Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 19:27, курсовая работа
Бұдан екі ғасыр бұрын адамзат танымы 3000 жылдық тарихпен ғана шектелген болса, қазіргі заманда тарих аясы анағұрлым кеңейе түсті. Осы күнгі ғылымнық соқғы жақалықтарына жүгінсек, адам баласы жер бетінде 2 млн. жыл бұрын пайда болған. Ал жазу адам жаратылысынан анағұрлым кеш және кейбір елдерде ғана, мысалы, Египет (Мысыр) пен Месопотамияда б. з-дан 3 мық жылға жуық бұрын, Қазақстан жерінде б. з-дан бұрынғы IV ғасырда, Франция жерінде б. з-дан бұрынғы 60-жылдары пайда болған
І Кіріспе......................................................................................................................3
ІІ Негізгі бөлім
І тарау Жаңа тас дәуірінің ерекшеліктері
1.1 Жаңа тас дәуірінің ерекшеліктері...................................................................4
1.2 Жаңа тас дәуірінің ескерткіштері мен тұрақтары......................................6
ІІ тарау Жаңа тас дәуірінің шаруашылығы мен мәдениеті
2.1. Жаңа тас дәуіріндегі шаруашылық.........................................................12
2.2. Жаңа тас дәуіріндегі еңбек құралдары...................................................14
2.3 Жаңа тас дәуіріндегі діни нанымдар мен мәдениеті...........................16
ІІІ Қорытынды......................................................................................................25
ІV Сілтемелер.......................................................................................................26
V Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............
2.2. Жаңа тас дәуіріндегі еңбек құралдары
Неолит дәуірінде алғашқы халықтың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығуына себепші болды. Қазақстанның ежелгі халқында кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты, оған керамикалық ыдыстар белгілі болды.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық кауым дәуірі болды, онда коллективтік еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Сонымеи бірге мұның өзі қоғамның ұйымдасу формаларыныц неғұрлым жоғары дамыған уақыты болды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланығына қарай және шаруашылығының біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше (саны азды-көпті) рулық қауымдардан құрылды.
Қазақстан территориясындағы әуелгі неолиттің ескерткіштері әзірше аз зерттелген. Алайда күмәнсыз жай, ол, қазақстандық неолит СССР территориясында жана тас дәуірінде болған тарихи-мәдени процестің басты-басты бағыттарында дамыды.
Қаратау жотасының оңтүстік бөктерінде (Шымкент қаласының солтүстік-шығыс жағында) Қара үңгір өзенінің оң жағасына орналасқан Қараүңгір неолиттік үңгір тұрағын қазғанда неолит дәуіріне қатысты ең көп және көрнекі материал алынды. Мұнда қалың мәдени қабат сақталған оның жоғарғы бөлімі ғана соңғы мезолиттен қоса есептегенде неолитке дейінгі уақытты қамтиды. /6/
Жер ошақтардың, зор от орындарының жанынан хайуандардың көптеген сүйек қалдықтары табылды. Ежелгі қараүңгірліктердің аулағаны аю, бұғы, жабайы бұқа, қабан, арқар, қоян, борсық болған. Үңгірді мекендеушілердің аңшылық қорегінде бұлардан басқа, қырғауыл, кекілік, тасбақа болды. Сірә, хайуандарды қолға үйрету басталса керек мұны қолда ұсталған бұқа мен жер ошақтың қасындағы иттің сүйектері дәлелдейді.
Қоныс тұрғындарының еңбек және аңшылық құралдары жұмыр-ланған ұзынша қырғыштар, призмалық және қарындаш тәрізді нуклеустер, бүйірлері ойылған және шеттері мұқалған қалақтар, тескіштер, жебелердің ұштары, шот-балталар, қырғыш-пышақтар, тас келісаптар, т. т. болды. Жүздері ретушьпен өңделгені бар, өңделмегені бар микролиттік қалақтар өте көп, бұлар құралдардың сүйектен немеде ағаштан жасалған сабына орнықтырылатын қыстырма ретінде қызмет еткен. Көптеген сүйек заттар — біздер, тескіштер, осы заманғы иненің ежелгі түрі — көзі бар инелер, тегістегіш-жонғыштар табылды, хайуан-
дардың жауырындарынан жасалған құралдар да болды. Бұлар
хайуандардың терісін ұқсату үшін қолданылды. Әсемдігі жағынан сирек кездесетін заттар — сүйектен істелген, сызықшалары бар өлшеуіш, тесілген қауашақтардан, сызықша өрнегі бар азулардан, сүйек салпыншақтар мен моншақтардан құралған сәндік заттар, хайуандардың топайларынан жонып жасалған мүсіндер шықты.
Караүңгір үңгірінің тұрғындары керамикалық ыдыстарды қолмен жапсырып жасау әдісін игерген. Балшық ыдыстардың түбі дөңгелек етіп жасалды, ал олардың сырты кейде қызыл бояумен боялды. Көбінесе ыдыстардың жоғарғы жартысы тісті қалыппен түсірілген сызықшалар, ойықтар, мүсіндер түріндегі өрнекпен ажарландырылды.
Тарихи-мәдени жағынан алғанда Қараүңгір Орта Азияның келтеминар мәдениеті дейтіннің белгілі ескерткі:штеріне ұқсас.
2.3 Жаңа тас дәуіріндегі діни нанымдар мен мәдениеті
Неолиттік ескерткіштердің жергілікті неолиттік мәдениет құрайтын екінші бір тобы Сырдарияның көне құйылмасынан белгілі. Олардың көбі Сырдарияның ежелгі сағасы болып табылатын Іңкәрдарияның құрғақ арнасынан, ірі құм жалдарын жел айдап әкетіп жататын ойпаттардан табылды.
Тарихи-мәдени жағынан алғанда бұл ауданның ескерткіштері Орта Азияның солтүстік далалық аймақтары мен Зауральенің неолиті ортасындағы аралық қальшта бола отырып, келтеминарлық мәдениетке де, Оңтүстік Зауралье мен Аралдың шығыс өңірінің неолиттік мәдениетіне де ұқсас. /6/
Жалпақ қойнауында алты тұрақ табылды; олардан жапсырылған керамиканың сынықтары және кварциттен жасалған құралдар жиналды. Балшықтан жасалған ыдыстардан көбі - мойны анық шығарылып жасалған ірі қыш құмыралар мен дөңгелек тостағандар. Бұлардың екеуінің де түбі томпақ немесе жайпақ. Ыдыстардың сырты тісті қалыппен басылған және сызып жасалған қарапайым өрнекпен ажарландырылған. Қварциттік заттардың ішінде үсті мұқалған, шеті қисайтылған қыстырмалар, тескіштер, пышақ тәрізді ойық қалақтар, қалақтардың шеттерінен жасалған немесе сынықтардан алынған қырғыштар көп.
Қосмола 4 және Қосмола 5 тұрақтарында шақпақ тас пен ақ кварциттен жасалған құралдар, өңделмеген, пышақ тәрізді қалақтар және балшықтан жасалған өзінше бір үлгідегі ыдыс жиналды. Бұл ыдыс бүтіндей ірі құм қосылған балшықтан жасалған, жұқа, әжептәуір жақсы күйдірілген, тегістелген, майдаланған өрнегі жоқ дерлік, мұның өзі пеолит үшін сирек құбылыс. Қыш құмыраның жиегі ғана қамыспен батырылып түсірілген ойықтармен, қызықшалармен сәнделген, ал оның сыртына біреуінде көлденеңнен қатар-қатар қамысты батырып ізі түсірілген, екіншісінде терең шұнқырлы және ирек сызықты өрнек салынған. Құмыралардың бітімдері айта қаларлық. Дөңгелек тостаған-дар мен кейде ішіне қарай иілген мойны шығыңқы құмыралардан басқа, тұрақта төрт-бес науаның фрагменттері кездесті. Осыған ұқсас комплекс Амударияның оңтүстігіндегі Ақшадария құймасынан, келтеминар мәдениетінің Дингильдже 6 және Қават 7 тұрақтарынан табылды. Олар біздің заманымыздан бұрынғы III мың жылдықтың бірінші жартысына — орта шеніне жатады. Егер Қосмола 4 және Қосмола 5 тұрақтарын сол уақытқа жатқызсақ, онда бұлар Сырдария өзенінің көне алқабындағы қазіргі кезде белгілі ескерткіштердің ішіндегі ең ежелгі ескерткіштер болып шығады.
Арал төңірегінен табылған неолиттік ескерткіштер екі хронологиялық дәуірге — неолит пен энеолитке жатады. Сексеуіл I, Ақеспе неолиттік тұрақтарынан табылған заттардың ішінде екі жағы өңделген жебе мен сүңгі ұштары жоқ, бірақ оның есесіне трапеция формасындағы қыстырмалар, көптеген ұзақ, дұрыс қырланған, пышақ тәрізді қалақтар бар, ыдыстардың сыпықтарында тісті қалыптың таңбасы қалған немесе түгел көлденең ирек сызықтар сызылған. Ал Сексеуіл 2 тұрағындағы жебелердің ұштары екі жақты қыспа ретушь арқылы мұқият өңделген олар ойықтау сағалы, қалақша бітімді келеді, сондай-ақ найзалардың, сүңгілердің ұштары, көлемі мен бітімі әр түрлі қырғыштар бар.
Керамикалық ыдыстар - негізінде ұсақ, түбі жайпақ және дөңгелек, мойны дұрыс шығарылып, үстіңгі жағы жалпайтылған. Құмыраларға өрнек салу тәсілдері мейлінше әр алуан: сызықты (тік сызықты және ирек сызықты) тісті қалыптың таңбасын түсіру, әр түрлі геометриялық фигуралар болып шығатын ойықшалар салу болып келеді.
Орталық және Батыс Қазақстанның ескерткіштері. Орталық Қазақстанның территориясы неолит пен энеолит дәуіріндегі тұрақтарға бай. Олар Қарағанды облысында және Қараторғай өзенінің аңғарында неғұрлым көп. /7/
Орталық Қазақстанның неолиттік тұрақтарын мекендеушілер тағы жануарларды аулаумен күн көрді. Олардың жебелерінің бітімі қалақша немесе үшкіл тәрізді, сағасы ойық болды. Аншылар садақ пен жебелерден басқа найзалардың ұштарын кенінен пайдаланды. Қалған барлық саймандар — қыстырмалар мен қалақшалар түріндегі микролиттер. Қоныстардың денінде қырғыштар көп кездеседі. Мұнда мезолиттік техниканың дәстүрлері бар айқын бейнеленген микролиттік комплекстер үстем болды. Батыс Қазақстан мен Орталық Казақстанның шекарасында орналасқан Қараторғай тұрақтар тобы Батыс Қазақстандағы тұрақтарға ұқсас. Сонымен бірге оның материалы одан әрі шығысқа қарап таралатын және Орталық Қазақстанды түгел дерлік қамтитын жаңа техникалық тәсілдерді бейнелейді.
Балқаштың солтүстік-шығыс төңірегіндегі неолиттік ескерткіштер бұлақтарға жақын және кәдімгі бұлақтық қоныстар болып келеді. Мұнда құралдар дайындау үшін пайдаланылған негізгі шикізат — яшмалар, кварциттер және түсі әр түрлі яшмалы кварциттер болған, жылтыр сары опалдар және анда-санда порфириттер мен қоңыр түсті порфирлер кездеседі.
Жардың жайпақ төбесіндегі кварцитті тас қазылған жер назар аудартады, жардың етегінде бұлақ орналасқан, онда аздаған шақпақ сайман шықты. Бұлардың көбі (1000 данадан аса) тас қазылған)жерден табылды. Мұнда сынықтар, нуклеус тәрізді сынықшалар, долбарлы жарықшақтар жиналды; бұлар алғашқы өңдеудің осы жерде жүргізілгенін көрсетеді.
Жезқазған маңайынан табылған заттар соңғы неолит пен энеолитке жатады. Мұнда тастан жасалған көптеген балғалар, балталар табылды. Басқа саймандар — ірі-ірі сынықтар.
Иманборлық тұрағы (Көкшетау облысы) Иманборлық өзенінің сол жағасында орналасқан. Оның жарынан сүйектер, көмір, ұсақ шақпақ заттар, ірі құралдар және керамика жатқан қабаты айқын көрінеді. Мұнда қырғыштар мен сыдырғыштар, балталар мен шоттар, тақта тастан жасалған құралдар мен тоқпақшалар, найзалар мен сүңгілердің ұштары табылды. Пышақтардың, оның ішінде орақ тәрізді пышақтардың көптігі шаруашылықтың өзгешелігіне байланысты. Жебелердің ұштары қыспа ретушь арқылы екі жағынан жұқартылған. Ірі шапқы құралдардың ішінен көзге түсетіндері — сланец тастан жасалған балталар, бұлар ірі сынықшалар арқылы екі жағынан жұқартылған. Бұл жерден күрзі тәрізді типылданған және бұрғыланған заттың фрагменті де табылды, мұның өзі тас өңдеудің ерекше техникалық тәсілдері қолданылғанын көрсетеді. Бұл заттың бітімі бір-біріне қосылған екі жарты шар сияқты. Косылған жерінде ені 1,5 см-дей жайпақ белдік бар, ал заттың өзінің диаметрі 10,5 см. Сондай-ақ ара тәрізді, ірі қабырғалардан жасалған үш зат табылды; бұлар қисық пышаққа немесе ораққа ұқсас, ішкі имегінде көптеген тістері бар.
Керамикалық ыдысты Иманборлық 2 тұрағының тұрғындары таспа әдісімен жапсырып жасаған. Сірә, жасалған ыдыстар отқа күйдірілсе керек. /8/
Ыдыстар әр түрлі: параболоид формалы; ернеуі иілген және бүйірі шығыңқы; жиегі тік, мойны біраз ұзын және бірте-бірте кеңи беретін бүйіріне жалғасады. Өрнек салудың негізгі техникалық тәсілдері — әр түрлі тарақ тәрізді қалыптармен жасалған ойықтар және сызықшалар. Бұған қоса ыдыстардың беті көртпешелермен және шұңқыршалармен сәнделетін болған. Өрнек салу әдісі мен сурет композициясы жағынан алғанда бұл керамикалық комплекс Урал ескерткіштерінің тобына өте ұқсас.
Иманборлық 2 тұрағының керамикасы мен Батыс Қазақстандағы тұрақтардың керамикасының техникалық тәсілдері мен өрнек композициясының ортақтығы бұл өңірлерде шығыс шекарасына Наурызым қорығы енетін біртұтас этникалық-мәдени аралдың болуы ықтимал екенін көрсетеді. Иманборлық 2 тұрағында, Солтүстік Қазақстандағы тұрақтар мен Оңтүстік Уралдағы қоныстарда нақ бір құрамдағы жануарлардың (жылқының, сиыр мен қой-ешкінің) сүйектері табылды.
Батыс Қазақстан территориясында негізінен өзендік және көлдік типтегі тұрақтар көп тараған.
Үстірт қыратындағы тұрақтар ерте заманға жатады. Бұлар - адамдардың уақытша тұрған жерлері. Мұнда табылған саймандар көп емес: трапеция тәрізді құралдар, кескіштер ғана, керамика жоқ.
Солтүстік - батыс Қазақстанның тұрақтары уақыты жағынан неғұрлым бертініректегі тұрақтар болып табылады; оларды мекендеушілер пышақ тәрізді қалақтарды кеңінен пайдаланды, бұлардан барлық тас құралдарды — қыстырма құралдардын жүздерін, жебелердің ұштарын, қырғыштарды жасады. Қерамика бітімі жағынан да, өрнектелуі жағынан да ерекше ирек сызықты немесе геометриялық тарақ тәрізді өрнек, не болмаса осы екеуінін қиюласуы тән болып келеді.
Бұл ауданның неолиттік тайпаларының мәдениеті Онтүстік Уралдын, Солтүстік Қазақстанның және Арал маңының неолит мәдениетіне ұқсас; мұның өзі, сірә, ол дәуірде Солтүстік-батыс Қазақстанда күрделі тарихи процестер болғанын көрсететін болса керек.
Ырғыз өзені бойындағы тұрақтар тобы одан да гөрі соңғы уақытқа жатады. Бұл тұрақтардың тұрғындары заттардын көпшілігін қалақтардан жасады.
Ырғыз ыдыстарындағы өрнектер тарақ тәрізді ірі қалыппен түсірілген. Мұнда өрнектелмеген ыдыстар да көп.
Осы белгілердің бәрі ырғыздық тұрақтар тобын Батыс Қазақстанның басқа неолиттік ескерткіштерімен жақындастырады. Жоғарғы Ертіс өңірінің қоныстары Шығыс Қазақстанның неолиттік тайпаларының ең ірі қоныстары Ертістің жоғарғы өңірінде зерттелді. Бұларға Усть-Нарым мен Мало-Красноярка деревняларының жанындағы ескерткіштер жатады. /8/
Усть-Нарым қонысында 800 м2 алаң аршылды. Шыққан заттардың дені, сондай-ақ баспаналардың, жер ошақтардың және шаруашылық шұңқырларының іздері 2,5—2,8 м тереңдіктен шықты. Қоныстың мәдени қабаты жұқа құм қабат арқылы екі белдеуге бөлінеді. Усть-Нарымда 25 жер ошақ пен от орны, көптеген тас құралдар табылды. Көне замандағы аңшылар мен балықшылар мұнда ағаштан жасалған жеңіл күркелерде және есігі өзен жаққа қарайтын чумдарда тұрған. Қоныстан жабайы бұқаның, маралдың, еліктің, қабанның, құндыздың, түлкінің суырдың сүйектері табылды. Сол жерден сүйектері шыққан қой-ешкі, сірә, қолға үйретілген болса керек.
Шығыс Қазақстан неолитінің Зауралье, Батыс және Оңтүстік Қазақстан неолитінен өзіне тән ерекше бір белгісі сол, ондағы шақпақтан жасалған еңбек құралдарының ішінде геометриялық формалы заттар - трапециялар, сегменттер, тағысын-тағылар мүлде жоқ. Мұндағы құралдар көлемі әр түрлі пышақ тәрізді қалақтар мен сынықтардан жасалған. Саны он бес мыңнан асатын шақпақ заттардың ішінде бір немесе екі жағына ретушь жасалған қалақтар, қалақтардағы немесе сынықтардағы әр түрлі қырғыштар, сыдырғыштар, сағасында ойығы бар жебе ұштары, ауыр қалақтардағы имек жүзді пышақтар, найзалардың ұштары, кескіш, тескіш құралдардың, орақтардың қыстырмалары, балталар, шоттар, қашаулар, тоқпақшалар, балық аулайтын қармақтардың бөлшектері бар. /10/
Сүйек заттар аз. Бұлар —біздер, көзі бар инелер, ірі құстың сүйегінен жасалған, шырша тәрізді өрнегі бар ине қап және басқалар. Ойма өрнекпен сәнделген, сабының жоғарғы жағында ойық тесігі бар қыстырмалы сүйек қанжар назар аударады. Қанжардың жүзінде ретушьсыз, өте жұқа шақпақ қалақтар сақталған.
Тас саймандар көршілес сібірлік-алтайлық неолиттік тайпалардың заттарына әжептәуір ұқсас. Осының өзінде Усть-Нарым керамикасы Оңтүстік-Батыс Қазақстанның керэмикасымен және Пеньки 1 тұрағында жердің үстіндегі тік бұрышты баспаналар ашылды. Сірә, үйдің қамыспен жабылған ағаш қаңқасы болса керек. Үйлер қоныс-мекеннің шетіне айнала орналасқан, ортада бір қатар болып тізілген ашық жер ошақтары бар алан болған. Оларда жазғы уақытта тамақ дайындалған. Үйдің ішінде үш жер ошақ болды (бірі ортада, басқа екеуі екі жақта); мұның өзі үйде екі семья тұрған деп топшылауға мүмкіндік береді.
Информация о работе Жаңа тас дәуірінің шаруашылығы мен мәдениеті