Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 10:20, реферат
Ежелгі түріктер қысқа уақыт ішінде әлемдік дәрежедегі мемлекет құрып, сол уақыттағы әлемдік тарих сахнасындағы ең ірі мемлекеттермен байланыс орната білді. Тарихтың қай белесінде де түркі әлемінде сан түрлі мәдениеттер мен діндердің өзара тығыз алыс берісі, барыс – келісі белсенді жүріп жатты. Сан қилы мәдени дәстүрлер мен сыртқы қарым – қатынастардың нәтижесінде көшпелі қоғамдардың дәстүрлі құрылымдық негізі өзгеріске түсті, мұның өзі бұл ұлттар мен ұлыстардың тарихи дамуының сипатына, мазмұнына және ерекшелігіне әсер етпей қойған жоқ. Осындай көкейкесті мәселелер теориялық, ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсетіні анық.
I.Кіріспе
a)Көне Түрік империясы хақында
II.Негізгі бөлім
а) VI-VII ғасырлардағы Түрік дәуірінің мәдениеті
в) Тас мүсіндер құпиясы
с) Түркілердің монументтік өнеріндегі әйелдер бейнесі
d) Түрік халықтарының жазбаша ескерткіші
III. Қорытынды
Қосымша материалдар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Халқымыздың ұлы қазынасы болып табылатын, тарихи түркология саласына тиесілі көптеген деректер бар. Атап айтсақ, руникалық жазулар, археологиялық деректер және тарихи жазбаша деректер. Осының ішінде Түрік мемлекетінің саяси құрылымына, әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына қатысты теңдесі жоқ мәлімет беретін құнды еңбек санатындағы руникалық жазбалар - түрік бабаларымыздың төл туындысы. Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк сияқты руникалық ескерткіштер Түркі қоғамының қаншалықты дамығанын білдіретін көрсеткіш.
1889 жылы
Н. М. Ядринцев Солтүстік
Түркілердің тарихы Енисей өзенінің маңайынан табылған VII – VIII ғасырларда жазылған Орхон – Енисей жазбалары арқылы белгілі. Ескерткіштер VII – VIII ғасырлардағы Түркі қағандығының тұсында тасқа қашалған Білге қаған ( хан ), Күлтегін (әскер басы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлпытастағы жазулар.
Өтікен тауының шығыс жағындағы Орхон өзені жағалауына, қазіргі Кошо-Сайдам көлінің жағасына тұрғызған бұл құлпы тастар шоғырының айналасы тас-кірпіштермен қоршалған. Қоршауға кіре берісте мәрмәр тастан қашалған екі қошқардың мүсіні орнатылған. Одан басқа бұл жерден тастан ойылған тасбақаның, адамның мүсіндері табылған. Жазуы бар мәрмәр тастың биіктігі -3.15, ені- 1.24, қалыңдығы- 0.41 метр.
Ескерткішке
Түркі қағандығы дәуірінде
Орхон – Енисей құлпытастарын алғаш Г. Спасский зерттесе, 1889 жылы орыс ғалымы Н. М. Ядоинцев Монғолия жерінен оның жаңа нұсқасын тауып ғалымдар назарына ұсынды. Ескерткіш жазуын белгілі Дания ғалымы В.Томсен оқып, 1893 жылы неміс тіліне аударды. Академик В.В.Радлов басқарған Ресей археологиялық экспедициясы 1894 жылы бұл жазба ескерткіштерді орыс тіліне аударды.
Бұл мұралар сол ежелгі дәуірдегі Еуразияның шетсіз–шексіз кең даласын жайлаған түркі халықтарының шаруашылық, қоғамдық - әлеуметтік, саяси және мәдени тіршілігі мен өмір салтын жан – жақты сипаттап көрсетумен қатар, сол тарихи кезеңнің тынысын, түркі халықтары өміріндегі ірілі–уақты оқиғалар туралы, сол дәуірдің көрнекті мемлекет қайраткерлерінің тарихи істері жайында белгілі бір дәрежеде баяндаған. Осы тұрғыдан алғанда, Орхон – Енисей жазба ескерткіштері ішінен ерекше көзге түсетіндері: «Күлтегін», «Білге қаған»( 785 ) және «Тоныкөк»( шамамен 726) жырлары. Бұл жырларда Түрік қағанатының 630 жыл күйреуі және Шығыс түркі қағанатының құрылуымен байланысты оқиғалар, Білге қаған, Елтеріс қағанның кеңесшісі –Тоныкөк пен Күлтегін батырдың ерліктері сөз болады.
Ежелгі
Түркілер ат құлағында ойнаған жауынгер
ел болған, жауласудан қорықпаған,
олжа табу үшін, т.б себептермен алыс
жақын көршілеріне, қарсы жорыққа
шығып, жиі соғысып жүрген.
„Тоныкөк“ жырында:“Асусыз Алтай тауынан асып, өткелсіз Ертіс өзенінен өтіп, түркештерге шабуыл жасап, қағанын тұтқынға түсірдік, шадын өлтірдік“ – дейді.
Үздіксіз жүргізілген соғыстар, сырттан болған шапқыншылық, алым-–салықтың ауыртпашылығы, ішкі қайшылықтар мен тақ үшін қақтығыстар түркі елінің берекесін кетіріп, қатты әлсіреткен. Оның нәтижесі туралы жырда:“Түркі халқы қырылды, әлсіреді, жойылды. Түркі халқы жерінде тіршілік қалмады“ – делінген. Бұл түркі халықтарының ішкі қайшылықтары ушығып, ел басына қара бұлт төнген кезі. Түркі кезінде Қытай империясының жансыздарының зымиян әрекеттері бел алды, олар түрік халықтарын бір – біріне айдап салды, ағайындарды – ағалар мен інілерді, халық пен бектерді өзара ұрыстырды, елде алауыздық пен сатқындық етек алды. Жырда түрік қағанатының күйреуі(630 ж), оның басты себептері негізінен дұрыс баяндалған.
Әрине VI ғасырдың ортасында дүниеге келген түрік қағанатының құрылуы, дамуы мен күйреуі осы жыр жазылған уақыт ( шамамен 731 ж ) тұрғысынан алғанда атам заманда болып өткен оқиға болатынды. Дегенмен, аталған жырларда Түркі қоғамы мен мемлекетінің қоғамдық–саяси мәселелерін баяндауда шындықтан ауытқымауға, нақтылы тарихи көзқарас шеңберіне шықпауға ұмтылыс бары байқалады. Түркілер жайлаған орасан зор аймақта жауласумен қатар достасу, алыс – беріс, сауда, т. б. сияқты қоғамдық–әлеуметтік, саяси қарым–қатынастар тоқтамай жүріп отырған. Осыған байланысты жырда: ‘’ Еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды’’ делінеді.
Аталған жырлардағы тағы бір маңызды мәселе: ел көсемі – қаған қолбасшының, ақылгөй – кеңесшінің, бектер мен қара халықтың өзара қарым–қатынасы орынды көтеріледі. Сондықтан жазбаларда әміршінің ақылды саясаты мен билігі, ел басшысына деген халықтың көңіл – күйі, құрметі, т.б. туралы көп айтылады. Қаған: „Түркі халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым“ – дейді.
Орхон – Енисей жазуларына қарағанда, түркі халықтары алыс- жақын көршілермен – елдермен, мемлекеттермен әртүрлі қатынастарда болғандығы, олар сол дәуір шеңберінде қарым–қатынастардың маңызды талаптары мен принциптерін жүзеге асыра білгендігі және оларды белгілі – бір деңгейде ұстай білгендігі байқалады. Түркілердің сол замандағы әлемнің ең қуатты, күшті мемлекеттеріне өздерін сыйлата алатындығы айдан анық. Оны біз Күлтегін марқұм болғанда Түркі қағанатына әлемнің түкпір – түкпірінен көңіл айтушы өкіл, елшілердің келгенін, яки Қытайдан, табғаш, Қырғыз қағандығанан өкіл елшілердің келуінен көреміз.
Орхон–Енисей жазбаларының мазмұны мен мағынасына қарай көшпелі халықтың өмірі үнемі дүрбелең жағдайда өткеніне көз жеткізсекте, мәдениеті төмен болмаған. Бұл жазбалар - өздерін түркіміз деп есептеген VI Қытай шекарасынан сонау Иран мен Византияға дейін созылып жатқан кең далаға өз билігін жүргізген халықтың еншісі.
Әйгілі ғалым Л.Н Гумилев айтқандай, ұлы даладағы көшпелілер империясы көп ғасырлар бойы төңірегіндегі отырықшы елдердің қай – қайсысының да экономикалық – мәдени дамуына елеулі ықпал етіп, тарихында өшпес іздерін қалдырып отырған. Оны біз Орхон – Енисей жазбаларынан айқын көреміз. Ежелгі дәуір мұралары бізге сонысымен де құнды.
Қорытынды:
«Өткенді
білмей, қазіргінің мәнін және болашақтың
мақсатын түсіну мүмкін емес» -деп М.Горький
айтып кеткендей бүгінгі
Көне түркілер б. з. VI – VIII ғасырларында жалпы адамзаттық өркениетке жаңа өріс қосылғанын паш етті. Дәурені жүріп тұрған Қытайдан Қырымға дейінгі жерге иелік еткен көне түркілер іргелі мемлекет құрумен қатар, өрелі мәдениетті қалыптастырды. Монғолия, Сібір, Қазақстан, Қырғызстан жерлерінен табылып жатқан жәдігерлер соның жанды куәсі. Бұл жазбалардың ең басты қасиеті – оларды жасаушылардың асқақ рухы мен өр намысында, өлмес еркі мен мұқалмас жігерінде. Мұндай бекем рухсыз шығысы Хинган, Сары өзен, батысы Көктеңіз, оңтүстігі – Ұлы Қытай қорғаны, солтүстігі – Сібір аралығында осыншалықты өркениеттік өрлеу орын алмас еді, осыншалықты терең тарих тарқатылмас еді, ұлт ұлы, халық жасампаз болмас еді. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңі сол ұлылық пен жасампаздық рухының, бірлік пен ерлік идеяларының сонау есте жоқ ескі заманнан–ақ халық үшін киелі ұғымға айналғандығын айғақтайды. Бұл жөнінде Елбасымыз да үнемі тоқталып, байсалды, жүйелі бағыт ұстанып әрі оны тереңдетіп келеді.
Президент Н.Ә Назарбаев “ Тарих толқынында” атты кітабында: „Түркілер өзге мәдениеттердің жетістігін қабылдаудың ғажайып бірегей қабілетін танытты, оны өздерінің ерекше жағдайларына қарай бейімдеп, шебер пайдалана білді”, деп жазған .
Ілгері де айтылған және басқа мәселелер
бізге бұрынғы ата –
Тарих атаулының
өткен өмірді сөз ететіні
"Бектерінің, халқының
ымырасыздығынан, Табғаш халқын
Елдің елдігі, халықтың бақыты
жарастықпен өмір кеше білуде
екенін ұрпаққа өсиет етеді.
Әлеуметтік үйлесімділікті
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе VI-VII ғасырлардағы Түрік дәуірінің мәдениеті