Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 17:20, реферат
Бүгінгі күндерде AutoCAD 2002 – автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды. Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды біршама жеңілдетті.
КІРІСПЕ 3
1 AutoCAD-ң негізгі құралдары 5
1.1 Түзу сызықты кесінділер 5
1.2 Көмекші құрау сызықтары 7
1.3 Көріністерді басқару құралдары 8
1.4 Қолданушы координаттар жүйесі 9
2 AutoCAD-тағы редакциялау мүмкіндіктері 10
2.1 Редакциялау құралдары 10
2.2 Объектіні таңдау 10
2.3 Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы 11
2.4 Өлшемдерді түзету бұйрықтары 12
2.5 Объектілерді конструкциялау бұйрықтары 14
3 AutoCAD-та мәтінмен жұмыс 16
3.1 AutoCAD-та бір жолды қарапайым мәтін құру 16
3.2 Мәтінді редакциялау мүмкіндіктері 16
3.3 Мәтіндік стильдер 17
3.4 Көпжолды мәтін 17
4 Күрделі объектілерді құру 19
4.1 Поли сызық құру 19
4.2 Сплайндар 19
4.3 Штртихталған аймақтар 20
4.4 Мультисызықтар 20
4.5 Эскизді сызықтар құру 21
5 Формалармен жұмыс 22
5.1 Форма файлдарын құру 22
6 Үшөлшемді көрініс салудағы AutoCAD мүмкіндіктері 23
6.1 Проекциялаудың типтік бағыттары 23
6.2 Сызбаны бояу 23
6.3 3D-Orbit режимін қолдану 24
6.4 Үш өлшемдімодельдердің сызбаларын жинақтау 24
6.5 Типтік үшөлшемді объектілер құрылымы 25
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
Қолданушылар өз қалауларынша меншікті координат жүйесін құрып, сақтай да алады. Өз координат жүйесін құру үшін Tools менюындағы New UCS-ті таңдаңыз. Сонымен бірге өз қалауларыңызша ҚКЖ пиктограммасын да ауыстыра аламыз. Бұны ViewÞDisplayÞUCS бұйрықтарын таңдап, жүзеге асыра аласыз. Сонда UCS Icon сұхбатты терезесі ашылады (1.3-сурет).
1.3 – сурет – UCS Icon сұхбатты терезесі
Редакциялау - AutoCAD-та өте маңызды рөл атқарады. Редакциялаусыз ешбір сызба жұмысы жасала алмайды. Мысалға, сызылған объектіні қайта салудың орнына, көшіру.
Редакциялау бұйрықтарының көбісі Modify менюінде орналасқан. Ең маңызды редакциялау бұйрықтарына тоқталайық:
Erase (Өшіру): бұл процесс әрбір сызбада қолданылады. Erase бұйрығы өте қарапайым және оның параметрлері жоқ. Объектіні өшіру үшін объектіні таңдап, одан кейін объектіні көрсету қажет.
Move(Жылжыту): объектіні жылжыту үшін Move бұйрығын Modify панелінен таңдап, жылжуы тиіс объектіні көрсету керек. Кейін Specify base point or displacement: шақыруынан өзіңізге керекті әдісті таңдаңыз.
Сору (Көшіру): процесі жылжыту процесіне ұқсас, бірақ көшіруда объектінің бір не бірнеше пайда болады. Бірнеше көшірме құру үшін Сору бұйрығын Multiple параметрі пайда болады. Сору бұйрығы таңдалғаннан кейін мынадай шақыру пайда болады. Specify base point or displacement, or [Multiple]: бұл жерде өзіңізге керекті екі әдістің біреуін таңдаңыз.
Rotate(Бұрылу): AutoCAD объектілерін базалық нүте айналасында, берілген бұрышқа бұру мүмкіндігін қамтыған. Объектіні бұру үшін Rotate бұйрығын қолданамыз. Ол Modify панелінде орналасқан. Rotate бұйрығын таңдап, бұрылуы керек объектіні көрсету керек. Кейін бұйрықтық жолға бұрыш шамасын енгізіңіз.
Scale(Масштаб): бұл бұйрықпен біз жоғарыда танысқан едік. Modify панеліндегі Scale бұйрығын таңдағаннан кейін бұйрықтық жолға бірден үлкен шаманы енгізсек, онда сызба сол шамаға үлкейеді, бірден кіші шама енгізілген болса, онда сызба сол шамаға кішірейеді.
Объектіні таңдау жеңіл көрінгенімен өте жеңіл жұмыс емес. Оның да өзінің параметрлері бар. Бұл параметрлер өте керекті: саны 16. бұл параметрлердің аббревиатуралары бар. Select objects: шақыруына қажетті аббревиатураны енгзсеңіз болғаны. Солардың ең маңыздыларына қысқаша тоқталайық:
Window: бұл параметр диагоналінен
екі бұрышы көрсетілген
Last:
соңғы құрылған объектіні
Crossing: терезеге толығымен не бөліктеп кірген объектілердің бәрі таңдалады. Терезені ашу оңнан солға қарай бағытталған.
Box: бұл Window және Crossing параметрлерінің комбинациясы. Егер терезені оңнан солға белгілісеңіз, онда Crossing параметрін қолданудасыз, ал егер солдан оңға ашсаңыз Windows параметрін қолданасыз.
All: бәрін таңдайды.
Fence:
уақытша таңдау сынық сызығын
құруға мүмкіндік тудырады. Сызықты
қиған барлық объектілер
Wрolygon:
бұл параметр дұрыс көпбұрыш
құрады, және ішіне кірген
CРolygon: дұрыс көпбұрыш жасайды.
Ішіне толығымен және бөліктеп
кірген объектілерді таңдайды.
Group: аты бойынша объектілерді таңдайды.
Mirror(Айна): таңдалған объектінің айналық көрінісін жасау үшін қолданылады. Mirror бұйрығын қолдану үшін, оны Modify панелінен таңдау керек. Шыққан шақыруда, көрініс өсінің екі нүктесі сұралады. Өстің ұзындығы маңызды емес, маңаздысы өс бағыты.
Аrray (Массив): объект көшірмесінің тікбұрышты және шеңберлі массив құрайды. Тікбұрышты массив параметрімен жұмыс істеу үшін Modify панелінен Array батырмасын басып, бір немесе бірнеше объектіні көрсету керек. Сонда, Array терезесі ашылады. Бұл терезеде Rectangular array белгілеуін растап, өз еркіңізше жол мен баған саны арақашықтығын енгізуіңізге болады. Шеңберлі массивте объект көшірмелері центрі қолданушымен белгіленетін шеңбердің бойымен орналасады. Шеңберлі массив құру үшін келесі қимылдар орындалуы тиіс.
Қажетті массив элементінің санын енгізіп, бұрыштарын қалауыңызша таңдап алуыңызға болады.
1.4 – сурет – Array сұхбатты терезесі
Offset (Ұқсас объект құру): Бұл бұйрық арқылы күрделі сызықтардан жасалған объектілердің ұқсастарын құруға болады. Modify панелінде орналасқан, Offset бұйрығын таңдағаннан кейін AutoCAD Specify offset distance or through <Through>: (Арақашықтық шамасын белгіле немесе нүкте <Нүкте>:) шақыруы шығады
● Егер шақыруға арақашықтық енгізсек, онда AutoCAD Select objects to offset or <exit>: шақыруын шығарады. Бір объектіні таңдауға болады. Одан кейін Specify point on side to offset: шақыруына эквидистантаны өткізу керек объектінің жағынан нүкте керек. Кейін бұл шақыру шыға береді, <Enter> батырмасын басып бұл процестерді аяқтауға немесе жалғастыра беруге болады.
● Объектіге көрсетілген нүкте арқылы өтетін ұқсас объектілерді құру үшін “t” әрпін, кейін <Enter> батырмасын басу керек. Select object to offset or <exit >: шақыруына бір объект көрсету керек. Кейін Specify through point: шақыруы шығады. Бұған, трансформаланған көшірменің өтуі керек нүктені көрсету керек.
Align (Түзету): Тек бір операция арқылы бір және бірнеше объектіні жылжытуға немесе бұруға мүмкіндік тудыратын бұйрық. Бұл бұйрық 3-өлшемді объектілермен жұмыс кезінде өте маңызды. Объектіні түзету үшін Modify => 3D operations => Align бұйрықтарын кезептен шақыру керек. Одан кейін AutoCAD объектідегі шеткі нүктені көрсетуге шақырады және ол нүктеге орны сәйкес нүкте көрсетуі тиіс. Егер дене күрделі болса, онда бұл нүктелер саны бірнеше болады.
Trim (Кесу): Сызбаны сызғанда, басында сізге сәйкес объектілердің, керек емес сызықтары шығуы мүмкін. Бұл “өсімшелерді” Trim бұйрығы көмегімен кесуге болады. Объектіні кесу үшін Modify құралдар панелінде Trim бұрығын басу керек. Сонда мынадай шақырулар шығады:
Current settings: Projection = UCS Edge = None
Select cutting edges…
Select objects:
Бірінші қатар кесу процесінің жүйелік айнымалысын қамтиды. Еске түсіре кетерлік нәрсе! Ал 2-ші және 3-ші қатардағы шақыруға кесуші объектілерді таңдап көрсету керек. Кесуші объектілер мен кесілуші объектілердің қиылысуы міндет емес. Сол үшін объектілерді таңдағанда (кесуші/кесілуші) сіздің сызбаға сәйкес методты таңдау қажет:
● Егер кесуші мен кесілуші объект қиылысса, онда келесі Select object to trim or shift-select to extend or [Project/Edge/Undo]: шақыруына кесілуші объектілерді көрсету керек.
● Ал егер қиылыспайтын кесуші және кесілуші объектілермен жұмыс істеу керек болса, онда кесуші объектіні көрсеткеннен кейін шығатын Select object to trim or shift-select to extend or [Project/Edge/Undo]: шақыруына Edge немесе “e” параметрін таңдап алу қажет. Келесі Enter an implied edge extension mode [Extend/no extend]<No extend >: шақыруына, Extend (немесе “e”) параметрін таңдап алып, қайта шығатын Select object to trim or shift-select to extend or [Project/Edge/Undo]: шақыруына кесілуші объектілерді таңдау керек. Жұмысты бітіру үшін <Enter> басыңыз. Жүйе обектілерді кеседі.
Extend (Ұзарту): Бұл бұйрық, Trim бұйрығының қарама-қарсысы болып табылыады. Extend бұйрығы объектілерді, белгіленген объектілерге дейін ұзартады. Және де параметрлері бірдей. Тек қана кесілуші объектінің орнына ұзартушы объектіні көрсету керек болады.
Lengthen (Үлкейту): Бұл бұйрық объектілерді үлкейтумен қатар, кішірейте алады. Trim және Extend бұйрықтарын, егер кесуші және сәйкес ұзартушы объектілер болмаса, қолдана алмай қаламыз. Сол үшін Lengthen бұйрығы бізге аса қажетті.
Lengthen бұйрығын қолдану үшін Modify панелінен Lengthen батырмасын басу керек. Сонда шығатын Select an object or [Delta/Percent/Total/Dynamic]: шақыруына сізге керекті параметрді таңдау керек.
● Delta – ағындағы және жаңа ұзындық немесе бұрыш арасындағы өзгеріс болып есептеледі. Егер Delta параметрін таңдасаңыз, Enter delta length or [Angle]<0.0000>: шақыруына жауап ретінде, егер орталық бұрышты өзгерткіңіз келсе, онда контекстті менюден Angle бұйрығын таңдауыңыз керек. Кейін орталық бұрыш өзгеруі тиіс бұрыш шаманы еңгізіңіз. Ал егер сіз ұзындықты өзгерткіңіз келсе, онда объект ұзындығы өзгеруі тиіс шаманы еңгізіңіз.
● Percent – контекстті менюден Percent-ті таңдап, Enter percentage length <000.0000>: шақыруына объектінің өзгеру шамасын процентпен көрстеуіңіз керек болады.
● Total – Specify total length or [Angle] <1.0000>: шақыруы, Total параметрін таңдасаңыз шығады. Бұл жерде жоғарыда айтылып кеткендей не Angle параметрін таңдау, не объектінің жалпы ұзындығын енгізу керек.
● Dynamic – бұл параметр
белгіленген нүктеге соңғы
Stretch (Созу): Stretch бұйрығы Modify панелінде орналасқан. Объектіні созу үшін Stretch батырмасын басу керек. Егер объектілер бұйрықты шақыртудың алдында белгіленген болса, онда Stretching selected objects by last window... шақыру шығады да, табылған объектілердің саны көрсетіледі. Ал, егер белгіленбеген болса, онда жүйе мынадай шақыру шығарады: Select objects to stretch by crossing window or crossing polygon.... Ал кейін Select objects: шақыруы шығады. Бұл шақыруларға жауап ретінде терезе құрып, керек объектілерді таңдау қажет. Келесі Specify base point or displacement: шақыруына екі жауап варианты бар:
Break (Жару): Кейбір кездерде бірнеше түзуді сызғаннан гөрі бір түзу сызып оны бірнеше кесіндіге жарып тастау ыңғайлы болады. Ол үшін Modify панеліндегі Break бұйрығын таңдау керек. Таңдағаннан кейін Select object: шақыруы шығады. Ал жауап ретіңде объектіде жарылу нүктесінің біреуін көрсету керек. Specify second break point or [First point]: екінші шақыруға, екінші жарылу нүктесін көрсету керек. AutoCAD, екі нүкте арасындағы объект бөлігін өшіріп тастайды. Сонымен бірге, бұл бұйрық объектілерді қысқарту үшін де жарамды.
Chamfer (Фаска): Фаска орнату екі қадамнан тұрады. Біріншісі сізге керек фаска параметрлерін енгізу, екіншісі объектіні таңдау. Параметрлерді енгізу үшін Modify панелінен Chamfer бұйрығын таңдап, шыққан
(Trim mode)
Current chamfer Dist1=0.5000, Dist2=0.5000
Select
first line or [Polyline/Distance/Angle/Trim/
2-ші қатарда, соңғы рет Chamfer бұйрығын қолданғанда қалған параметрлер көрсетіледі.
● Екі катеті бойынша фаска құру үшін Distance параметрін таңдап, Specify first chamfer distance <0.5000>: шақыруына бірінші катет параметрін белгілеу керек, немесе соңғы параметрге риза болсаңыз <Enter> басыңыз. Сол жолмен 2-ші катетті де көрсету керек.
● Катет және бұрыш арқылы катет параметрін қолдану үшін Angle параметрін таңдау керек. Specify chamfer length or the first line <1.0000>: шақыруына объект жағының үстінде нүкте көрсету керек. Белгілегеннен кейін Specify chamfer angle from the first line <0>: шақыруына сол нүктеден фаска бұрышын енгізу керек.
Fillet (Түйіндесу): Бұл бұйрық, екі қиылысушы сызықтың арасында түйіндесетін доға жүргізеді. Бұл процесс те екі қадамнан тұрады. Алдымен түйіндесу параметрлерін енгізіп, кейін объектіні таңдау керек. Бұл екі жолды қарастырсақ:
Параметрлерді енгізу үшін Modify панелінен Fillet бұйрығын таңдау керек. Сол кезде Current settings: Mode=TRIM, Radius=05000
Select first object or [Polyline/Radius/Trim]:
шақыру шығады.
Бірінші қатарда түйіндесу
● Radius – бұл параметр, түйіндесу радиусын енгізу үшін арналған. Select second object: шақыруына, объектіні таңдау керек.
● Trim – AutoCAD автоматты түрде түйіндес кесінділерін жояды. Егер ол кесінділерді сақтау керек болса, Trim параметрін көрсетіп, оған No Trim шамасын беру керек.
● Polyline – полисызыққа түгелімен түйіндесу жүргізу үшін Polyline параметрін таңдаңыз.
AutoCAD-та, бұрыннан белгіленген шрифт пен шрифт биіктігі қабылдап, жол мәтінді құру оңай. Ол үшін Draw=>Text=>Single Line Text бұйрықтарын қолданыңыз. Сөйтіп DText бұйрығын активтендіресіз. Шығатын шақырулар мағынасы мынадай:
Current text style: “STANDARD” Text height: 0.2000 – ағындағы параметрлер көрсетіледі.
Specify start point of text or [Justify/Style]: – мәтіннің бастапқы нүктесін белгілеңіз
Specify height <0.2000>: – мәтін биіктігін енгізіңіз немесе ағындағы биіктік талабыңызға сай болса Enter басыңыз.