Электрондық оқулықты құрастырудың әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 16:15, реферат

Описание работы

Жиырма бірінші ғасыр - ақпарат пен жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру саласының ақпараттық инфрақұрылымын міндетті түрде дамыту қажеттігі еліміздің ұзақ мерзімдік даму бағдарламасындағы басым мақсаттардың бірі ретінде айқындалады. Сол себепті ақпараттық технологиялардың тілін меңгерген ұрпақ үшін өздерінің жинақтаған білімдерін тәжірибеде қолданысқа енгізу парыз.

Работа содержит 1 файл

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.docx

— 31.67 Кб (Скачать)

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

 

 

 

Жиырма бірінші ғасыр - ақпарат пен жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан білім  беру саласының ақпараттық инфрақұрылымын міндетті түрде дамыту қажеттігі еліміздің ұзақ мерзімдік даму бағдарламасындағы басым мақсаттардың бірі ретінде айқындалады. Сол себепті ақпараттық технологиялардың тілін меңгерген ұрпақ үшін өздерінің жинақтаған білімдерін тәжірибеде қолданысқа енгізу парыз.

Қоғамды ақпараттандыру процессінде алдымен білім беру саласын ақпараттандыру көзделген. Білім беру саласын ақпараттандыру – білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу. Бұл шаралардың арқасында ақпаратты-оқу, экспериментті-зерттеушілік қызметтерін, ақпаратты өңдеу бойынша әртүрлі қызмет түрлерін жүзеге асыру, білімді табу іскерлігін қалыптастыру, оқушының  интеллектуалды потенциалын дамытуға бағытталған оқытудың әдістемелік жүйелерін құру.

Кейiнгi жылдары бiздiң көз алдымызда жана акпараттык технологиянын дамуы адамның бүкiл әлеуметтiк‚ мәдиниеттiк‚ ғылымдық және өндiрiстiк сфераларын қозғады. Бұл компьтерлiк революция әлi аяқталған жоқ және келесi кезеңге электрондық оқулықпен байланысты ендi. Әлi бес алты жылдан кейiн өзiнiң электрондық оқулығын құрмаған адам қалмайтын шығар.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – оқыту процесін ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшін жаңа буын оқулықтарын электрондық нүсқаға аудару қажет.

Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллекттік ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттерді қанағаттандыру жеткілікті: жинақтылық, жүйелілік, эстетикалық көркемділігі, жылдамдылығы және т.б.

Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негізделіп жасақталады және оны жүзеге асыру үшін қолданылады.

Осы уақытқа дейін бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеуші, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы бағдарламалар қолданылып келді. Бұл бағдарламалар оқушының  өздігінен оқып – үйренуіне және өзіндік жұмыс  жасау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Электрондық оқулық - оқушының интерактивтік режимде жұмыс істеуіне  есептелген, яғни әр түрлі функциональды перне меню көмегімен және көптерезелік интерфейсімен. Оқушы білім ақпаратымен өзіне сәйкес келетін түрмен, екпінмен  және тереңдік пен танысады.

Электрондық оқулық  ең бірінші дербес оқу қызметіне бағдарланған, оқушының сол немесе басқа пәндік әлеміне есептелген. Электрондық оқулық мына жағдайларда тиімді:  әдетте тез арада кері байланысты қамтамассыз етеді; керекті ақпаратты тез көмегін тигізеді;  гипермәтін мен сілтемелерді бірнеше рет қолдануға болады.

 

Эектрондық оқулықты құрастыру  үшін “Өңдеушілер”  мамандардың  үлкен коллективі қатысады:

 

1.   Әдіскерлер тобы мақсатын, мазмұнын және оқыту кезенің электрондық оқыту жүйесінің өңдірушісінің көмегімен анықтайды. Бұл топ оқыту материалын жасап,  жүйесіне ұсынады, бақылау сұрақтарымен тапсырмаларды өңдейді, білімін бақылау алгоритмін анықтайды. Бұл топтың құрамындағы осы пәнді оқыту саласына, жоғарғы педагогикалық тәжірбиеге ие, жоғары дәрежелі сарапшы мұғалімдер кіреді.

 

2.   Психологтар тобы денсаулықтың қалпын әртүрлі тестілермен, қабілеттілік және жетістік тестілерімен қамтамасыз етеді. Сонымен бірге бұл топ оқушымен оқыту жүйесінің арасындағы интерфейсті нәтижелі өңдеу мәселелерін шешеді.

 

3.   Бағдарламалаушылар  компьютерлік оқыту жүйесін тікелей іске асырады.

 

4.   Оқу материалын көркемдеп ұсыну компьютермен қамтамасыз етіледі. Соған орай келесі есептер шешіледі: мәтіндік оқыту ақпаратын тандау,  редакторлау және мәтінді форматтау. Графикалық формада өңдеу еңгізу және редакторлау илюстрациямен көрсетіледі. Компьютерлік анимацияны және визуалды эффектілерді жасау видеоклиптерді немесе видеофильмдерді жазу және редакторлау.

 

5.   Музыкалық топ  музыкамен сүйемелдеу, компьютерлік оқыту жүйесіне өңдеудің және әртүрлі дыбысты эффектілерді енгізуді қамтамасыз ету.

 

6.   Медициналық топ  компьютерлік оқыту жүйесінін оқушылардың денсаулығына әсер ететін параметрлерді анықтауды қамтамасыз ету.

 

7.   Экономикалық топ  экономикалық дәлділікті және компьютерлік оқыту жүйесін өндірудегі мақсатқа сәйкестілікті қамтамасыз ету. Кәсіпорынның қаржылық тірегіне байланысты берілген жобаны іске асыруды қамтамасыз етеді.

 

8.   Маркетинг және  жарнама тобы жарнамалық компанияның өңдеу стратегиясын, жарнама материялдарын өңдеу (роликтар, демонстрациялық версиялар, жарнамалық парақтар және хаттар т. с. с.) парақтық өтімін анықтау және өндіріліп жатқан жүйенің жобалау тиражына келісімін қамтамасыз етеді.

 

Қоғам сонымен қатар өндіріліп жатқан электрондық  оқыту жүйесіне бірқатар талаптар ұсынылады. Бұл алдымен пайдаланылған білімнің қауіпсіздік талабын сақтау. Яғни электрондық оқулық арқылы алынған білім адамдарымен табиғатқа зиян болмауы тиіс. Басқа маңызды талап  оқушының мәдени деңгейін жоғарлату, яғни, оқушы таза білімді нақтылы бір тақырыпқа ғана алмай сонымен бірге көрнекті өнеге алу және білімді пайдалану.

 

Талаптар айқындалған соң оларға талдау жасап және өңделіп жатқан оқыту жүйесінің еркшеліктерін жазу қажет. Мұнда біз ерекшеленген бейнеден компьютерлік оқыту жүйесін танимыз, сол бойынша жобасы жасалып жатқаны. Бұл бейнелеу табиғи табиғи тіл арқылы құрылуы мүмкін немесе кейбір немқұрайлы тіл пайдалануы мүмкін. Компьтерлік оқыту материалы жобалау кезеңі  алгоритмдерін және ақпараттық базасын өңдеудің  болжауын көрсету. Бұл кезеңде оқыту материалы дайындалады оның құрылымы анықталады: мәтін жазылады, илюстрациялар дайындалады, видеоматериалдар әзірленеді аудиоматериалдар таңдалады.

 

Ашық білім беру кеңістік идеясы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген: «Білім сапасын жетілдіру мақсатында аймақтық дәрежеде оқытуды қашықтықтан-виртуальды және жаңа білім технологияларын өңдеу, шығару және енгізу».

 

Сайып келгенде білімнің жаңа парадигмалары туралы сөз қозғалып отыр, білім беру орталығында үйренуші немесе білім алушы тұр. Электрондық оқулықтар арқылы оқыту мүмкіндігі оқушының алдында тұрған, таңдауы бойынша курс мазмұнының бақылауы, оқу стратегиясы және оқу ресурстарымен жабдықталған.

 

Сондықтан электрондық оқулықтың  негізі тек қана кітап емес, сонымен қатар оқыту материалдары, оқу-әдістемелік мазмұны да көптеген әсер береді. Бұлар оқып жатқан пәнге деген қызығушылық тудырып, зерттеу қызметін жетілдіре отырып, тұлғаның жеке-бағдарлық қасиетін ұйымдастыра білуі және оқушыны оқытушымен бірге істейтін жұмыстың іс-әрекетін белсенді жасай білуін талап етеді.  Бұл басылым электронды оқыту аясындағы білімді алу туралы мәселелерді көрсеткен. Бұл курстық жұмыс қажет және кімде-кім жаңа білім технологиясын енгізу туралы ойлары болатын болса, сол адамдарға жетістіктер әкеледі деген ойдамын.

Білім беруде ақпараттық технологияны қолдану

Опубликовал Ризагул Байганат в 19 Сентябрь 2011 – 09:53

Комментариев 2

 

БІЛІМ БЕРУДЕ

 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ  ПАЙДАЛАНУДЫ НАСИХАТТАУ.

 

Байғанат Ризагүл

 Астрахан ауданы, Жалтыр №2 орта мектебі,

 

Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.

 Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.

 ХХІ ғасыр – техниканың  озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.

 Компьютер оқушы үшін  қоршаған әлемді танудың табиғи  құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Жаратылыстану және математика пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану – оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады.

 Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.

 Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

 Ақпараттық қоғамның  негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

 Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.

 Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.

 Көп функционалды электрондық оқулықтар:

 • Оқушылардың өз  бетінше білім алу қызметің ұйымдастыруға;

 • Әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесіңде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;

 • Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипермәтіндік және гипермедия жүйелерін пайдалануға;

 • Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;

 • Оқытуды басқаруға,  оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін  бақылау процесін автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне қарай тапсырмалар беруге;

 • Оқушылардың өз  бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;

 • Қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 Әдістеменің ерекшеліктері:

 Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог “жүргізу” қаблеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.

 Компьютер оқыту процесінің  барлық этаптарында қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің, ұжымның қызметін, ойын ортасын.

 Мұғалім қызметінде  компьютер:

- оқыту ақпаратының көзі (мұғалімді және кітапты жартылай немесе толық алмастыра алады);

- көрнекі құрал (мультимедиа  және телекоммуникация мүмкіндіктерімен  сапалы жаңа деңгейде);

- дербес ақпараттық кеңістік;

- тренажер;

- диагностика және бақылау  құралдары.

 Электрондық оқулықты  пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.

Информация о работе Электрондық оқулықты құрастырудың әдістемесі