Тарих пәні және міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 16:05, реферат

Описание работы

Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым

Работа содержит 1 файл

Казахстан тарихы.doc

— 61.50 Кб (Скачать)

     Жалпы ғылыми тарихнама қашанда метоталогиямен тығыз байланысты. Бірінің жағын  екіншісі түгендеп отырады.

     XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ  даласындағы көненің көздері  Археологиялық комиссияның, Тарих мұражайының, Мәскеу археологиялық қоғамы мен Ресейдің басқа да орталық ғылыми мекемелерінің назарын аудара бастады. Сырдария және Жетісу облыстары құрамында Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуына байланысты жаңа өлкеге, соның ішінде оның өткендегісіне ден қою күшейе түседі.

     Сарыарқаның ежелгі ескерткіштерін және әсіресе  ертедегі кен ісі мен мыс балқыту  өндірісін зерттеуде Қ.И.Сәтбаев  маңызды рөл атқарды. Осы жылдары  Қазақстан ғылыми мекемелерінің  қызметі жандана түседі.

     Қазақстанның  Орталық музейі ескерткіштерді тіркеу, кездейсоқ табылған олжалардың есебін алу ісін және шағын қазба жұмыстарын жүзеге асырады. Баспасөзде Көксу өзеніндегі қаланың орны туралы және Жетісудағы ескерткіштер туралымақалалар шығады. 30-жылдардағы археологиялық жұмыстарда Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігіндегі экспедициялық зерттеулер жетекші орындардың бірін алады, оларды А.Н.Бернштамның басшылығымен Ғылым академиясының Қазақ филиалымен бірлесе отырып, КСРО ҒА-ның Материалдық мәдениет тарихы институты ұйымдастырған еді.

     Қандайда  тарих болмасын дерексіз жазылмайтыны ақиқат. Қай елдің тарихын алып қарасақ та, ғылыми сипаттау немесе зерттеу жүйесі дәлелді деген  деректі жинақтайды. Сол сияқты Қазақстан  тарихын зерттеуде осы оңтайлы  дәстүрден шығуға болмайды. Төл тарихымызды зерттеу барысында бірнеше түрлі қайнар көзге сүйенген жөн.Алдымен қазақи деректер. Олардың ішінде шежіренің орны бөлек, сонымен бірге мыңдаған, жүздеген жылдарға

шыдаған аңыздар мен батырлар жырлары , қиял-ғажайып, тарихи жырлар мен толғаулардың тарихты түсінуге қосар үлесі зор.

     Қазақстан тарихын түсінемін деген адамға көшпелілердің әдет-ғұрыптарына, заңдарына  көңіл бөлудің аса қажеттілігі  бар. Екіншіден әр түрлі архивтерде, соның ішінде Ресей, Қытай, Орта Азия Қазақстан мемлекетінің құжат қорларынан табылып, осы күнгі жинақтарда жарияланған немесе сақталған құнды деректер. Жазу мәдениеті пайда болғаннан бастап, Орта Азия өлкесін мекендеген көшпелі тайпалардың тұрмыс-тіршілігі хатқа түсе бастаған, тек соларды зерттеу мен ұтымды пайдалана білу керек. 

     Ел  тарихы, ұлт тарихы десе елең етпейтін адам жоқ шығар. Қазіргі кезеңде  тарих пәні жаңа мазмұнымен, сапасымен, өсуімен ерекшеленеді. Еліміз егемендікке  қол жеткізген күннен бастап өз тарихымызды  өзіміз бағалап, тарихи үрдістерге басқаша  қырынан келіп, өзінің дұрыс шешімін табуда.

  Оқушыларды елжандылыққа, өзінің жеке қасиеттерін дамытып, өзін-өзі тәрбиелеуде, әсіресе қоғамдық пәндердің ролі зор.

     20 жыл көне тарих үшін қас  қағым сәт екені белгілі. Алайда  Қазақстан аз уақытта ғасырға  бергісіз даму жолынан өтті.

     Тәуелсіздігіміздің 20 жылында еліміз экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың нәтижесінде еңселі мемлекетке айналды.

     Тәуелсіздіктің  тұғырын бекітіп, еліміздің даму жолын айқындап берген Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатын бүкіл әлем мойындады.

     Тарихи  сананы қалыптастыру, тарих ғылымын  жетілдіру Елбасының көреген  саясатының басым бағыты болып келеді.Елбасының  бастамасымен 1995 жылы «Қазақстан Республикасында  тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» қабылданды.

     1998 жыл – «Халық бірлігі мен  Ұлттық тарих жылы» деп жарияланды.

     Ал 2004 жылғы 13 қаңтарда «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы»  қабылданды. Бұрын Қазақстан тарихы Кеңестер Одағы тарихының құрамдас бір бөлігі ретінде ғана қаралды. Енді еліміздің тарихын әлемдік тарих шеңберінде зерттей бастадық. Қазақстан көшпелілер өркениетінің орталығы, түркі халықтарының ата жұрты ретінде әлемге таныла бастады.

     Осындай жағдайда өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау – ұлттық идеямыздың құрамдас бөлігіне айналуы қажет. Ол ұлт бірлігі мен отаншылдыққа тәрбиелеудің басты факторларының бірі. Тарих – халықтың зердесі, қайнар күші. Әр халық өз тарихынан қуат ала отырып, жасампаздыққа бастайтын шабыт алады.  
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар 
 

Кіріспе

Тарих - адамзаттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесінің ауқымы кең жиынтығы 

Негізгі бөлім 

1. Тарихты оқыту - өте күрделі процесс 

2. Қазақстан тарихы оқу пәнінің негізі – адамзаттың жүріп өткен табиғи және әлеуметтік даму жолы (адам –табиғат – қоғам) 

3.«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеттері, кезеңдері 

Қорытынды

Пәннің оқушыларды ұлтжандылыққа, өзінің жеке қасиеттерін дамытып, өзін-өзі тәрбиелеудегі ролі.

Информация о работе Тарих пәні және міндеттері