Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 17:29, реферат
Мәдениет пен діннің арақатынас мәселелері әр түрлі ғылыми мектептер мен дүниетанымдық бағдарлар ойшылдарының арасында әрқашан қызығу-шылық тудырып келеді. Бұл жөнінде өте беделді шетелдік және отандық авторлар Н.А.Бердяев, Б.А.Рыбаков, Э.Б.Тайлор, Дж.Фрезер, М.Қозыбаев, С.Кенжеахметов, В.Тимошинов, т.б. жазды.
Жамукет және Невакат қалаларының зираттарынан қазған кезде күміс, қола крестері бар христиан қабірлері табылды. Шымкент қаласының мұра-жайында Шараб қаласы деп саналатын Төрткөлтөбе қаласының жұртынан табылған тас келі сақтаулы тұр. Онда христиан дінінің нышандары – крест пен көгершін бейнеленген. Таразды қазған кезде VI-VIII ғасырлар қабатынан сирия жазуымен «Петр және Гавриил» деп жазылған керамика саптыаяқ табылды.
Жетісуда дайындалған, Аниковское және Григоровское деген атпен мәлім болған, ертедегі христиан иконографиясының сюжеттері бар екі күміс табақшаны несториан қолөнершілерінің бұйымдарына жатқызу керек. Григоровскоенің күміс дискос-табақшасында астасып жатқан үш медальонда «Даниил арыстан апанында», «Петрдің езінуі» және «Құдайдың табытын күзету» бейнеленген.
Невакетте
христиан қауымының болғанын керамикадағы,
шарап құятын үлкен кеспектердің
ернеулеріндегі соғды жазбалары
дәлелдейді. Олардың біреуінде
былай деп жазылған: «Бұл кеспек
Йарук-Тегін мұғалімге арналған.
Пастун шебер. Ол кеспек толып
трүсын, аминь, аминь!». Бүл жазудағы
«мұғалім» деген сөз түрік-соғды
эпитафияларындағы «мұғалім, тәлімгер»
деген терминге ұқсайды. Қорытындысындағы
«аминь» деген сөз Йарук-Тегіннің
христиан қауымының басшысы
болғанына күмән қалдырмайды. Қысмычи
қаласының жұртынан табылған
кеспектің ернеуіне: «Епископ
Ширфан», - деп жазылған. Жазбалардың
шарап құятын ыдыстарға ойып
жазылуына қарағанда, Жетісуда
шарап өндірісі ғұрыптарында
шарап маңызды рөл атқарған
христиандардың қолында болған.
Жібек жолының бойымен келесі бір дін – манихей діні таралған. Ол III ғасырда Иранда пайда болып, тез арада Италиядан Қытайға дейін көп мөлшерде адептілер тапты. Ол жалпы алғанда зороастрашылық пен христиан дінінің қосындысы болатын. Христиан дінінен манихет діні – месси-аңшылдықты, ал зороастрадан ізгілік пен зұлымдықтың, жарық пен қараңғылықтың күресі идеясын алған.Соғдылар манихейлікті таратуда да жетекші рөл атқарады. VIII ғасыр бас кезінде манихейлердің жоғарғы басшысының Самарқандта сарйы болған. Манихейлік дін Орта Азияда ұзақ уақыт бойы өмір сүрген, сонда оның пантеонына, терминологиясына, тіпті концепциясына дейін буддизм қатты әсер еткен.
Манихей дінінің Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде, бірінші кезекте, отырықшы тұрғындар арасында өз жақтаушылары болды. Тұрфан алқабынан табылған манихейлік «Екі негіздің қасиетті кітабы» деген шығармаларының «Арғу, Талас» қаласында жазылды делінген. Бұл арада белгілі Тараз қаласы айтылып отыр. Жетісудың тағы бірқатар қалаларында – Баласағұнда, Жікіл-Балықта манихей мекендері мәлім. Сірә, Таразды қазған кезде табылған, ма-нихейлік астралдық құдайлар нышаны болып саналатын айы бар, әйел бейнеленген қола медальонды манихейлік жәдігерлер қатарына жатқызған жөн.
Қазақстанның ортағасырлық қалаларының тұрғындары арасында тағы бір дүниежүзілік дін – зороастра дінінің өкілдері болған, ол дін б.з.б. VII-IV ғасырларда ежелгі Иран аумағында қалыптасты. Оның ғұрыптық практика-сына Ғаламның төрт элементін – суды, отты, жерді, ауаны құрметтеу тән. Зо-роастра ескерткіштері Орта Азиядан, Сырдария қалалары мен Жетісудан аң-ғаруға болады. Бұлар – мұнара сияқты құрылыстардың қалдықтары, оларды от жағатын мұнаралармен байланыстыру қажет. Олар Қостөбе және Қызылөзен қалалары орнының топографиясында сақталған. Алайда Орта Азия мен Қа-зақстанда зороастра дінінің канондық түрінен айырмашылығы бар ерекше нұсқасы таралған. Ол жергілікті табынушылық діндермен, атап айтқанда, отқа, текке, бабаларға, жануарларға – қойға, жылқыға, түйеге табынумен тығыз араласып кеткен.
Бұл дінге байланысты олжалар оссуарийлерге – сүйекті қыш жәшіктерге, кеспектерге, өлікті жер бетіндегі көрхана наус-сағаналарға қойып жерлеген жерлерден табылды. Зороастра дінін Қазақстан қалаларына VI-VII ғасырлар-да соғдылар әкелген, алайда оның элементтері одан көп бұрын Оңтүстік Қазақстан ды мекендеген сақ-массагет тайпалары арасында қалыптаса баста-ған. Зороастра дінімен байланысты мәдениеттің көп жақтары Қазақстан қалаларында онда ислам келгеннен кейін де кездесе береді. Алайда ислам Шығыста христиан дінін де, будда дінін де, зороастра дінін де, жергілікті діндерді де біртіндеп ығыстырып шығарды. Жаңа дін Жібек жолының көптеген қалаларында үстем дінге айналды. VIII-IX ғасырлардың аяғындағы оқиғалар туралы баяндалатын деректемелер Оңтүстік Қазақстанды мекендеу-шілердің исламға көшкенін көрсетеді. 840 жылы Нух ибн Асад Испиджабты бағындырып алды. 859 жылы оның інісі Ахмед ибн Асад Шауғарға жорық жасады, онда бірнеше мың адам діни қудалауға ұшырады.
Кейбір тарихи зерттеулерге қарағанда, Аравия түбегіндегі арабтар ислам діні пайда болғанға дейін мәдениеттен жұрдай болып артта қалған қараңғы ел болған. Алайда археологиялық зерттеулер мұндай пікірдің қате екенін дәлелдейді. Зерттеу кезінде алынған археологиялық және эпиграфиялық материалдар арабтардың ерте кездерден бастап-ақ күшті мәдениетті өздеріне тән мемлекет болғандығын көрсеткен.Дегенмен Аравияның табиғи жер жағдайының әр түрлі болуына әерін тигізген. Егер VI-VII 5асырларда Иемен жері және кейбір аймақтарында қалалық өмір дамып,жер шаруашы-лығы өсіп жатса, ал кең байтақ далалы аймақтарында басты байлығы түйе болған көшпелі-бедуиндер өмір сүрген. Бұларда ру-тайпалық қоғам күшті болғанына қарамастан соңында феодалдық қарым-қатынас күшейіп, тарихи дамудың нәтижесінде әртүрлі тайпалық одақтар бірігіп мемлекет құрылған. Мемлекеттің құрамында VIII ғасырдың басында жаңа ислам дінінің әсері зор болған. Ислам діні «Алланың әмірімен жіберген елшісі Мұхаммед пайғамбардың тікелей қатысуымен пайда болған. Мұхаммед пайғамбар Ара-вияның орталығы болған Мекке қаласының тұрғыны . Алайда бұл қалада өзін жақтаушылардың аз болғандығынан, қолдаушыларымен 622 жылы Меди-не қаласына барып орналасады. Сондықтан мұсылмандық хиджра жыл санау осы кезден басталған. Жаңа қалаға келгеннен кейін Мұхаммед бұл жердегі ру-тайпаларды да Меккенің халқына бағындырып, Алланы мойын-датып, Ислам дініне олардың бәрін енгізеді. Сөйтіп өкімет басқару ісі діни адамдардың қолдарында болған бір орталыққа бағынған діни мемлекет құрылады.
632 жылы Мұхаммед пайғамбар қаза болғаннан кейін оның орнына халиф ретінде Абу Бакр сайланады. Бұдан кейін Омар бұдан кейңн Оспан халиф болған. Бұлардың кезінде Ислам діні бүкіл Аравия түбегіне түгел орнығып, Араб ислам мемлекеті күшейеді. Араб ақсүйектері көрші жатқан елдердің байлығын иелену үшін, ислам дінін тарату дегендді сылтау етіп, «дін үшін қасиетті соғыс» дегенді бетке ұстап, жаулаушылық жорықтарға шыға бастайды.
Мысырдағы мешіт
Дегенмен, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның кейбір аймақтарының араб халифаты қарамағына кірулері ислам дінінің таралуы мен араб тілі мен жазуын жергілікті жерлерге енуі қоғам өміріндегі жаңалықтар болды. Ежелгі түрік жазуы өмірден біртіндеп ығыстырылып шығарыла бастаса, араб сөздігі түрік лексикасына кіре бастайды. Қоғамдық құрылыста феодал-дық қатынастар қалыптасып, әлеуметтік қайшылықтар тереңдей түседі.
Орта Азия халықтарының дәстүрлері мен тарихи тағдырларындағы кей-бір елеулі өзгешеліктердің болуына қарамастан, исламның орнығуы, өрісінің кеңеюінің нәтижесінде,оның жергілікті халықтардың мәдени қабаттарымен қабысуының әсерінен араб-мұсылман мәдениеті қалыптасады.
Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның Тараз, Испиджаб, Шаш, Түркістан, Самарқанд, Бұхара, Сығанақ сияқты атақты орта ғасырлық т.б. қалалары мәдениет ошақтарының орталығына айналады. Қалаларда мешіт-медреселер салынып, атақты Әл-Хорезми, Әл-Фараби, Әл-Бируни, Қожа Ахмет Ясауи сияқты т.б. көптеген ғұламалар өмір сүріп, ғылыми еңбектер жазған. Олар-дың шығармаларының тәрбиелік мәні бүгінгі ұрпақтарды тәрбиелеуде мән-мағынасының баға жетпес жоғары екендігі дәлелденіп, олардың еңбектерін оқып-үйрену күнделікті өмір дәстүріне айналған.
766 жылы Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде саяси үстемдікті басып алған қарлұқтарға мұсылман мәдениеті мейлінше ықпал жасады. Олар ислам дінін сонау Махди халиф кезінде қабылдаған деген пікір бар. Алайда бұл, сірә, олардың белгілі бір бөлігіне ғана қатысты болса керек, өйткені 893 жылы Исмаил ибн-Ахмад Таразды алып, «бұл қаланың басты шіркеуін ме-шітке айналдырды».IX ғасырдың екіінші жартысы – Х ғасырда қала тұрғын-дары ның жерлеу ғұрпы өзгереді. Ол мұсылман ережелері бойынша жасала-тын болды: өлік жерден қазылған шұңқырларға, шикі кірпіштен қаланған сағаналарға жерленді.Өліктердің басы солтүстік-батысқа,беті оңтүстікке қа-ратылған. Қабірлерге құрал-саймандар қойылмаған. Ең ертедегі мұсылман зи-раттары Отырар алқабынан ашылды және мерзімі IX-X ғасырлар деп белгі-ленеді.
Х ғасырда
Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген
оғызардың бір бөлі-гі ислам дінін қабылдағанмен,
әлі де болса мұсылман діні
көшпенділер ара-сында көп тарамады.
Ислам дінінің негізін салушы, бүкіл
мұсылмандардың пайғамбарына айналған
Мұхаммедтің Орта Азия мен Қазақстанда
қолдау-шылары аз болған жоқ.
Солардың бірі Қазақстанның
оңтүстігінде өмір сүр-ген Арыстан
Баб және оның оқушысы Ахмет Иассауи
болған. Олар Оңтүс-тік Қазақстанның
түркі жұртшылығы арасында ислам
дінінің тарауына үл-кен ықпал
еткен. Аңыз бойынша Ахмет Иассауи
Сауран қаласында 1094 жылы тауып,
1166 жылы қайтыс болған. Оның қаламынан
«Диуани хикмет» атты өлеңдер
жинағы туындаған. Кітап 1901 жылы
Қазанда, Стамбұлда, 1902 және 1911 жылдары
Ташкентте баслыып шыққан. Қожа
Ахмет Иассауи қай-тыс болғаннан
кейін әулиелер санатына қосылып,
оған арнап Түркістан қа-ласында
салынған кесене мұсылман қауымының
көп баратын қасиетті орындарының
біріне айналды.
Қала халқының мәдени өмірінде ислам дінін уағыздаушы, сопы ақындар-дың ішінде Ахмет Йассауидің шығармалары елеулі орын алады. Оны Қожа Ахмет Йассауи деп те атайды. Ол Оңтүстік Қазақстандағы түрік халқының арасында ислам мен мұсылман дінінің таралуына зор әсерін тигізді. Қожа Ахмет өлеңдері көпшілік арасында кеңінен тарады. Оның өлеңмен жазылған «Диуани хикмат» деген еңбегі ерекше бағаланды. Ақиқатты, шындықты, адалдық пен тазалықты, имандылықты уағыздаған Қожа Ахмет бір өлеңінде былай дейді:
Қожа Ахмет басыңды елге ие біл,
Ақиқатты ары таза сүйе біл.
Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен,
Халық қана дүниеге ие бұл.
Ахмет Йассауидің Хакім ата деген атпен елге есімі белгілі Сүлейман Бақырғани сияқты шәкірттері де аз болмаған. Қожа Ахмет Йассауи Сайрам-нан шыққан, оның ұстазы исламды уағыздаған белгілі Арслан-баб болған. Ол жөнінде Қожа Ахмет өз шығармаларында атап көрсетеді.
Қорытып
айтқанда,VI-XII ғасырларда Қазақстан
жерін мекендеген түрік тайпалары
қыпшақ-оғыз,қарлұқ-ұйғыр тілдерінде
сөйлеп, олар кейінгі ұрпақ-қа көптеген
өшпес тарихи-әдеби мұралар
қалдырған.
Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университеті
Реферат
Тақырыбы:V-XII ғасырлардағы Қазақстанның рухани
мәдениеті.Дін.