Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 10:20, реферат
Ежелгі түріктер қысқа уақыт ішінде әлемдік дәрежедегі мемлекет құрып, сол уақыттағы әлемдік тарих сахнасындағы ең ірі мемлекеттермен байланыс орната білді. Тарихтың қай белесінде де түркі әлемінде сан түрлі мәдениеттер мен діндердің өзара тығыз алыс берісі, барыс – келісі белсенді жүріп жатты. Сан қилы мәдени дәстүрлер мен сыртқы қарым – қатынастардың нәтижесінде көшпелі қоғамдардың дәстүрлі құрылымдық негізі өзгеріске түсті, мұның өзі бұл ұлттар мен ұлыстардың тарихи дамуының сипатына, мазмұнына және ерекшелігіне әсер етпей қойған жоқ. Осындай көкейкесті мәселелер теориялық, ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсетіні анық.
I.Кіріспе
a)Көне Түрік империясы хақында
II.Негізгі бөлім
а) VI-VII ғасырлардағы Түрік дәуірінің мәдениеті
в) Тас мүсіндер құпиясы
с) Түркілердің монументтік өнеріндегі әйелдер бейнесі
d) Түрік халықтарының жазбаша ескерткіші
III. Қорытынды
Қосымша материалдар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
VI-VII ғасырлардағы Түрік дәуірінің мәдениеті
Орындаған: КТТ -1a. студенті Кошербаева А.
2013 жылы
Жоспар
I.Кіріспе
a)Көне Түрік империясы хақында
II.Негізгі бөлім
а) VI-VII ғасырлардағы Түрік дәуірінің мәдениеті
в) Тас мүсіндер құпиясы
с) Түркілердің монументтік өнеріндегі әйелдер бейнесі
d) Түрік халықтарының жазбаша ескерткіші
III. Қорытынды
Қосымша материалдар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Көне Түрік империясы хақында
“Түркі мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында
белгілі бір дәрежеде бетбұрыс кезең болды. Өйткені сол
кезге дейін орта теңіз мәдениеті мен Қиыр Шығыс мәдениеті, бір – бірінің дүниеде бар екенін білсе де,
басы қосылмаған еді”
Лев Гумилев
VI ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде әлемдегі аса ірі қуатты империялардың бірі Көне Түрік империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип түркі тілдес халықтардың іргесі қаланды.
Ежелгі түріктер қысқа уақыт ішінде әлемдік дәрежедегі мемлекет құрып, сол уақыттағы әлемдік тарих сахнасындағы ең ірі мемлекеттермен байланыс орната білді. Тарихтың қай белесінде де түркі әлемінде сан түрлі мәдениеттер мен діндердің өзара тығыз алыс берісі, барыс – келісі белсенді жүріп жатты. Сан қилы мәдени дәстүрлер мен сыртқы қарым – қатынастардың нәтижесінде көшпелі қоғамдардың дәстүрлі құрылымдық негізі өзгеріске түсті, мұның өзі бұл ұлттар мен ұлыстардың тарихи дамуының сипатына, мазмұнына және ерекшелігіне әсер етпей қойған жоқ. Осындай көкейкесті мәселелер теориялық, ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсетіні анық.
Ежелгі Түрік қағанаты негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі мемлекет. Ол рулық – тайпалық құрылымы жағынан бодундар, әлеуметтік жағынан қаған – бектер, әскери – тайпалық ақсүйектер, қара халықтан тұратын қауым, ал әскери басқарылу құрылымы жүйесі тұрғысынан ел деп сипатталады.
„Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір кезеңде бетбұрыс дәуірі болды’’ деп жазды белгілі ғалым Л.Гумилев өзінің „Көне түріктер“ деген іргелі зерттеуінде. Көне түрік мемлекеті Шығыс мәдениеті мен Батыс мәдениетін жалғастырушы ғана емес, сонымен қатар ол өз мәдениетін, мемлекеттік құрылысы мен идеологиясын жасады, әлемдік тарихта үлкен із қалдырды.
„Түрік“ сөзі (қытайша ‘’тукюе’’) б.д. VI ғасырында бірінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Қытайлар Түріктерді сюнyулердің ( ғұндардың) ұрпақтары деп санаған.Бұл ғасырда Түркілер Монғолиядан және Қытайдың Солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан Ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Түркі қағанатына 552 – 744 жж негіз болған басты 4 тайпа: түркі(ашина), оғыз( теле),қыпшақ (сір) және қырғыз.
Түрік қағандары Ашина әулетінен тарағандардан ғана сайланатын. Қытай мәліметтеріне қарағанда елде ханды жариялаудың күрделі рәсімі болған: бекзаттар оны ақ киізге отырғызып, күн жолының ыңғайымен қаумалаған қалың жұрттың құттықтаған айқай қиқуы үстінде шеңберді тоғыз рет айналып, дереу жібек бұғау салып, оны қолма – қол босаңсытып одан „неше жыл хан болғың келеді?“ – деп сұраған. Бірақ сұрақтың ел басқару мерзіміне анықтау ісінде қандай рөл атқарғаны жайлы түріктер тарихында онша мәлім емес. Бәрінен де дұрысы, бұл әдет хан тайпа көсемі болып саналатын кездің салты есебінде сақталып қалған тәрізді. Тәж – нақты мұраға қалдыру күрделі жүйе арқылы жүргізілетін болған.
Ұлы далада
Түркі мемлекетінің, түркі тілінің
қалыптасу дәуірінен дерек
Түрік қағанаттарының құқықтық жүйесі жете зерттелмеген. Ол туралы деректерде де аз айтылады. Түріктердің құқығының негізгі бастауы қайнар көзі - әдет ғұрпы болған.
Қытай жылнамасында көрсетілген көне түркілердің мемлекеттік заңының негізі ірі – ірі жеті баптан тұрған: 1 –бап. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы кесілсін (мемлекеттің бүтіндігін сақтау талабынан туған); 2- бап. Түркі жұртының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына кесілсін; 3 – бап. Қағанат ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына кесілсін; 4 – бап. Сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын (ат – қағандықтың соғыс күші); 5 – бап. Ұрланған бағалы мүлік үшін он есе артық айып төленсін; Сонымен қатар, Түрік қоғамында малға, түрлі қарулар мен өндіріс құралдарына жеке меншік болған. Жер жеке адамның жеке меншігі болмаған. Жер қауымның, ру – тайпаның меншігінде болды. Жерді бөлуді, пайдалануды қаған, оның атынан ру тайпа басшылары шешті.
Түрік қағанатында қылмыстық жазаның әр түрі қолданылды. Сатқындық, әскер тәртіпті бұзғаны үшін, қағанға қарсы шыққаны т.б. жағдайларда өлім жазасы қолданылды. Мал ұрлағаны үшін оның құны 10 есе артығымен төленді.
Сот билігі қағанның және оның атынан іс жүргізетін бұйрықтар мен тархандардың қолында болды. Сот ашық түрде екі жақты толық тыңдау арқылы жүргізілді.
VI-VII ғасырлардағы Түрік дәуірінің мәдениеті
Жер шарының түрлі халықтары түрлі тарихи дәуірлерде қол жеткізген мәдениеттің ұлы жетістіктері тарихи ескерткіштерде көрініс тауып, бүгіндері дүниежүзілік маңызы бар мұраға, мақтанышқа айналуда. Сан жылдар бойына таңдай қақтырып, тамсандырып келе жатқан рухани және материалдық жәдігерліктерде әр халықтың дүниетанымдық, этникалық ерекшеліктері байқалады. Орталық Азиядағы далалық кеңістік өзінің ең алғашқы қалыптасу кезеңінен бастап тарихи даму жолының барлық кезеңінде өзіндік сипаты, келбеті бар мәдени белгілерге ие болды.
Түрік империясы тұсында ( VI – VII ғғ.) Орта Азияның экономикасы мен мәдениеті гүлденіп өсті. Сауда, жер өңдеу және қол өнер өте тез дамыды. Жібек керуені Қытайдан Византияға қарай Бұхара, Самарқан, Ташкент, Қашқар, Турфан арқылы үздіксіз ағылып жатты. Түркі империясының құрылуы мен ыдырауы түркі халықтарының батысқа қарай жылжуына алып келді. Шығыс пен Батыс мәдениеті араласып, бірін – бірі байытты.
Араб деректерінде түркілердің дәстүрлі ант беру ғұрпы жайлы былай делінеді: «егер түрік қандай да бір адамнан ант алғысы келсе онда мыс мүсінді әкеледі, сосын ағаш ыдысқа су құяды оны идол қола арасына қояды, бұдан соң ант беріп оны ішеді.»
Түркілердің аяқ деген сөзі ыдысты, дәлірек айтқанда ант ішу кезінде қолға ұстайтын ыдысты білдіреді. Жалпы Мерке мүсінді ортағасырлық Жетісу түркілерінің мифологиялық дүниетанымының бір үлгісінің көрінісі болып табылады.
Көне
түрік тайпалары арасында пұтқа
табынушылықтың болғаны жайлы мәліметтер
сол тарихи кезеңде орталық Азияда
болып өз көзімен көргендерін
қағазға түсіріп қалдырған
Жерлеу ескерткiштерi ежелгі түріктердің тарихы мен мәдениетін зерттеудің маңызды көзі болып табылады. 1960-1980 жылдары Ежелгі түркі дәуіріне тиесілі жылқымен бірге жерленген зираттар табылды.
Түріктердің наным – сенімдеріне тоқталар болсам, түркілердің сыйыну орындары, ғибадатханалары туралы мәліметтер қытай, араб, парсы, моңғол, итальян, испан, орыс жазба деректерінде кездеседі. Осылардың ішінде ерте орта ғасырда Қазақстанда тіршілік еткен түркі тайпаларын өз көзімен көрген адамның жазбасына тоқталып кетсем, онда көшпелілердің осы күнге дейін ескерткіштер түрінде сақталып жеткен ғұрыптық құрылыстары да баяндалған. Бұл жазба деректің авторы бүгінгі таңдағы әйгілі шығыстанушы, қазақстандық ғалым Ю.А.Зуев.
Ю.А.Зуевтің деректеріне қарағанда, Мерке қаласының көне атауы - Мыңбұлақ (көне түркі тілінде Бин –юл, қытай тілінде Цянь –цюань) болған. 629 жылы Мыңбұлақта буддалық монах Сюань –цзян болған. Ол: «Цянь –цюань елді мекені 200 ли аумақты алып жатыр...Бұлақтарының саны мыңға жетеді. Сондықтан ол жер осындай атауға ие. Әрі онда көл бар. Түрік қағаны жыл сайын осында келіп жазғы ыстықтан паналайды. Бұл жерде бұғылардың саны көп, олардың біразының мойнына қоңыраулар тағылып безендірілген. Бұғылар адамдарға көндігіп кеткендігі соншалықты, олар үркіп қашпайды. Түрік қағаны бұғыларды жақсы көргендіктен, оларды өлтіруге тыйым салған. Бұғыны өлтіргендер кешірілместен жазаланады. Осыған орай бұғылар табыны сақталып тұрған.»(Зуев, 1960. Вып.3(4).91б.).
Бұғыларға
зияндық істеуге тыйым
Көне
түркілердің бүгінгі таңға
Мерке өзеніне Әулиекөл жақын орналасқан. Бұл жер таяу уақыттарға дейін сыйынып, табынатын орын ретінде қызмет етіп келген. Әулиекөлдің суының емдік қасиеті бар деп есептеледі. Бұрынғы кезде көлдің жағасында мешіт болған көрінеді. Бірақ ол мешіт сақталып қалмаған. Жетісудағы көне түріктердің табынып, сыйынатын және тайпа мен рудың өмірінде әлеуметтік маңызы бар оқиғаларға байланысты түрлі әдет – ғұрыптарын атқаратын орын ретінде таңдалынып алынған осы жердегі шипалы суы бар бұлақтар жағасындағы бұталарға әлі күнге шүберектер байланып тасталады.
Ортағасырлық Жетісу түркілері табынып, сыйынатын және әдет – ғұрыптары бойынша салт – жораларын өткізетін орын ретінде шалғынды Аралтөбе, Белсаз, Сандық, Сұлусай, Сулысай, Шөлсай, Қарасай секілді тай қыраттарын таңдаған. Әрбір аңғарға ғибадатханалар салынып, олардың шығыс жағына түркілердің табынып, құрбандық шалуы үшін өздері жасаған тас мүсіндер қойылған.
Тас мүсіндер құпиясы
Мерке өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан мүсіндер жайлы мәліметтер XIX ғасырдың соңына қарай жариялана бастады. Сол кезеңде жергілікті өлкетанушы, мұғалім А.П.Печерский Сандық қыратында тас мүсіндердің көптеп кездесетіндігі жайында баспасөз беттерінде жариялаған –ды.
1987 жылдан бастап ғибадатханалар ескерткішін зерттеуге Ш.Ш.Уалиханов атындағы тарих, археология және этнография Институтының, кейіннен А.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының Экспедициясы шығарылды. Жыл сайын жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғибадатханалар ескерткіші белгіленген карта әзірленді. Ол картада көшпелі түркілердің жасаған тас мүсіндерінің мемориалдық комплекстері бар орындар белгіленіп көрсетілді. Осы уақытқа шейін 64 тас мүсін табылды. Жекелеген мемориалдық комплекстерде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары олардың хронологиясын және ғұрыптық қоршаулар мен қорғандардың мәдени мәнін топшалауға мүмкіндік берді. Монументалды өнер ескерткіштерін типологиялық классификациялау бағытында едәуір жұмыстар атқарылды. Мүсіндері бар әртүрлі ескерткіштер қасында жазба жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде Мерке өзенінің жоғарға ағысындағы тау қыратында орналасқан ғибадатхана ескерткіштерінің өзіндік ерекшеліктері туралы нақтылы пікір білдіруге негіз қаланды.
Осы еңбектерге қарағанда, яғни храм тектес ескерткіштердің көптеп шоғырлануы, олардың тас мүсіндері бар комплекс түрінде дараланып тұруы ерте орта ғасыр дәуіріндегі Жетісу түркілерінің мәдени дамуының өзіндік ерекшелігі болған.
Мерке ғибадатханасының материалдары Жетісу мен Қазақстанды тұтас алғанда ортағасырлық көшпелілердің ерекше мәдениеті болғанын аңғартады. Мерке өзенінің жоғарғы ағысы бойында биік таулы альпілік шалғында салынған түркілердің ғұрыптық ескерткіштері олардың өзіндік ой –өрісін , уақыт пен кеңістіктегі өзінің орнын интеллектуалды игеруін көрсетеді.
Ғұрыптық конструкцияның негізгі бөлігі диаметрі 4-5метрден 16метрге дейін, биіктігі 0.5метрден 1.3метрге дейін болатын тас үйіндіден тұрады. Кейбір қорғандардың шығыс жағынан тастан қаланған қосымша құрылыстар бар. Белсаз 2 обасында үйінді ормен қоршалған. Ғибадатхананың ескерткіштері құрамынан екі ғұрыптық конструкция зерттелді.
Тас мүсінді ескерткіштер типі сыртқы түріне, мүсіндер санына, орналасқан жеріне қарай бөлінеді. Төрт мүсін Сұлусай 7 қорғанынан табылды.Үш –үштен мүсіні бар бес ескерткіш тіркелді, он бір қорғаннан екіден тас мүсіндер табылды және 28 конструкцияда – бірден тас мүсін болды. Қос және одан көп мүсінді конструкциялардан бір еркек мүсіні, бір немесе бірнешеуі әйел мүсіні шықты. Сондай –ақ бір ескерткіштен екі еркек мүсіні, үш конструкциядан екіден әйел мүсіні шықты. Қорғанның ортасына қойылған дара еркек мүсіні он ескерткіштен, ал 14 қорғаннан бір –бірден ғана мүсін табылды.
Қашқасу 1, Мүйізді қора 2(екі қорғаннан) қорғанынан диаметрі 6-дан 10-ға дейінгі, биіктігі 0.5-1.2 метрге дейінгі әйел мүсіні тік бұрышты құрылыс (өлшемі 1.5x1.8 және 2.3x2.7м) астына қойылған. Тас мүсіннің беті шығысқа қаратылған. Бастапқы күйінде сақталған мүсінді ескерткіштер жиі кездеспейді. Қашқасу 1, Мүйізді қора 2 ескерткіштерінде ғұрыптық ритуалдың реконструкциясын зерттеуге мүмкіншілік бар.
Информация о работе VI-VII ғасырлардағы Түрік дәуірінің мәдениеті