Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 17:02, курсовая работа
Біз күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау барысында көптеген алгоритмдерді қолданып жүрміз. Осы тұрғыдан қарасақ, өмірді алда тұрған мәселелерді шешу қажет болатын алгоритмдер жиыны деп түсінуге болады. Бұл курстық жоба тақырыбында алгоритм құрастыру, жазу түсініктері беріліп, қазіргі кездегі кең тараған программалау тілінің бірі – Паскаль тілінің ерекшеліктері қарастырылады және оны пайдаланып математика, физика есептерін шығаруды компьютерде орындау жүзеге асырылады. Паскаль тілі қарапайым программалармен қатар, күрделі өндірістік мәселелерді шеше алатын құрылымды тіл болып табылады. Ол Бейсик тіліне қарағанда аздап күрделі болғанымен, компьютер үшін ыңғайлы, программа құру реттілігін алгоритмдік тәртіппен қарастыратын, оқушыларды іс-әрекет тәртбіне тәртібіне тәрбиелейтін тіл болып табылады.
Кіріспе:.....................................................................................................................3
1-бөлім: Паскаль – программалау тілі
1.1 Паскаль тілінің негізгі элементтері.................................................................5
1.2 Тілдің алфавиті..................................................................................................8
1.3 Тілдің қарапайым объектілері.........................................................................13
2-бөлім: Паскаль тілінде программа дайындау жолдары
2.1 Программа құрылымы.....................................................................................15
2.2 Паскаль тілінің қарапайым операторлары.....................................................18
2.3.Паскаль тілінің басқару операторлары...........................................................21
3-бөлім: Қайталау операторлары
3.1 WHILE операторы............................................................................................25
3.2 REPEAT операторы..........................................................................................28
3.3 FOR операторы.................................................................................................30
3.4. Күрделі циклдер..............................................................................................34
Қорытынды.............................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер: .................................................................................38
зылады, ол бір немесе
бірнеше жолдардан тұруы
налған директива (түсінік белгі) алдына $ белгісі қойылады. Алдында $ бел-
гісі жоқ түсініктемеге компиляция жасалмайды.
Сонымен, айыру белгілері: _ (бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос нүкте);
; (нүктелі үтір); ‘ (апостроф); (,); [,]; {,}.
г) Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері:
= (тең), < > (тең емес), < (кіші), > (үлкен), < = (үлкен емес, ≤ таңбасының
орнына), > = (кіші емес, ≥ таңбасының орнына).
Әрбір символдың өзінің реттік нөміріне сәйкес белгіленген коды болады, ол мемлекеттік стандарт түрінде бекітілген. Әр елдің стандарттары негізіне америкалық кодтар стандарты алынған (American Standart Code for Information Interchange – ASCII), компьютерде жұмыс істеу барысында оларды да білген дұрыс. Мысалы:
0 – 48 A – 65 a – 97
1 – 49 B – 66 b – 98
… … …
9 – 57 Z – 90 z – 122
Паскаль тіліндегі түйінді сөздер бір-бірімен айыру белгілерімен бөлінген алдын ала анықталған белгілі бір мағынасы бар сөз тіркестері. Паскаль тіліндегі түйінді сөздерді үш топқа бөлуге болады, олар: қордағы (резервтегі) сөздер, стандартты атаулар немесе идентификаторлар және бейстандарт идентификаторлар.
Паскаль тілінің дербес компьютерлерге арналған
нұсқасының қордағы сөздері
absolute and array asm begin case const constructor div go to do downto destructor else end exports not or
of
object packed procedure program record repeat set shl
shr |
абсолюттік логикалық ЖӘНЕ жиым (массив) ассемблер блок басы нұсқа тұрақты(константа) конструктор бүтін бөлу ауысу (көшу) орындау, атқару кішірейту диструктор әйтпесе блок соңы экспорт (жіберу) логикалық ЕМЕС логикалық НЕМЕСЕ одан(-дан,-ден, -тан, -тен ) объект тығыздалған процедура программа жазба қайталау жиын биттерді солға ығыстыру биттерді оңға ығыстыру |
external file for forward function if implementation in inline interrupt interface inherited label library mod nil string then to type unit until uses var while
with
xor |
сыртқы файл үшін алдындағы функция егер жүзеге асыру ішіндегі негізгі кідірту (үзу) интерфейс қабылдау белгі кітапхана бөлінді қалдығы болмау қатар (жол) онда үлкейту тип (түр) модуль дейін (шейін) пайдалану айнымалы әзірше, болмайынша -дан, -ден, -тан, -тен алып тасталынған |
Бұл келтірілген түйінді сөздерді айнымалы атаулар немесе тұтынушы
қойған бейстандарт атаулар ретінде қолдануға болмайды.
Программалау тілдерінде «өрнек», «оператор», «тіл синтаксисі» мен
«семантикасы» ұғымдары кең пайдаланылады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген
айнымалылар, атаулар, функциялар,жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі – өрнек деп аталады.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.
Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің
құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны – программаның сипаттамасы болып табылады.
Компьютер орындай алатын программа жазу үшін программалау тілінің
синтаксисі (оның элементтерін жазу ережелері) мен семантикасын (оларды пайдаланудың мағыналық ережесін) білу қажет. Тілдің осындай ережесін үйрену үшін оларды көрнекі түрде бейнелейтін екі жасанды әдіс кең таралған. Оның алғашқысы – Джон Бэкус пен Питер Науэр ұсынған қысқаша жазу тәсілі АЛГОЛ тілінің синтаксисін көрсету үшін кеңінен қолданылады. Бұл жазу тәсілі Backus Naur Form немесе қысқаша BNF деп аталып жүр.
Ал біз қарастыратын екіншісі – тіл ережесін графиктік түрде бейнелейтін диаграмма болып табылады. Мұндай диаграммаларды Паскаль тілін жасаушы Н.Вирт кең қолданған, сондықтан оны Вирт диаграммасы деп атап жүр.
1.3 Тілдің қарапайым объектілері
Тілдің қарапайым
1.Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып
бөлінеді. Бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0 т.б. Разрядтылығы 16 биттен тұратын дербес компьютерүшін қолданылатын бүтін сандар (ағылшыншa INTEGER) – 32768-ден +32767дейінгі аралықта ғана жазылады, бұдан үлкен сандар нақты сандарға айналдырылады.
Паскаль тілінде ондық және он алтылық бүтін сандар пайдаланылады. Он алтылық сандардың алдына $ белгісі қойылады. Мысалы, $АВС немесе $8В2.
Нақты сандар санның бүтіні мен бөлшегін нүкте арқылы бөлген күйде жазылады. Мысалы: 2.65, 0.5, -0.862, -6.0. Ал өте үлкен немесе өте кіші нақ-
ты сандар көрсеткіші бар экспоненциал сандар ретінде mE±p түрінде жазылады да, олардың диапазоны әлдеқайда кең болады, мұндағы m – санның мантиссасы деп аталады; E – оның дәрежесі дегенді білдіреді; p – дәреженің сандық мәні. Дербес компьютерде нақты сандар (REAL) 2.9E-39-дан 1.7E+38-ге дейін өзере алады.
2. Атау – идентификатор (identification – объектінің белгілі бір символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және программадағы тұрақтылар-
ды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды т.б. белгілеп жазу үшін қажет.
Идентификатор – міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. Оларды өте қысқартпай, мағынасына сәйкес атау беру қалыптасқан. Мысалы: X, X1, P23PS6, DT54AS, ALFA, baga2 т.б.
3.Тұрақты немесе константа
деп программаның орындалу
Тұрақтыға программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркестік (integer, real,boolean, char, string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар – true (ақиқат) немесе false (жалған) мәндерінің біріне ие бола алады.
Символдық және тіркестік (строковый – string) мәндер үшін орыс, қазақ алфавитінің әріптерін және кез келген символдарды пайдалануға болады. Олар апостров ішіндегі таңбалармен (литерлермен) жазылады, мысалы: `S=`, `қосындысы`, `функцияның мәні` , `y=` және т.б.
4. Айнымалылар деп
программаның орындалу
дерді қабылдай алатын шамаларды
айтады. Олар идентификаторлармен
гіленуі: ALFA, Y, X3, KOSINDI, BAGA, A1B8 т.б. Айнымалылар атауы сипаттау бөлімінде var түйінді сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі. Оның жазылу пішімі:
var <идентификатор> : <тип>
Мысалы:
var А, В : integer;
Sum, baga : real;
2-бөлім. Паскаль
тілінде программа дайындау
2.1 Программа құрылымы
Паскаль тілінің программасы блоктардан құралады. Қандай да бір блок
ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен
тұрады, олардың алғашқысы – мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі –
сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс-әрекеттерді (опеацияларды, амал-
дарды) атқару бөлімі.
Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі
бөлімнің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі (глобальді) блок болып саналады. Ал блок ішіндегі блок – жергілікті (локальді) блок деп
аталады.
Сонымен кез келген программа синтаксистік ереже бойынша тақырып пен блоктан тұрады.
Негізгі блок – негізгі программа блогы, сондықтан ол басқа блоктарға кірмеуі тиіс. Жергілікті блоктарға процедуралар мен функциялар кіреді, олар
кейбір программаларда болмауы да мүмкін.
Программалардың негізгі обьектілері болып саналатын айнымалы, тұрақты және олардың типтері орналасқан блогына байланысты басты немесе жергілікті деп аталады. Программа объектілерінің де жұмыс істеу, ықпал ету аймағы сол өздері орналасқан блокпен шектеледі. Блоктық құрылым программа мәтінін тиянақты түрде қатесіз құрастыруға мүмкіндік береді.
Турбо Паскаль программасының тақырыбын (атауын) жазбай кетуге болады, бірақ жалпы Паскаль тілінің стандарты бойынша программада тақырып болуы қажет.
Сонымен Паскаль тіліндегі кез келген программаның тақырыбы, одан
кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған оператор-
лар болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
1)программамен байланысатын
кітапханалық модульдер
тізімі (ол uses ді сөзімен басталады);
2)белгілерді (label) сипаттау;
3)тұрақтыларды (const) сипаттау;
4)мәліметтер типтерін (type) анықтау;
5) айнымалыларды (var)сипаттау;
6) процедураларды (procedure) сипаттау;
7) функцияларды (function) сипаттау;
Осы айтылғандарға байланысты программа құрылымы мынадай болуы
қажет:
program < программа аты> (Input, Output);
uses <1-атау, 2-атау, 3-атау, ...>;
label …;
const …;
type …;
var …;
procedure <процедура аты>;
function <функция аты>;
Begin
<1-оператор>;
<2-оператор>;
… ;
<n-оператор>;
end.
Екі бүтін санды пернетақтадан енгізіп, олардың көбейтіндісін табу программасын құрайық.
Program Algachki programma; {Программа тақырыбы}
var A, B, Kobeitindi: integer; {A, B, kobeitindi
Begin
write (`A бүтін санын енгізіңдер:`); {А санын енгізуді сұрайтын
readln (A); {А санын пернетақтадан енгізу}
write (`B бүтін санын енгізіңдер:>`);{В санын енгізуді сұрайтын
readln (B); {В санын пернетақтадан енгізу}
Kobeitindi :=A * B;{} {А * В көбейтіндісін есептеу}
write (A,`және`, B,`сандарының көбейтіндісі = `, Kobeitindi);
end.
2.2 Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Қарапайым операторлар құрамына (ішіне) басқа бір оператор енбейді. Ал күрделі операторлар ішіне бірнеше қарапайым операторлар еніп тұруы тиіс.
Программалау тілдерінің қарапайым операторларына: меншіктеу, шартсыз көшу, енгізу-шығару операторлары мен бос оператор және процедураларды орындау (шақыру) операторлары жатады.
Ал күрделі немесе құрама операторға: шартты көшу, қайталау (цикл), таңдау, жалғастыру (тіркестіру) т.б. операторлары жатады.
1.Меншіктеу операторы. Меншіктеу операторы барлық тілде пайдаланылатын негізгі оператор болып табылады. Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалыларға сандық (символдық та болуы мүмкін) мән беру бұл жағдайда меншіктеу деп аталады.
Меншіктеу операторы жазылған өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады. Меншіктей операторының жазылу ережесі (пішімі) төмендегідей болады: