Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 17:20, реферат
Бүгінгі күндерде AutoCAD 2002 – автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды. Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды біршама жеңілдетті.
КІРІСПЕ 3
1 AutoCAD-ң негізгі құралдары 5
1.1 Түзу сызықты кесінділер 5
1.2 Көмекші құрау сызықтары 7
1.3 Көріністерді басқару құралдары 8
1.4 Қолданушы координаттар жүйесі 9
2 AutoCAD-тағы редакциялау мүмкіндіктері 10
2.1 Редакциялау құралдары 10
2.2 Объектіні таңдау 10
2.3 Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы 11
2.4 Өлшемдерді түзету бұйрықтары 12
2.5 Объектілерді конструкциялау бұйрықтары 14
3 AutoCAD-та мәтінмен жұмыс 16
3.1 AutoCAD-та бір жолды қарапайым мәтін құру 16
3.2 Мәтінді редакциялау мүмкіндіктері 16
3.3 Мәтіндік стильдер 17
3.4 Көпжолды мәтін 17
4 Күрделі объектілерді құру 19
4.1 Поли сызық құру 19
4.2 Сплайндар 19
4.3 Штртихталған аймақтар 20
4.4 Мультисызықтар 20
4.5 Эскизді сызықтар құру 21
5 Формалармен жұмыс 22
5.1 Форма файлдарын құру 22
6 Үшөлшемді көрініс салудағы AutoCAD мүмкіндіктері 23
6.1 Проекциялаудың типтік бағыттары 23
6.2 Сызбаны бояу 23
6.3 3D-Orbit режимін қолдану 24
6.4 Үш өлшемдімодельдердің сызбаларын жинақтау 24
6.5 Типтік үшөлшемді объектілер құрылымы 25
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
ЖОСПАР
Бүгінгі күндерде AutoCAD 2002
– автоматты проекциялау
1-сурет- AutoCAD-ң жұмыс үстелі
AutoCAD-ң бірінші версиясы
1982ж. Жарық көрді және ол DOS
жүйесінде жұмыс істеген
Жоғарыда айтылып өткендей, AutoCAD АПРЖ(САПР)-гі қолданымда ең көп болған программа, түрлі техникалық проекциялау облыстарында эффектілі түрде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар графикалық программалық жүйе. Латын емес тілдерді қолданғандар да бұл программаға тез арада үйрене алады. Сол себебті AutoCAD дүниежүзінде конкуренциядан тыс болып, ол дүниенің 150 мемлекетінде қолданылады және 2 миллионнан астам регистрацияланған қолданушыға ие.
AutoCAD 2002 түрлі техника облыстарында, ерекшеленген АПРЖ-де қолданылады:
AutoCAD жеңіл көрінуі мүмкін, бірақ бұл программаның да қиын жерлері бар. AutoCAD өте үлкен программа болғандықтан, оны 20-30 бетте толығымен ашу мүмкін емес. Бұл программаға жүздеген, мыңдаған бетті кітаптар шығарылып жатыр. Сондықтан AutoCAD-ң ең маңызды жерлерін зерттейік.
Line(Кесінді): Ең көп орындалатын бұйрық. Ол Draw құралдар панелінде орналасқан. Бұл бұйрық қалағаныңызша рет қайталана беруге жататын бұйрықтар тобына жатады. Сопдықтан, әрбір кезекті басты нүктені енгізгеннен кейін, AutoCAD жаңа бас нүктені енгізуге шақыруды қайталап тұрады.
Жаңа версияда AutoCAD-ң мінезі мүлдем өзгерген жоқ. Жағдайға қарай шақыру мәтінінің варианты таңдалады:
Егер Line бұйрығының алдында басқа сызу бұйрығы орындалған болса, онда Line бұйрығын таңдағаннан кейінгі Specify next point: шақыруына Enter бассаңыз, жаңа кесінді алдында таңдалған графикалық элементтің біткен нүктесінен бастайды.
Rectang(Тіктөртбұрыш): AutoCAD-та төртбұрыш сызу үшін Rectang деген арнайы бұйрық бар. Ол Draw панелінде орналасқан. Төртбұрыш, екі қарама-қарсы шыңын белгілеу арқылы сызылады.
Бұл бұйрықты таңдағаннан кейін AutoCAD екі шың жөнінде сұрақ шығарады. Шыңдарды белгілеу үшін , егер сіз тіктөртбұрыштың ені 6 см., ұзындығы 3 см. Болу керек екенін білсеңіз, екінші шыңның салыстырмалы координаттарды енгізуге болады:-@6,3. Бір кезде тіктөртбұрыштың белгіленген шамалары, келесі тіктөртбұрыштарға меншіктеледі.
Rectang бұйрығы бірнеше параметрге ие. Қосымша редакциялау операцияларын қолданбай, фаскалы не дөңгелек бұрышты тіктөртбұрыш жасауға болады. Elevation және Thikness параметрлерін қолданып, Rectang бұрығы көмегімен тіктөртбұрыш табанды параллелепипед жасауға болады.
Rectang бұйрығы полисызық
құрады. Яғни Rectang, келешекте бір
объект негізінде қолдануға
Polygon(Көпбұрыш): Бұл бұйрық Draw құралдар панелінде орналасқан. Polygon бұйрығы арқылы дұрыс көпбұрыш құрылады, яғни бекітулі пішінді және ұзындығы бірдей қабырғалы болады. AutoCAD-та көпбұрыштың қабырға саны 3 – 1024 арасында болуы мүмкін.
Polygon бұйрығын таңдағаннан кейін қабырға саны берілуі
керек, одан кейін келесі белгіленуі керек үш метод таңдалуы керек:
Polygon бұйрығы да, соңында бір объект деп қабылданатын сынықтар сызады.
Circle (Шеңбер): Бұл бұырықты Draw панелінен таңдай аласыз. Таңдауға жауап ретінде AutoCAD параметрлер тізімін шығарады:
Тағы да Donut(Жүзік) бұйрығы бар. Ол бұйрық ортасы бір, бірақ диаметрлері түрлі шеңберлер сызады.
Arc(Доға): Бұл параметрді қолдану үшін Draw құралдар панеліндегі Arc батырмасын басыңыз. Одан кейін шығатын шақыруларға, сізге сәйкес жауап қайтару арқылы, қалаған доғаңыз пайда болады.
Start point Direction(бағыт)
ARC Center point(орталық нүкте)
Center(орта) Start(Басы) Length of chord(хорда ұз-ғы)
Ellipse(Эллипс): AutoCAD-та эллипстың сызылуы Ellipse бұйрығымен жүзеге асырылады. Ол бұйрық Draw панелінде орналасқан. Сұхбат процесінде AutoCAD-ң сұрайтын ақпараттан басқа, эллипстың белгіленетін өс бағытын білу қажет. Эллипс өстері координаттар өсіне параллель бола бермейді. Бұл бұрыш, сіздің екінші белгіленген өс нүктесімен белгіленеді. Ал екінші өстің бағыты болса, әрқашан бірінші өске перпендикуляр.
Ellipse arc(Эллиптикалық доға): Бұл Draw панеліндегі жаңа бұйрық. Бұл бұйрықты таңдағанда Arc параметрлі Ellipse бұйрығы орындалады.
Point(Нүкте): Бұл өте қарапайым, бірақ кең қолданымда болған параметр. Ол Draw панелінде. Таңдалғанынан кейін мынадай ақпарат шығады:
Current point modes: PDMODE=34 PDSIZE=0.0000
Specify point:
Мұндағы PDMODE – нүкте салынуының стилінің кодын анықтайды
PDSIZE – нүкте шамасын белгілейді. Бұл айнымалыларды FormatÞPoint Style менюінде (1.2-сурет) өзгертуге болады. Ал келесі шақыруларға кез-келген методбен нүкте белгілеу керек.
Кей уақыттарда сызбаларда көмекші сызықтардысалуға тура келеді. Олар бөлшектің пішін сызықтарын салу үшін база ретінде болады. Көмекші сызықтар салу үшін Line бұйрығын да қолдануға болады. Бірақ AutoCAD-та ол үшін басқа XLine қарапайымы қолданылады.
XLine: Line бұйрығынан айырмашылығы, ол соңсыз болады. XLine Draw құралдар панелінде орналасқан.
Бұл бұйрықты таңдағаннан кейін AutoCAD бұйрықтық жолға шақыру шығарады: Specify a point or [Hor/Ver/Ang/Bisect/Offset]:. Шақыру парметрлерінің мағыналары мынадай:
Ray(Сәуле): XLine-н айыриашылығы, ол бір жағынан шектеулі. Ол да Draw панелінде орналасқан.
Таңдағаннан кейінгі Specify start point: шақыруына сәуленің бастапқы енгізу керек. Тура солай Specify through point: шақыруына жауап қайтару керек. Enter батырмасына басып, бұйрықтың орындалуын тоқтатасыз.
Zoom (Көрсет): бұл бұйрық сызба масштабтарын басқаруға арналған. Zoom бұйрығының параметрлері көп. Әрқайсысына тоқтала кетейік:
Window(Терезе): бұл параметрде тіктөртбұрышты терезе белгілеу керек. Бұл терезе, сызба бөлігінің жаңа шегі ретінде жұмыс істейді.
Dynamic (Динамика): бұл параметр бір мезетте масштабтау және “панорамалау” мүмкіндіктерін туғызады:
Scale(Масштаб): таңдалғаннан кейін егер кез-келген сан енгізсек, онда жүйе бұл санды сызба лимитіне байланысты керекті масштаб ретінде санайды. Егер саннан кейін “x” әрпін жазсақ, онда жүйе енгізілген шаманы осы кезге дейін шығарылған көрініске басты масштабы ретінде қарастырады. Ал егер саннан кейін “xp” суффиксін енгізсек, онда жүйе бұл шаманы парақ кеңістігіндегі бірліктерге байланысты берілген масштаб ретінде қабылдайды. 1-ден кіші шама көріністі кішірейтеді, 1-ден үлкен шама үлкейтеді.
Center(Орта): бұл параметр
экран үстіне шығарылатын
In(Үлкейту): бұл параметр Scale параметрін 2х шамасымен қайталайды.
Out(Кішірейту): бұл параметр Scale параметрін 5х шамасымен қайталайды. All(Бәрі): бұл параметр экранның графикалық зонасы мен сызба лимитінің шекаралары бірдей болатындай масштабтайды.
Extents (Шекаралар): бұл параметр сызбадағы барлық графикалық элементтерін, экранның графикалық зонасына түсетіндей етіп масштабтайды. Previous(Алдыңғысы): бұл параметр алдыңғы масштаб параметрін қалпына келтіреді.
AutoCAD-ғы геометриялық объектілер глобальді тікбұрышты абсолют координат жүйесіне байлайды. AutoCAD-та ол “дүниежүзілік координат жүйесі” деп аталады. Графикалық зонаға байланысты өс бағыты жаңа емес: х өсі горизонталь және оңға бағыттралған, у өсі тік жоғары бағытталған.