Ақпараттық жүйелер негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 16:24, контрольная работа

Описание работы

Пәннің қысқаша мазмұны. Пәнді оқудың мақсаты. Пәнді оқудағы міндеттер. Пәннің пререквизиттері. Пәннің постреквизиттері.

Работа содержит 1 файл

3СИЛ АЖН 2012.docx

— 64.27 Кб (Скачать)

       Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық  үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті  педагогикалық үрдісті  технологияландыру  мәселесі маңызды болып саналады.

       Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға  ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

       Жаңа  ақпараттық технологиямен орындалатын  қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

       Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер  де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың  табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің  қуаттануымен жүргізуді үйрену –  бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

       Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде  компьютерлік техниканы пайдалану  белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім  беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік  материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану  формалары мен әдістері деген  анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы  әдістер мен формалар және балаларға  білім беруші құрал.

       Ақпараттық  технология  қызметінің құралы ретінде  жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман  талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы  компьютерлік бағдарламаларды  жасау керек және ол оқушының іс әрекетінің интеллектуалды құрылысымен  сәйкес келуі тиіс.

       Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда  ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішінде мектептегі оқу практикасында  қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер  - оқушы білімін бағалау  құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум; мультимедиа-технология,  жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру  құралы.

       Мұғалім жұмысы практикада оқушы білімін  бағалау үшін алатын тақырыптық тестерден  көрінеді. Тест көзі мультимедиа компакт-дискілер немесе интернет желісі болуы мүмкін.

       Біз Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтымызда Platonus бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдаланып, көптеген сабақтардан тест құрастырдық. Бұл бағдарлама көмегімен студенттер тест жауаптарын бірден немесе барлық тест сұрақтарына түгелдей жауап бергеннен кейін көруіне болады. Бұл балаларды қызықтыруға мүмкіндік жасайды.

       Бұдан басқа да, тест генераторлары деп  аталатын тестілеуші бағдарламалар  құруға болатын арнайы компьютер  бағдарламалары (қосымшалар) бар. Бұл  жағдайда мұғалім тестің сұрақтарын және барысын өздігінен таңдап алады.

       Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар  оқу материалдарын иллюстрация  жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд-фильмдер) қолданылады. Бұл оқу үрдісін  қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады.

       Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды  пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін  де арттырады. Бұл бірінші кезекте  сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі  кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған.

       Оқу үрдісінде компьютерлік техниканы  қолданудағы қиыншылықтар көбіне мұғалімнің дербес компьютерді  дидактикалық құрал  ретінде қабылдауына дайын екендігіне байланысты.

       Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек  белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту  үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер  керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды  қарап отырып білім алғысы келетін  адам өзі ізденіп, жауаптарын салып  жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым  арзан, әрі қалаған уақытыңда  оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік  береді.

       Бұның бір мысалы ретінде 2007-2008 оқу жылының  басында ҚР Президенті Н.Назарбаевпен бірге өткізілген интерактивті сабақты  айтуға болады. Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен толыққанды білім  ала алады. 
 
 
 

АҚПАРАТТЫҚ - АНЫҚТАМАЛЫҚ  ЖҮЙЕ «ӘУЕЖАЙ» 

Ахметова Д, Абилкаева  Ж, Каратаева Б.

Л.Н.Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана 

Ақпараттық жүйені жобалау кезінде функционалдық  модельдеу технологиясының әдістері қолданылады. Деректер қорының схемасын құру кезінде бір жақтың объектілері  және пәндік облыстың сипаттамалары  мен екінші жақтың атрибуттарымен қатынастар орнатылды. Барлық қатынастар ең болмағанда үшінші нормальды формаға бағынуы  керек, ол ақпараттың қайталануына жол  бермейді, яғни құрылған ақпараттық жүйенің  дұрыстығын білдіреді.

      Ақпараттық  жүйені жасау кезеңдері:

- пәндік облысты талдау;

- пәндік облыстың концептуалды моделін құру;

- клиент-серверлік ақпараттық жүйенің логикалық моделін құру;

- ақпараттық жүйені жобалау және құрастыру;

- қажетті құралдарды таңдау;

- серверлік деректер қорын құру;

- автоматтандырылған жұмыс орындарын жасау;

- ақпараттық жүйені енгізу және сүйемелдеу;

- программалық құжаттаманы дайындау.

Серверлік деректер қорын жобалау нәтижелері төмендегідей болады.

«Әуежай» пәндік облысының  негізгі объектілерін белгілеу.

Қазіргі уақытта әуе  транспорты (соның ішінде ұшақтар) ең жылдам болып табылады және үлкен  қашықтықтарға жол жүргенде жоғары бағаланады. Әлемде көптеген әуежайлар  бар және сәйкесінше ұшу маршруттары  да көп. Бұл ақпаратты деректер қорында  сақтауға болады. Ол тез іздеу жасауды, сақтау қауіпсіздігін, ең бастысы, әр қолданушыға  қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Концептуалды модельді құру үшін деректер қоры объектісінің идентификациясын жүргізу  қажет. Біздің жағдайда ұшақтар, маршруттар, клиенттер тәрізді объектілер бар. Осы объектілердің сипаттамаларына  сәйкес кестелер өрістерін қарастырайық. 

Маршруттар: Marsh_ID - маршрут  нөмірі, Vremya_otpr - кету уақыты, Vremya_prib - келу уақыты, Aero_otpr - кету әуежайы, Aero_prib - келу әуежайы, Samolet_ID - ұшақ нөмірі, Letchik_ID - ұшқыш  нөмірі, Kol_biletov - билеттер саны, Ekipazh_ID - экипаж нөмірі.

Ұшақтар: Samolet_ID- ұшақ нөмірі, Tip_samoleta - ұшақ типі, God_vypuska - шығу жылы, Marka_samoleta - ұшақ маркасы, Chislo_dvig - двигательдер саны, Silovaya_ustanovka -қуат орнатылымы, Kol_mest - орындар саны.

Ұшқыштар: Letchik_ID - ұшқыш  нөмірі, Imya - есімі, Familia - фамилиясы, Otchestvo - әкесінің аты, Data_rozhdenya - туған күні, Stazh_raboty - жұмыс өтілі.

Әуежайлар: Airport_ID - әуежай нөмірі, Nazv_airporta - әуежай аты, Nazv_goroda - қала аты, Kol_ polos - жолдар саны, Kol_kass- кассалар саны, Max_vsletnyi_ves - ұшу салмағы, Vysot_nad_urovnem_morya - теңіз дейгейінен биіктігі.

Экипаж: Ekipazh_ID - экипаж нөмірі, Stuardessa1- стюардесса 1, Stuardessa2- стюардесса 2, Stuardessa3- стюардесса 3, Bort_engineer - борт-инженер, Letchik_zapasa - қордағы ұщқыш.

      Ең  соныңда, пәндік облыстың объектілері  және сипаттамалары мен атрибуттар және қатынастар арасындағы сәйкестік  орнату қажет.

Delphi программалау  ортасында «Әуежай» ақпараттық  жүйесін жүзеге асыратын программа  құру. Мұнда үш автоматтандырылған  жұмыс орны болады:

- программаны жобалаушы администратор, деректерді өзгертіп, жаңа ақпарат енгізе алады, сонымен қатар программаны қайта құру мүмкіндігі бар;

- кассир, ол билетке сұраныс жасап, есеп беру құрады және клиенттерге қызмет көрсетеді;

- клиент, рейстер туралы ақпарат алады, билетке тапсырыс жасайды.

Ақпараттық жүйені құру кезінде келесі талаптарға мән  беру қажет:

- Ақпараттық жүйені қолданушылардың барлық талаптарын қанағаттандыру қажет. Ақпараттық жүйе жобалаудан бұрын оның қызметіне қолданушылардың талаптарына кеңінен зерттеу жүргізу қажет.

- Ақпараттық жүйе деректердің бүтіндігін және қайталанбастығын қамтамасыз етуі қажет.

Құрылатын программа  орындайтын функцияларды атап өтейік:

- деректер қорында орналасқан барлық ақпаратты қарап шығу мүмкіндігі;

- деректер қорының жазбаларын толықтыру, өзгерту, өшіру мүмкіндігі.

Қажетті ақпаратты  ыңғайлы іздеу үшін жүзеге асыру  қажет:

- жазбалардың сұрыпталуын;

- жеке өрістердің енгізілген мәндері және олардың диапазондарына сәйкес жазбалар фильтрациясын;

- статикалық және динамикалық SQL сұраныстары көмегімен әр түрлі кестелерде орналасқан деректерге таңдау және жинақтау жасау;

- деректер қорында орналасқан ақпаратқа талдау жасау.

Қорытынды.

      Берілген  тапсырма бойынша зерттеу жүргізіліп, «Әуежай» ақпараттық жүйесін жобалау  жұмысы жасалды.

      Серверлік деректер қорының құрамы анықталып, Interbase қосымшасында жүзеге асырылды.

      Үш  автоматтандырылған жұмыс орны құрылды:  администратордың, кассирдің және қарапайым  қолданушының клиенттік қосымша  программалары.  
 
 
 

Ақпарат теориясы

Ақпаратты өлшеу. Ақпараттың статистикалық,

сематикалық және құрылымдық өлшеулері. Эн-

тропия анықтамасы, энтропияның негізгі қасиет-

тері. Шартты энтропия. Біріктіру энтропиясы.

Ақпараттың семантикалық өлшеуі. Ақпараттың

саны және артықшылығы.

Сигналдың матаматикалық  моделі. Детерминді

сигналдардың  берілуінің уақытша формасы. Де-

терминді сигналдардың берілуінің жиіліктік

формасы. Кездейсоқ  сигналдардың спектрі. Ақ-

паратты кванттау және дискреттеу.

2 (90)

1 кестенің жалғасы 

1 2 3

23ҚР МЖМБС  3.08.330-2006

Уақыт бойынша  дискреттеу. Дискреттеу әдісте-

рінің классификациясы. Котельников теоремасы

бойынша санау  дәлдігін талдау.

Деңгей бойынша  кванттау.Байланыс каналы- де-

ректерді беру желісінің негізі. Модуляция және

демодуляция процедурасының мазмұны және

қолданылуы. Әртүрлі  модуляция түрлеріне бай-

ланысты кедергіге  қарсы тұрудың салыстырма-

лы мінездемесі. Каналдың және сигналдың ақ-

параттық мінездемесі. Каналдың және сигнал-

дың физикалық  мінездемесін келісу. Байланыс

каналы және хабарлама таратқышының статика-

лық қасиеттерін  келісу. Кодтау теориясының

жалпы түсінігі. Шеннонның кодтау туралы фун-

даментальды теоремасы. Аналогты-кодты түр-

лендіргіштер. Тиімді кодтау. Кедергіге қарсы тұ-

ра алатын кодтау.

Информация о работе Ақпараттық жүйелер негіздері