Компьютерлік желілер

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 18:36, реферат

Описание работы

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады.
Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа, яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
А) Компьютерлік желілер және оның ұғымы
Ә) Жергілікті компьютерлік желілер
ІІІ.Қорытынды
Компьютерлерді желілерге біріктіру.

Работа содержит 1 файл

Компьютерлік желілер.docx

— 26.11 Кб (Скачать)

 

 

ЖОСПАР

 

 

 

І.Кіріспе

 

ІІ.Негізгі бөлім

 

А) Компьютерлік желілер және оның ұғымы

Ә) Жергілікті компьютерлік желілер

 

ІІІ.Қорытынды

 

Компьютерлерді желілерге  біріктіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

ХХІ ғасырдың бас  кезіндегі адамзаттың даму процесі  информациялық қоғамның қалыптасуымен  ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады.

Ақпарат мемлекеттің  даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа, яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет  өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті  шарты болып табылады.

Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының  «Ақпараттандыру туралы» заңының  шыққанын айта кету жеткілікті шығар.

Сондықтан да біздер компьютерлермен жұмысты жасағанда, кез келген қарсы жасалып жатқан кедергілерге (вирустар) қарамай, ешқандай кедергісіз еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек.

Соңғы кездегі  жеке пайдаланылатын компьютерлердің  өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла  бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды  пайдалана, соның ішінде вирустармен  күресе білудің аса қажеттігін көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

 

Компьютерлік  желілер және оның ұғымы, түрлері 

Қазіргі уақытта  компьютерді қолданудың ең маңызды  аясы көптеген қолданушылар үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ететін желілерді құру болып табылады.

Желіге компьютерлерді біріктіру үлкен сыйымдылықты дискілерді, принтерлерді, негізгі жадыны, программалық құралдарды бірге қолдану болып  табылады.

Компьютерлік  желі деп қолданушыларды ақпараттық, программалық және аппараттық ресурстарды  және ақпаратпен алмасу құралдарын ұжыммен  пайдалануды қамтамасыз ететін өзара  байланысқан компьютердің жиынтығы.

 

Компьютерлік  желілер – деп әртүрлі қорларды мысалы программаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдаланатындай етіп, бір-бірімен кабельдің көмегімен арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады.

Егер желі онша үлкен емес және мекеменің бірнеше  бөлмесін қамтыса, онда оны жергілікті желі деп атайды.

Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп  аталады. Егер олар қайсы бір ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корпоративтік деп. Одан үлкен  көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға  таралған желілер ауқымды деп  аталады. Олар корпоративтік те, жалпы  да бола алады.

Компьютерлерді  желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктірілді.

Компьютердің  ресурстары ақпараттық және техникалық деп екіге бөлінеді.

Ақпараттық ресурстарға  программалар және деректер, ал техникалықтарға  – принтерлер, модемдер, сканерлер, график салғыштар кіреді.

Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар және деректері бар қапшықтар  ретінде қаралады. Оларға қосылу логикалық  дискіге жазылғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерінен ғана қол  жеткізуге болатын ресурстар  жергілікті деп аталады. Желінің  басқа компьютерлеріне де ашық компьютер  ресурстары ортақ немесе желілік  деп аталады.

Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері  шартты. Бұл жергілікті ресурсты ортақ  етуге болады және керісінше, ортақ  ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады.

Ортақ ресурстар  орналасқан компьютер сервер деп  аталады. Сервердегі ақпаратқа жол  ашатын және осы ресурстар пайдаланатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс  станциялары деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жергілікті  компьютерлік желілер

Кез-келген жұмысты  дербес компьютердің көмегімен-ақ шешуге болады деген түсінік жалған. Мысалы, Мәскеуден Санкт-Петербургке дейінгі әуесапарында қанша бос орын барын білетін ақпарат алғымыз келсе, және де ол ақпарат тез ескіріп, ауысып отырса, онда біз сол әуекомпаниясының немесе әуежайдың компьютерімен байланысу арқылы тез арада біле аламыз.

Қазіргі кезде ірі және орташа фирмалар, ұйымдар, кәсіпорындарда шамамен барлық компьютерлері әр түрлі телекоммуникация құралдарымен өзара байланысқан.

Телекоммуникация  құралдарымен өзара байланысқан компьютерлер жиынтығын компьютерлік желі деп атайды (КЖ).

Компьютерлік  желілер желгілікті (локальный) және ауқымды (глобальный) болып бөлінеді де, аппараттық және бағдарламалық қамту құралдарынан жұмыс принциптері бойынша ерекшеленеді.

 

 

Жергілікті  компьютерлік желі – ортақ міндеттерді атқаруға арналған, белгілі ережелер бойынша байланысқан өзара жақын орналасқан компьютерлер жиыны.

Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін онда әртүрлі өндіріс орындарының компьютерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасу талабын қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар мен құралдар болуы қажет.

Компьютердің  желілік аппараттық және бағдарламалық құралдарын қамтамасыз ететін ережелер мен талаптар жиынтығы хаттама деп аталады.

Негізгі желілік  хаттамалар - ISO (International Standard Organization) Халықаралық стандарттар ұйымымен стандартталған және барлық желілік құралдар өндірушілерімен қамтамасыз етіледі.

Хаттамалар:

· желінің физикалық және электрлік параметрлерін;

· орнату кезінде, байланыстың үзілуі кезінде, ақпарат алмасу кезінде сигналдардың берілу ретін;

· ақпаратты беру кезіндегі қателікті табу және түзету реті және т.б. қызметтерді орындайды.

Жергілікті компьютерлік желінің физикалық негіздері.

Компьютерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше  жүздіктерге дейін) түрлі типті  кабельдер көмегімен, желілік карта  немесе желілік адаптер деп аталатын құрылғы арқылы жүзеге асырылады. Адаптер компьютердің аналық платасындағы кеңейту слотына қондырылады.

ЖКЖ үшін қазіргі кезде келесі ақпаратты берудің физикалық орталары қолданылады:

- Жіңішке коаксиальды  сым (сур.1) – ең арзан, бірақ жылдамдығы аз орта; компьютерлердің арақашықтығының ұзақтығы-150 м-ге дейін;

- Жуан коаксиальды  сым (сур.2) – жіңішке сымға  қарағанда қымбат орта; компьютерлердің арақашықтығының ұзақтығы-500 м-ге дейін;

- Көпталшықты сым (сур.4) – ең қымбат нұсқа, көбінесе қуатты компьютерлерге қолданылады; компьютерлердің арақашықтық ұзақтығы 2 км-ге дейін;

- Сымсыз байланыс Wi-Fi (сур.5) – ауалық радиоканал қолданылады; бұл өте ыңғайлы, себебі сымдарды қажет етпейді, бірақ сымды байланыстарға қарағанда қымбат.

Компьютерлерді  қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде. әр қосылу – деректер үшін жаңа маршрут.

Желі топологиясы  – бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы.

Желі топологиясы  түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар (жұлдызша, сақина, және шина).

«Жұлдызша» топлогиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды.

Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді.

Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген  жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.

«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды, егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен  шығарады.

«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған (міндетті түрде шеңбер емес) желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады.

«Сақинаның» Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «сақинаның» тағы бір осал жері – деректер біреулердің желілік компьютерлері арқылы өтетіндіктен де, ақпаратты бөгде ұстап қалуына мүмкіндік береді.

«Шина» топологиясы  бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға» тікелей қосылады. Мұндай желінің үлгісі:

«Шина» топологиясы  бар желіде деректер екі бағытта  бірдей жылжиды. Кабель – шинаның  екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «сақина» жағдайындағыдай желінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерлерден өтеді.

Дектерді беру жылдамдығымен, оның құрамына сәйкес өзгешеленетін деректерді бердуің түрлі технологиялары (тәсілдері) бар. Ең танымалдары: Enthernet, ARCNET және IBM token ring.

Enthernet технологиясын  1973 жылы бір топ американ зерттеушілері  Ralo Alto зерттеу орталығында жасады. Enthernet желілері жұлдызша түрінде  де, шина түрінде де құрыла береді. Канал ретінде коаксиальды кабель қолданғанда, Enthernet желісі шина сияқты кескінделеді. Егер есулі қос өткзгіш қолданылған болса, Enthernet желісі жұлдызша түрінде кескінделеді.

Жергілікті есептеу  желілері біріңғай және иерархиялық болып бөлінеді.

Біріңғай желі – барлық компьютерлері тең құқылы және бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10-15-тен көп емес компьютерлер саны біріктіру үшін қолданылады. Біріңғай желілерде (жұлдызша топ, сақина, шина және token ring) сервер дегеніміз – ресурстары осы сәтте басқа компьютерлерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде клиент те бола алады, яғни өзі ресурстар беретін компьютердің ресурстарын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортаққа айналдырылуы компьютерді пайдаланушымен, операциялық жүйе құралдарымен жасалады. Қажет болған жағдайда ол өзін пайдаланушыға арналған парольді де белгілейді.

Біріңғай желілердегі  операциялық жүйелер ақпараттық ресурстардың оқылуын және редакциялануын, бөтен компьютерден программаларды қосуға мүмкінді беретін тікелей басқарудың құралдарын қамтамасыз етеді.

ОЖ Windows 95-те компьютерлік жүйеніің желілік мүмкіндіктерін пайдаланатын екі программа бар.

*MS Exchange программасы  – пошталық алмасу программасы, ол хабарлар мен файлдардың нақты пайдаланушыларға (жұмыс станцияларына) немесе топтың барлық пайдаланушыларына жіберілуін қамтамасыз етеді.

*Shedulе программасы  әркімнің өз жұмысының кестесін  жобалау және қажет болған жағдайда ол жөнінен желідегі жұмыс тобының басқа пайдаланушыларымен бір пікірге келу, келісу құралы (мысалы, ортақ жиналыстарды бірлесіп істейтін жұмыстардың жай-жапсарын пысықтау үшін).

Иерархиялық желілер. Иерархиялық жергілікті желілерде бір немесе бірнеше сервер болады. Иерархиялық желілердегі сервер – бөліктенетін ресурстардың тұрақты сақтау қоймасы. Сервердің өзі тек иерархияның одан жоғары деңгейдегі сервердің клиенті бола алады. Серверлер әдетте жоғары өнімді компьютерлерден, бәлкім, бірнеше параллельді жұмыс істейтін процессорлардан, үлкен сыйымдылықты винчестерлерден, жоғары жылдамдықты желілік картадан (100 Мбит/с және одан да көп) тұрады.

Серверде ақпаратты ұйымдастыру және сақтау амалын арнайы адам – желінің басқарушысы белгілейді. Бірнеше пайдаланатын ақпараттың сақталуы үшін жауапкершілік те соның мойнында.

Жергілікті иерархиялық желілерде мәліметтерді өңдеу екі объектінің: клиент пен сервер арасына бөлінген. Клиент, жоғарыда айтып өткеніміздей, жұмысшы станциясы, бұл сөздің мағынасына жұмысшы станциясын пайдаланушыны қосуға болады. Бірақ сонымен бірге жұмысшы станциясынан сервердің ресурстарына енуді жүзеге асыратын арнаулы компьютерлік программа да «клиент» д/а.

Мәліметтерді  өңдеу кезінде клиент қандай да бір күрделі н/е арнаулы процедураларды орындау үшін серверге сұрату дайындайды, мысалы, файлды санау, жазбаларды іздестіруді жүзеге асыру ж/е т.б. сервер өз кезегінде клиенттен түскен сұратуды өңдеп, оны орындайды да, қорынытдысын клиентке қайта жібереді. Әдетте сервер жалпы пайдаланудағы мәліметтерді сақтауға, оларға енуге ж/е мәліметтерді клиентке жолдауға жауап береді. Мәліметтерді алған клиент оларды өңдеп, өңдеудің нәтижесін пайдаланушыға ыңғайлы түрде ұсынады. Кейде мәліметтерді өңдеуді сондай-ақ сервер де орындайды.

Иерархиялық желілердің жұмысын басқаратын программалық қамтамасыз ету 2 бөліктен тұрады:

1. Серверде орнатылған  желілік операциялық жүйе;

Информация о работе Компьютерлік желілер