AutoCAD бағдарламасы. Және оның мүмкіншіліктерін пайдалана отырып жұлдызша топологиясын жобалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 11:44, дипломная работа

Описание работы

AutoCAD бағдарламасы – сызбалармен жұмыс істеуге арналған программа. Бұл программаның бірнеше нұсқалары бар. Алайда, олардың бір – бірінен айырмашылығы аса үлкен емес.
AutoCAD бағдарламасын пайдаланатындар көбіне сәулетшілер, техникалармен жұмыс жасайтын, бірақ программалаумен айналыспайтын адамдар. Мұндай қолданушыларды бұл программаның оқып үйрену жеңілдігі көптеген мәселелерді өздері программаламай – ақ шешу мүмкіндігін, сондай-ақ AutoCAD бағдарламасындағы қажетті объектілердің мүмкіндік жасайтын құралдары бар болғандығы қызықтырады. AutoCAD бағдарламасының бір артықшылығы, осы бағдарламаны пайдалана отырып көптеген жұмыстарды атқаруға болады.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................
1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 AutoCAD-тың негізгі құралдары….........................................................
1.2 AutoCAD-тағы редакциялау мүмкіндіктері............................................
1.3 AutoCAD-та мәтінмен жұмыс..................................................................
1.4 Күрделі объектілерді құру........................................................................
1.5 Формалармен жұмыс................................................................................
1.6 Үшөлшемді көрініс салудағы AutoCAD мүмкіндіктері........................

2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Теориялық бөлім: кәсіпкерлік, салық түрлері........................................
2.2 Менеджмент және маркетинг...................................................................

3. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ
3.1 Еңбек қорғаудағы негізгі түсінік.............................................................
3.2 Өндірістік қауіпті факторлар және техника қауіпсіздігі бойынша шаралар.............................................................................................................
3.3 ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары..........................

4. ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................

5. ГРАФИКАЛЫҚ БӨЛІМ..........................................................................

6. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................

7. ҚОСЫМША...............................................................................................

Работа содержит 1 файл

Диплом.doc

— 519.50 Кб (Скачать)

Көмекші құрау сызықтары

Кей уақыттарда сызбаларда көмекші сызықтардысалуға тура келеді. Олар бөлшектің пішін сызықтарын салу үшін база ретінде болады. Көмекші сызықтар салу үшін Line бұйрығын да қолдануға болады. Бірақ AutoCAD-та ол үшін басқа XLine қарапайымы қолданылады.

XLine: Line бұйрығынан айырмашылығы, ол соңсыз болады. XLine Draw құралдар панелінде орналасқан.

Бұл бұйрықты таңдағаннан  кейін AutoCAD бұйрықтық жолға шақыру шығарады: Specify a point or [Hor/Ver/Ang/Bisect/Offset]:. Шақыру парметрлерінің мағыналары мынадай:

  • Hor: горизонталь көмекші сызық жасау үшін пайдаланылады. Бұл параметрді қолдану үшін бұйрықтық жолға “һ” әрпін енгізіп, Specify through point: шақыруына көмекші сызықтың өтуі керек нүктені енгізу керек.
  • Ver: вертикаль көмекші сызыққұрау үшін пайдаланылады. Қолдану үшін “v” әрпін енгізіп Specify through point: шақыруына көмекші сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек.
  • Ang: бұл параметрді қолдану үшін “а” әрпін енгізу керек. Содан кейін AutoCAD Reference/<Enter angle(0)>: шақыруын шығарады. Егер бір сан енгізсек, онда AutoCAD бұл санды бұрыштық параметр ретінде қабылдап, сызықтың өтуі керек нүктені сұрайды. Егер бас сұраққа “r” әрпін енгізсек, бұрыш санауы басталатын сызықты көрсету керек болады. Кейін, бұрыш шамасын және сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек.
  • Bisect: бұл параметр оныңшыңдары мен бұрыш жақтарында орналасқан екі нүкте арқылы бұрыш биссектрисасын құруға болады. Бұл параметрді қолдану үшін бұйрықтық жолға “b” әрпін енгізіп, Angle vertex point: шақыруына, құрылып жатқан сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек. Angle start point: шақыруына алдыңғы нүктемен сәуле құрайтын нүкте белгілеу керек, ал Angle and point: шақыруына екінші сәулені анықтайтын нүктені беру керек.
  • Offset: бұл параметрдің көмегімен әрбір көрсетілген кесіндісіне және сызбаның түзу сызықты элементіне параллель түзу жүргізуге болады. Бұл параметрді қолдану үшін “о” әрпін жазып, екі тәсілмен түзу орнатуға болады:
    1. Базалық түзуден белгілі қашықтықта орналастыру. Ол үшін “o” әрпін енгізгеннен кейін арақашықтық шамасын енгізу керек. Side  to offset? сұрағына жаңа түзу базалық түзудің қай жағында орналасу керегін тышқанмен көрсету керек.
    2. “о” әрпін енгізгеннен кейінгі  Specify through point: сұрағына жаңа түзудің өтуі керек нүктені көрсету керек.

Ray(Сәуле): XLine-н айыриашылығы, ол бір жағынан шектеулі. Ол да Draw панелінде орналасқан.

Таңдағаннан кейінгі Specify start point: шақыруына сәуленің бастапқы енгізу керек. Тура солай Specify through point: шақыруына жауап қайтару керек. Enter батырмасына басып, бұйрықтың орындалуын тоқтатасыз.

Көріністерді басқару  құралдары

   Zoom (Көрсет): бұл бұйрық сызба масштабтарын басқаруға арналған. Zoom бұйрығының параметрлері көп. Әрқайсысына тоқтала кетейік:  

Window(Терезе): бұл  параметрде тіктөртбұрышты терезе  белгілеу керек. Бұл терезе, сызба  бөлігінің жаңа шегі ретінде  жұмыс істейді. 

Dynamic (Динамика): бұл параметр бір мезетте масштабтау және “панорамалау” мүмкіндіктерін туғызады:

  • Панорамалау режимі: “крестикті” терезе құрады. Ол сызбада еркін қимылдай алады. Осылайша кез-келген аймақпен жұмыс істеуге болады.
  • Масштабтау режимі: терезенің оң жағында “стрелканың” көрінісі пайда болады. Терезенің сол жағында бұрықты таңдағандағы курсордың болған жерінде қалады. Осылайша терезені кішірейтіп-үлкейтуге болады. Масштаб өзгереді.

     Scale(Масштаб): таңдалғаннан кейін егер кез-келген  сан енгізсек, онда жүйе бұл санды сызба лимитіне байланысты керекті масштаб ретінде санайды. Егер саннан кейін “x” әрпін жазсақ, онда жүйе енгізілген шаманы осы кезге дейін шығарылған көрініске басты масштабы ретінде қарастырады. Ал егер саннан кейін “xp” суффиксін енгізсек, онда жүйе бұл шаманы парақ кеңістігіндегі бірліктерге байланысты берілген масштаб ретінде қабылдайды. 1-ден кіші шама көріністі кішірейтеді, 1-ден үлкен шама үлкейтеді.

Center(Орта): бұл  параметр экран үстіне шығарылатын  сызба аймағы ортасының жаңа жағдайын енгізу мүмкіншілігін туғызады.

In(Үлкейту): бұл  параметр Scale параметрін 2х шамасымен  қайталайды.

Out(Кішірейту): бұл  параметр Scale параметрін 5х шамасымен  қайталайды. All(Бәрі): бұл параметр  экранның графикалық зонасы мен  сызба лимитінің шекаралары бірдей болатындай масштабтайды.

Extents (Шекаралар): бұл параметр сызбадағы барлық  графикалық элементтерін, экранның  графикалық зонасына түсетіндей  етіп масштабтайды.  Previous(Алдыңғысы): бұл параметр алдыңғы масштаб  параметрін қалпына келтіреді.

 Қолданушы координаттар  жүйесі

AutoCAD-ғы геометриялық  объектілер глобальді тікбұрышты  абсолют координат жүйесіне байлайды. AutoCAD-та ол “дүниежүзілік координат жүйесі” деп аталады. Графикалық зонаға байланысты өс бағыты жаңа емес: х өсі горизонталь және оңға бағыттралған, у өсі тік жоғары бағытталған.

Қолданушылар өз қалауларынша меншікті координат жүйесін құрып, сақтай да алады. Өз координат жүйесін  құру үшін Tools менюындағы New UCS-ті таңдаңыз. Сонымен бірге өз қалауларыңызша ҚКЖ пиктограммасын да ауыстыра аламыз. Бұны ViewÞDisplayÞUCS бұйрықтарын таңдап, жүзеге асыра аласыз.

1.2 AutoCAD-тағы редакциялау мүмкіндіктері

Редакциялау құралдары

Редакциялау -  AutoCAD-та өте маңызды рөл атқарады.     Редакциялаусыз ешбір сызба жұмысы жасала алмайды. Мысалға, сызылған объектіні қайта салудың орнына, көшіру.Редакциялау бұйрықтарының көбісі Modify менюінде орналасқан. Ең маңызды редакциялау бұйрықтарына тоқталайық:

Erase (Өшіру): бұл процесс әрбір сызбада қолданылады. Erase бұйрығы өте қарапайым және оның параметрлері жоқ. Объектіні өшіру үшін объектіні таңдап, одан кейін объектіні көрсету қажет.

Move(Жылжыту): объектіні жылжыту үшін Move бұйрығын Modify панелінен таңдап, жылжуы тиіс объектіні көрсету керек. Кейін Specify base point or displacement: шақыруынан өзіңізге керекті әдісті таңдаңыз.

Сору (Көшіру): процесі жылжыту процесіне ұқсас, бірақ көшіруда объектінің бір не бірнеше пайда болады. Бірнеше көшірме құру үшін Сору бұйрығын Multiple параметрі пайда болады. Сору бұйрығы таңдалғаннан кейін мынадай шақыру пайда болады. Specify base point or displacement, or [Multiple]: бұл жерде өзіңізге керекті екі әдістің біреуін таңдаңыз.

Rotate(Бұрылу): AutoCAD объектілерін базалық нүте айналасында, берілген бұрышқа бұру мүмкіндігін қамтыған. Объектіні бұру үшін Rotate бұйрығын қолданамыз. Ол Modify панелінде орналасқан. Rotate бұйрығын таңдап, бұрылуы керек объектіні көрсету керек. Кейін бұйрықтық жолға бұрыш шамасын енгізіңіз.

Scale(Масштаб): бұл бұйрықпен біз жоғарыда танысқан едік. Modify панеліндегі Scale бұйрығын таңдағаннан кейін бұйрықтық жолға бірден үлкен шаманы енгізсек, онда сызба сол шамаға үлкейеді, бірден кіші шама енгізілген болса, онда сызба сол шамаға кішірейеді.

Объектіні таңдау

Объектіні таңдау жеңіл көрінгенімен өте жеңіл  жұмыс емес. Оның да өзінің параметрлері бар. Бұл параметрлер өте керекті: саны 16. бұл параметрлердің аббревиатуралары бар. Select objects: шақыруына қажетті аббревиатураны енгзсеңіз болғаны. Солардың ең маңыздыларына қысқаша тоқталайық:

Window: бұл параметр диагоналінен  екі бұрышы көрсетілген терезеге толығымен кірген объектілерді таңдайды. Терезені ашқанда солдан оңға қарай ашу керек.

       Last: соңғы құрылған объектіні таңдайды.

      Crossing: терезеге толығымен не бөліктеп кірген объектілердің бәрі таңдалады. Терезені ашу оңнан солға қарай бағытталған.

       Box: бұл Window және Crossing параметрлерінің комбинациясы. Егер терезені оңнан солға белгілісеңіз, онда Crossing параметрін қолданудасыз, ал егер солдан оңға ашсаңыз Windows параметрін қолданасыз.

      All: бәрін таңдайды.

Fence: уақытша таңдау  сынық сызығын құруға мүмкіндік  тудырады. Сызықты қиған барлық  объектілер таңдалады. 

Wрolygon: бұл параметр  дұрыс көпбұрыш құрады, және ішіне  кірген объектілерді таңдайды.

CРolygon: дұрыс көпбұрыш  жасайды. Ішіне толығымен және бөліктеп кірген объектілерді таңдайды.  

Group: аты бойынша объектілерді  таңдайды.

Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы

Mirror(Айна): таңдалған объектінің айналық көрінісін жасау үшін қолданылады. Mirror бұйрығын қолдану үшін, оны Modify  панелінен таңдау керек. Шыққан шақыруда, көрініс өсінің екі нүктесі сұралады.   Өстің ұзындығы маңызды емес, маңаздысы өс бағыты.

  Аrray (Массив): объект көшірмесінің тікбұрышты және шеңберлі массив құрайды. Тікбұрышты массив параметрімен жұмыс істеу үшін   Modify  панелінен Array батырмасын басып, бір немесе бірнеше объектіні көрсету керек.  Сонда, Array терезесі ашылады. Бұл терезеде Rectangular  array белгілеуін растап, өз еркіңізше жол мен баған саны арақашықтығын енгізуіңізге болады. Шеңберлі массивте объект көшірмелері центрі қолданушымен белгіленетін шеңбердің бойымен орналасады. Шеңберлі массив құру үшін келесі қимылдар орындалуы тиіс.

  1. Modify  панелінен Array батырмасын таңдау
  2. Шыққан Array терезесінен Polar Аrray белгілеуін таңдау
  3. Егер Array батырмасын басардың алдында, объектілер таңдалған болса, онда  Array терезесінде объект санының тізімі пайда болады. Таңдалмаған болса, Select objects батырмасын басып, қажетті объектілерді таңдағаннан кейін Enter батырмасын басып, қайта Array тересесіне оралуға болады.
  4. Массивтің орталық нүктесін белгілеу. (х,у координаттары бойынша) немесе Pick Center Point батырмасын басып, нүктені белгілеуге болады.
  5. Ашылған Method терезесінде үш элемент пайда болады:
    • Total number of Items: басты және көшірілетін объектінің жалпы саны.
    • Angle to fill: массивпен қамтылатын шеңберлі сектор шамасын белгілеу.
    • Angle between Items : шеңберлі массивтің екі көршілес объекті арасындағы бұрышты белгілеу.

Offset (Ұқсас  объект құру): Бұл бұйрық арқылы күрделі сызықтардан жасалған объектілердің ұқсастарын құруға болады. Modify панелінде орналасқан, Offset бұйрығын таңдағаннан кейін AutoCAD Specify offset distance or through <Through>: (Арақашықтық шамасын белгіле немесе нүкте <Нүкте>:) шақыруы шығады

● Егер шақыруға арақашықтық енгізсек, онда AutoCAD Select objects to offset or <exit>: шақыруын шығарады. Бір объектіні таңдауға болады. Одан кейін Specify point on side to offset: шақыруына эквидистантаны өткізу керек объектінің жағынан нүкте керек. Кейін бұл шақыру шыға береді, <Enter> батырмасын басып бұл процестерді аяқтауға немесе жалғастыра беруге болады.

● Объектіге  көрсетілген нүкте арқылы өтетін ұқсас объектілерді құру үшін “t”  әрпін, кейін <Enter> батырмасын басу керек. Select object to offset or <exit >: шақыруына бір объект көрсету керек. Кейін Specify through point: шақыруы шығады. Бұған, трансформаланған көшірменің өтуі керек нүктені көрсету керек.

Align (Түзету): Тек бір операция арқылы бір және бірнеше объектіні жылжытуға немесе бұруға мүмкіндік тудыратын бұйрық. Бұл бұйрық 3-өлшемді объектілермен жұмыс кезінде өте маңызды. Объектіні түзету үшін Modify => 3D operations => Align бұйрықтарын кезептен шақыру керек. Одан кейін AutoCAD объектідегі шеткі нүктені көрсетуге шақырады және ол нүктеге орны сәйкес нүкте көрсетуі тиіс. Егер дене күрделі болса, онда бұл нүктелер саны бірнеше болады.

Өлшемдерді түзету бұйрықтары

 Trim (Кесу): Сызбаны сызғанда, басында сізге сәйкес объектілердің, керек емес сызықтары шығуы мүмкін. Бұл “өсімшелерді” Trim бұйрығы көмегімен кесуге болады. Объектіні кесу үшін Modify құралдар панелінде Trim бұрығын басу керек. Сонда  мынадай шақырулар шығады:

Current settings: Projection = UCS Edge = None            

Select cutting edges… 

Select objects: 

Бірінші қатар кесу процесінің жүйелік айнымалысын қамтиды. Еске түсіре кетерлік нәрсе! Ал 2-ші және 3-ші қатардағы шақыруға кесуші объектілерді таңдап көрсету керек. Кесуші объектілер мен кесілуші объектілердің қиылысуы міндет емес. Сол үшін объектілерді таңдағанда (кесуші/кесілуші) сіздің сызбаға сәйкес методты таңдау қажет:

● Егер кесуші мен кесілуші объект қиылысса, онда келесі Select object to trim or shift-select to extend or [Project/Edge/Undo]: шақыруына кесілуші объектілерді көрсету керек.

● Ал егер қиылыспайтын кесуші және кесілуші объектілермен жұмыс істеу керек болса, онда кесуші объектіні көрсеткеннен кейін шығатын Select object to trim or shift-select to extend or [Project/Edge/Undo]: шақыруына Edge немесе “e” параметрін таңдап алу қажет. Келесі Enter an implied edge extension mode [Extend/no extend]<No extend >: шақыруына, Extend (немесе “e”) параметрін таңдап алып, қайта шығатын Select object to trim or shift-select to extend or [Project/Edge/Undo]: шақыруына кесілуші объектілерді таңдау керек. Жұмысты бітіру үшін <Enter> басыңыз. Жүйе обектілерді кеседі.

Extend (Ұзарту): Бұл бұйрық, Trim бұйрығының қарама-қарсысы болып табылыады. Extend бұйрығы объектілерді, белгіленген объектілерге дейін ұзартады. Және де параметрлері бірдей. Тек қана кесілуші объектінің орнына ұзартушы объектіні көрсету керек болады.

 Lengthen (Үлкейту): Бұл бұйрық объектілерді үлкейтумен қатар, кішірейте алады. Trim және Extend бұйрықтарын, егер кесуші және сәйкес ұзартушы объектілер болмаса, қолдана алмай қаламыз. Сол үшін Lengthen бұйрығы бізге аса қажетті. 

Информация о работе AutoCAD бағдарламасы. Және оның мүмкіншіліктерін пайдалана отырып жұлдызша топологиясын жобалау