Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 12:13, реферат
Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.
Кіріспе
1.1.Linux операциялық жүйесімен танысу…..............2
1.2.Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері ....5
1.3.Жүйе дистрибутивтері ..........................................8
1.4.Операциялық жүйедегі басқарылатын объектілер...................................................................11
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
1.2.Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері
• Толық көпқолданбалы
• Виртуалдық жадының жәрдемі. Linux қатты
дискінің бөлімін виртуалдық жады ретінде
пайдалана алады. Операциондық жадыда
активті процестерді сақтайды және дискіге
програманың аз қолданылатын бөлімдерін
кіргізеді. Жүйенің барлық жадысы қолданылады
(виртуалдық және операциялық), Linux үшін
бағдарламалармен дискінің жалпы жадысы
сипатталады.
• Операциялық жүйенің графиктік ортасы.
XWindow – бұл стандартты интерфейс, ол Unix-те
графиктік мүмкіндіктерді орындайды.
• Linux барлық қолданбалы тор хаттамаларын,
сонымен бірге Интернет-хаттамасы TCP/IP,
желілік хаттамалары SMB* және Novell, Nis ақпараттық
хаттамалары, NFS, WINS және т.б. желілік файлдық
жүйенің хаттамаларына жәрдемдеседі.
• Кітапхана байлығы. Әрбір жұмыстағы
қайталанатын процедураларды сақтаудың
орнына жүйе стандартты кітапхана жиынын
береді. Олар қажет уақытта бағдарламаларға
қосылады.
• SysV, BSP және IEEE POSIX 1 стандарттарына ұқсас
болуы. Linux көбінесе стандарттарды қолданады.
• Операциялық жүйенің ашық мәтіні. Linux
AT&T* сияқты саудалық дамытылуларын пайдаланбайды.
Сондықтан әрбір адам өзінің OS модулін
жазуға мүмкіндік алады.
• Басқа операциялық жүйелерге қарағанда
өте арзан.
• Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі
уақытта Linux-ке арналған он вирус қана
белгілі. Олардың ешқайсысы операциялық
жүйеге зиян келтіре алмайды.
Көпқолданбалы
операциялық жүйе
Windows-тің барлық версиялары мен МасОS жүйелері
бірқолданбалы (яғни бір қолданушыға арналған)
болып табылады. Windows NT кейбір қызметтері
көпқолданбалылық жайында сөз етуге себеп
береді, бірақ әр уақыт мезетінде жүйемен
тек бір адам жұмыс істей алады. Жақын
арада Windows NТ-ді көпқолданбалы платформа
негізінде жаңа Windows NT Terminal Server Edition жүйесін
құру әрекеті ұйымдасқан болатын.
Linux бір уақытта бірнеше қолданушының
жұмысын қамтамасыз етеді, бұл оның көпқолданбалылық
артықшылықтарын түгелдей пайдалануға
мүмкіндік береді. Бұдан үлкен құндылық
шықпақ: Linux-ті қосымшалар сервері ретінде
дамытуға болады. Қолданушылар терминалдан
немесе өздерінің дербес компьютерлерінен
жергілікті желі арқылы Linux серверіне
шығып, өз компьютерінен емес, осы серверден
бағдармаларды жүктей алады.
Көптапсырмалы операциялық жүйе
Көрқолданбалылықпен қатар Linux-тің көптапсырмалылық
қасиеті бар.
Бір кездерде есептеу жүйелері Windows 3.1-ден
Windows 95-ке ауысқанда, жаңа жүйенің көптапсырмалылығы
негізгі құндылығы болып саналды.Жүйенің
көптапсырмалылығы - оның бірнеше операцияларды
(үрдістерді) бір уақытта орындай алуы.
Сонда жалғыз процессордан құралған компьютер
бірнеше операцияны параллель орындай
алады. Әрине, шынын айтсақ процессор бірнеше
әрекетті бір уақытта орындай алмайды,
көптапсырмалылық негізіне бір әрекеттен
екіншіге шапшаң ауысуы жатады.Әрқашан
да Uniх жүйелеріндегі көптапсырмалылық
Windows жүйелеріндегіден гөрі жоғары деңгейде
болды. Linuх бірнеше әрекетті үлкен корпоративтік
серверлер мен қуатты жұмыс станциялары
үшін ерекше тәсілмен орындайды. Қазіргі
күндері тек Windows 2000 мен Windows NT ғана дәл
сондай көптапсырмалылықты қамтамасыз
ете алады. Бір кездерде керемет шу көтерген
Windows 95-тің өзі бір уақытта орындалатын
әрекеттердің көп санын әрең орындап үлгереді.Linux
жүйесі, Windows NT мен Windows 2000 сияқты, Реntium
II екілік жүйесі тәрізді көппроцессорлы
компьютерлерді қолдайды. Бұл компьютерлер
шын мәнінде екі бір уақыттағы әрекетті
орындайды. Көппроцессорлық көптапсырмалылықпен
бірге бір компьютерде орындалатын бір
уақытта іске асатын бағдарламалар санын
айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді.
Linux-тің
таралуы.“Linux тегін” – бұл Linux-тің әрбір
түрі мен дистрибутивтерін таратушылардың
негізгі постулаты. Linux GNU GPL лицензиялық
сәйкестенушілікке байланысты таралады.
Бұл мазмұнды және көлемді құжатты қысқаша
былайша беруге болады:
• Жүйе тегін таралады.
• Операциялық жүйе жиынын және оған кіретін
мағлұматтарды сатуға дайындалғаны үшін
сатушының кез келген баға қоюға құқығы
бар.
• Лицензияда көрсетілген сатып алушының
құқықтарына сатушының қарсы құқысы жоқ.
Соңғы бөлімше ерекше көңіл бөлуді талап
етеді. Дистрибутив құраушысы және сатушы
сатып алушыға дистрибутивті пайдалану
құқығын береді, сатып алушының оны көбейтуге
және тегін таратуға мүмкіндігі бар. Бірақ
Linux тегін деп те айтуға болмайды: сатып
алушы сатушыға оның компакт-дискіге жазуға,
қапталуы мен сатылу орнына әкелінуіне
кеткен қаражатты төлейді.Бұл бойынша
Қазақстан Республикасында әрбір Linux дистрибутивінің
лицензиялық көшірме күнделікті 300-1500
теңге бағасымен сатылады.
Linux ұсынатын жабдықтардың әр түрлілігін
ескере отырып, ол арзан тұрмайды деп аңғаруға
болады. Дегенмен ол бұлай емес! Linux ядросы
мен оған жазылған бағдарламалардың көп
бөлігін Іnternet арқылы, негізінен көшірме
жасауға және таратуға ешбір шектеу қойылмаған,
олар тегін таратылады.Ең алдымен, Linux
ядросы GNU GPL (General Public License жалпы түрдегі
қоғамдық лицензия) лицензиясы негізінде
таралады. Бұл тегін бағдарламалық қамтамалар
фондымен (Ғrее Software Foundation) құрылған тегін
бағдарламалық қамтамаларды таратуға
негізделген арнайы лицензия. GNU лицензиясы
бойынша бағдарламалық қамтаманы тегін
немесе ақшалай GNU лицензиясының шарттары
орындалған жағдайда таратуға рұқсат
етіледі.
GNU лицензиясының тағы бір маңызды ерекшелігі
барлық бағдарламалық қамтамалар бастапқы
мәтіндерінің толық жиынымен таралуы
қажет. Бастапқы мәтіндерге қол жеткізбейтіндіктен
өзгертулер енгізуге болмайтын саудалық
бағдарламалық қамтамалармен салыстырғанда,
GNU бағдарламаларын модификациялауға
рұқсат етілумен қатар толық еркіндік
беріледі.Linux операциялық жүйесін және
оған арналған бағдарламаларды құрудың
осындай тәсілінің сәтті болуы соншалық
- оны Netscape компаниясы өзінің Communicator бағдарламалар
тобы үшін қабылдады.
Linux-тың файлдық жүйесі (Linux file system).Ішкі құрылысымен ажыратылатын көптеген файлдық жүйелердің түрлері бар, бірақ пайдаланушы өз үшін әрқайсысында бір-бірінің ішіне салынған бумалардан тұратын әдеттегі құрылысты табады. Файлдық жүйелер қатынасты құру уақыты, ақпаратты сақтау сенімділігі, ақаулықтарға тұрақтылығы, және тағы да басқа қосымша қасиеттері бойынша ажыратылады. Қазіргі операциялық жүйелер файлдық жүйелердің көп түрін қолдайды. (Қатты дисктер, CD мен DVD дисктерде қолданылатындардан басқа).
Файлдық жүйелердің маңызды
қасиеті – журналдауды қолдау.
Журналдалатын файлдық жүйе дискіге
жазудың барлық әрекеттерін үздіксіз
бақылап отырады, сондықтан электрқорегі
кенет өшірілгеннен кейін, компьютер
қайта қосылған кезде файлдық
жүйе әрқашан да жұмысқа дайын
күйінде болады.Linux-тың
Ext2/3.Файлдық жүйенің осы түрі Linux үшін арнайы жасалып, Linux-жүйелердің көбінде қолданылады. Ext3 пен Ext2 айырмашылығы, біріншісі кейін шығып, құрамында журналдауқолдауы бар. Қалған қасиеттері бойынша осы екі файлдық жүйе бірдей, және бір-бірне оңай айналдырылады. Сенімділігі жоғары болған соң әдетте журналдауы бар нұсқасы (Ext3) таңдалады. Диск әрекеттер белсенділігі жоғары болған кезде Ext3 файлдық жүйенің өнімділігі төмендейді және жүйеге түсетін орташа жүктелу артады (Load Average).
ReiserFS.Бұл файлдық жүйе дерекқорға ұқсас: оның ішінде өзінің индексация мен жылдам іздеу жүйесі бар, ал оның файл мен бумалар ретінде көрінуі – жүйенің тек бір көрінісі ғана. Әдетте ReiserFS ұсақ файлдардың көп санын сақтауға үшін жақсы келеді деп саналады. Журналдауды қолдайды.
XFS.Бұл файлдық жүйе үздіксіз жазылатын не құрамасы өзгертілетін үлкен және өте үлкен файлдарды сақтауға арналған. Ext3 сияқты өнімділігі нашар емес, бірақ оны қолданған кезде электрқорегі кенет өшірілсе, файлдардың құрамасын жоғалту қаупі бар (қауіпсіздік салдарынан осындай кезде файлдың құрамасын нөлдеу қолданылады). Үздіксіз қорек көзіне (UPS) қосылған компьютерлерде қолдануға ұсынылады.
SWAPFS.Файлдық жүйенің осы түрі ерекше болып келеді, және ол қатты дискте swap аймағынжасау үшін қолданылады. Ол аймақ көбінесе жеке бөлімге шығарылады, және Linux-та виртуалды жады ретінде қолданылады. Егер физикалық жады аз болса, мәліметтердің бір бөлігі осы аймаққа көшіріледі.
JFS.IBM компаниясы осы файлдық жүйесін жүктелуі үлкен серверлер үшін жасаған: жасау кезінде өнімділік пен сенімділікке назар аударылған, және қойылған мақсаттарға жетті. Журналдауы бар.Сонымен қатар, Linux-та, өзінің файлдық жүйелерден басқа, тағы да көптеген түрлеріне қолдау бар. Егер ол файлдық жүйелерге жазу тәсілі белгілі болса, онда жазу мен оқу әрекеттері қолжетерлік болады, басқа жағдайда – тек оқуға ғана болады. Файлдық жүйелерің ондай түрлері әдетте басқа операциялық жүйелердің меншігі болады.
1.3.Жүйе дистрибутивтері
Дистрибутив үшін құжаттар бөлек беріледі.
Бірақ оған көптеген ережелер, анықтамалық
файлдар және HOWTO кіреді, сондықтан
сауатты қолданушы құжатты
Linux-ті мықты құрастырушылар: Red Hat Inc., және
Mandrake S.A. өздерінің нұсқаларын дистрибутивке
енгізеді, бірақ бұл OS* жиынының бағасының
көтерілуіне әкеліп соғады.
Linux дистрибутивтері көптеген әр түрлі
компаниялармен шығарылады. Бүгінгі күні
Linux-тің 90 түрі бар, бірақ олардың барлығы
Unix стандарттарымен ұқсас. Батыстағы Linux-тің
негізгі құрастырушылары:
• Red Hat, Inc. – Red Hat Linux-тің үш түрін: Home, Standard
және Professional шығарады;
• Caldera, Inc. – Caldera Open Linux түрін шығарады;
• Debian Group – Linux Debian;
• Corel, Inc. – әмбебап саудаға қондырылуы
ыңғайлы Corel Linux шығарады, ол Linux Debian қорында
сақталады;
• SUSE Group – S.U.S.E Linux-ті шығарады, әсіресе
еуропалық тілдер үшін локальданған.
Келесі дистирбутивтер ТМД территориясында
өте танымал:
• “Процедура” қоғамынан Red Hat Linux. Бұл
компания ТМД саудасы үшін ыңғайлы бағамен
сатылатын Red Hat дистрибутивтерінің көшірмелерін
шығарады.
• Ресей-француз “Mandrake S.A.” компаниясынан
Mandrake Linux дистрибутиві. Linux-тің бұл түрі
жақсы орыстілдік локализациямен, көлемді
құжаттарымен және арзан бағамен танымал.
• Black Cat Group, BC Linux дистрибутивімен танымал.
Бұл Red Hat дистрибутивінің түрі, бірақ ол
Украинаға ғана локальданған.
Техникалық аспектісінде бұл барлық дистрибутивтерінің
айырмашылығы өте бос қарастырылады (айырмашылықтар
динамикалық кітапханаларда, аудармаларда
және қондырушы бағдарламалардың түрлерінде
бар). Таңдаудың негізгі критериі тек дистрибутивтің
қателерінің, аударманың және бағаның
болмауы болып табылады.
Жүйелік ақпараттарды көру шаралары(uname, free командалары).
TCP/IP – Unix және Linux қолданатын негізгі желілік жүйе болып табылады. TCP/IP – бұл Internet үшін жасалған протоколдардың жиыны. Бірақ ол Unix машиналарын локалдық желілерге біріктіру үшін де қолданылады. Сонымен қатар Linux IPX/SFX, AplleTalk және т.б. протоколдарды қамтамасыз етеді. Компьютерде орнатылған операциялық жүйе қандай екенін білгіңіз келсе, ол туралы ақпаратты алу үшін uname (Unix NAME) утилиті бар. Параметрлерсіз жіберілген uname жүйенің базалық атын көрсетеді: Мысалы:
gserg@ADM:~$ uname
Linux дистрибутивтері. Ең танымыл дистрибутивтер.
Дистрибутив дегеніміз програм-малық
қамтамасыз етудің жиынтығы.Оның құрамында
ядро жүйесі және утилиттердің жиынтығы
бар.Қазіргі таңда Linux-тің оншақты
дистрибутиві бар.Кейбір дистрибутивтер
фирмалардан коммерциялық тұрғыда
шығарылса,ал басқалары GPL лицензиясының
шартымен таралады.Қолданушы өзіне
ұнаған дистрибутивті таңдай алады.
Дистрибутив Linux-ті толық жүйе етеді.Әрине
теориялық тұрғыда
Енді құрылғылардың әр түрлі типін қалай ажырату керектігін түсіндірейік, негізгі типтері:
Қарапайым файлдікі:
d -каталог,l -сілтеме,b - блоктық
құрылғы,с - символдық құрылғы бойынша
ажыратылады.Каталогтағы файлдардың тізімін
көру үшін ls командасы қолданылады.Бұл
команданың көп опциялары бар. Негізгілері:l,s,a,t..ls-l-
1.4.Операциялық жүйедегі басқарылатын объектілер
Операциялық жүйелер программалар
жұмысын басқарады. Оларды есепке жібереді,
тоқтатады және өшіреді. Өз кезегінде
ОЖ-де микропроцессорда орындалатын
программа. Программаны орындауға
кірісу дегеніміз ол сол программаның
командаларын бірінен соң бірін
орындау. Программа және оның мәліметтері
сол уақыттағы үрдіс ағынын анықтайды.
Сондықтан, оперциялық жүйе басқаратын
объектілердің бірінші класы ол үрдістер
ОЖ үрдістермен келесі әрекеттерді орындайды:
үрдісті құру, үрдісті жүктеу, үрдісті
тоқтату, үрдісті жаңарту (жалғастыру),үрдісті
жою. Егер үрдіс деп программа орындалуын
айтсақ онда ол ешқандай баяндауды қажет
етпейді. әдетте, ОЖ бір ғана емес, көп
үрдістермен жұмыс жасайды. Үрдістер бір-бірімен
белгілі бір қатынаста бола алады. Мұндай
қатынас бірінші түрі ол тәуелсіздік,
яғни бір үрдіс екінші үрдіс күйіне ешбір
әсер етпейді. Математика көпмүше объектілері
арасындағы қатынастарын баяндағанда
формальді логикалық ережелер қолданылады.
Келесі ОЖ басқаратын өте маңызды объекттің
бірі ол қор (ресурс).
ОЖ теориясында қордың анықтамасы ол кең
және формальді мағынаға ие. Қор ұғымына
мынадай түсінікті әрі сезуге болатын
объекттер жатады: жедел жады көлемі, сыртқы
құрылғыларының көлемі, көптеген енгізу-шығару
құрылғылары. Уақыт қорына келетін болсақ,
ол ұғым ұқыпты талдануы қажет. Біріншіден,
ОЖ астрономиялық уақытпен жұмыс жасайтын
болғандықтан, оған жылын, айын, күнін,
сағатын және секундын білу керек. Екіншіден,
есептеу жүйесінің жұмысы үзіліссіз жүрмейді.
Машинаның қалыпты жұмысын ғана есептейтін
процессорлық уақыт енгізілген. әр программа
белгілі бір уақытты қажет етеді: ол тоқтайды,
содан соң қайта іске қосылады. Сол себепті
есептеу үрдісінің ішкі уақыты ұғымы енгізілген.
Астрономиялық уақытты (күнтізбе уақыты)
бәрі пайдаланады, бірақ ол одан таусылмайды,
не болмаса баяулап бағытын қарама-қарсыға
ауыстырмайды. Орталық санағыштың уақыты
мүлдем басқа. Егер санағыш біреу болса
және астрономиялық уақыт үзіндісін ол
белгілі бір программаны орындаса (бұл
кезде басқа программалар орындала алмайды)
онда ол программалар арасында бөлінуді
қежет ететін қор ретінде анықталады.
Файлдық жүйе бойынша
Файлдық жүйе бойынша навигациясы дегеніміз Linux операциялық жүйесі кезінде ең маңызды дағдылардың бірі. Файлдық жүйе бойынша навигация кезінде қолданылатын негізгі командалар мыналар:
pwd – қолданушы қолданып отырған
каталогтың толық атын
cd – файл жүйесінде бір каталогтан басқа каталогқа ауысу үшін терілетін команда. Бұл команданың параметрі-ауысатын каталогтың жолы. cd үй каталогына өзгертеді . каталогты каталогтар ағашы бойынша бір деңгей жоғары орналасатынға өзгертеді.
Ал pushd, popd командалары байланыста жұмыс жасайды. pushd командасының параметрі бар . pushd көрсетілген каталогқа өзгертеді .. каталогты каталогтар ағашы бойынша бір деңгей жоғары орналасатынға өзгертеді. Бұл команданың cd командасынан негізгі айырмашылығы- каталогтар алмаструдың бүкіл тарихы оңай есте сақталады және содан соң popd командасының көмегімен лездік кері навигация үшін қолданылуы мүмкін.
Файлды құру, жою және көшіру. touch, rm, cp командалары.
Linux-тің әр қолданушысы күн сайын файлдарды құру, көшіру және жоюмен айналысады. Бұл операциялар файлдық жүйе бойынша орын ауыстыру сияқты аса маңызды болып табылады.
cp командасы файлдарды көшіру үшін қоданылады. Оның синтаксисі мынандай:
cp [параметрлер] <файлдың аты >
<каталог қабылдаушысының аты>
Каталогтың ішіндегі бәрін қосқанда ең көп қоданылатын параметрлердің бірі болып каталогтарды рекурсивті көшіруге мүмкіндік беретін R параметрі болып табылады.
touch командасы файлдарды құруға
мүмкіндік береді. Оның қолданылуы
өте қарапайым: touch < файл аты>.
Егер осындай аты бар файл
ағымдағы директориядан
rm командасы файлдарды жояды.. rm командасы қолдатын негізгі параметрлер - бұл
-i (жоюды растау арқылы жою),
-r (рекурсивті жою) және
-f (растамай барлық файлдарды жою),
-v (жасалатын әрекеттерді толық сипаттау).
-r және -f параметрлері файлдардың
көптеген бөлігін жою үшін
қолданылады. Бірақ қолдану
Linux файлдық жүйесі unix-ұқсас
кез-келген операциялық жүйе