Жаңа тас дәуірінің шаруашылығы мен мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 19:27, курсовая работа

Описание работы

Бұдан екі ғасыр бұрын адамзат танымы 3000 жылдық тарихпен ғана шектелген болса, қазіргі заманда тарих аясы анағұрлым кеңейе түсті. Осы күнгі ғылымнық соқғы жақалықтарына жүгінсек, адам баласы жер бетінде 2 млн. жыл бұрын пайда болған. Ал жазу адам жаратылысынан анағұрлым кеш және кейбір елдерде ғана, мысалы, Египет (Мысыр) пен Месопотамияда б. з-дан 3 мық жылға жуық бұрын, Қазақстан жерінде б. з-дан бұрынғы IV ғасырда, Франция жерінде б. з-дан бұрынғы 60-жылдары пайда болған

Содержание

І Кіріспе......................................................................................................................3
ІІ Негізгі бөлім
І тарау Жаңа тас дәуірінің ерекшеліктері
1.1 Жаңа тас дәуірінің ерекшеліктері...................................................................4
1.2 Жаңа тас дәуірінің ескерткіштері мен тұрақтары......................................6
ІІ тарау Жаңа тас дәуірінің шаруашылығы мен мәдениеті
2.1. Жаңа тас дәуіріндегі шаруашылық.........................................................12
2.2. Жаңа тас дәуіріндегі еңбек құралдары...................................................14
2.3 Жаңа тас дәуіріндегі діни нанымдар мен мәдениеті...........................16
ІІІ Қорытынды......................................................................................................25
ІV Сілтемелер.......................................................................................................26
V Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............

Работа содержит 1 файл

Жаңа тас дәуірі кезінің ерекшеліктері.DOC

— 131.00 Кб (Скачать)

Қазақстан территориясында әзірге бірнеше неолиттік көмбе ашылды, олар негізінен Солтүстік Қазақстанда. Жер бетінде көмбенің ешқайсы-сының сыртқы белгісі жоқ. Барлық молалардан сүйектермен бірге жебелердің ұштары шықты, мұның өзі біздің арғы бабаларымыздың аң аулау кәсібімен одан әрі шұғылданғанын ғана емес, сонымен қатар олардың жиі-жиі соғыс жанжалына қатысқанын да көрсетеді. /11/

Көмбелерде керамика өте аз, ал кейбіреулерінде мүлде жоқ. Неолит дәуіріндегі жерлеу ғұрпы туралы Железинка селосы (Пеньки тұрағынан 100 км жерде) жанындағы молаға қарап неғұрлым толық пікірге келуге болады.

Мола, сірә, рулық ұйымдағы ерекше дәрежелі әйелдікі болса керек. Сәндік заттардың, еңбек құралдарының көптігі, оның үстіне жерлеудің күнге табынуға байланысты ерекше ғұрпы осыны көрсетеді. Ондай әдет бойынша өлік кремацияланатын болған. Бұл жолы өлік толық өртелмеген, бұдан кейін денесінін қалдығы өлген адамның заттарымен бірге молаға көмілген, ол заттардың ішінде бас киімге тағылған, шеті ұсақ көртпешелермен сәнделген, орақ тәрізді сүйек қаптырма, жыртқыш аңдардың тістері, қауашақтан жасалған ірі моншақтар тізілген алқа бар. Мейлінше сәнделген киіммен бірге молаға еңбек құралдары '(шот, сүйек біз), аңшылық құралдары (найзалардың, жебелердің тастан және сүйектен жасалған ұштары) және балшықтан жасалған, құты тәріздес, түбі домалақ, кішкене үш ыдыс салыныпты. Сол жерден құланның екі топайы табылды, бұлар қызыл жосамен боялған,— бұл түс, ежелгі адамдардың ұғымынша, өртеу, отқа табыну рәсімін білдірген. /12/

Қазақстанда мезолит пен неолит дәуірі жеткілікті зерттелмегеніне қарамастан, өзіне тән көптеген белгілері қазірдің өзінде-ақ мәлім. Ол дәуір дала айшыларының мәдениеті дамыған уақыт еді, бұл аңшылар көшіп-қонып жүрді және қолайлы табиғат жағдайында — өзендер мен көлдердің жағасында балық аулаумен де шүғылданды.

Ол байланыстар бәрінен де гөрі Оңтүстік Қазақстанның және әсіресе, Батыс Қазақстанның тайпаларында айқын көрінеді. Ежелгі байланыстар тізбегі сонау алыс солтүстік пен солтүстік-батыстағы Приуралье мен Батыс Сібірге жетіп, шақпақ құралдар бітімдерінің өзгешеліктерінен және өрнектелген балшық ыдыстардың түрлерінен көрініп отырады. Солтүстік және Шығыс Қазақстан тайпаларының мәдениеті Орта Азил халықтарының мәдениетіне ұқсас белгілерін аңғарта отырып, сонымен қатар жаңа тас дәуіріндегі Алтай мен Байкал, өңірі тайпаларына неғұрлым жақын болды. Сонымен, мәдени дәстүрлердің ерекшелігі мен өзгешелігін сақтай отырып, Қазақстанның неолиттік тайпалары көрші региондар мен аймақтардың тайпаларымен тығыз банланыста дамыды.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

  Қорыта айтқанда Қазақстанның әртүрлі аймақтары өзгеріс жағдайына түрліше бейімделген. Туран мен Каспий өңірі шөлдері аймағының жағдайы түрақты болған. Каспий теңізінің жағалаулары мен Үстірт жанында палеолит пен неолит ерте кезеңдерінің көптеген тұрақ-мекендері сақталған, олар — палеолиттің ерте кезеңінен неолитке дейін болған үздіксіз әрістеудің куәсі. Каспий өңірі мен Үстірттің палеолитіне кремний шикізаты база болған. Каспий жағалауы мен Үстірт тегістігіндегі үзақ өріетеугс палеографиялық жағдайдың (қолайлы ауа райы, аң аулайтын орындар мен мекен жайлардың) көптігі, шикізаттың шексіз молдығымен ауызсудың барлығы негіз болады. Палеолиттің мұндағы өрістеуі ашелдің едәуір кейініректегі кезеңінен басталады да, кейініректегі   палеолитке дейін   үзілмейді. Тас ғасыры тұрақтары топографиясының ерекшелігіне қарағанда, атгашқы гоминидтердің Сарыарқаның басты су айрығымен жүріп өткені ықтимал, сөйтіп олар одан әрі барып, Солтүстік Балқаш өңіріне тарап қоныстанган. Палеографиялық жағдайдың тұрақтылығы, көші-қон жолдарының қалыпқа келуі және, шамасы, олардың өзгермеуі, сол сияқты жануарлардың (аң аулау көзі) тіршілік ететін жерлері мен құстар жолының да бір қалпында қалуы, жақсы шикізат қорының жер бетіне шығып жатуы және тиянақты су көзінің болуы палеолиттің әртүрлі мәдениетін бойына дарытқан алғашқы ұжымдардың бір тұрақ-мекендерінде ұзақ уақыт тіршілік етуіне мүмкіндік берген, ал тұрақтар орны мен қозғалыс жолы едәуір дорсжеде сол шикізаттар жер бетіне шығып жатқан орынға, өзендер жағалауына, терең шүнейттер мен суы тұщы бұлақтар басына жақын болған.

Сілтемелер

   1.Сабырханов А., «Ұлы бетбұрыс»Алматы, «Мектеп»1981ж

      112-116 беттер

   2. Бекмаханова Н. Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1991 ж.

      69-75 беттер

   3. Жамбылов Д. «Тәуелсіздік және  саяси сана» Алматы,1999ж.

      71-75 беттер

   4. Тлепов Ж. «Елім деп еніреген ерлер жыры» Алматы, 1995ж.

      89-95 беттер

   5.Мәлімбаев С., «Патшалық Ресейдің отарлық саясаты» Алматы,1994ж.

     114-116 беттер

   6.Мадашев Х «Қазақ халқының арғы бергі тарихы»  Алматы, 1995ж.

     223-229 беттер

   7. Қазақстан тарихы. 3 том. Алматы, 2001 ж. 131-135 беттер

   8. Қазақстанның көне тарихы. Алматы, 1993 ж.              32-43 беттер

   9.Қозыбаев М. Қазақстан тарихы очерктері. Алматы, 1994 ж.

      119-130 беттер

   10.«Қазақ совет энциклопедиясы», І,ІІ-том. 73-77 беттер

  11.Қозыбаев М.,  «Жауды шаптым ту байлап» Алматы, 1994ж.

         23-33 беттер

   12.Байпақов К.М. Ежелгі Қазақстан тарихы. Алматы, 19994 ж.

        78-81 беттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

   1.Сабырханов А., «Ұлы бетбұрыс»Алматы, «Мектеп»1981ж

   2. Бекмаханова Н. Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1991 ж.

   3. Жамбылов Д. «Тәуелсіздік және  саяси сана» Алматы,1999ж.

   4. Тлепов Ж. «Елім деп еніреген ерлер жыры» Алматы, 1995ж.

   5.Мәлімбаев С., «Патшалық Ресейдің отарлық саясаты» Алматы,1994ж.

   6.Мадашев Х «Қазақ халқының арғы бергі тарихы»  Алматы, 1995ж.

   7. Қазақстан тарихы. 3 том. Алматы, 2001 ж.

   8. Қазақстанның көне тарихы. Алматы, 1993 ж.             

   9.Қозыбаев М. Қазақстан тарихы очерктері. Алматы, 1994 ж.

   10.«Қазақ совет энциклопедиясы», І,ІІ-том.

   11.Қозыбаев М.,  «Жауды шаптым ту байлап» Алматы, 1994ж.

   12.Байпақов К.М. Ежелгі Қазақстан тарихы. Алматы, 19994 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 



Информация о работе Жаңа тас дәуірінің шаруашылығы мен мәдениеті