Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 21:07, реферат
Тақырыптың өзектілігі: Су жиналатын алаптарда және ландшафттарда техногенді жүктеменің әсеріне байланысты топырақтың, судың және өсімдіктің ластануы – планетаның көптеген аймақтарында соңғы жиырма шақты жылдың көлемінде үлкен проблемаға айналды. Ластайтын зат биосферада әр түрлі компонентте жиналып, жер бетіндегі және судың экожүйесінің тұрақтылығын төмендетеді, ауылшаруашылығы өнімдерінің сапасына және биоөнімділігіне, адамдардың денсаулығына және тұрмыс халіне үлкен әсер етеді.
Топырақ-экологиялық тексерулердің негізгі мақсаты табиғатты тиімді пайдаланудың территориальды схемасын жасаудан, қайта қалпына келтірудің моделін жобалаудан, ландшафттық ортаны қорғау және оңтайландырудан, ал солармен бірге – табиғатпен үндесу принципінің негізінде агроландшафттарды кешенді мелиорациялаудың экологиялық теңдігі режимдерінен тұрады. Соңғысына, елді мекенді биогеохимиялық орта, оларды нормалауға арналған іс-шаралар және тұтасымен экологиялық қауіпсіздігіне кепіл болу жайлы хабарлау қосылады.
Территорияның өнеркәсіптердің әсерінен ластануы негізінен атмосфера арқылы булардың топырақтың бетіне түсу жолымен, аэрозольдар, шаңдар, күйелер немесе еритін заттар жаңбырмен, қармен, құрғақ түсулермен болады.Ауаға ластаушылардың негізгі үлесі моржалар және вентиляциялық каналдар арқылы, сонымен қатар қайырма, террикондар және т.б. тарату жолмен, апат жағдайында болатын атмосфераға лақтырулар кезінде түседі. Олардың көпшілік бөлігі кәсіпорындарға жақын (1-2-5 шақырым) және басқада ластаушы көздердің маңайына түседі, ластаушылардың бірқатар бөлігі жергілікті жердің желінің бағытына сәйкес 10-50 шақырымға және оданда көбірек атмосфераға таралады, ал белгілі бір үлесі атмосфераның жоғарғы қабатына түседі және жүздеген және мыңдаған шақырымға таралады.
Сурет 1. Аймақтық
топырақ-экологиялық
концепциясы
Қызылорда облысындағы экожүйелерді ластаудың негізгі көзі облыстың көлемінде орналасқан кәсіпорындар. Техногенді ластаушылардың таралу географиясының сипаты ластанушылардың региональды геохимиялық деңгейдегі әсерін бағалауға мүмкіншілік береді. Антропогенді жүктемелердің түрлері бойынша әсерінің территорияда таралу схемасы 2-суретте келтірілген.
Сурет 2. Әсер ету түрлеріне байланысты антропогенді жүктемелердің территорияда таралу схемасы
Қызылорда облысының
өнеркәсіп кәсіпорындары
Сондықтан, Қызылорда
облысының
Кесте 1 - Жекелеген өндірістік кәсіпорындардың кешендерінің атмосфераны ластау сипаты
Кәсіпорындар |
Атмосферадағы лақтырылған ластаушы заттардың жиынтығы (тонна) | ||
2008 жыл |
2009 жыл |
2010 жыл | |
Жанармай-энергетикалық кешен | |||
Жаңақорған ауданы |
11801 |
13328 |
13761 |
Шиелі ауданы |
18634 |
15297 |
14021 |
Қызылорда қаласы |
7604 |
25128 |
55264 |
Сырдария ауданы |
8545 |
8700 |
1056 |
Жалағаш ауданы |
6303 |
4856 |
3534 |
Қармақшы ауданы |
7690 |
6974 |
7069 |
Қазалы ауданы |
17363 |
13492 |
5825 |
Арал ауданы |
10603 |
12002 |
28067 |
Байқоңыр қаласы |
5323 |
17590 |
38685 |
Мұнайхимиялық кешен | |||
Құмкөл |
3185 |
2734 |
2706 |
Қазгермұнай |
1713 |
1303 |
1672 |
Қуатамлон мұнай |
1870 |
2181 |
993 |
Торғай Петролиум |
1028 |
782 |
1003 |
СНПС «Ай-Дан Мұнай» |
856 |
652 |
836 |
Металлургиялық кешен | |||
«Шалқия» |
1074 |
1505 |
1351 |
«Шиелі атомпром» |
618 |
786 |
639 |
Барлығы |
104210 |
127310 |
176482 |
Диссертациядағы негізгі зерттеу жұмыстары 2008 жылдан бастап жүргізілді, бірақ Қызылорда облысының климаттық жағдайы 2001 жылдан бастап қарастырылған. Жаңбырдың және қардың үлгісін алу үшін, құрамында ауыр металдар жоқ ыдыстар мен инструменттер пайдаланылды, үлгілер алуға арналған орындар Аққұм, Қызылорда, Қазалы және Арал аудандарында орналасты. 2006, 2007, 2008, 2009 және 2010 жылдардың жаз айларында түскен жауын-шашындардың құрамдары талданды (кесте 2). Жазғы жауын-шашынның құрамында, қарға қарағанда, зерттелетін металдар едәуір көбірек. Мысалы, жазғы жауын-шашынмен бірге Zn-0,041 мг/л, Pb-0,012 мг/л, Cu-0,025 мг/л, Cd-0,0009 мг/л түсті, қарменен орташа мөлшерде, сұйық және қатты фракциялармен сәйкес 0,011, 0,006, 0,013, 0,0007. Жаңбырдың құрамындағы концентрациялардың тербелісі тұрақсыздау сипат алды. Жазғы жауын-шашынның құрамындағы қорғасын және кадмиймен жоғарғы ластануы 2009 жылы байқалды, ал 2008 жылы – мырыш пен мыс.
Металдардың түсу мөлшерінің едәуір тербелуі маусымдағы метеорологиялық жағдайға қалай байланысты болса, жер бетінің әр түрлі тегістігіне де солай әсері бар (баурай, орман-жолақтары). Жер бетіне шаң-тозаңдармен жоғарғы мөлшерде Zn, Pb және Cd түсуі байқалды, ал сұйық фракциялрмен Cu. Сонымен, үш жылдың көлеміндегі бақылаудың нәтижесінде қардың құрамындағы қатты фракциядағы, орташа есеппен алғанда: Zn-0,012 мг/л, Pb-0,007, Cu-0,003 және Cd-0,0006 мг/л. Бір литрдегі қардың сұйық фракциясында орташа алғанда: Zn-0,010 мг, Pb-0,004, Cu-0,002 және Cd-0,0007 мг табылды.
Кесте 2 - Қызылорда облысының агроландшафттарындағы атмосфералық жауын-шашынның құрамындағы металдар (мг/л)
Элементтер |
жаңбыр |
қатты |
сұйық |
Орташа | ||||||||||||||
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
НСР0,95 |
орташа |
2008 |
2009 |
2010 |
НСР0,95 |
орташа |
2008 |
2009 |
2010 |
НСР0,95 |
орташа | ||
Zn |
0,052 |
0,028 |
0,020 |
0,031 |
0,072 |
0,004 |
0,041 |
0,011 |
0,013 |
0,011 |
0,002 |
0,012 |
0,004 |
0,012 |
0,014 |
0,002 |
0,010 |
0,011 |
Pb |
0,007 |
0,016 |
0,007 |
0,018 |
0,012 |
0,001 |
0,012 |
0,007 |
0,009 |
0,006 |
0,001 |
0,007 |
0,001 |
0,004 |
0,006 |
0,002 |
0,004 |
0,006 |
Cu |
0,034 |
0,010 |
0,013 |
0,020 |
0,047 |
0,002 |
0,025 |
0,005 |
0,002 |
0,003 |
0,0005 |
0,003 |
0,002 |
0,002 |
0,002 |
0,0004 |
0,002 |
0,003 |
Cd |
0,0003 |
0,001 |
- |
0,0015 |
0,0007 |
0,0003 |
0,0009 |
- |
0,0004 |
0,0007 |
0,0002 |
0,0006 |
- |
0,0005 |
0,0008 |
0,0002 |
0,0007 |
0,0007 |
Кесте 3 - Қызылорда облысының агроландшафттарының территорияларына атмосфералық жауын-шашындармен түскен металдар (г/га жыл)
Жылдар |
Zn |
Pb |
Cu |
Cd |
2006 |
41,1 ± 2,2 |
21,8 ± 1,9 |
21,3 ± 1,7 |
- |
2007 |
291,1 ± 10,1 |
37,9 ± 2,6 |
189,8 ± 5,0 |
1,5 ± 0,3 |
2008 |
156,8 ± 7,2 |
89,6 ± 2,2 |
22,4 ± 2,1 |
5,6 ± 0,4 |
2009 |
114,6 ± 7,4 |
36,5 ± 4,0 |
73,6 ± 1,9 |
7,0 ± 0,4 |
2010 |
173,6 ± 5,6 |
99,1 ± 4,1 |
16,8 ± 2,0 |
8,4 ± 0,4 |
Орташа |
118,7 ± 6,5 |
56,9 ± 2,9 |
64,7 ± 2,5 |
4,5 ± 0,4 |
Атмосфера ағынындағы ауыр металдардың тығыздығын анықтау үшін агроландшафттарға атмосфералық жауын-шашындармен түскен химиялық элементтердің орташа жылдық есепті жүктемелерін анықтау жүргізілді. Қызылорда облысының әр бір гектар территориясына жылсайын орташа Zn-118,7 г, Pb-56,9 г, Cu-64,7 г және Cd-4,5 г түсетінін көрсетті. Мырыш пен мыс 2007 жылы өзінің жоғарғы шыңына жетті (жоғарғы жүктеме), қорғасын – 2010 жылы. Кадмийдың жоғарғы мөлшерде түсуі 2010 ж. – 8,4 г/га байқалды (кесте 3).
Қызылорда облысының егіншілігіндегі әр түрлі жүйелердегі тыңайтқышты салыстыру үшін ауылшаруашылығы өндірісінде 2006-2010 ж.ж. орындалды. Облыстың танаптарына едәуір көлемде минералды тыңайтқыштар берілді, көпшілік шаруашылықтарда кешенді агрохимиялық құнарландыру жүргізілді. Бір гектар суармалы жерге орташа есеппен (күріш дақылы) 152 кг азот, 22 кг суперфосфат, 0,86 кг хлорлы калий және 1,2 кг көң (кесте 4).
Кесте 4 - Тыңайтқышты және мелиоранттарды енгізу (Қызылорда облысының 100% қоректік заттарға есептегенде)
Зерттелген жылдар |
Минералды тыңайтқыштарды (кг/га) есептегенде: |
Көң (75% ылғалдылық , кг/га) | ||
Аммиак селитрасы |
Жай суперфосфат |
Хлорлы калий | ||
2006 |
210 |
44 |
0,11 |
0,5 |
2007 |
140 |
45 |
2,3 |
1,0 |
2008 |
110 |
10 |
0,58 |
1,3 |
2009 |
155 |
27 |
0,74 |
1,2 |
2010 |
143 |
26 |
0,59 |
2,0 |
Орташа |
152 |
22 |
0,86 |
1,2 |
Зерттеудің кезеңдерінде, егіншілікті қарқынды химиязациялау кезінде, негізгі қоректік элементтердің теңдігі (азот, фосфор, калий) дұрыс болды. Топыраққа олардың шоғырлануы жүрді, топырақтың құнарлығы артты. Минералды тыңайтқыштар – бұл негізгі қоректік элементтермен бірге ауыр металдардың тұздары органикалық қосылғыштар және басқа қоспалар түрінде қатынасады. Минералды түктерді алу үшін – фосфориттың, апатиттің шикі заты, калий тұзының шикі заты, едәуір көлемде қоспалардан тұрады. Сондықтан тыңайтқыштардың құрамындағы микроэлементтер, биомикроэлементтер, ауыр металдар өсімдіктер үшін теңестірілмеген қатынастарға жиірек түсуі мүмкін, бұл топырақтың құрамындағы элементтердің химиясына елеулі әсер етеді.
Сонымен қатар, бұл металдардың топырақтағы жылжымалылығының өзгеруінің нәтижесінде олардың қосымша түсуіне де байланысты. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін минералды тыңайтқыштардағы экологиялық улылығының концентрациясын жарнамалайтын техникалық шарттары мен ГОСТ жоқ.
Әр түрлі
уақыт кезеңінде облыста
Кесте 5 - Тыңайтқыштардағы металдардың құрамы
Элементтер |
Хлорлы калий |
Аммияк селитрасы |
Жай суперфосфат |
Көң |
Әк ұны |
Мырыш |
14,7 |
3,1 |
54,9 |
92,7 |
20,8 |
Мыс |
4,5 |
0,8 |
22,4 |
42,1 |
24,2 |
Қорғасын |
16,0 |
0,8 |
24,6 |
7,0 |
19,5 |
Кадмий |
4,2 |
2,9 |
1,51 |
2,0 |
1,4 |
Органикалық тыңайтқыштарда металдардың құрамы жануарларға күтім жасау технологиясына, экожүйенің жергілікті деңгейдегі ластану дәрежесіне малдың түрлеріне және басқа факторларға байланысты. Ірі қара малға берілетін азық рационының құрамындағы мүмкін болатын микроэлементтердің жоғарғы деңгейі: Zn – 500-1000 мг/кг, Cu – 80-100 мг/кг құрғақ азық. Осылардың барлығы азықпен бірге Қызылорда облысындағы органикалық тыңайтқыштың негізгі түрі болып көңге түседі.