Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 16:05, реферат
Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым
Қазақстан
тарихы пәні және міндеттері, кезеңдері
Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым.
Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді.
Тарих - ғылым бір-біріне сәйкес
көп жақты, ол тарихи білімнің
жеке салаларынан қалыптасады,
дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси,
әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет
пен құқық, дін т.с.с. Тарихи
ғылымдарға халықтардың тұрмыс-
Тарихи пәндерге тарихи
Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге басшылық жасау – оқушылардың оқу әрекеті – оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспарластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады.
Тарихты оқыту қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды.
Мемлекет дамуының әр түрлі кезеңдерінде оның мақсаттары өзгеріп отырды. Кеңестік кезеңге дейінгі мектептерде тарихты оқытуда көптеген объективтік жетістіктер болғанымен, оның мазмұнында ұлыорыстық шовинизм, ұлыдаржавалық астамшылдық басым болды. Қазақстандағы мектептердің өзінде Қазақстан тарихына қатысты мәселелер оқытылмады. Кеңестік кезеңнің тарих пәнінің мазмұнында жоғарыда аталған саяси белгілер коммунистік, таптық сипат алды. Дегенмен Қазақстан тарихы жеке пән ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Ол кезеңдегі тарих пәнінің мақсаты маркстік-лениндік дүниетанымға негізделіп, коммунистік идеяларға бағытталды.
Қазақстан тарихы – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін мектептегі барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың өзегін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді қалыптастырады
Қазақстан тарихы оқу пәнінің негізі – адамзаттың жүріп өткен табиғи және әлеуметтік даму жолы (адам –табиғат – қоғам). Ол оқушыларды адамзат тарихының ең ежелгі дәуірінен қазіргі кезге дейінгі кезеңдерімен таныстырады. Бірақ мектептік пән бүкіл тарих ғылымын тұтас та, толық қамти алмайды. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық дәрежесі ескеріле отырып, білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық жағынан ең маңызды деректер, оқиғалар, құбылыстар, тарихи үрдістер, тарихи-ғылыми ұғымдар іріктеліп алынады. Бұл тарихи объектілер адамзаттың кез келген қоғамының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдениет сияқты маңызды салаларын қамтитын болғандықтан оқушыларға адамзат қоғамының тарихын толық түсінуге мүмкіндік береді.
Жалпы Қазақстан тарихы пәнін оқытуға біртұтас көзқарас қалыптастыру, бұл тарихты оқып – үйренуге формациялық және өркениеттік тұрғыдан қарауды ұштастыруға негізделуге тиісті. Формациялық тұрғыдан қарау тарихи даму кезеңдерінің сабақтастығы мен ішкі байланыстарын бейнелейді, әлеуметтік-экономикалық процестердің логикасын түсінуге мүмкіндік береді. Өркениеттік тұрғыдан қарау, әр түрлі халықтар мәдениетінің өзара байланысы мен өзара ықпалын көрсетеді, салыстырмалы-типологиялық әдісті кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
«Қазақстан тарихы» пәннің тарихи материалын оқып, танып білу және оны меңгеру үшін көптеген тәсілдер мен құралдар қолданылады. Оқушылардың іс-әрекетін, ойлау, таным қызметін дамытуға бағытталған бұл әдістер белгілі жоспармен, жүйемен жүргізіледі.
Иллюстрациялап түсіндіру әдісі – бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және әңгімелеп тұрып, пайдаланатын басқа құралдарды (оқулықпен, интерактивті тақтаны, түрлі суреттер мен кестелерді, буклетерді және көркем әдебиетті) қамтиды. Бұл әдісті қолдану барысында мұғалімде, оқушыларда қызмет жасайды. Соның нәтижесінде оқушылар өздігінше жұмыс жасауға үйренеді.
Ақпаратты – рецептивті әдісі – әңгіме, әңгімелесу, экскурсия түрінде, ауызша және жазбаша жүзеге асырылады. Білімді әңгімелеу негізінде оқулық бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс мұғалімнің басшылығымен, оқулық, құжат, сурет, әңгіме экскурсия барысында ұштастырыла пайдаланылады.
Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі – бұл әдісте оқушылардың белгілі бір ұжымдық бөлігі түрлі театрландырылған көріністер көрсету арқылы жүзеге асырылады. Ежелгі дүние тарихы курсы бойынша әсіресе мәдениет тақырыптарын өту барысында кеңінен қолдануға болады. Осы әдісті пайдалану нәтижесінде оқулықтан оқыған материалдарын театр көріністері арқылы нақтылы түсінуіне мүмкіндік береді.
Тарихи құжаттарды пайдалануда осы циклды оқытудағы маңызды әдістердің бірі. Тарихи құжаттар өткен дәуірдің ескерткіші. Олар оқушыларға оқытып жатқан материалды нақтылай түсуге, өткен оқиғалардың бейнесін айқынырақ елестетуге, сол дәуірдің ерекшелігін дәл көрсетуге көмектеседі. Заңдардың, бұйрықтардың, хаттардың, естеліктердің, мемуарлардың үзінділерімен таныса отырып оқушылар белгілі оқиға, құбылыс туралы жан-жақты мәлімет алады. Тарихи құжаттарды оқу және талдау оқушылардың білімін кеңейтеді, олардың ойлауын дамытады, деректермен өздігінше жұмыс жасау шеберлігін ұштай түседі. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар үйде шағын шығарма, тарихи құжаттар бойынша конспект, хабар жасап келеді.
Біліктерді қалыптастыру әдісі – біліктерді қалыптастырудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы зор. Оқушы белгілі бір білікті меңгеруге байланысты өздігінше жұмыс жасайды. Оқушылар синхрондық кестелер сызады, тарихи текстің кеңейтілген жоспары, тарихи қайраткерлердің, құбылыстардың салыстырмалы сипаттамасы, бірыңғай тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, тарихи карталар мен сызбалардың мазмұнын өз әңгімесіне пайдалану, оқулықтағы кейбір мәселелерді өздігінше оқып, меңгереді.
Оқу-танымдық іс-әрекетін дамыту үшін ақпараттық материалдармен жұмыс кең қолданылады. Осы арқылы білім алушылар мәтінмен жұмыс жасауға үйренеді, яғни көпшілікке арналған ақпараттық нысандармен қалыпты жұмыс жасау құралдарын меңгереді. Олар ақпаратты материалдарды жинаудың жаңа тәсілдерін игеріп, пайдаланады. Хрестоматиялық материалдар негізінде электронды карталарды тақырыптар бойынша пайдалануға болады. Қорытынды сабақтарда кешендік тестілеуді компьютерлік тестілеу әдісі арқылы өткізуге болады.
Зерттеу әдісі – Шығармашылықпен жұмыс жасау тәсілін және білім мен біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Зерттеу әдісі – ғылыми тұрғыда танып білудің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашылықпен жұмыс жасаудың белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмысын жүргізуге оқушылардың ынтасын ұштайды; оқушылар білімді толық әрі саналы іздену арқылы меңгереді.
Проблемалық зерттеу әдісі – оқушылардың ойлауын, қиялын дамытуға, эмоция туғызуға, бұрын алған білімдерін қайта еске түсіруге мүмкіндік береді. Демек жаңа білімдерді меңгеруге оқушылар белсене қатыстырылады, сөйтіп білімді берік меңгереді, ойлау қызметі одан әрі дамиды.
Тарихтан жаңа тақырыпты үйреткенде проблемалық баяндау әдісін қолдану барысында материалдық мәдениет ескерткіштері, бейнелеу өнерінің шығармаларымен жұмыс жасау арқылы да болады.
Тарихи
- көркем шығармаларды пайдалану әдісі
– Тарихи-көркем шығармамен сабақ
барысында өзіндік жұмысын
«Қазақстан тарихы» пәнінің
Оқу пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
Қазақстан тарихы пәнін оқытудағы ең бастысы оқушылардың назарын келесі мәселелерге аудару:
1. Қазақ халқының тарихын ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін зерттеу;
2.
Көшпелі дүние жүйесіндегі
3.
Бүкіл адамзат тарихы дамуында
қазақ этносының, тұрмысының, шаруашылығы
мен әлеуметтік-саяси
4.
Түрлі әлеуметтік топтардың қазақ қоғамындағы
орны мен рөлін анықтау.
Тарих тарихи тұрғыдан ойлай білуді қалыптастырады, азаматтық ұстанымды шыңдай түседі, ұлттық мақтаныш пен патриоттық сезімге тәрбиелейді.
Өткенімізді біле отырып, қазіргі кезеңді оңай меңгереміз, болашақты айқындай аламыз.
Қазақстан тарихы пәнінің негізгі мақсаттары мынадай:
- тарихи дәуірлерге талдау жасау;
- этностық тарихқа талдау жасау;
- түрлі
тарихи кезеңдердегі
- түрлі
тарихи кезеңдердегі
Қазақстан
тарихын кезеңдерге бөлу әлі де тиянақты
және дәлелді түрде іске асқан
жоқ. Ол мәселе болашақта тарихтың сүбелі
кезеңдері монографиялық
Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы 3 кезеңге бөліп қарастырылады:
I
кезең- көне дәуір. Оның
II кезең - орта ғасырлар. Оның шекарасы ұлы қоныс аударудан бастап Еуропада капитализмнің дамуы,қазақ жерінде Қазақ хандығының пайда болуымен аяқталады;
III
кезең -қазақ мемлекетінің
Сонымен тәуелсіз Қазақстан тарихы осындай 3 ірі кезеңдерден тұрады.
Қазақстан тарихының көне кезеңдерін жете түсінуге археологиялық және этнографиялық зерттеулердің берері мол. Тас, қола, ерте көшпелілер мен орта ғасыр мемлекеттері біздің археологиялық экспедициямыздың тарапынан жақсы зерттелмек. Қазақ қоғамына, Қазақ тарихына жан-жақты баға берген алғашқы ғылыми зерттеулер XIX ғасырдың 20-жылдарынан басталады. Ғылыми тарихнаманы таразылағанда зерттеулер Қазақстанды Ресей отары етіп, негізінен этникалық мәселелерден гөрі, шаруашылық, қоғамдық дәстүрлерге көңіл бөледі. Одақ заманында ғалымдардың көпшілігі таптық-метоталогиялық ықпалында өз зерттеулерін, қашанда әлеуметтік қайшылықтармен байланысты қоғамдық зерттеуде үстірт пайымдауларға жол берді.
Қазіргі таңда Қазақстан тарихы ғылымы ақтандақ проблемаларды зерттеумен қатар, бұрын тиым салынып салынып келген тарихи әдебиеттермен айналысып жатыр.