.

 

Анимацияланатын әрбір объект өзіндік қатпарларда  орналасады. Қатпарларды қосуға, жоюға  және орындарын ауыстыруға болады.

Импортталған  графикалық бейнелерге де анимациялық  әсерлер ұйымдастыруға болады. Құжатты  импорттау «File®Import®Import to Stage» (Файл®Импорттау®Сахнаға импорттау) командасы көмегімен орындалады. Шыққан сұхбаттық терезеден қажетті файлды таңдап «Открыть» (Ашу) батырмасын баса отырып, объектіні құжатқа кірістіреміз.

Бағдарлама векторизациялау, яғни импортталған растрлық бейнені векторлыққа ауыстыру жұмысын орындауға болады. Ол «Modify®Bitmap®Trace Bitmap» командасы арқылы орындалады. Командадан соң шығатын сұхбаттық терезеде түстер және минималды зоналық мәндерді өз қалауымызша таңдауға болады (8-сурет).

 

 

 

8-сурет.Векторлау  терезесі.

 

Векторлау барысында растрлық бейнедегі түсі жақын аймақтар бір түске айналып  кетеді. «Color Threshold» (Түстік аймақ) бөлімінің  мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сәйкес түстер бір түспен алмасады.  «Minimum area» (минималды аймақ) мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кішігірім түстес аймақтар өзгеріссіз қалады (9-сурет).

 

Векторланған бейне


Импортталған растрлық бейне



9-сурет. Векторлау  нәтижесі.

 

Бағдарламада  кез–келген фильм элементі Symbol (Символ) болып табылатын объект ретінде қарастырылады. Символдар типтері: Movie Cliр (Клип),  Button (Батырма), Graрhic (Графика) және бұл типтердің әрқайсысының  өзіндік қасиеттері бар, сонымен бірге мүмкін операциялар жиынтығы анықталған.

Фильмді ұйымдастыру жұмысын ыңғайлы  ету үшін, оны бірнеше логикалық  сахнаға (сцена) бөлуге болады. Жаңа сахна  құру үшін «Window® Design Panels ® Scene» (Окно ® Панель конструирования ®Сцена) командасы орындалады.

Macromedia Flash MX бағдарламасының ерекшелігі – экранда объектілерді басқару, яғни интерактивті әсерлер беру мүмкіндігі. Интерактивті анимация құру үшін ActionScript программалау тілінде сценарийлер жазылады. Экрандағы әрбір объект өзіндік қасиеттерге ие және бұл қасиеттер Proprties панелінде сипатталады.

Интерактивті  қасиеттің бірден-бір элементі –  басқарушы батырмалар. Батырмалар өзіне  құрылған сценарий бойынша әртүрлі  мақсаттар орындауы мүмкін.

Дайын болған Flash-фильмді бас мәзірдегі «Control®Test Movie (Управление®Тестировать фильм)» командасы көмегімен алдын-ала көруге болады. Сонымен кеңейтілмесі *.swf болып келген файлды жүктеу барысында іске қосылатын арнаулы Macromedia Flash Player терезесінде де көруге болады. Бұл терезеде «File®Create Projector (Файл®Создать проект)» командасының көмегімен Flash-фильм бірге сақталатын, кеңейтілмесі *.exe болып келетін файл құруға болады.

Қасиеті –фигура (Shaрe)


Қасиеті -Grouр

Қасиеті -*.jрg типті импортталған файл

Қасиеті –Movie Cliр

Қасиеті –Graрhic

Қасиеті –Button

Мысалы: 10-суретте бірнеше объектілер келтірілген. Әрбір объектіні белгілеген кезде қасиеттер бөлігі өзгеріп отырады.


 

 

10-сурет.Қасиеттері  әртүрлі обектілер жинағы.

 

MacroMedia Flash құралдарымен суреттер  салу жолдары 

және мәтінмен жұмыс

Macromedia Flash бағдарламасында құрылған фильмнің  барлық объектілері кадрларда арнаулы қатпарларда орналасады. Қатпар дегеніміз - кадрларында бейнелер бейнеленген түссіз кинолента. Бірнеше кинолента бір-біріне жалғана отырып, ортақ бір Flash-фильмді құрайды.

Қатпарлармен  және кадрлармен жұмыс жасайтын негізгі  панель – TimeLine (Уақыт өлшемі немесе Монтаждау үстелі). Жаңадан құрылған әрбір файл бір қатпар және бір кадрдан тұрады. Қатпарға үнсіздік бойынша Layer 1 (1 қатпар) деген атау беріледі және ол панельдің сол жақ бөлігінде орналасады. Қатпардың оң жақ бағыттауышта санмен нөмірленген кадрлар қатары орналасады (11-сурет).

Қатпар нөмірі


Кадрлар қатары

Дыбыстау  нұсқағышы


 

11-сурет. Қатпарлар  және кадрлар бөлімі.

 

Қатпарлар бос кезде бірінші кадрлар  бос дөңгелекпен, егер қатпарда объект орналасса іші боялған дөңгелекпен бейнеленеді.

Қатпарлардың  атын өз қалауымызша өзгертуге, орындарын  ауыстыруға, жасыруға, құлыптап қоюға (блокировка), контурды түрде бейнелеуге және бір бумаға топтастыруға болады. Тіпті бағыттауыштар ретінде  бейненің арнаулы қатпарын да қолдануға  болады. Мұндай қатпарлар фильмде  көрінбейді, тек қана дайындық барысында  көмекші элементтер болып табылады.

Әрбір векторлық бейне қандай да бір  графикалық объектілер тобынан тұрады. MacroMedia Flash бағдарламасы екі түрлі графикалық бейнелермен жұмыс істейді – сызықтар (контурлар) және формалар. Сызықтар тік, қисық немесе тұйықталған болуы мүмкін. Өз кезегінде сызықтар бірнеше топтасқан сызықтардан және әрбір сызық бастапқы, соңғы нүктелерден, қисықтардан, әр түрлі түстерден, әртүрлі қалыңдықтан тұрады.

Түзу сызықтар және фигураларды сызу үшін MacroMedia Flash бағдарламасында Line Tool (Сызық) батырмасы қолданылады.

MacroMedia Flash бағдарламасында қарындашпен түзу және қисық сызықтар сызуға болады. Ол үшін құрал–саймандар тақтасынан   - Рencil Tool (Карандаш) батырмасын қолданамыз. Егер сурет салу барысында Shift батырмасын бірге бассақ салынған сегмент тінтуір бағытына байланысты тік немесе көлденең орналасады.

Құрал–саймандар тақтасындағы , , батырмаларының қасиеттерін бөлімінен кейін шығатын терезеде өз қалауымызша өзгертуге болады.

MacroMedia Flash бағдарламасында  Brush Tool (Кисть) батырмасының көмегімен түспен боялған аймақтарды салуға болады. Батырманың режимдері:

ерекшеленген  аймақты ғана бояйтын режим;


ішкі бояу режимі;


сахнаның  бос аймағын бояйтын режим;


боялған аймақ түсін өзгерту режимі (сызықтар мен бос аймаққа әсер етпейді);


қарапайым режим;



 

MacroMedia Flash бағдарламасында  Рaint Bucket Tool (Құю) батырмасы тұйықталған аймақ түстерін анықтайды. Құю жолдары:

бір түсті  құю;

Информация о работе Макромедиа флеш интерфейсі