Тәуелсіз еліміз Қазақстан

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 09:32, реферат

Описание работы

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына аяқ басады. Мыңжылдықтар тоғысында бабалар аңсары шындыққа айналып, 1991 жылы тәуелсіз мемлекетіміз құрылды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары мен бостандықтарының, меншіктің, саяси плюрализмнің және билік бөлінуінің негізгі қағидаларын бейнелейтін құқықтық, саяси және идеологиялық құжат.

Содержание

Кіріспе
Тәуелсіздік – ел тірегі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.

3. Қазақстанның экономиқалық дамуы.
4. Қазақстанның әлеуметтік жетістіктері
5. Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік қамсыздандыруы мен қорытындылар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жетістіктері.doc

— 111.50 Кб (Скачать)

      Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

      Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.

     Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.

    1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1 % болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.

    Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60 % Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

    2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.

    Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.

    2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.

    Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.

    Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті. 

    4. Қазақстанның әлеуметтік  жетістіктері 

       Келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар және тіркелген жеке кәсіпкерлер, яғни заңды жұмыспен қамтылған халық міндетті әлеуметтік сақтандырудың әлеуетті қатысушылары болып табылады. Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында жұмыспен қамтылудың құрылымы мен деңгейі әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың ықпалында болған экономикалық жағдайға тікелей байланысты болды. Жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалардың нәтижесінде жұмыс­сыздық деңгейі 2010 жылы 5,8%-ға төмендеді.

      Қолданысқа енгізілген сәттен бастап өткен алты жыл ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру тәуелсіз Қазақстандағы қазіргі заманғы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды және ажырамас бөлігі бола білді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілгеннен бастап жүйеге қатысушылар саны 2005 жылғы 3,9 млн. адамнан 2011 жылдың 1 қазанында 6,1 млн. адамға артты.  Қазіргі уақытта әлеуметтік аударымдар төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың 98,4 %-ның табысы 10 төменгі жалақының мөлшерінде. Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен жұмыс істейтін халықтың барлығы дерлік қамтылған.

     Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілген күннен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленген әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2011 жылдың 1 қарашасына 190 млрд.теңгені құрады.

     Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің стратегиялық бағыттары міндетті әлеуметтік сақтандырудың тұрақтылығына жетудегі мемлекеттік мақсаттар үшін теңдестірілген шараларды жүргізуге және әлеуметтік сақтандырудың жалпыға белгілі әлемдік базалық принциптерін ескере отырып, қолданылатын ресурстардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

    Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру ассоциациясының зерттеулері экономиканың кезеңдік дамуы кезіндегі    әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қаншалықты маңызды екендігін дәлелдеп, оның мықты жақтарын, сонымен қатар жекелеген жетіспеушіліктерін де анықтап берді.  Әлемдегі жұмыссыздықтың өсуі салықтық базаның қысқаруына әсер етіп, жәрдемақыларды төлеуге қосымша шығындарды қажет етті.

    Кейінгі жылдары әлемнің көптеген елдерінде әлеуметтік шығындар қысқаруда, ал Қазақстанда керісінше, әлеуметтік шығындар үнемі ұлғайтылып келеді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2009-2011 жылдардағы жолдауларына сәйкес бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақылары, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері өсті. Осылайша, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық салдарларымен күрестің маңызды құралы және экономикалық құлдырау кезеңіндегі тұрақтандыру тетігі ретінде пайдаланылды.

         Бүгінде, әлемдегі барлық халықтың материалдық әл-ауқатына, әсіресе, экономикалық өсіміне қауіп төндіретін жаһандық қаржылық дағдарыс кезіндегі адамзаттың тұрақты дамуындағы әлеуметтік қамсыздандырудың рөліне ешкім де күмән келтіре алмайды.

        Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары аясында қабылданған әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар масылдықты болдырмайтын, ең алдымен атаулылыққа және тиімділікке негізделген халықтың әл-ауқатын  жақсартуға және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған. 

    5. Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік қамсыздандыруы мен қорытындылар 

        Биылғы жыл еліміздің өз Тәуелсіздігінің 20 жылында жеткен жетістіктеріне қорытынды жасайтын жыл. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі құрылды. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың, міндетті әлеуметтік сақтандырудың, жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз етудің және әлеуметтік көмектің өзара үйлесімін қарастырады. Әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі ел дамуының әрбір кезеңінде оның экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен айқындалып отырады.

        Табысты жүргізілген қайта құрулар Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындап берген Қазақстанды дамытудың стратегиялық курсын нақты түрде іске асырды. Бүгінгі күні мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған саясатына сәйкес, еліміз шикізаттық бағыттан арылып, халықтың  әл-ауқатын арттыруға бағытталған, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыруда.

        Тәуелсіздік алған 20 жыл – бұл қазақстандық қоғамның алға жаңа мақсаттар қойып, өз мүмкіндіктері деңгейін сезінген, жаңа міндеттерді шешу үшін топтасқан мезгілі.

        Еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары адам капиталын дамыту, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру болып табылады. Осы мақсатта жүзеге асырылып отырған әлеуметтік бағдарламалар  ең алдымен жұмыс орнын сақтауға, табыс деңгейін арттыруға, халықтың аса әлсіз бөлігін әлеуметтік қорғауға бағытталған.

        Халықаралық зерттеулер нәтижелері әлеуметтік сақтандырулар және басқа да әлеуметтік қамсыздандырудың жалпыға бірдей жүйелері кедейлікпен күресудің, еңбек өнімділігін арттырудың, тұтастай елдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды құралы болып табылатынын көрсетті. Дамыған елдердің тәжірибелері еңбекшілерді және барлық халықты әлеуметтік қорғаудың базалық элементі ретінде теңдестірілген әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жү­йелерінің болуы елдің еңбек ресурстарын нығайтып, экономикалық өсімнің ұлттық әлеуетін күшейтетінін көрсетіп отыр.

       Әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделінің ерекшелігі құқықтық қатынастар субъектілері мүдделерінің –  қызметкерлер мен жұмыс берушілердің жеке жауапкершілігінің, олардың өзара ынтымақты көмегінің үйлесімділігі болып табылады.

       Қазақстандық қоғамның өмір сүру сапасының артуы тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері болып табылады. Статистика агенттігінің ақпаратына сәйкес табысы төменгі күнкөріс деңгейі мен азық-түлік себеті құнынан төмен тұрғындар үлесінің төмендеу динамикасы байқалуда.

      Мемлекет басшысының 2004 жылғы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында Қазақстанда 2005 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтан­дыру туралы» заң қолданысқа енді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстандағы жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрін қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қажетті және маңызды элементіне айналды. Жұмыс берушілер өзінің қызметкерлері үшін он еселенген төменгі жалақы мөлшері  шегіндегі табыстан ай сайын әлеуметтік аударымдар (сақтандыру жарналары) төлеп отырады. Сонымен қатар, әлеуметтік тәуекел жағдайы туындаған қызметшілер ғана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер ала алады. Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтан­­дыруға қатысушылардың шектелген ынтымақтастығы – сақтандырудың негізгі принципі орындалады.

      Келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар және тіркелген жеке кәсіпкерлер, яғни заңды жұмыспен қамтылған халық міндетті әлеуметтік сақтандырудың әлеуетті қатысушылары болып табылады. Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында жұмыспен қамтылудың құрылымы мен деңгейі әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың ықпалында болған экономикалық жағдайға тікелей байланысты болды. Жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалардың нәтижесінде жұмыс­сыздық деңгейі 2010 жылы 5,8%-ға төмендеді.

     Қолданысқа енгізілген сәттен бастап өткен алты жыл ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру тәуелсіз Қазақстандағы қазіргі заманғы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды және ажырамас бөлігі бола білді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілгеннен бастап жүйеге қатысушылар саны 2005 жылғы 3,9 млн. адамнан 2011 жылдың 1 қазанында 6,1 млн. адамға артты.  Қазіргі уақытта әлеуметтік аударымдар төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың 98,4 %-ның табысы 10 төменгі жалақының мөлшерінде. Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен жұмыс істейтін халықтың барлығы дерлік қамтылған.

     Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілген күннен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленген әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2011 жылдың 1 қарашасына 190 млрд.теңгені құрады.

     Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің стратегиялық бағыттары міндетті әлеуметтік сақтандырудың тұрақтылығына жетудегі мемлекеттік мақсаттар үшін теңдестірілген шараларды жүргізуге және әлеуметтік сақтандырудың жалпыға белгілі әлемдік базалық принциптерін ескере отырып, қолданылатын ресурстардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

     Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру ассоциациясының зерттеулері экономиканың кезеңдік дамуы кезіндегі    әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қаншалықты маңызды екендігін дәлелдеп, оның мықты жақтарын, сонымен қатар жекелеген жетіспеушіліктерін де анықтап берді.  Әлемдегі жұмыссыздықтың өсуі салықтық базаның қысқаруына әсер етіп, жәрдемақыларды төлеуге қосымша шығындарды қажет етті.

     Кейінгі жылдары әлемнің көптеген елдерінде әлеуметтік шығындар қысқаруда, ал Қазақстанда керісінше, әлеуметтік шығындар үнемі ұлғайтылып келеді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2009-2011 жылдардағы жолдауларына сәйкес бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақылары, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері өсті. Осылайша, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық салдарларымен күрестің маңызды құралы және экономикалық құлдырау кезеңіндегі тұрақтандыру тетігі ретінде пайдаланылды.

Информация о работе Тәуелсіз еліміз Қазақстан