Тақырыбы: Иранда феодалдық қарым-қатынастардың пайда болуы мен дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 18:08, реферат

Описание работы

Иранның саяси тарихының негізгі фактілері. Сасанидтер әулетінің билікке келуі. ҮІ-ҮІІ ғасырлардағы Иранның сыртқы саясаты.

Работа содержит 1 файл

иран (7).doc

— 82.00 Кб (Скачать)

Зороастризм дінінің негізін қалаушы  Заратуштраның өмірі мен ілімі  туралы ғылымда эр түрлі пікірлер қалыптасқан. Ғалымдардың айтуынша, Заратуштра грекше «Зороастр» деген сөз ежелгі Иранның сөзінен шыққан «түйелі адам», «түйе жетектеген адам» деген мағына береді. Зороастризмнің қасиетті кітабы — әдеби және мәдени жәдігер «Авеста». «Киелі Авеста кітабы» ежелгі мәдениеттен хабардар етіп қана қоймай, сол дәуірдегі заман оқиғаларынан терең мағлүматтар беріп, көне тарих беттерінен сыр шертеді және ежелгі Иран тілдерінің ең ежелгі, ең қүнды ескерткіштерінің бірі болып саналады. «Авестаның» зороастризм жайындағы көп нүсқаулары бізге толық жетпеген. Оның ең көне бөлігі «Гат» деген атпен белгілі. «Киелі кітапты» — энциклопедиялық туынды деп қарастырсақ та бо¬латын сияқты, өйткені мүнда түрлі ғылым салаларымен қатар, заңдар туралы, адамгершілік хақында толып жатқан қызықты де.ректер кездеседі. Сонымен қатар «Авеста» тарихи ескерткіш те болып саналады. Мүнда үлы пайғамбар Зороастраның есімімен аталған зороастризм діні туралы мағлүматтар осы «Авеста» арқылы біздің заманымызға дейін жетіп отыр. «Киелі кітапта» адамның ақыл-ойы, оның өсіп-жетілуі, еңбектенуі, өзгеруі, табыстарға жетуі және т.б. өмірлік мәселелер жырға қосылады. Сонымен қатар, әділ патша билігі, жарқын өмір сүру, тату-тәтті қарым-қатынастар орнату, іс-әрекетті ақылмен жасау, адал еңбекпен күн көру, адамдарға шексіз қайырымдылық жа¬сау сияқты өмірлік мәселелер сөз болады. Зороастризм бойынша, әлемде бір-біріне қарама-қарсы екі негіздің — жақсылық пен ізгіліктің құдайы, нұрдың, өмірдің, ақиқаттың рәмізі Ахура-Мазда мен зұлымдықтың белгісі, қараңғылық пен өлім таңбасы Анхра-Майньюдің арасында толастамайтын күрес жүріп жатады. Өз қарсыласына қарсы күресте Ахура-Мазда адамды жаратады. Демек, әлемде екі қүдай бар, оның біреуі — мейірімді қүдай Ахура-Мазда да, екіншісі — мейірімсіз. қүдай Анхра-Майнью.

Бүл діннің аңыздары болашақ жайындағы күрделі ілімді де уағыздайды. Олардың болжамынша, дүниежүзілік тарих 12 мың жылға созылады, оның үш мың жылы «Алтын ғасыр кезеңі», яғни үстіне бозторғай жүмыртқалайтын заман болады. Бүл дәуірде ауру да, өлім де, аш-жалаңаштық та адамды қинамайды.

Иран өркениетінің тағы бір жетістігі  — ондағы ескі парсылық сына жазуы. Вавилондық сына жазуда 300 таңба болса, парсыларда бар-жоғы 43 таңба қалған. Б.з.б. IV ғ. Иранда Сасанидтер династиясы үстемдік етті. Олар өздерінің ата-тегін құдайлармен байланыстырды, табиғат күштеріне сыйынды, отқа, суға табынды. Өкінішке орай, Саса¬нидтер династиясының көптеген мөдени мүралары әр түрлі тарихи жағдайларға байланысты құрып кетті. Гүлденген Сасанид¬тер мәдениетінен қалғаны — патша сарайлары мен сәулетті храмдардың үйінділері, ондаған алтын, күміс ыдыстар, парсы кілемдері мен жібектің қалдықтары ғана. Сөйтіп, адамзат мәдениетінің ең құнарлы бастамаларының бірі болған бұл мемлекет те құлады. Б.з.б. IV ғ. Александр Македонский жаулап алғаннан кейін Иран дәл Египет сияқты эллинистік мәдениетінің арнасына қосылды.[1]


Информация о работе Тақырыбы: Иранда феодалдық қарым-қатынастардың пайда болуы мен дамуы