Электрондық оқулықты құрастырудың әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 16:15, реферат

Описание работы

Жиырма бірінші ғасыр - ақпарат пен жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру саласының ақпараттық инфрақұрылымын міндетті түрде дамыту қажеттігі еліміздің ұзақ мерзімдік даму бағдарламасындағы басым мақсаттардың бірі ретінде айқындалады. Сол себепті ақпараттық технологиялардың тілін меңгерген ұрпақ үшін өздерінің жинақтаған білімдерін тәжірибеде қолданысқа енгізу парыз.

Работа содержит 1 файл

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.docx

— 31.67 Кб (Скачать)

 Электрондық оқулықтарды  пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

 Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

 Оқыту үрдісінде оқыту  әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.

 Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.

 Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.

 Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.

 Бұл технологияның  өзектілігі қоғамның ақпараттандыру  жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.

 Соңғы кезеңде қазіргі  заманғы педагогикалық ғылым  мен практика түбегейлі өзгерістерге  ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.

 

 

Әдебиеттер:

 

1.     Информатика  терминдерінің түсіндірме сөздігі.  Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтын академиясының Республикалық баспа кабинеті. – Алматы. - 2000.

 

2.            Кручинин В.В. Разработка компьютерных  учебных программ. – Томск: Изд-во  Том.гос.университета, 1998. – 211 с

 

3.            Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030.-Алматы: «Білім», 2001.- 93 б.


Информация о работе Электрондық оқулықты құрастырудың әдістемесі