Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 11:50, доклад
Бүгінгі дәуірде ақпарат көп жағдайда қоғамда шешуші рөл атқарып, ақпараттар ресурсы мемлекеттің табиғи, еңбек, қаржы, энергетикалық ресурстары іспетті стратегиялық ресурстарымен бірдей маңызға ие болып отыр. Республикамыздағы ақпараттандыру (информатизация) саясаты - ХХ ғасырдың бас кезінде елімізде жүргізілген сауатсыздықты жоюға ұқсас халқымыздың ХХІ ғасырда әлемдік қауымдастық арасынан алатын орны тұрғысынан үлкен мәні бар мәселе.
ИНТЕРНЕТ
КӨШІНЕН КЕШ ҚАЛМАЙЫҚ
Бүгінгі
дәуірде ақпарат көп
жағдайда қоғамда шешуші
рөл атқарып, ақпараттар
ресурсы мемлекеттің
табиғи, еңбек, қаржы,
энергетикалық ресурстары
іспетті стратегиялық
ресурстарымен бірдей
маңызға ие болып отыр.
Республикамыздағы
ақпараттандыру (информатизация)
саясаты - ХХ ғасырдың
бас кезінде елімізде
жүргізілген сауатсыздықты
жоюға ұқсас халқымыздың
ХХІ ғасырда әлемдік
қауымдастық арасынан
алатын орны тұрғысынан
үлкен мәні бар мәселе.
Қазіргі кезде еліміздегі
азаматтардың ақпараттық
технологияларды игеруі
бір кездердегі ата-бабаларымыздың
әріп танып, кітап оқи
білуі мен жазуды игеріп,
өздерінің рухани мұрасын
ұрпағына жазбаша жеткізе
білген кезеңдерден
ешбір айырмашылығы
жоқ. Олай болса ақпараттандыру
мәселелеріндегі еліміздің
жетістіктері мен азматтарымыздың
ХХI ғасыр сынағына дайындығы
қандай ?...
БАЙГЕЛ ДОСЫБАЕВ
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
Аумақтық-
ұйымдастыру бөлімінің
бас сарапшысы
Тарихта адамзат өркениетін дамытуда бірнеше ақпараттық серпілістер болғаны мәлім. Олардың біріншісі – жазу арқылы ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа жетуі. Екінші серпіліс – баспалардың пайда болуы. Үшінші серпіліс – электрдің пайда болу нәтижесінде қалыптасқан телеграф, телефон, теледидар, радио секілді т.б. ақпарат тарату құралдарының адамзат өмірінен кеңінен орын алуымен ерекшеленеді. Ақпараттың даму эволюциясындағы бұл серпілістер күллі әлем халықтары іспетті қазақ халқы үшін өз мемлекетінде жоғары мәдениеті бар өркениетті қоғам құруына орасан зор ықпалы болды.
Ал ХХ ғасырдың соңғы ширегінен басталатын төртінші серпіліс – микро-процессорлы компьютерлік технологияның желілік технологиямен бірігуі нәтижесінде қалыптасып, желілік-ақпараттар (информационно – коммуникационные) технологиясы атанған жаңа ақпараттық серпіліс бүгінгі дәуір қоғамын ғажайып өзгерістерге бастар негізгі күшке айналып келеді.
Мәселенің төркіні өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жапон ғалымдары ұсынған «ақпараттық қоғам» туралы қазіргі заманғы озық идеядан бастау алды. Аталмыш идея адамзат өркениетінің, ғылымы мен білімінің кешенді де ауқымды өрлеуін, мемлекеттің қоғамдық – саяси құрылымын жетілдіру мен оның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі орасан зор әлеуетімен көптеген елдердің назарына ілікті. Бұл идеяның негізгі тұғыры болып табылатын желілік – ақпараттар технологиясы қоғам тұрмысындағы барша ресурстарды басқаруды ұйымдастыру мен азаматтардың рухани, мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуде құрлықаралық жүйе құрушы құрал ретінде бүкіл әлемде ерекше қарқынмен дамып келеді. Әлем социологтары бұл үрдісті адамзат қоғамы өзінің даму жолында «ақпараттық қоғам» деп аталатын жаңа сатыға қадам басуы деп бағалауда.
Күні бүгін АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Дания, Финляндия, Оңтүтік Корея, Сингапур, Малайзия, Марокко, Маврикия, Эстония секілді т.б. көптеген елдер ақпараттық қоғамның негізін қалауда көш басында келеді. Мәселен, АҚШ 1993 жылы ұлттық – ақпараттық инфрақұрылым қалыптастырудың жоспарын қабылдады, 1994 жылы шілдеде Еуропалық одақ комиссиясы «Ақпараттық қоғамға – Еуропалық жол» атты жоспарын бекітті, 1995 жылы Финляндия «Ақпараттық қоғамға – финдік жол» деп аталатын өз бағдарламасын әзірлесе, 1996 жылы ГФР «Ақпараттық қоғамға – германдық жол» атты бағдарламасын қабылдады. Осылайша өткен ғасырдың 90 жылдары шенінде мұндай бағдарламалар барлық дамыған елдер мен дамушы елдерде қабылданды. Бұл бастамаларды мұнан ары кең ауқымда жалғастыру мақсатында «Үлкен сегіздік» елдері 2000 жылы әлемдік ақпараттық қоғам орнатудың «Окинава хартиясын» бекітті.
Бағдарламалардың басты мақсаты Интернет арқылы компьютермен халыққа білім беруді, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыруды, электрондық құжатпен құрлықаралық масштабта ақпарат алмасып, қол қою, төлем жасау жүйесін қалыптастыруды, мемлекеттік басқару органдарының құжаттары мен кітапханалардың, ғылыми – зерттеу институттарының, оқу орындарының және басқа да санаткерлік орталықтардың сан түрлі ақпараттық ресурстарына қол жеткізу. Бұл идеялар жыл өткен сайын қазіргі әлем ағзасына тереңдей сіңіп, мемлекеттік билік құрылымдарының азаматтармен өзара қарым-қатынасын тиімді арттыруға бағытталған электрондық э – үкімет (e – government), кәсіпкерлікті дамытып экономика әлеуетін арттыруға негізделген э – бизнес (e – business), азаматтардың тұрмыстық тіршіліктеріне қатынасты э – азамат (е – citizen) іспетті т.б. нысандары жан –жақты дамып келеді.
Бүгінгі күні «ақпараттық қоғам» құру мәселесін әлемнің көптеген елдері мемлекеттік биліктің жүйе түзуші басты құралы санатында қарап, оған сәйкес арнайы стратегиялық саясат түзіп, олардың ауқымында орасан зор жұмыстар жүргізіп келеді. Бір ерекшелігі бұл процестерге ең жоғарғы дәрежедегі мемлекеттік деңгейде назар аударып, тиімді басшылық жасаған елдер қазірдің өзінде-ақ ел экономикасын дамытуда, әлеуметтік саладағы қайшылықтарды жоюда елеулі оң нәтижелерге қол жеткізді. Ал мұндай жетістіктерді тек дамыған елдер ғана емес, олармен қатар қаржылық, материалдық, ғылыми санаткерлік ресурстары мейлінше төмен, әрі өткір әлеуметтік – экономикалық проблемаларды бастан кешіріп отырған дамушы елдер де сезіне бастады. Мәселен, Еуропаның дамыған елдерін былай қоя тұрып, әлемнің үшінші елдері санатындағы Солтүтік Африканың Марокко елінде ақпараттық технологиялар алғашында білікті мамандардың Еуропға қоныс аударуын тоқтатып, ел экономикасын ырықтандырудың тетігі ретінде қарастырылған болатын. БҰҰ-ның тәуелсіз сарапшыларының келтірген деректері бойынша 1996 жылы бұл елде 20 интернет-провайдер, 50-ге жуық интернет – кафе, 10 мыңдай интернет тұтынушылары, 50 –ге тарта ақпарттық web - сайттар, 1,4 млн. тіркелген телефон желілері болды. Интернетке енудің орташа құны ол уақытта айына 50 АҚШ долларын құрайтын. Мемлекеттің жоғарғы дәрежелі саяси басшылығының қолдауымен 1998 жылы наурызда елді ақпараттық технологиялар негізінде дамытудың ұлттық жоспары бекітілді. Оның басты мақсаттары барлық сатыдағы билік құрылымдары қызметінің барынша ашық болуын қамтамасыз етуге, жаңа технологиялар негізінде мемлекеттік секторды басқарудың жаңа тәсілдері мен тетіктерін енгізуге, ел өнеркәсібінің өнімділігін арттыруға, кедейлікке қарсы күреске бағытталған Үкімет бағдарламасын жүзеге асыруда ауыл – қыстақтарда оқшауланған халықтың тұрмысын көтеру үшін жаңа технологиялар арқылы оларға нақты көмек көрсететін шараларды жүзеге асыруды белгіледі. Үкімет межеленген стратегиялық бағыттарды табанды жүзеге асырудың нәтижесінде 2000 жылдың ортасына қарай 28 млн. халқы бар Мароккода 300 интернет-провайдер, 500 интернет-кафе, 6 млн. тіркелген және 700 мың ұялы телефондар жұмыс істеді. Бұл кезең ішінде елдегі ақпараттық ресурстар қоғам өмірінің сан алуан салаларынан түрліше мағлұмат беретін мыңдаған web-сайттармен толықты. Ел ішінде сауда-саттық, инвестиция тарту, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығын көтеру сеікілді т.б. мәселелер бойынша ақпарат алмасу жақсы жолға қойылды. Сонымен қатар ең бір маңызды мәселе Интернетті пайдаланудың айлық құны елде 10 есеге (айына 6 долларға жуық) төмендеді. Осының нәтижесінде ақпараттық технологиялар мемлекеттің ашық саясатын жүргізудің негізгі құралына айналып, халық пен мемлекеттік билік арасындағы толық түсіністікпен кең ауқымда нығая бастады. Елдегі жастарға жаңа технологиялар саласында көптеп жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлік қарқынды дами түсті. Туризм саласы, Интернет - провайдерлері мен Интернет - кафе компанияларының дамуында елеулі нәтижелерге қол жетті. Ақпараттық технологиялардың елдегі халық шаруашылығының дамуына жасаған демеуі мен ықпалына толығымен баға беру алдағы уақыттың еншісінде болғанына қарамай, науқан басталғаннан бері бас-аяғы төрт жыл ішінде интернеттің Марокко қоғамында экономикалық тұрақтылық пен халықтың болашаққа сенімділігіне қосқан елулі үлесін ел азаматтары айқын сезінетіндігін айтады. Қазіргі кезде мемлекет тарапынан бұл бағытта қызу қолға алынған мәселелер – елді ақпараттандыруды жалғастыру, ақпараттық ресурстар аясын кеңейтіп, олардың тақырыптық мазмұнын, танымдық аясын толықтыру, ұлттық желі арналарын шалғай аудандардағы ауыл-ауылдарға жеткізіп, халықтың компьютерлік сауатын кеңінен ашу арқылы ауыл мен қала арасында барша мәселе бойынша ақпараттық теңсіздікті жою.
Жалпы ақпараттық қоғам құру тәжірибесінде жоғарыда аталған мемлекеттер тәжірибесіне ұқсас мысалдарды Африканың, Оңтүстік Америка мен Оңтүстік – Шығыс Азияның көптеген дамушы елдерінен кездестіруге болады.
Аталмыш салада бұрынғы КСРО республикаларының тәжірибесі де өзіндік зерделейтін мәселе. Басқа елдермен салыстырғанда Эстония, Литва, Латвия ақпараттық технологияларды кешенді дамытуға көп көңіл бөлуде. Бұл елдер аталған саланы кең ауқымда дамыту мақсатында өз елдерінде ұлттық бағдарламалар қабылдап, оның шеңберінде жалпы орта білім беретін мектептерден бастап мемлекеттік органдар мен түрліше қоғамдық ұйымдарды ақпараттандыруда. Барлық деңгейдегі басқару органдары Интернетте өздерінің ақпараттық сайттарын ашып, өз салалары бойынша халықты ұдайы хабардар етіп отырады. Ел ішінде «электрондық сауатсыздықты» жою жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілуде.
Ал Ресей Федерациясында ақпараттық техологиялар аса үлкен қарқынмен дамуда. Елде жүргізіліп жатқан ақпараттандыру саясатының аясында барлық салалар компьютерлендірілуде. Билік құрылымдарын демократияландыру мақсатында 1999 жылдан бастап интернетте Ресей билік органдарының ақпараттық порталында барлық мемлекеттік басқару органдары өздерінің ресми ақпараттық сайттарын ашты. Олардың жаңаланып отыруы, міндетті түрде берілуге тиісті ақпараттар тізбесін белгілеу, мазмұндылығын арттыру 2001 жылдың сәуірінде Президент пен Үкімет деңгейінде қаралып оны жетілдіру жөнінде нақты шаралар белгіленді. Ресей басшылығы барлық министрліктер мен ведомстволардың өз мекемелері мен аймақтарында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде халықты күн сайын Интернет арқылы хабардар етіп отыруды талап етуде.
Ақпараттық қоғам құру аясындағы іс – шараларды ұйымдастыру – реттеу жұмыстарын күшейту мақсатында көп шаруалар атқарылуда. Олардың қатарында «Ресей Федерациясының ақпараттық қауіпсіздік доктринасын», «Ақпараттық технологиялардың ақ кітабы» деп аталатын ауқымды тұжырымдамалық құжатты, сондай-ақ 2001жылдың шілде айында РФ Үкіметі бекіткен 2002-2010 жылдарға арналған «Электронды Ресей» федералдық бағдарламасын айтуға болады. Аталған құжаттар Ресейдің әлемдік ақпараттық кеңістікке еркін енуін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді кешенді түрде шешуге бағытталған.
Мұндай жұмыстар ТМД-ның Орта Азия мен Кавказдағы басқа республикаларында да жүргізіліп келеді.
Қазақстанда ақпараттандыру процесі 90 жылдардан басталды. Бұл кезең ішінде республикамызда компьютерлік техника саны артып, біршама мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, кәсіпорындар мен ғылым, білім мекемелерінде жұмыс процесі автоматтандырыла бастады. 1996 жылдан бастап елімізде интeрнет жүйесі жұмыс жасап, оны тұтынушылар саны Actis System Asia компаниясының деректері бойынша 2000 жылдың күзінде 360 мыңға жеткен. Интернет провайдерлері жалпы республика бойынша 60-тан астамға өсіп, ақпараттық сайттар саны 2500-ден астамға таянған және олардың тақырыпық аясы мемлекеттік басқару органдарының, отандық кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдар мен оқу орындарының ақпараттарымен толығуда.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз тарапынан елімізде ақпараттық қоғам орнату ісіне ерекше мән беріп қана қоймай, жекелеген аса маңызды мәселелерге тікелей атсалысып келеді. Оның басшылығымен республикамыздың жалпы білім беретін орта мектептері толық компьютерлендіріліп, Астана, Алматы қалаларында интернет орталықтары ашылды. Үндістанға барған соңғы сапарында ақпараттық технологияға қатысты бұл елдің жетістіктерімен жан-жақты таныса отырып, аталған елмен осы сала бойынша кеңінен тәжірибе алмасуды белгіледі.
Ақпараттық қоғам орнатуға байланысты тағы да бір аса маңызды үлкен мәселе ол ақпарат алмасу жүйесін жетілдіруде жалпы қашықтығы 27 мың шақырымға созылып, Германияның Майндағы Франкфурт қаласынан бастап Қытайдың Шанхай қаласына дейінгі аралықта 20 мемлекетті біріктіретін Трансазия – Еуропа оптикалық-талшықты әлемдік супержелісі негізінде еліміздің оңтүстігі мен батысындағы Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Атырау – Ресей бағытындағы ұлттық ақпарат алмасу магистралі құрылысының аяқталуы. Сонымен қатар осы іспетті жоғары жылдамдықты желілердің барлық облыстарды тоғыстыратын 10 мың шақырымдық ұлттық арна құрылысының жалғасып жатуы.
Республикамыздағы бұл жетістіктер ақпараттық технологиялардың дамуы барысындағы көңіл қуантарлық тұстары болса, мұнымен қатар шешуін күтіп тұрған бірқатар проблемалық мәселелер де бар.
Елімізде әлемдік ақпараттық кеңістікке ену процесі басқа дамушы елдермен салыстырып қарағанда көп кешеуілдеуде. Республикамызда желілік ақпараттар технологиясына негізделген біртұтас ақпараттық инфрақұрылым қалыптастыру мен оны дамытуға бағытталған мәселелерді шешу жыл өткен сайын қордаланып жинақталуы салдарынан қазіргі кезде әлемдік аренада үлкен сұранысқа ие болып отырған Интернет жүйесі ақпарат алмасу, әлемдік рынокқа шығу, инвестиция тарту, отандық экономиканың әлеуетін арттыру, кәсіпкерлікті, ғылым мен білімді, мәдениет саласын дамыту мен азаматтардың белсенділігін арттыруда өзіне тән қызметін толыққанды атқара алмай келеді. Интернет тұтынушыларының саны ел тұрғындарының шамалы бөлігін ғана құрайды. Азаматтарымыздың басым бөлігі, әсіресе ауыл тұрғындары тіпті Интернеттің, электрондық ақпарат алмасу құралдарының не екенін түсіне де бермейді. Халық арасындағы жаппай электрондық сауатсыздықты жоюда мардымды жұмыстар жоқ. Қалалар мен ауылдарда бұқара қауымның жұмыс жасауына мүмкіндіктер ашатын Интернетті пайдаланудың қоғамдық орталықтары жоқтың қасы. Елімізде Интернеттің баяу дамуы мен бұл саладағы бәсекелестіктің әлсіздігі провайдерлер қызметінің қымбаттығына себеп болып, халықтың басым бөлігі төлем қабілетінің төмендігінен өзінің рухани сұраныстарын қамтамасыз етуде Интернетті пайдаланудан тыс қалып отыр.
Күні бүгінге дейін ақпараттандыру мен желілік-ақпараттар технологиясына қатысты субъектілердің іс-шараларын құқықтық реттеуге байланысты елімізде бірде–бір заң жоқ. Әлемдік аренада мемлекетаралық банк төлемдері мен басқа да іскерлік мақсаттарда кеңінен қолданыла бастаған электрондық құжат, электрондық қол қою туралы заңдардың болмауы көп ұзамай-ақ республикамыздың саяси-экономикалық өмірінде орны білінері сөзсіз. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың халықты интернет арқылы хабардар етіп отыруын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық талаптар мен міндеттердің болмауы себебінен ақпараттық технологиялардың басару органдары мен басқа да мемлекеттік мекемелердің жұмысына ену барысы өте баяу. Республика деңгейіндегі орталық басқару органдарының ақпарттық сайттарының сапасы да сын көтере бермейді, олардың басым көпшілігі мемлекеттік тілде жұмыс істемейді. Ана тілімізде Интернет жүйесі арқылы төл әліпбиімізбен ақпарат алмасу проблемасы да әлі күнге дейін біржақты шешімін таппай келеді. Интернетте халқымыздың сауатын жетілдіріп отыратын қазақ тіліндегі ақпараттық сайттар тіпті жоқтың қасы. Жоғары білікті мамандар даярлау, компьютерлік техника жасау өнеркәсібін жолға қою, ана тіліміздегі компьютерлік бағдарламалар секілді проблемалар да мемлекет тарапынан арнайы қолдау күтеді. Жинақтай келгенде, бүгінгі күні еліміздегі ақпараттандыру саясатында мемлекет тарапынан жоғарыда аталған кемшіліктерді түзетуге бағытталған толыққанды үйлестіру жұмыстары бар деп айту қиын.
Елбасы 1997 жылы «Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық- кеңістік қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Тиісті құрылымдарға бағдарламалар әзірлеп, заң жобаларын дайындау тапсырылды. Үкімет Президенттің тапсырмаларын орындау үшін арнайы қаулы қабылдады. Аталған құжатта мәселенің мән-жайына сәйкес тұжырымдар терең сараланып жазылғанымен, онда белгіленген шаралар үш жыл бойы жүзеге асырусыз жатты. Үш жылдан кейін 2001 жылы наурызда «Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Елбасының жаңа Жарлығы шықты. Бұл құжатта межеленген міндеттерді шешу мақсатында Үкімет «Қазақстан Республикасының ұлтық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 2001-2003 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулы өзіндік маңызы тұрғысынан республикадағы ақпараттандыруға қатысты барлық субъектілерді қозғалысқа түсіруі тиіс еді. Өкінішке орай, мұнда бұған дейінгі бекітілген ақпараттандыру тұжырымдамасындағы да, мемлекеттік бағдарламадағы да көптеген маңызды мәселелер ескерусіз қалған.