Компьютерлік желілер

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 18:36, реферат

Описание работы

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады.
Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа, яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
А) Компьютерлік желілер және оның ұғымы
Ә) Жергілікті компьютерлік желілер
ІІІ.Қорытынды
Компьютерлерді желілерге біріктіру.

Работа содержит 1 файл

Компьютерлік желілер.docx

— 26.11 Кб (Скачать)

2. Жұмыс станциясындағы  программалық қамтамасыз ету, бұл жұмыс станциясында бар ОЖ-нің басқаруында жұмыс істейтін программалар жиынтығынан тұрады. Әлбетте әр түрлі жұмыс станцияларында бір желіге алуан түрлі ОЖ-лер орнатылуы мүмкін.

Үлкен иерархиялық желілерде желілік ОЖ ретінде Unix пайдаланылады. Орта көлемдегі желілерде қазіргі уақытта Windows NT желілік Ож қойылады. Мұндайда серверде Windows NT Server деп аталатын оның серверлік бөлігі, ал жұмысшы станцияларында Windows NT Workstation клиенттік бөлігі бөлігі орнатылады немесе клиенттің программасы ретінде Windows 95 пайдаланылуы мүмкін.

Серверде иерархиялық желілерді пайдалану жолдарына байланысты сервердің мынадай типтерін бөліп айтуға болады:

Файлдық сервер – бірлесіп өңдейтін файлдар, бірлесіп пайдаланатын программалар сақталатын және оларға пайдаланушы адамның қолы жетуін қамтамасыз етуші компьютер;

Деректер базаларының  сервері – деректер базасы файлдарын  сақтау, өңдеу, басқару және жұмыс станцияларынан келіп түскен сұраныс бойынша ақпараттар беру функциясын орындаушы компьютер;

Басып шығару сервері  – басып шығару құрылғысы, қолданушылардың қолы жетуге қолайлы желілер қосылған компьютер, ол басылым сұранысына қызмет етеді, олардың орындалу кезегін ұйымдастырады;

Пошта сервері  – жергілікті желілер бойынша  да, ішкі модем бойынша да жіберілетін  ж/е алынатын ақпараттар сақтаулы компьютер. Оны пайдаланушы адам өзіне ыңғайлы кез келген уақытта өз атына келген ақпаратын жібере алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Компьютерлерді  желілерге біріктіру.

 

Егер сіздердің тек  бір ғана компьютеріңіз ғана болса, модеміңіз болмаса, онда компьютерлік жиелінің ерекшеліктерін түсіне қою  қиын. “Қойы жоқтың қорамен ісі  жоқ ” дегендей көптеген мүмкіндіктер қалтарыста қалады.

Бірақ сіздердің бінеше компьютеріңіз болып, олардың біріндегі  мәлеметті екіншісінде беру керек  болғанда желідік технология өте  қажет-ақ. Желілік технологиялар  қаржы мен уақытты үнемдеуге  өте үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан  компьютерлік желілерді пайдалану  туралы қысқаша мағлұмат берейік.

Жергілікті желілер  – бір-бірімен қатар орналасқан компьютердің біріктерін жүйелер (бір  бөлмеде немесе бір ғимаратта  орналасқан әйтпесе қатар орналасқан компьютерлер). Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Ал компьютерлік ауқымды  желіге келетін болсақ, онда олардың  ара қашықтығына ешбір шек  қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрылықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын  ауқымды желілер бар. Әрине мұндай байланыстыру желісін шағын не орташа фирмалар жасай алмайды. Ауқымды желі құру үшін біраз қаражат керек, көптеген телефон каналдары, жер серіктері байланысу мүскіндіктері қажет.

Жергілікті желілерде  компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу  жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, айта берсек 100мегабитке  де жетеді. Гигабиттік жылдамдықтың да аулы алыс емес . Ал, ауқымды желілер  жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық мұндай жоғары емес, телефон  каналдарын пайдалану кезіндегі  оның жылдамдығы секундына 2400 – 57600 биттер аралығында болады.

Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл  екуі де компьютерлік технологияның  зор жетістіктері қатарына жатады, сондықтан оларды мұқият оқып –  үйренуге көңіл бөлген артық бола қоймас.


Информация о работе Компьютерлік желілер