Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 09:32, реферат
Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына аяқ басады. Мыңжылдықтар тоғысында бабалар аңсары шындыққа айналып, 1991 жылы тәуелсіз мемлекетіміз құрылды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары мен бостандықтарының, меншіктің, саяси плюрализмнің және билік бөлінуінің негізгі қағидаларын бейнелейтін құқықтық, саяси және идеологиялық құжат.
Кіріспе
Тәуелсіздік – ел тірегі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.
3. Қазақстанның экономиқалық дамуы.
4. Қазақстанның әлеуметтік жетістіктері
5. Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік қамсыздандыруы мен қорытындылар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
3.
Қазақстанның экономиқалық дамуы.
4. Қазақстанның
әлеуметтік жетістіктері
5. Тәуелсіздік
жылдарындағы әлеуметтік қамсыздандыруы
мен қорытындылар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына аяқ басады. Мыңжылдықтар тоғысында бабалар аңсары шындыққа айналып, 1991 жылы тәуелсіз мемлекетіміз құрылды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары мен бостандықтарының, меншіктің, саяси плюрализмнің және билік бөлінуінің негізгі қағидаларын бейнелейтін құқықтық, саяси және идеологиялық құжат.
Биылғы жыл еліміздің өз Тәуелсіздігінің 20 жылында жеткен жетістіктеріне қорытынды жасайтын жыл. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі құрылды. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың, міндетті әлеуметтік сақтандырудың, жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз етудің және әлеуметтік көмектің өзара үйлесімін қарастырады. Әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі ел дамуының әрбір кезеңінде оның экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен айқындалып отырады.
Табысты жүргізілген қайта құрулар Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындап берген Қазақстанды дамытудың стратегиялық курсын нақты түрде іске асырды. Бүгінгі күні мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған саясатына сәйкес, еліміз шикізаттық бағыттан арылып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыруда.
Тәуелсіздік алған 20 жыл – бұл қазақстандық қоғамның алға жаңа мақсаттар қойып, өз мүмкіндіктері деңгейін сезінген, жаңа міндеттерді шешу үшін топтасқан мезгілі.
Еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары адам капиталын дамыту, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру болып табылады. Осы мақсатта жүзеге асырылып отырған әлеуметтік бағдарламалар ең алдымен жұмыс орнын сақтауға, табыс деңгейін арттыруға, халықтың аса әлсіз бөлігін әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Халықаралық зерттеулер нәтижелері әлеуметтік сақтандырулар және басқа да әлеуметтік қамсыздандырудың жалпыға бірдей жүйелері кедейлікпен күресудің, еңбек өнімділігін арттырудың, тұтастай елдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды құралы болып табылатынын көрсетті. Дамыған елдердің тәжірибелері еңбекшілерді және барлық халықты әлеуметтік қорғаудың базалық элементі ретінде теңдестірілген әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің болуы елдің еңбек ресурстарын нығайтып, экономикалық өсімнің ұлттық әлеуетін күшейтетінін көрсетіп отыр.
Әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделінің ерекшелігі құқықтық қатынастар субъектілері мүдделерінің – қызметкерлер мен жұмыс берушілердің жеке жауапкершілігінің, олардың өзара ынтымақты көмегінің үйлесімділігі болып табылады.
Қазақстандық қоғамның өмір сүру сапасының артуы тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері болып табылады. Статистика агенттігінің ақпаратына сәйкес табысы төменгі күнкөріс деңгейі мен азық-түлік себеті құнынан төмен тұрғындар үлесінің төмендеу динамикасы байқалуда.
Мемлекет басшысының 2004 жылғы «Бәсекеге
қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті
экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық
үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауы
аясында Қазақстанда 2005 жылдан бастап
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»
заң қолданысқа енді. Міндетті әлеуметтік
сақтандыру Қазақстандағы жұмыс істейтін
халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша
түрін қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық
қатынастардың қажетті және маңызды элементіне
айналды. Жұмыс берушілер өзінің қызметкерлері
үшін он еселенген төменгі жалақы мөлшері
шегіндегі табыстан ай сайын әлеуметтік
аударымдар (сақтандыру жарналары) төлеп
отырады. Сонымен қатар, әлеуметтік тәуекел
жағдайы туындаған қызметшілер ғана Мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік
төлемдер ала алады. Осылайша, міндетті
әлеуметтік сақтандыруға қатысушылардың
шектелген ынтымақтастығы – сақтандырудың
негізгі принципі орындалады.
1.Тәуелсіздік
– ел тірегі
Қазақстанның Тәуелсіздігі – бұл ғасырлардан аса тарихы бар қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы, бүгінгі жеткен жетістігі мен асқан асуы.
Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз- Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.
Үстіміздегі жылы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне 25 жыл, тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толады. Тарих үшін бұл қамшының сабындай қысқа уақыт болғанымен, бір елдің мемлекет болып қалыптасуына, оның дамуына жол ашқан сәтті мерзім болып отыр. Осы аз уақыт аралығында Қазақстан әлем елдері арасында өзіндік даму үрдісімен орнын таба білді. Бұл жолда Елбасымыздың еңбегі өлшеусіз – қажырлы жұмыстың, сындарлы саясаттың арқасында қазақстанның экономикалық, әлеуметтік салалардағы реформалары, ұлтаралық татулық пен конфессияаралық бірлікті сақтаудағы істері, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жүзеге асырылып жатқан шараларын, бүгінде, әлем елдері мойындап отыр. Күні кешегі Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанада өткен саммиті де осыған дәлел.
Қазақстан мемлекетінің бүгінгі таңда ел экономикасына барынша көңіл қойып отырғаны баршамызға аян. ТМД елдерінің ішінде бірінші болып экономикалық реформаларды жүзеге асырды, «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасы әзірленіп, осы негізде сан түрлі экономикалық бағдарламалар туындады. Елбасының таңдауы дамудың дұрыс та сара жолы екендігін, бүгінде таразы уақыт дәлелдеп беріп отыр.
Қазақстанның тәуелсіздігі жылдары ішінде демократиялық және құқықтық мемлекеттің сұранысына сәйкес келетін құқық қорғау жүйесі қалыптасып, тұтас алғанда тиімді жұмыс істеп келеді.
2.Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік құрылып
бастауы.
Қазақстан елінің қысқаша тарихына үнелсек, 1992 жылы Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы еңбегі жарияланды. Бұл еңбектің маңызы:
-Тәуелсіздік
жолына түсүдегі басты
-Ел
дамуының түбеғейлі
-Ішкі
және сыртқы саясат
-Қазақ
халқының тарихи миссиясына
«Ұлт өзінің мемлекеттігінсіз ұлт болып өмір сүре алмақ емес…Біздің мемлекетімізде тұрғылықты ұлттың-қазақтардың мүдделері жекелеген мәселелерде ерекше атап айтылатыны әбден орынды, мұның өзі мемлекеттердің бірқатарында тап, осылай етіледі де», деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев.
Республиканың Туын, Елтанбасын және Гимнін қабылдауы.
1991 жылдың
соңында егемендігін
Қазақстаның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік нышандарын (символдарын) қабылдауды талап етті. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туын мен Елтанбасын бекітті. Ту авторы-суретші Шәкен Ниязбеков, Елтанба авторлары-сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. 1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар- Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдагалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар- Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).
1993 жылғы қантардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның Құрамдас бөлімі еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жадайларына арналған тарау.
ТМД-ның кейбір елдерінде КСРО мемлекеттік банкі мен Россия банкісінің 1961-1992 жылға банкнот айналымының тоқталуына байланысты, Қазақстанға осы банкноттардың заңсыз түрде енгізілуі күрт жоғарылады. Оның салдары: елдегі барлық қаржы жүйесі құлдырады, ақша құнсызданды, тұрғындардың тұрмыстық деңгейі төмендеді. Осы себептерден Қазақстан өзінінің ұлтық валютасын енгізуге шешім қабылдады. 1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөнінідегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты.
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Мақсаты: қоғамдық тұрақтылықпен ұлтаралық татулықты нығайту.
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәсиелер: Президент Н.Ә. Назарбаевтің өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатынында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.
1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады. Бұдан кейін әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталық үкімет қайта құрылып сан жағынан ықшамдалды, жерлікті жердегі басқару құрылымдары қысқартылды. Нәтижесінде 1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-ден 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазаргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономиқалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді. Конституцияның ерешеліктері:
1. Демократиялық
Президенттік басқаруға жол
2. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды.
3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады.
4. Билік
тармақтарына, мемлекеттік лауазым
иелеріне Конституциялық
5. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүндесін қорғайды.
6. Республикада
қос азаматтыққа жол
3.
Қазақстаның экономиқалық
дамуы.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.
Экономикалық реформаны дамыту жағдайында 35 станционерліқ қоғам, 75 салааралық сыртқы, экономикалық ассоцияциялар, 30-ға жуық концерндер мен консорциумдер, 30-дан астам коммерциялық банктер құрылды.
Жекешелендіру. Нарықтық құрылымының дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нәтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды. Қазақстандығы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады.
Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі тұралы» заң қабылданды.
1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен республика бағаны босатты. Баға алғашқы кезеңде –186,4 есіге өссе, 1992 жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Ауыл мен ауыл арасындағы қатынас мүлдем қиындап кетті. Қаңтар айыннан тамызға дейін өндірістік товарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Нарыққа көшу саясатының бұрмалауынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара алумен түзеген адамдар тобы пайда болды. Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді.