Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 11:50, доклад
Бүгінгі дәуірде ақпарат көп жағдайда қоғамда шешуші рөл атқарып, ақпараттар ресурсы мемлекеттің табиғи, еңбек, қаржы, энергетикалық ресурстары іспетті стратегиялық ресурстарымен бірдей маңызға ие болып отыр. Республикамыздағы ақпараттандыру (информатизация) саясаты - ХХ ғасырдың бас кезінде елімізде жүргізілген сауатсыздықты жоюға ұқсас халқымыздың ХХІ ғасырда әлемдік қауымдастық арасынан алатын орны тұрғысынан үлкен мәні бар мәселе.
Сонымен
республикамызда желілік-
Желілік-ақпараттар технологиясын дамытудағы әлемдік тәжірибеден көрінер ең басты мәселе мемлекет тарапынан белсенді басшылық жасаудың қажеттілігі. Ал мұндай мемлекеттік басқару жүйесі қазіргі кезде әлемнің дамыған және дамушы елдерінің қай-қайсысында болмасын бар. Бұның дәлелін шалғай шетелдер емес тіпті өзімізге көршілес ТМД елдерінің тәжірибесінен-ақ байқауға болады. Мәселен, Ресей Федерациясы үкімет құрамындағы ақпараттандыру комитетінің рөлін күшейту мақсатында 1996 жылы оны Ресей Федерациясының Президенті жанынан Ақпараттандыру саясаты жөніндегі комитет етіп қайта құрып, аталған құрылымға осы саладағы барлық ұйымдастыру мәселесін шешу жүктелді. Соның нәтижесінде аз уақыт ішінде барлық салалар мен аймақтарда ақпараттандыру туралы арнайы бағдарламалар қабылданып, ел ішінде біртұтас саясат жүргізілді. Негізгі ұйымдастырушылық шаралар жүзеге асқаннан кейін бұл комитет таратылып, оның міндетін әрі қарай жалғастыру Байланыс және ақпараттандыру министрлігіне жүктеліп, ағымдағы шаруаларды реттеу Ресей Қауіпсіздік кеңесіне, Федералдық үкіметтік байланыс және ақпарат агенттігіне және т.б. тапсырылды.
Украина ақпараттандыру мен ақпараттар технологиясы жөнінде арнайы Ұлттық агенттік құрып, күллі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды осы органға тапсырды.
Біздің елімізде қазіргі кезде ақпараттық технологияларды дамыту саясатымен Қазақстан Республикасы Көлікком министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті мен Ұлттық ақпараттар технологиясы жабық акционерлік қоғамы шұғылданып келеді. Алайда, бұл мекемелердің жаңа технологияларды ел өміріне енгізу жөніндегі жұмыстары қордаланған проблемалық мәселелерді шешуде жеткіліксіз болып жатқаны жасалған жұмыстар нәтижесін саралағанда айқын көрінеді.
ХХІ ғасыр ғылым мен ақпараттық технологиялар дәуірі бола отырып, халықаралық дәрежеде үлкен бәсекелестікке бастайтыны бүгінгі күннің өзінен-ақ білінуде. Әлемнің барлық мемлекеттері қазіргі кезде ақпараттық технологиялар әлеуетін барынша көтеріп бағуда. Біз өз отанымызда ақпараттар технологиясын қарқынды дамытып, халқымызды әлемнің ақпараттық кеңістігіне еркін еніп, бұл салада көшбастап келе жатқан елдермен қатарласуымыз үшін, осыдан жиырма жылдай бұрын Францияның бұрынғы президенті Жискар д‘Эстеннің: «Егер біздің елімізде күшті телекоммуникациялар желісі, өзінің кең ауқымды мәліметтер базасы болмайтын болса және халық ондағы ақпаратты энергия көздері мен егіндік жерден кем санамай, ең маңызды ресурстар ретінде қарап, сол ресурстардың дәмін сезіне алмайтын болса, онда біз өз бәсекелестеріміздің бәрінен де артта қаларымыз айғақ» - деп айтқанындай, бұл саладағы мемлекет саясатын күшейту күн тәртібіндегі кезек күттірмес мәселе. Бұл процесте еліміздің барлық мемлекеттік билік органдары мен ғылым, білім мекемелері және жекелеген азаматтарының аянбай атсалысуы ұрпағымыздың болашағы алдындағы парыз.