Тақырыбы: Иранда феодалдық қарым-қатынастардың пайда болуы мен дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 18:08, реферат

Описание работы

Иранның саяси тарихының негізгі фактілері. Сасанидтер әулетінің билікке келуі. ҮІ-ҮІІ ғасырлардағы Иранның сыртқы саясаты.

Работа содержит 1 файл

иран (7).doc

— 82.00 Кб (Скачать)

Лекция №4

Тақырыбы: Иранда феодалдық қарым-қатынастардың пайда болуы мен дамуы

Лекция жоспары 

1. Иранның саяси тарихының негізгі  фактілері

2. Сасанидтер әулетінің билікке  келуі

3. ҮІ-ҮІІ ғасырлардағы Иранның сыртқы саясаты

 

224 (226) ж. парфияндық. патша Арабтарды женіп, Иранда билікке Сасанидтер әулеті келді. Сасанидтер әулетінің негізін калаушы Ардашир (226-24!) болды. Олардың тұсында, яғни 224-651 жж. Иранның халықаралық. аренадағы шоқтыны биіктей түсті. Иран бұл кезде Риммен, кейін ІҮ-ҮІ ғасырларда Византиямен қырқыскан соғыстар жүргізді.

Ардашир оңтүстігі Фарс облысындағы князьдердіц бірі болатын. Таққа отырган сон. ол Ктесифон қаласын астанаға айналдырды. Ардашир билікке заратуштра (зороастризм)  орнбасыларының қолдауымен келді. Оның атасы Сасан осы діннін, бісшысы болатын. Сасанидтер ірі ақсүйектерге қарсы күресінде орташа және майда жер иелеріне арқа сүйеуге тырысты.

Парфян патшалығында тақ мұра арқылы көшіп отырса, жеке облыс басшылары вассалдық тәуелділікте ғана болса, жана парсылық .Сасанид патшалығы бір орталықка бағындырылған мемлекет болды. Ел олардың тұсында 18 сатрантыққа бөлінді. Әр сатрап басында губернатор турды. Губернаторды патша өзі тағайындап отырды. Оны патша қалаған кезінде алып тастай алатын болды. Сондықтан губернаторлар патшга толық. тәуелді болды. патшанын. Қатаң тәртіпке бағынған жеке жаяу әскері болды. Өзіне қарсы шыкқан аксуйек - мыктыларды патша күшпен құртып отырды. Кейде керісіншеде болатн. Есебін таба білген аксүйектер өздері жек көретін патшаны құртып, оның орнына өздері калаған Сасанид әулетінің өкілін таққа отырғызған. Жаңа әулеттің ресми астанасы Персеполь болды. Бірақ тоқтаусыз жүріп жатқан соғыстарға байланысты Шахиншах мекені іс жүзінде шекара маңындағы Тигр өзені бойындағы Ктесифон (Бағдад маңында) болды.

Иран Рим.мен, кейін - Византиямен Қара теңіз жағасы үшін күрес жүргізді. I Шапур тұсында (241-272) парсылықтар женіске жетті, Кіші Азияны басып алды. 256 ж. Антиохия басып алынды. 260 ж. Рим әскері талқандалып, император Валериан тұтқынға түсті Иран әскерінің оған әрі жылжуын арабтық Пальмира патшасы Одейната қарсылығы тоқтатты. 266-272 жж. мұнда патшалық құрған Одейнатаның әйелі Бат-Заббай Римге қарсы көтеріліс жасап, бүкіл Кіші Азия мен Египетті басып алды. Бірақ 27 2 ж. Баг-Заббайдың әскері Рим императоры Аврелианның әскеріпен жеңілді. 273 ж. римдар Пальмираны біржолата құртып жіберді. Рим әскері 283 ж. Сасанидтер астанасына дейін жетті. Оны басып ала алмады. 298 ж. парсылықтар Нисибин түбінде тағы да рим әскерінен жеңілді. Нисибин шарты бойынша Армения мен Месопотамияның солтүстігіндегі 5 провинция Римнін қол астына көшті.

Иран - Рим соғыстарының жаңа кезеңі II Шапур (309-379) тұсында басталды. Ол алдымен парсы шығанағындағы Бахрейді басып алды. Иран мен Рим қатынастарының сипатына христиан дінінің тарауы елеулі ықпал етті.

2. Христиандарды қудалау Бахрам Гур (421-438) тұсында кайта жалғасты. Бұл кезде солтүстік пен солтүстік-шығыстан көшпелілер шабуылы күшейді. Бахрам Мерв (Мары) түбіндегі шайқаста эфталиттерді жеңіп, Сасанидтер державасының шекарасын Амударияға дейін жылжытты. П Иездигерд (438-457) тсында Армениядағы үстемдікті нығайтып, онда зороастризмді таратуға күш салынды. Армения автономиясына қастандық, көтеріліске әкеп соқты. Армяндарға Византия көмектесе алмады. Көтеріліс 451 ж. басылды. Бірақ Армения автономиясы мен христиан дінін ұстану правасын сақтап калды.

П Иездигерд өлген соң екі жылдай таққа талас жүрді. 458 ж. таққа оның баласы Пероз (459-484) отырды. Көшпелі эфтали гректер Хорасанның жартысын басып алды. Оларға карсы екінші рет жасалған жорық тағы да с әтсіз аяқталды. Иран әскерлері талқандалып, Пероз қаза тапты. Сасанидтер әскері шығыстағы жорықтарда жүргенде Закавказьеде Иранға қарсы көтеріліс шықты. Оны Картли патшасы Вахтанг Горгасал мен армян батыры Ваган Мамиконян басқарды. Ол көтеріліс Пероздын мүрагері Валаш (484-488) шахгншахтың тұсында тоқтады. Валаш Картлидің, Арменияның және Албанияның (Дағыстан) басшыларымен бітім шартын жасады. Шарт бойынша Иран ол елдердің автономиясын мойындап, христиан дінін қудалаушылығын тоқтатты. Валаш Иранның өзінде де несториандық түріндегі христиан дінін ұстауға рұқсат берді. Валаш таққа отырғанда казына каңсып бос түрған еді, Сондықтан ол көп әскер ұстай алмады. Төрт жылдан соң

Валаш кіші тақтан құлатылып, оның орнына соғыста кайтыс болған Пероздың баласы Кавад отырғызылды (488-496). ІІІ-Ү ғасырлардағы Иранның қоғамдық құрылысы. Ежелгі Иранда еріктілердің 3 тобы: абыздар, жауынгерлер мен егіншілер өспелі болатын. ІҮ ғасырға карай қоғам мүшелері төрт топқа: жауынгерлер, есеп-қисапшылар (писцы), шаруалар (пооатиос паселение) болып бөлінді. Мемлекетбасында шахиншах  түрлі. Оның ең бірінші көмекшісі, әрі кеңесшісі Мобедан-мобед деп аталатын  зороастризм дінбасшысы болды. Сондай-ақ кеңесші- көмекшілер еран - спахбад (әскер басшысы) мен дабирбед - салар болды.

3. Ү-ҮІ ғасырлар кезінде Иранда кең өріс алған бұкаралық қозғалысы маздакиттер козғалысы болды. Ол Иранда Ү ғасырдың аяғында басталды. Оның козғаушы күші қауымдас диқандар мен кедейленген қолөнершілер болды. Ол қозғалысқа басқа халықтар да тартылды. Бірақ қозғалыс негізінен ирандықтар қозғалысы болды. Козғалыстың басшысы Маздак жарқын болмыстың, әділеттіліктің зұлымдықты калайда жеңетіндігі туралы ұран тастады. Ол жеңіс әйтеуір бір кезде, құдай сәтін салғанда ғана емес, осы өмірде, табан астында келуі тиіс деп есептелді Тек адамдардың белсенділігі арқасында жер бетіндегі зұлымдықтан қүтылуға болады делінді. Зұлымдықтың нақтылы көрінісі. - адамдар арасындағы мүлік теңсіздігі деп табылды. Ең алдымен сол мүлік теңсіздігі жойылуы керек болды. Меншікті тепе тең етіп қайта бөлу. Өз бағдарламаларының әлеуметтік талаптарын жүзеге асыру үшін маздакиттер байлардың мал-мүлкін тартып алып, кедейлерге бөліп бере бастады. Байлардан алынған жер кауым территориясына қосылды.

Қозғалысты үстем таптың біраз бөлігі де, шахиншах I Кавад өз мақсаттарына пайдаланып қалуға тырысып, оған алғаш колдаушылық көрсетті. Кавад күшті байлардан қүтылмақшы болды, әрі әскердін негізін құрайтын азат-дехкандардың көңіл-күйін де есепке алды. 496 ж. ведьможалар Кавадты құлатып, зынданга тастады. Бірақ 499 жылы Кавад билікті кайтарып алды. Кавадтың көмегімен маздакиттер өз жоспарларын жүзеге асырып қалуға тырысты.

Бақылау сұрақтары 

  1. VI ғ.-ҮІІ ғ. ортасындағы Сасанидтер империясы.
  2. Маздакшылар қозғалысы.
  3. Хосрау 1-дің реформалары.
  4. Ерте орта ғасырлардағы Иран мәдениеті мен өнері.

Ұсынылған әдебиеттер 

  1. Орта ғасырлар тарихы. 2 томдық. Ред. бас. С.Д. Сказкин. Алматы, 1976-1979 ж ж.
  2. История стран Азии и Африки в средние века: Учебник для вузов. В 2-х частях. Москва, 1987 г.
  3. Васильев Л.С. История Востока. Т. 1. Москва, 1995 г.,  Том 2. Москва, 2003 г.
  4. Васильев Л.С. Курс лекций по средневековому Востоку (Ближний, Средний, Дальний Восток и Юго-Восточная Азия). М., 1987.
  5. Хрестоматия по истории средних веков. / Под ред. С.Д. Сказкина. Москва, 1961-1963 гг. Т. 1-3.
  6. История Индии в средние века. Москва, 1968 г. 
  7.   Медведев Е.М. Очерки истории Индии до ХIII века. М., 1990.
  8. Успенская Е.П. Раджпуты: рыңари средневоковой Индии. Спб., Евразия, 2000.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лекция №4

Тақырыбы: Иранда феодалдық қарым-қатынастардың пайда болуы мен дамуы

Лекция жоспары 

1. Иранның саяси тарихының негізгі  фактілері

2. Сасанидтер әулетінің билікке  келуі

3. ҮІ-ҮІІ ғасырлардағы Иранның сыртқы саясаты

 

Сасанидтер мемлекетінің құрылуы. 226 жылы Иранда билікке Сасанидтер әулеті келді. Сасанидтердің атымен Иранның қайтадан гүлденуі, Византиямен кескілескен үздіксіз күрестері байланысты. Сасанидтер мемлекетінің негізін салушы Фарс ауданынның князі Ардашир. Ардашир билікке зорастризм дінінің ықпалды аұсүйектерінің көмегімен келді. Иранның оңтүстігіндегі және шығысындағы әлі де бостандығын сақтап отырған көптайпалы шаруалар Сасанидтерге ұзақ уақыт негізгі әскери күшін беріп отырды. Сасанидтер мемлекетінің шегарасының қалыптасуы бірнеше онжылдықтарға созылып, Ардаширдың мұрагері Шапур І (241-272 ж.ж.) тұсында аяқталды. Оның тұсында Сасанидтер державасының құрамына Армения, Хорасанның негізгі бөлігі, Месопатамияның бірқатар аудандары т.б. жерлер қосылды. Сасанидтер мемлекеті орталықтанған мемлекет болды. Ел губернаторлар басқарған 18 сатрапқа бөлінді. Губернаторды патша тағайындады және түгелдей оның билігінде болды. Сасанидтер мемлекеті қаржыға баса назар аударды. Тұрғындардан жер және жан басы салығы жиналды. Салықтарды жинауға чиновниктер штаты ұйымдастырылды. Жаңа әулеттің астанасы Персополь қаласы болды. Бірақ Месопатамиядағы үздіксіз күрестерге байланысты патша резиденциясы Тигр өзені жағасындағы шекаралық Ктесифон қаласы болды. Мемлекетті шахиншах басқарды.

2. Иранның әлеуметтік-экономикалық  дамуы. Сасанидтер тұсында Иран экономикалық жағынан дамыған ел болды. Византиямен, Үндістанмен, Орта Азиямен сауда қатынастарын жандандыра түсті. Ежелгі парсы – эллиндік дәстүрлерді сақтап қалған көне қалаларда жоғары сапалы қолөнер бұйымдарының өндірісі дамыды. Иран кілем, жібек, парша, жүн маталарымен, қару-жарақ шығарумен зергерлік бұйымдарымен аты шықты. Елде құлиеленушілік кең тарады. Құлдар ирригациялық құрылыстарда, патша мен ақсүйектердің жерлерін өңдеуде қолданылды. Құл сату сауданың пайдалы саласына айналды. Сасанидтер кезінде феодализм өсіп нығая түсті. Орталықтанған мемлекеттің құрылуымен бір қатарда сословиелік жүйе қалыптасты. Ел тұрғындары 4 сословиелік топқа бөлінді. Бірінен екіншісіне өту қиын болды. Алғашқы үшеуі – абыздар, әскерилер және чиновниктер ерекше артықшылықты, жеңілдіктерді пайдаланды. Олар салық төлемеді, міндеткерлік атқармады, тек өздерінің тұрақты қызметін атқарды. Төртінші сословиеге халық енді. Оларға алым-салық төлейтін, міндеткерлік өтейтін шаруалар мен қалалықтар жатты. Шаруалар қауымын “наф” деп атады. Мұндағы барлық шаруаны “шахиншах бандак” (шахиншах құлдары) деп атады.

Уақыт өтісімен қалалықтардың жағдайы  нашарлай түсті. Олардың феодалдыұ  жер иеленушілерге тәуелділігінің артуы, мемлекеттік салық езгісінің күшейуімен қосылып, жағдайды қиындата түсті. Иран шаруаларының жағдайын делдалдық сауда одан әрі нашарлатты. Елдегі наразылықтар діни сипатқа ие болған халық қозғалыстарынан көрініс тапты. Сасанидтердің негізгі идеологиясы зоороастризм болды. Зоорастризм храмдарының өз жер иеліктері болды және мемлекетте зор ықпалға ие болды. IV-V ғасырларда абыздар тек діни көсем емес, жоғарғы сот қызметін атқарып, мемлекетте шахиншахтан соң бірінші орында тұрды. Дінге баса назар аудару, Ирандағы зоорастризмнің ықпалының өсуі жаппай еретиктік қозғалыстың өсуіне әкелді. Алғашқы осындай қозғалыстардың бірі Манихейлік болды. Оның негізін салушы Месопатамиядан шыққан Мани (216-276ж.ж.) болды.

6 ғасырдағы әлеуметтік қозғалыста  діни сипатқа ие болып, кең  етек алды. Бұл қозғалысты алдын абыз болған Маздак басқарды. Бұл қозғалыстардың бәрі жеңіліспен аяқталды.

3. Хасров І Анашорван реформалары,  сыртқы саясаты. Маздакидтер қозғалысын басқаннан кейін және әкесінің өлімінен кейін Хасров Аношорван (531-579 ж.ж.) билікке келді. Ол елде бірқатар реформалар жүргізді:

- жер-салық жүйесін түгелдей  қайта құрды;

  • сауданың дамуына жағдай жасады;
  • құрылыс жұмыстарына баса назар аударды;
  • білім мен ғылымның дамуына жағдай жасады;

Сыртқы саясатында көрші халықтармен  кескілескен күрес жүргізді. 532 жылы Византия императоры І Юстианмен “мәңгілік келісім” жасаған болатын. Бірақ Византияның күшейіп кетуінен қорқып, келісімді бұзды. 540 жылы Сирияға ірі шабуыл жасады және Антиохияны тонап, өртеудің нәтижесінде орнында тек күлі ғана қалды. Соғыс одан әрі Закавказье мен Месопатамияда жалғасты және үзілістермен 562 жылға дейін созылып, келісіммен аяқталды. 570 жылы Хасров Иеменді жаулап алды. Бұл Византия мен Иран арасындағы 20 жылдық соғыстың басталуына әкелді. Бұл соғыс тек Хасров өлімінен соң, оның балалары тұсында аяқталды. Шығысында Хасров Орта Азидағы қосөзен аралығындағы көшпелі түрік тайпаларымен күрес жүргізді.

4. Арабтардың басып кіруі, Сасанидтер  мемлекетінің құлауы. Хасров І билігінен кейін Сасанидтер билігі құлдырай бастады. Феодалдармен ақсүйектер орталыққа бағынудан бас тартып, көтерілістерге шыға бастады. Ең ірі феодалдық көтеріліс 590 жылғы Бахрам Чобин көтерілісі. Шах Хасров ІІ (590-628 ж.ж.) византия императорынан көмек сұрауға мәжбүр болды және тақты тек византия әскерінің көмегімен ұстап қалды. 591 жылы Иран мен Византия арасындағы келісім бойынша: Византияға Закавказьенің шегаралық бөлігі берілді. VI ғасыр аяғы мен VII ғасыр басында иран халқының жағдайы әбден нашарлады. Сасанидтер ішкі қарама-қайшылықтың жауабын сыртқы жаулап алу жорықтарынан іздеді. 602 жылы Византиямен соғыс басталып, алғашқыда Хасров ІІ маңызды табыстарға жетті. 613-620 ж.ж. ол Сирияны, Палестинаны, Египетті жаулап алады. 623 жылы шабуылға Византия императорының өзі келеді. 628 жылы византиялықтар Ктесифон жанына келіп, Сасанидтер астанасына қауіп төндіреді. Бұны пайдаланған ақсүйектер қастандық ұйымдастырады. Хасров ІІ баласы ақсүйектер қолдауымен әкесіне қарсы шығып, оны тұтқындап өлтруге бұйрық береді. Византиямен келісім жасалды: византиялықтар бұрынғы барлық иеліктерін қайтарып алды.

Византиямен соғыстан әбден әлсіреген  және ішкі феодалдық бытыраңқылықты басынан өткізіп жатқан Иран 7 ғасыр  ортасында өте әлсіз мемлекет болды. Соңғы Сасанид шахы Изергед (632-652ж.ж.) елде ешқандай абыройға ие болмады. Осы уақытта арабтар күшті әскери мемлекетке бірігіп Иранға шабуыл жасап, 642 жылы қиындықсыз басып алды. Иран шахы Иездгерд шығыс облыстарға қашып кетіп, Мервте түрік князінің қолынан 652 жылы қайтыс болды.

Иран өркениетінің тірегі — зороастризм діні болды. Ол мемлекеттік дін болғандықтан мемлекет тарапынан үлкен қол- дау тапты. Зороастризм тек қана діни наным-сенім жүйесі ғана емес, сонымен қатар философиялық, дүниетанымдық жүйе болып табылады. Зороастризм ежелгі заманның фило-софиялық жүйелерінің қалыптасуына, христиан және ислам діндеріндегі жорамалдық ілімдерге де зор эсер етті.

Информация о работе Тақырыбы: Иранда феодалдық қарым-қатынастардың пайда болуы мен дамуы