Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 11:44, дипломная работа
AutoCAD бағдарламасы – сызбалармен жұмыс істеуге арналған программа. Бұл программаның бірнеше нұсқалары бар. Алайда, олардың бір – бірінен айырмашылығы аса үлкен емес.
AutoCAD бағдарламасын пайдаланатындар көбіне сәулетшілер, техникалармен жұмыс жасайтын, бірақ программалаумен айналыспайтын адамдар. Мұндай қолданушыларды бұл программаның оқып үйрену жеңілдігі көптеген мәселелерді өздері программаламай – ақ шешу мүмкіндігін, сондай-ақ AutoCAD бағдарламасындағы қажетті объектілердің мүмкіндік жасайтын құралдары бар болғандығы қызықтырады. AutoCAD бағдарламасының бір артықшылығы, осы бағдарламаны пайдалана отырып көптеген жұмыстарды атқаруға болады.
КІРІСПЕ..........................................................................................................
1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 AutoCAD-тың негізгі құралдары….........................................................
1.2 AutoCAD-тағы редакциялау мүмкіндіктері............................................
1.3 AutoCAD-та мәтінмен жұмыс..................................................................
1.4 Күрделі объектілерді құру........................................................................
1.5 Формалармен жұмыс................................................................................
1.6 Үшөлшемді көрініс салудағы AutoCAD мүмкіндіктері........................
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Теориялық бөлім: кәсіпкерлік, салық түрлері........................................
2.2 Менеджмент және маркетинг...................................................................
3. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ
3.1 Еңбек қорғаудағы негізгі түсінік.............................................................
3.2 Өндірістік қауіпті факторлар және техника қауіпсіздігі бойынша шаралар.............................................................................................................
3.3 ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары..........................
4. ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................
5. ГРАФИКАЛЫҚ БӨЛІМ..........................................................................
6. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................
7. ҚОСЫМША...............................................................................................
Sketch бұйрығының көмегімен эскизді сызықтарды еркінше салуға болады. Бұйрықты жүктеу үшін бұйрықтық жолға “sketch”-ті енгізіңіз. Онда: Record increment<0.1000>: Sketch. Pen exit Quit Record Erase Connect шақыруы шығады. Бұл жерде қадам шамасы енгізілуі тиіс. Эскиз салу үшін “р” әрпін енгізіп, эскиз траекториясының бастапқы нүктесін белгілеп(<Pen down> шақыруы шығады), керекті траекториямен тышқанды қозғалтумен сыза аласыз. Бітіргеннен кейін тышқанның сол батырмасына басыңыз. Бірақ эскиз түсі жасыл болады, өйткені ол әлі тұрақтанған жоқ. Тұрақтандыру үшін “r” әрпі енгізіліп, <Enter> басылуы керек. Sketch бұйрығымен жұмыс режимін аяқтау үшін “х” әрпі, кейін <Enter> басыңыз.
Егер сізге қарапайым бір объектіні бірнеше рет керек болса, онда ең жақсысы – форманы қолдану.
Форма файлдарын құру
Форма файлдарына формалармен қатар шрифттер де сақталуы мүмкін. Оны мәтіндік редакторде құрады да .shp кеңейтілумен сақтау керек. Кейін Compile бұйрығы көмегімен Select Shape or Font File терезесі ашылады. Оның ішінен .shp кеңейтулі файл таңдап, Open батырмасына басу керек. Форма файлын компиляциялап сіз оны біріншіден Load бұйрығы арқылы жүктеп, одан барып оны сызбаға орналастыруыңыз керек. AutoCAD Select shape file терезесін ашады. .shx кеңейтілулі файл таңдап Open батырмасын басыңыз. Ал форманы сызбаға енгізу үшін Shape бұйрығын келесі түрде қолданыңыз: