Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2013 в 19:21, тест
Дүние жүзінің дамыған елдері жүріп өткен урбанизация процесін ерте ме, кеш пе біздің халқымыздың да басынан өткізуі қоғамдық заңды құбылыс. Ең қысқа тарихи кезеңде өткен олқылықтардың орынын толтырып, салт-дәстүрімізбен ұлттық менталитетімізді жалпы адами құндылықтарға негізделген, қалалық өркениетке бейімдеп, рухани қазынамызды әлемдік үрдістен қалдырмай байыта беру бүгінгі ұрпақтың үлесіне тиіп отыр. Әлемдік жаһандану дәуіріне ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай, сақтай отырып, бәсекеге қабілетті экономика құру, бәсекеге лайықты халық болу қала өркениетімен бірге қалыптасады. Бүгінгі мектеп партасында отырған жас жеткіншектер, сендер бұл тарихи кезеңнің бел ортасында жүріп, еліңнің ертеңін өз қолдарыңмен, жасампаз еңбектеріңмен көркейтуге ат салысасыңдар.
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі Умирзакова Гулжанат
«Қала-өркениет орталығы»
11 сыныптарға арналған бейімдеу
курсы сабағының бағдарламасы
Түсіндірме парағы
Дүние жүзінің дамыған елдері жүріп өткен урбанизация процесін ерте ме, кеш пе біздің халқымыздың да басынан өткізуі қоғамдық заңды құбылыс. Ең қысқа тарихи кезеңде өткен олқылықтардың орынын толтырып, салт-дәстүрімізбен ұлттық менталитетімізді жалпы адами құндылықтарға негізделген, қалалық өркениетке бейімдеп, рухани қазынамызды әлемдік үрдістен қалдырмай байыта беру бүгінгі ұрпақтың үлесіне тиіп отыр. Әлемдік жаһандану дәуіріне ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай, сақтай отырып, бәсекеге қабілетті экономика құру, бәсекеге лайықты халық болу қала өркениетімен бірге қалыптасады. Бүгінгі мектеп партасында отырған жас жеткіншектер, сендер бұл тарихи кезеңнің бел ортасында жүріп, еліңнің ертеңін өз қолдарыңмен, жасампаз еңбектеріңмен көркейтуге ат салысасыңдар.
Қала-рухани, мәдени орталық. Әдемі де, сәулетті қала-адамдардың эстетикалық талғамын байытып, жан дүниесін сұлулыққа тәрбиелейді. Ауылдағы жастардың қала өміріне тез бейімделіп кетуі, қала өркениетінің құндылықтарын жан дүниесімен сезіне отырып, қалалардың табиғатындағы нәзік психологиялық ерекшеліктерін, философиялық дүниетанымын бойына дарыта білуіне байланысты. Сүйікті қаласының өндірістік потенциалын, мәдениетін дамытып, қазақ халқының ұлттық менталитетін қалада қалыптастыру бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Бұл курстың басты мақсаты сонда, урбанизация толқыны мектеп бітіріп қаланың бейтаныс жаңа өміріне ағылып келіп жатқан жастардың азаматтық позициясының дұрыс қалыптасуына көмектесу. Сендердің замандас құрбыларың ғасырлар бойы қалыптасқан қала өркениетінің дәстүрлі мінез-құлық этикасынан, эстетикалық құндылықтарынан мағлұмат аз болғандықтан қоғамдық тәртіпке қарсы әр түрлі дарақылық әрекеттерге бой алдырып жүр. Қала-адамдардың бәсекелестік рыногы іспетті. Сондықтан да, қалада ұнатқан жұмысыңа орналасып, жеткілікті табыс тауып, жақсы өмір сүру үшін «индивидуализм» яғни, жеке тұлғаның білімділігі мен іскерлік дағды ерекшеліктері болуы шарт. Адам бойындағы қабілеттілік, еңбекқорлық, ізденгіштік сияқты ізгі қасиеттер «индивидтің» сапалық деңгейін көрсетеді. Жаңа жағдайға тез бейімделуіне, өмірдегі өз орнын дұрыс таңдай біліп, ойлаған мақсатыңа жетуіне көмектеседі.
Курстың міндеті:
11 сынып (64 сағат)
Кіріспе (1 сағат) Пәннің мақсаты мен мазмұны туралы түсінік
І тарау: «Қалалардың пайда болу тарихы» (2 сағат)
Тақырыптың негізгі ұғымдары мен мәселелері
Екінші еңбек бөліндісі
мен қалалардың пайда болуының
тарихи себептерін түсіндіру.
Қала-адам баласының ой-
Сабақтың түрлері, өткізу әдістері мен көрнекі құралдары
Баяндау және көрнекілікпен
демонстрациялау. Схема: «
Негізгі және қосымша әдістемелік әдебиеттер
ІІ тарау: « Ежелгі Шығыс және Батыстың қалалық өркениетінің адамзат қоғамына қосқан үлесі» (12сағат)
Тақырыптың негізгі ұғымдары мен мәселелері
Адамзат қоғамының дамуындағы Шығыс өркениетінің негізін қалаған қалалардың тарихи деректері мен, сәулет өнерінің туындыларымен, ғибадатханаларымен танысу. (Вавилон, Александрия, т.б қалалардың мәдени қазыналары туралы мәліметтер беру) Шығыс ғұламаларының еңбектерін оқып үйрену. Афины мен Спарта қала-полистерінің өнер-білім, ғылым саласындағы жетістіктері адамзат қоғамының ортақ қазынасы болды. Аристотел мен Демокрит ілімдері. Гректердің жастарға патриоттық тәрбие берудің өзіндік ерекшеліктері. «Италия-табиғат аясындағы мұражайлар елі» Әлемдік өнер жетістіктерінен мол мағлұматтар беру. Қайта өрлеу дәуірінің теңдесі жоқ жетістіктері. (сәулет, театр, мүсін өнері, білімі мен ғылымы туралы)
Сабақтың түрлері, өткізу әдістері мен көрнекі құралдары
Стандартты емес сабақ
түрлерімен өткізу. Оқушыларды шығармашылық
жұмысқа баулу. « Әлемдік
Негізгі және қосымша әдістемелік әдебиеттер
ІІІ тарау: « Қазақстан мен Орта Азия территориясындағы қалалық мәдениеттің өркендеуі» (10 сағат)
Тақырыптың негізгі ұғымдары мен мәселелері
Археологиялық заттай және жазба деректерінің мәліметтерін оқып-үйрене отырып, ғылыми тұжырымдар жасауға оқушының дағдысын қалыптастыру. Әлемдік дамудың іргелілілеуіне айрықша ықпал еткен, жер жүзілік өркениетінің күре тамыры «Ұлы Жібек жолыының» бойындағы Қазақстан қалаларының өсіп өркендеуіне прогессивтік маңызын түсіндіру. Тараз, Үргеніш, Сауран, Яссы, Сығанақ т.б қалалардың тарихи рөлін, мәдени мұраларын, ғылыми жетістіктерін оқып үйрету арқылы тәлім-тәрбие беру
Сабақтың түрлері, өткізу әдістері мен көрнекі құралдары
Конференция, семинар сабақтарын өткізу. Өзіндік жұмыс әдістеріне үйрету. Тархи документтерді, музей жәдігерлерін, көрнекі плакаттарды пайдалану. Пәнаралық байланыстарды негізге алу. «Қала-маңызды орталық» мультимедиялық тірек схемасы
Негізгі және қосымша әдістемелік әдебиеттер
IV тарау: «Өндіргіш
күштердің дамуы, қалалардың
Тақырыптың негізгі ұғымдары мен мәселелері
Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынасттардың дамуындағы қалалардың ролі мен техникалық прогрестің маңызын айқындау. Нью-Йору, Лондон, Токио т.б қалалардың мәдени, өнер-білім орталығына айналуы және әлемдік өркениетке ықпалы туралы жан-жақты мағлұматтар беру. Дүниежүзілік урбанизация процесінің сабақтары туралы мәліметтер бере отырып, урбанизация қазақтар үшінде оң басталған прогрессивті құбылыс екенін түсіндіру. Жастаға бәсекелестік қабілетін арттыру жолдарын үйрету. Алдын ала психологиялық дайындық жұмыстарынжүргізу
Сабақтың түрлері, өткізу әдістері мен көрнекі құралдары
Стандартты емес сабақ
түрлері, «Дебат», «Семинар»
Негізгі және қосымша әдістемелік әдебиеттер
V тарау: «Бүгінгіөркениетті қоғамдағы қалалардың ролі» (11 сағат)
Тақырыптың негізгі ұғымдары мен мәселелері
Қалалар-адамзатқоғамындағы тарихи еңбек бөліндісі мен өндіргіш күштердің үздіксіз дамуының заңды нәтижесі. Ұлттық нышандармен сәулетті бой көтерген көркем қалалар-адам жанының рухани жаңаруына, мәдениетінің қалыптасуына оң әсер етеді. Жас ұрпақты жалпы азаматтық құндылықтар негізінде қала өркениетінің жетістіктерімен байланыстыра тәрбиелеу
Негізгі және қосымша әдістемелік әдебиеттер
VI тарау: «Қала және жастар» (17 сағат)
Тақырыптың негізгі ұғымдар мен мәселелер
Жастардың нашақорлық,
ұрлық, жезөкшелік және жеңіл
жолмен табыс табу жолына