Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 17:02, курсовая работа
Біз күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау барысында көптеген алгоритмдерді қолданып жүрміз. Осы тұрғыдан қарасақ, өмірді алда тұрған мәселелерді шешу қажет болатын алгоритмдер жиыны деп түсінуге болады. Бұл курстық жоба тақырыбында алгоритм құрастыру, жазу түсініктері беріліп, қазіргі кездегі кең тараған программалау тілінің бірі – Паскаль тілінің ерекшеліктері қарастырылады және оны пайдаланып математика, физика есептерін шығаруды компьютерде орындау жүзеге асырылады. Паскаль тілі қарапайым программалармен қатар, күрделі өндірістік мәселелерді шеше алатын құрылымды тіл болып табылады. Ол Бейсик тіліне қарағанда аздап күрделі болғанымен, компьютер үшін ыңғайлы, программа құру реттілігін алгоритмдік тәртіппен қарастыратын, оқушыларды іс-әрекет тәртбіне тәртібіне тәрбиелейтін тіл болып табылады.
Кіріспе:.....................................................................................................................3
1-бөлім: Паскаль – программалау тілі
1.1 Паскаль тілінің негізгі элементтері.................................................................5
1.2 Тілдің алфавиті..................................................................................................8
1.3 Тілдің қарапайым объектілері.........................................................................13
2-бөлім: Паскаль тілінде программа дайындау жолдары
2.1 Программа құрылымы.....................................................................................15
2.2 Паскаль тілінің қарапайым операторлары.....................................................18
2.3.Паскаль тілінің басқару операторлары...........................................................21
3-бөлім: Қайталау операторлары
3.1 WHILE операторы............................................................................................25
3.2 REPEAT операторы..........................................................................................28
3.3 FOR операторы.................................................................................................30
3.4. Күрделі циклдер..............................................................................................34
Қорытынды.............................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер: .................................................................................38
Кіріспе:......................
1-бөлім: Паскаль – программалау тілі
1.1 Паскаль тілінің негізгі
1.2 Тілдің алфавиті...............
1.3 Тілдің қарапайым объектілері..
2-бөлім: Паскаль тілінде
2.1 Программа құрылымы............
2.2 Паскаль тілінің қарапайым
операторлары..................
2.3.Паскаль тілінің басқару
3-бөлім: Қайталау операторлары
3.1 WHILE операторы.....................
3.2 REPEAT операторы.....................
3.3 FOR операторы.....................
3.4. Күрделі циклдер...............
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер: ..............................
Кіріспе
Біз күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау барысында көптеген алгоритмдерді қолданып жүрміз. Осы тұрғыдан қарасақ, өмірді алда тұрған мәселелерді шешу қажет болатын алгоритмдер жиыны деп түсінуге болады. Бұл курстық жоба тақырыбында алгоритм құрастыру, жазу түсініктері беріліп, қазіргі кездегі кең тараған программалау тілінің бірі – Паскаль тілінің ерекшеліктері қарастырылады және оны пайдаланып математика, физика есептерін шығаруды компьютерде орындау жүзеге асырылады. Паскаль тілі қарапайым программалармен қатар, күрделі өндірістік мәселелерді шеше алатын құрылымды тіл болып табылады. Ол Бейсик тіліне қарағанда аздап күрделі болғанымен, компьютер үшін ыңғайлы, программа құру реттілігін алгоритмдік тәртіппен қарастыратын, оқушыларды іс-әрекет тәртбіне тәртібіне тәрбиелейтін тіл болып табылады.
Бұл курстық жобада компьютер
көмегімен Паскаль тілінде
көрсетіледі.
Қазіргі кезде барлық елдердің оқушылары программалау тілін үйренуді осы тілден бастайды деп айтуға болады. Олай болса, еліміздің оқушылары да
программалау тілін, алгоритм терминдерін ана тілінде оқып
үйренуі қажет.
Біз енді алгоритмдік тіл
Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт
оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді, ол сол кездерде кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі уақытта барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алды
мен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде пограмманың екі нұсқасы болады, оның біріншісі – алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі – объектік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өңделеді.
Қазіргі таңда Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара алатын,
кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Енді бұл курстық жобада Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
1- бөлім. Паскаль – программалау тілі
Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады.
Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады.Оларды теру,
түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программа алдындағы азат жол немесе босорын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарға бірнеше команда немесе оператор орналаса алады,олар бір-бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны тұрғаны дұрыс, ол түзетуге жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.
Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объетілерінің сипаттау бөлімі жазалады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір ғана бөліктен тұруы мүмкін.
Программманың соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады. Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.
Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбірі қайталанатын цикл немесе қосым-ша программа (подпрограмма, процедура) түрінде орындалады. Операторлар бөлімінде орындалатын негізгі әрекеттерді қарастырайық.
Деректер – сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркестерін мән түріндегі
сөз тіркестерін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар (константалар),айынымалылар т.б. осы тәрізді құрылымдар немесе солардың адрестері.
Дерек енгізу – бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе енгізу-шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Операциялар немесе амалдар – берілген және есптелген мәндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.
Нәтиже алу (шығару) – аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға,дискіге немесе енгізу-шығару порттарына жазу.
Шартты түрде атқарылу – белгілі
бір көрсетілген шарттың
байланысты (ақиқат болса), командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады.
Цикл – белгілі бір шарттар орындалған (кейде егер орындалмаса) жағдайда көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.
Көмекші программа – алдын ала қандай да бір атаумен аталған командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.
Түсініктеме – программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері
арасында қазақша (орысша)
түсінік беретін пішінді
Тілдің негізгі анықтамаларын беру алдында Паскаль тілінде құрылған бір қарапайым мысал келтірейік:
Радиусы r = 5,5 см болатын берілген шеңбердің ұзындығын табу керек
болсын. Шеңбер ұзындығын есептеу үшін l = 2πr формуласын пайдаланамыз.
Program bastau; {Программа тақырыбы}
Const pi = 3.14159; {π тұрақтысының мәнін беру}
var r, l: real; {r, l мәндерінің нақты (аралас)
begin {Операторлар басы}
r:= 5.5; {r мәнін беру}
l:= 2*pi*r; {Шеңбер ұзындығын есептеу}
write (‘ Радиусы 5,5 см болатын шеңбер ұзындығы =’, l);
end. {Программа соңы}
Мұнда программа мәтіні қарайтылған қаріппен терілен, ал оң жақ шетте
және оның төменгі жолында пішінді жақша ішінде түсініктеме мәтіні берілген, түсініктеме программа мәтініне ешқандай әсер етпейді, оны түсінуді жеңілдетеді, сондықтан әрбір программа түсініктемемен толықтырылуы тиіс.
Жоғарыдағы программаның алғашқы жолы – оның тақырыбы, екінші және үшінші жолы – сипаттау бөлігі, begin (басы) және end (соңы) сөздерінің
ортасында орналасқан операторлар, яғни әр түрлі амалдар орындау бөлігі.Программаның сөздік элементтері ағылшын тілінде. Оны қазақшаға (орысшаға) аударуға болады, алгоритмдік тіл де солай жасалған. Бірақ барлық елдер программадағы негізгі немесе түйінді сөздерді өз тіліне аудармай, олардың ағылшынша нұсқасын пайдаланады, олар көп емес (60 – 70 сөз).
1.2 Тілдің алфавиті
Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын
символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер
(символдар) жатады.
Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:
● атаулар (идентификатор);
● цифрлар;
● айыру белгілері;
● арнайы символдар.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әрпі мен цифрлары қолданылады.
а) Әріп ретінде латын алфавитінің бас әріптері мен кіші әріптері:
А B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z
a b c d e f g h i j k l m n m o p q r s t u v w x y z
және астын сызу таңбасы (_)қолданылады.
Бас әріптер мен кіші әріптердің маңызы бірдей болып есептеледі, мысалы, X пен x-тің айырмасы жоқ, дәл сол сияқты ALFA1, aLfA1 және alfa1 де бір атаудың жазылу түрлері болып саналыды. Атауларда әріптер цифрлармен араласып жазыла береді, бірақ атаудың алғашқы символы міндетті түрде әріп болуы тиіс, мысалы, VES1, SALMAK2, Baga5, T7S25, ART25var8 т.б.
Атау ретінде ASCII – код кестесінің негізгі символдары (латын әріптері)
пайдаланылады, ал ол кестенің қосымша бөлімінің символдары (қазақ, орыс,
араб т.б.) атау ретінде қолданылмайды, олар тек апострофқа – жоғарғы үтірге
(‘’) алынған түсініктеме ретінде ғана кездеседі.
ә) Ондық цифрлар: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сан таңбалары.
Оналтылық цифрлар ондық цифрлаодан және A-дан F-қа (немесе a-дан
f-қа) дейінгі латын әріптерінен тұрады.
б) Арифметикалық амал белгілері: (+) қосу; (-) азайту; (*) көбейту; бөлу.
DIV – бүтін бөлу ( бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөліндінің бүтін
бөлігін табу ), мысалы, 10 div 3 амалының нәтижесі 3.
MOD – қалдықты табу
(бүтін сандарды бөлген
Логикалық амал белгілері:
AND – және ( логикалық көбейту) операциясы;
OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;
NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
XOR – арифметикалық немесе амалы; ъ
SHL – биттер ( 1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру;
SHR – биттер (1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру;
в) Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс
белгілері, ENTER (келесі жолға көшіру) пернесін басу белгісі және түсінікте-
мелер жатады. Айыру белгілері атауларды, сандарды мағыналарына сәйкес
арнаулы қызмет атқаратын түйінді сөздерді бір-бірінен бөліп тұрады. Түсі-
ніктеме {және} немесе (*және*) белгілерімен қоршалып, солардың ішіне жа-