Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 08:31, реферат
Ақпаратты қорғау құралдары- мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, программалық және басқа да құралдар, олар жүзеге асырылған құралдар, сондай-ақ, ақпарат қорғаудың тиімділігін бақылау құралдары.
Ақпараттық қорғау жүйесі жобалау әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін және бұл жағдайларға негізгі екі праметр әсер етеді: ақпарат қорғау жүйесіне арнап әзірленіп жатқан деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің қазіргі күй-жағдайы және ақпаратты қорғау жүйесін жасауға кететін қаржы мөлшері.
Жаңа информациялық технологиялар
Кәдімгі ииформациялық технологиялар деп, көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа информациялық технологиялар деп, ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы - әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы - информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.
Информациялық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері.
Дербес ЭЕМ-дер - жұмыста және уйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер.
Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар жөне әртүрлі қүжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жұмыста компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдығының өсуі, оларды безендіру сапасының артуы. Басып шығарылуға тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін лазерлік принтері бар компьютерлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері, одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі.
Сондай-ақ жаңа информациялық технологиялар дегеніміз -ЭЕМ жадында сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын өр түрлі мәліметтер базасы мен информациялық жүйелер. Жаңа информациялық технологиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген элсктрондық почтасыз, байланыс желілері мен информациялық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес.
Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, информациялық қорлармен толық қамтамасыз етсек, информацияны пайдалану, алу және тарату істерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған "қағаздағы" информацияны алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызда ақпараттандыру процестерін арттыра түседі. Жаңа информациялық технологиялардың жан-жақтылығын дұрыс түсіну үшін технология ұғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде "технология" деп белгілі бір бұйымдарды жасау кезіндегі төсілдер жиынын айтатын еді.
Өндірістің күрделіленуі, оны механикаландыру мен автоматтандыру, технология үғымын машиналар, механизмдер, құрал-саймандар және т.б. өндіруді үйымдастыру тәсілдері мен оған керекті техникалық жабдықтар жиыны ретінде қабылдауды қалыптастырды.
Есептеу машиналарын басқару құрылғылары ретінде пайдалану мен автоматтандыруға негізделген ссы кездегі жаңа өндіріс технологиялары, оны қайта күру істері мен оған кететін жұмыс көлемін әлде қайда оңайлатып жіберді. Осыған орай қазіргі "технология" ұтымға аз дегеннің өзінде үш компонгнт - өндіріске керекті жабдықтар, оны құрастыру тәсілдері мен оны ойдағыдай ұйымдастыру жолдары және оның ішіне мәліметтер базасы мен білім базалары, ЭЕМ-да жобалау жабдықтары және т.б. компьютерлік техникалар кіреді. Бірақ олардың бәрі де мәліметтер базасы мен информация қорларылар, ЭЕМ арқылы жобалау жабдықтары және т. с.с. мүмкіндіктері бар, компьютерлік техникаға негізделген болуы тиіс. Ал бұларды қарастыру үшін ЭЕМ жұмысын калай басқаруға болатынын анықтайтын программаларды білуіміз керек. Кез келген жаңа жұмысқа ЭЕМ-ді пайдалану үшін оған жаңа қосымша құрылғылар алғаннан гөрі соған керекті жаңа программалар алу қажет болады.
ЭЕМ жұмысында программалар оның іс-әрекетінің ретгілігі мен ережелерің және оған косылған құрылғылардың да қызмет ету ерекшеліктерін анықтауға жол ашады. Әрбір компьютердің программалар жиыны оны пайдаланудың бар мүмкіндіктерін анықтап береді. Егер программалары болмаса, машина ешқандай да жұмыс атқара алмайды.
Кез келген ЭЕМ-мен жұмыс істеу оның программаларын оқып үйренуден басталады. Ал әрбір үлкен, орташа, шағын немесе дербес ЭЕМ түрлерінде көптеген программалық жабдықтар бар, сондықтан ЭЕМ-ді үйрену оның программаларым танысудан басталады.
Информация о работе Ақпаратты қорғау және акпараттық қауіпсіздік