Жалпы тарихтан тест сұрақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2013 в 19:21, тест

Описание работы

Дүние жүзінің дамыған елдері жүріп өткен урбанизация процесін ерте ме, кеш пе біздің халқымыздың да басынан өткізуі қоғамдық заңды құбылыс. Ең қысқа тарихи кезеңде өткен олқылықтардың орынын толтырып, салт-дәстүрімізбен ұлттық менталитетімізді жалпы адами құндылықтарға негізделген, қалалық өркениетке бейімдеп, рухани қазынамызды әлемдік үрдістен қалдырмай байыта беру бүгінгі ұрпақтың үлесіне тиіп отыр. Әлемдік жаһандану дәуіріне ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай, сақтай отырып, бәсекеге қабілетті экономика құру, бәсекеге лайықты халық болу қала өркениетімен бірге қалыптасады. Бүгінгі мектеп партасында отырған жас жеткіншектер, сендер бұл тарихи кезеңнің бел ортасында жүріп, еліңнің ертеңін өз қолдарыңмен, жасампаз еңбектеріңмен көркейтуге ат салысасыңдар.

Работа содержит 1 файл

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл орта мектебі.docx

— 111.09 Кб (Скачать)

Орыс деректерінде Тәукені тек қазақтардың ғана емес, қарақалпақтардың да ханы деп  жазады. Олар жыл сайын қазақтарға салық төлеп, өз одақтастарымен бірігіп  соғыс қимылдарына қатысып отырған. Тәуке ханға қырғыздардың басым  бөлігі де бағынған. Қырғыздар да қазақтардың  жоңғарларға қарсы әскери қимылдарына  белсене қатысқан. Ш.Уәлиханов «Қырғыздар туралы жазбалар» еңбегінде: «Ал  енді Есімнің немересі, Жәңгірдің  баласы Тәуке қырғыздардың биі ретінде  басқарып отырған (қырғыздардың Тиес деген  биі соған бағынған). Бүкіл рудың  билеушілері есебінде Тәуке мен  Тиестің аты Тәуке–Тиес деп бірге  аталыпты», – деген. Тәуке хан  билік құрған жылдары Ресеймен қарым-қатынас  жанданды. Осы жылдары шекара аудандарындағы орыс бекіністері мен қазақ ауылдары арасындағы қақтығыс шиеленіседі. Осындай  келеңсіз әрекеттерді бейбіт жолмен шешу үшін Тәуке хан 1687 жылы Тобыл  қаласына Тәшім батыр бастаған елшілік  жібереді. Елшілік сауда қатынастарын жандандыруды да мақсат етеді. Ресеймен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатқан Тәуке хан 1686-1693 жылдар аралығында Ресейге бес рет елшілік жіберсе, 1694 жылы хан ордасында орыс елшілері Скибин мен Трошинді қабылдаған. Әйтсе де, орыс-қазақ қарым-қатынастары XVII ғасырдың соңы–XVIII ғасырдың басында барынша шиеленіседі. Қазақ мемлекетінің күшейгенін байқаған орыстар жоңғарлармен жақындасып, оларды қазақтарға қарсы қою саясатын жүргізеді. Тәуке хан билік құрған жылдары Қазақ мемлекеті мен жоңғарлар арасындағы қарым-қатынас тұрақсыз сипатта болды. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығы тек 1653-1670 жылдар аралығында біршама тыйылды. Өйткені 1653 жылы Жоңғар хандығының негізін қалаған Батыр қоңтайшы қайтыс болғаннан кейін, оның мұрагерлері таққа таласа бастайды. 1670 жылы билікке келген Ғалдан-Бошокту қоңтайшының тұсында Оңтүстік Қазақстанға шапқыншылықтар жиілейді. Жалпы, Тәуке хан ішкі және сыртқы саясатты сәтті жүргізді. Ол ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басында Қазақ хандығындағы саяси жағдайды реттей алды. Бұл уақытта Қазақ хандығы біртұтас мемлекетке айналды. Тәуке хан дипломат-мәмілегер, айлакер қолбасшы, әдеттік құқық жүйесінің реформаторы және қазақ ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылды. Тәуке хандық құрған кезең қазақ елінің абыройы асып, көсегесі көгерген ерекше бір кезең болғандығын белгілі тарихшы А.И.Левшин былайша жазды: «Тәукенің атын атаса-ақ, бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп, мақтаныш билейді. Қазақ ордасының Ликургі, Айдаһары – сол адам. Тәуке алауыз болып, қырғынға бөккен елді сабасына түсіріп, ру мен ру арасындағы жұрттың бәрін өзіне мойынсұндыра білді, әлсіз рулардың басын қосып, әулетті дұшпанға қарсы қоя алды, күштілерді тізеге салып, тәубесіне келтірді, баршаға ортақ заң жасап, сол бойынша билік айтты». Елдің елдігін сақтауда Тәуке хан билер институтына арқа сүйеп, дала демократиясын басшылыққа алды. Сондықтан да Тәуке хан билігінің асқақтауында Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің тарихи рөлі жоғары.

2. Тәуке ханның XVII ғасырдың аяғында қабылданған «Жеті жарғы» атты заңы, шынында да, қазақ халқының бірігуіне жағдай жасады. Руаралық және жүзаралық келіспеушіліктер азайды. «Жеті жарғы» заңын түзуде «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» басшылыққа алынып, олар заман талабына сай жетілдірілді.  Сөйтіп, қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер енгізілді. «Жеті жарғы» – тек сол заманға сай құқықтық құжат емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш.

3. Жүз жайлы қазақ шежірелерінде «Арғы атасы Үйсіннен тарайтын Қотанбайдың үлкен ұлы Үйсін (Ұлы жүз), ортаншы ұлы Болат (Орта жүз), кенже ұлы Алшын (Кіші жүз) болып отау көтерді» делінеді. Қазақтың қай шежіресін алсақ та, жүздердің тегін Үйсіннен (Ақарыс, Бекарыс, Майқы би) таратады. Қазақ тарихын зерттеген В.В.Бартольд қазақ жүздерінің пайда болуын көшпенділер табиғатымен байланыстырады. Оның пайымдауынша, қазақтың бір жүзінің тірегі – Жетісу, Сырдың орта бойы, енді бірінікі – Сырдың төменгі бойы, Сарысу өзені болса, үшіншісінікі – Батыс Қазақстандағы жер-сулар. «Жүз» деген – сан немесе әскери жүздік жүйесі емес, жер-суының ыңғайына қарай жайғасқан, өріс-қонысы бір дүйім жұрттың қауымдастығы, елдің географиялық орналасу бағыт-бағдарын көрсететін өлшем. Ш.Уәлиханов: «Алтын орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған», – десе, Н.А.Аристов: «Жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан», – депті. Ал В.В.Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды», – деп есептейді. М.П.Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: «Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты», – десе, С.Аманжолов: «Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде – Х–XII ғасырларда бөлінді», – деп тұжырымдайды. Т.И.Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келе: «XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан», – деген болжам айтады. Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы–  Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі – Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі – Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті «бір атадан тарадық» деп есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүз құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болды. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Сондай-ақ жүздер басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленді. Әр жүздің өз төбе билері болды. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырған. Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси-аумақтық бөлшектері еді. Бейбіт кезеңдерде ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты. Дегенмен бұдан «қазақ жүздерінің арасында саяси, шаруашылық, мәдени, этностық байланыстар болмады» деген түсінік тумауы керек. Көшпелі,мал шаруашылығымен айналысатын және отырықшы не жартылай отырықшы ру-тайпалардың арасында өзара айырбас, сауда байланыстары жиі болып тұрды. Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлық қатынастар да өркендеді. Ішкі шекаралас аудандарда жер дауы, жесір дауы мәселелері де орын алған. Сондықтан жүздердің ішкі шекаралық аудандары қазақ халқының өзара мәдени, тілдік, тұрмыстық, шаруашылық бірлігіне дәнекер болған алтын көпір, үзілмес желі қызметін атқарды. Ал ел басына күн туғанда қазақ жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Қазақ жүздерінің қордаланған ішкі, сыртқы мәселелері жүздердің басы қосылған құрылтайларда, жиындарда шешіліп отырды. Ал жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі. 1731 жылы қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп хабарлайды: «...қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтқанда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады». Үштік бөлініс – қазақ жерін мекендеген көне тайпалардан келе жатқан дәстүр. Сақтар: тиграхаудау, хаомаварға және парадарайя болып үш бөлікке бөлінген. Көне үйсіндерде, ежелгі түркі-моңғол көшпенділерінде үштік одаққа бөліну дәстүрі болған. Бұдан, жалпы, үштік бөлініс қазақтардың арғы тектерінің дәстүрінде бар екенін көреміз. Кең байтақ қазақ жерінде мұндай үлкен одақтар құру саяси-әскери қорғаныс, шаруашылық-ұйымдастырушылық басқару қажеттіліктерінен туындаған. Әр жүздің тайпалары шаруашылық мүдделер негізінде топтасып, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланғанымен, тіл, материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан еш айырмашылығы болған жоқ. XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түркітектес халық болып топтасты да, кейінірек «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды. Сөйтіп, халықтың қалыптасу үдерісі аяқталды.

 

 

 

 

 

Жарылқасын ЖАППАСОВ,

тарих ғылымының  кандидаты,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің доценті:

Қазақ хандығы алғаш  достық қарым-қатынас орнатқан мемлекет Моғолстан болатын 

1. А) Қазақ хандығы алғаш достық қарым-қатынас  орнатқан мемлекет Моғолстан болатын. Мұхаммед Хайдар  Дулати қазақтар мен моғолдар арасындағы «достық және  бейбіт қатынастар» Есен-Бұға ханның кезінен басталып,  Абд ар-Рашид хан билік ете бастаған уақытқа дейін жасалынды (XV ғасырдың ортасынан XVI ғасырдың 30-жылдарына дейін) дейді. XVI ғасырдың басында Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыстар жасаған Ұлы князь III Василий (1505-1533) басқарған Мәскеу мемлекеті болды. Осы кезде Қазақ хандығы Мәскеуге келген австриялық дипломат Сигизмунд Герберштейннің жазбалары арқылы Батыс Еуропаға таныла бастады. 1594 жылы Тәуекел хан Мәскеу патшасына Құл-Мұхаммед бастаған елшілік жібереді. Елшіліктің мақсаты – Тәуекел ханның жиені Ораз-Мұхаммедті тұтқыннан босату және шайбанилік Абдаллахқа қарсы күресте Мәскеудің көмегін алу еді. 1595 жылы елшіге патшаның жауап грамотасы тапсырылды. Шын мәнінде, Мәскеу қазақтарға ешқандай көмек көрсеткен жоқ.

В) Қазақ хандығы тарихындағы жетекші тұлғаларға келсек, Керей мен Жәнібек хандар – Қазақ хандығының негізін қалаушылар. Бұрындық ханның кезінде Қазақ хандығы нығайып, Сыр өңірі үшін күрес жүргізеді. Бұл кезеңде қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасады. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы күшейіп, мемлекеттің территориясы кеңейеді, халқы көбейіп, хандықты көрші мемлекеттер мен Батыс Еуропа таныған. Жалпы, Қазақ хандығы ХVІ ғасырдың бірінші ширегінде Орта Азиядағы шайбанилер әулетімен саяси қарым-қатынастарының  барысында  Сыр бойындағы саяси-экономикалық, стратегиялық маңызы зор қалаларды Қазақ хандығына қосады. Бұл жағдай хандықтың  күшеюі мен нығаюына тікелей әсер етеді. ХVІ ғасырдың 20-жылдарына таман Қазақ хандығы батыста да  нәтижелі сыртқы саясат жүргізеді. Орыс деректерінде және қазақтың тарихи жырларында 1519 жылы Қазақ хандығы Еділдің сол жағалауындағы өңірлерге де билік жүргізгендігі, Еділ-Жайық аралығы қазақ тайпаларының  көшіп-қонатын жеріне айналғандығы айтылады. Осы кездерде Қырым, Астрахан  хандықтарымен  қарым-қатынастар орнаған. Осылайша, Қазақ  хандығы ХVІ  ғасырдың  бірінші ширегінде Қасым  ханның  билігі тұсында бұрынғы Жошы және Шағатай ұлыстары территориясындағы  ең  күшті мемлекетке айналды. Қазақ хандығының тарихында атақты Қасым ханның жолын қуған ұлы – Хақназар ханның алар орны ерекше. Зерттеушілердің барлығы дерлік Хақназардың жоғарғы билікке келуімен мемлекеттің саяси және экономикалық жағдайының жаңа сатыға көтерілгендігін айтады. М.Ж.Көпейұлы Хақназарды Қасымнан соң бытыраған елдің басын қосқан «даңқты хан» деп бағалайды: «Қасым хан өлген соң, балалары баққа, таққа таласып, ноғай, өзбек, қалмақ үшеуі үш жақтан жау болып, быт-шыт болып, Қасым ханның бел баласы Ақназарды хан көтеріп, бұл Ақназар қайратты кісі болып, «батыр хан» атанып, өзбек ханы Шайбаниларды жеңіп, Көшім ханды қорғалатып, орысқа тығылдырып, орыстың ол уақыттағы патшасы Қорқынышты Иван Ақназарға елші салып, сауда араластыру, керуен жүргізу үшін елдесіп, Ақназар қазақты Қасым хан уақытындағы қалпына бір түсірген», – деген. XVІ ғасырдың 50-жылдарының соңынан бастап Қазақ хандығы ноғайларға, Көшімнің Сібір хандығына, Орта Азия хандықтарына айтарлықтай қауіп төндірді. Мәселен, 1558-1559 жылдары Орта Азияда болған ағылшын көпесі А.Дженкинсон «мұсылман дініндегі қассақтар» туралы өте күшті және саны көп халық деген пікір айтқан. Ол өзі келерден бұрын қазақтар Ташкентті үш жылдан бері тықсырып келгенін және шабуыл жасау арқылы керуендердің еркін жүріп өтуіне кедергі жасап отырғанын хабарлаған. Бұл Ташкентке үнемі қатер төндірген Хақназар ханның қосындары болатын. XVІ ғасырдың екінші жартысында Қазан (1552 ж.), Астраханды (1556 ж.) өзіне бағындырған Ресей Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынастарды жолға қою үшін Сібір арқылы қазақтармен де байланыс жасауға талпыныс білдірді. Сондықтан да орыс елі көршілері туралы мәліметтерді  елшілері, шетелдіктер, саудагерлері арқылы жинастырды. Хақназар ханның тұсында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы жақсарып, көрші жатқан орыс, өзбек т.б. елдер онымен байланыс жасауға, достық одақта болуға ұмтылды. Ал Тәуекел хандық билікке өте қиын кезеңде келгенімен, өзін соғыс білгірі, епті саясаткер ретінде көрсете алды. Хафиз Таныш Тәуекел хан жайлы: «Батырлығы, ерлігі мен күштілігінен ол әлемде жалғыз еді және Дешті Қыпшақта атақты болды. Оның сырт келбеті де сұлу, ақындық таланты да бар», – дейді. Тәуекел хан тұсында ресми түрде Қазақ хандығы орыс мемлекетімен елші алмастырып, дипломатиялық қарым-қатынас жасады. Сонымен қатар, Тәуекел ханның шебер дипломат, көреген саясаткер, батыл қолбасшы болғандығының арқасында Мауреннахр мемлекетіндегі Шайбани әулеті толығымен күйреп, Түркістан, Ташкент, Ферғана жерлері белгілі бір кезеңдерге дейін қазақ территориясының құрамына енді. Есім, Жәңгір хандардың да Қазақ хандығын күшейтуде, көрші елдермен дипломатиялық қатынастар орнатуда өзіндік үлестері зор.  

Г) Тәуке хан ақылды дипломат, көреген саясаткер, құдіретті хан болған. Ол дала ақсүйектері – билердің көмегімен өзінің саяси үстемдігін нығайтқан. Тәуке ханның кезінде құрылған билер кеңесі хандықтың ішкі және сыртқы саясатындағы маңызды мәселелерді шешетін жүйеге айналды.

 

 

 

 

                                                                                               

«Аңыз адам» журналы №24 (60) желтоқсан 2012 жыл

 
Қазақ хандығының хандары[өңдеу]


Керей хан, Болат сұлтан ұлы, Орыс хан шөбересі 1465—1474 жылдары билеген.

Әз-Жәнібек  хан, Барақ хан ұлы, Орыс хан шөбересі 1474—1480 жылдары билеген.

Бұрындық хан, Керей хан ұлы, 1480—1511 жылдары билеген.

Қасым хан, Әз-Жәнібек хан ұлы, 1511—1522 жылдары билеген.

Момыш хан, Қасым хан ұлы, 1522—1523 жылдары билеген.

Тайыр хан, Әдік сұлтан ұлы, 1523—1533 жылдары билеген.

Бұйдаш  хан, Әдік сұлтан ұлы, 1533—1538 жылдары Жетісу өңірін билеген.

Тоғым хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1533—1537 жылдары билеген.

Ахмет хан, Жаныш сұлтан ұлы, 1533—1535 жылдары Сырдария маңын билеген.

Хақ-Назар хан, Қасым хан ұлы, 1538—1580 жылдары билеген.

Шығай хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1580—1582 жылдары билеген.

Тәуекел хан, Шығай хан ұлы, 1582—1598 жылдары билеген.

Есім  хан, Шығай хан ұлы, 1598—1628 жылдары билеген.

Жәнібек хан, Есім хан ұлы, 1628—1643 жылдары билеген.

Салқам  Жәңгір хан, Есім хан ұлы, 1643—1652 жылдары билеген.

Батыр хан, Бөлекей сұлтан ұлы (Әз-Жәнібек хан ұлы, Өсеке сұлтанның ұрпағы), 1652—1680 жылдары билеген.

Тәуке хан, Жәңгір хан ұлы, 1680—1715 жылдары билеген.

Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген.

Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген.

Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1729—1771 жылдары билеген.

Абылай  хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген.

Кене хан, Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.

Ұлы жүз билеушілері[өңдеу]


Жолбарыс  хан, Тұрсын сұлтан II ұлы, (Шығай ханның Аман-Бұлан сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1715—1718 жылдары билеген.

Есім сұлтан, Сәмеке хан ұлы, Тәуке хан немересі 1750—1798 жылдары билеген.

Әбілфайыз хан, Әбілмәмбет хан ұлы, 1771—1783 жылдары билеген.

Орта жүз билеушілері[өңдеу]


Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген.

Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген.

Сәмеке  хан, Тәуке хан ұлы, 1719—1734 жылдары билеген.

Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1729—1771 жылдары билеген.

Күшік сұлтан, Тұрсын сұлтан ұлы, (Шығай ханның Ондан сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1718—1748 жылдары билеген.

Барақ сұлтан, Тұрсын сұлтан ұлы, 1731—1748(1750)? жылдары билеген.

Абылай  хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген.

Уәли хан(1741—1819), Абылай хан ұлы, 1781—1819 жылдары билеген.

Дайра хан, Барақ сұлтан ұлы, 1781—1784 жылдары билеген.

Бөкей хан, Барақ сұлтан ұлы, 1815—1817 жылдары билеген.

Шыңғыс сұлтан, Бөкей хан ұлы, (Барақ сұлтан немересі) 1819—1822 жылдары билеген.

Ғұбайдолла  хан, Уәли хан ұлы, 1821—1824 жылдары билеген.

Кене хан(1802—1847), Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.

Кіші жүз билеушілері[өңдеу]


Ресей Империясы тағайындаған хандар[өңдеу]


Әбілқайыр хан, Қажы сұлтан ұлы, (Әз-Жәнібек ханның Сөк сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1718—1748 жылдары билеген.

Нұралы  хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1748—1786 жылдары билеген.

Жармұхамбет хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1786—1791 жылдары билеген.

Ералы хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1791—1794 жылдары билеген.

Есім  хан, Нұралы хан ұлы, 1796—1797 жылдары билеген.

Айшуақ  хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1797—1806 жылдары билеген.

Жантөре хан, Айшуақ хан ұлы, 1806—1810 жылдары билеген.

Шерғазы хан, Айшуақ хан ұлы, 1812—1824 жылдары билеген.

Халық таңдаған билеушілер (Маңғыстау өңірі)[өңдеу]


Батыр хан, Қайып хан ұлы, 1748—1785 жылдары билеген.

Әбілғазы хан, Батыр хан ұлы, 1791—1806 жылдары билеген.

Қаратай хан, Нұралы хан ұлы, 1806—1816 жылдары билеген.

Арынғазы  хан, Әбілғазы хан ұлы, 1816—1821 жылдары билеген.

Бөкей Ордасы билеушілері.[өңдеу]


Бөкей хан, Нұралы хан ұлы, 1800—1815 жылдары билеген.

Шығай хан, Нұралы хан ұлы, 1815—1823 жылдары уақытша билеген.

Жәңгір хан, Бөкей хан ұлы, 1824—1845 жылдары билеген.

Сайып-Керей  хан, Жәңгір хан ұлы, 1845—1847 жылдары билеген.


Информация о работе Жалпы тарихтан тест сұрақтары