Тарих дін

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 17:29, реферат

Описание работы

Мәдениет пен діннің арақатынас мәселелері әр түрлі ғылыми мектептер мен дүниетанымдық бағдарлар ойшылдарының арасында әрқашан қызығу-шылық тудырып келеді. Бұл жөнінде өте беделді шетелдік және отандық авторлар Н.А.Бердяев, Б.А.Рыбаков, Э.Б.Тайлор, Дж.Фрезер, М.Қозыбаев, С.Кенжеахметов, В.Тимошинов, т.б. жазды.

Работа содержит 1 файл

тарих реферат.docx

— 201.89 Кб (Скачать)

   Мәдениет  пен  діннің  арақатынас  мәселелері  әр  түрлі  ғылыми  мектептер  мен  дүниетанымдық  бағдарлар  ойшылдарының  арасында  әрқашан  қызығу-шылық  тудырып  келеді. Бұл  жөнінде  өте  беделді  шетелдік  және  отандық  авторлар  Н.А.Бердяев, Б.А.Рыбаков, Э.Б.Тайлор, Дж.Фрезер, М.Қозыбаев, С.Кенжеахметов, В.Тимошинов, т.б. жазды.

   Мәдениет  пен  дін  қатынасының  әр түрлі  мәселелерін  А.В.Горский, А.В.Карташев, П.А.Флоренский  сияқты  тарихшылар  мен  философтар  қарас-тырды. Бұл  тақырыпқа  байланысты  қоғамдық  пікірдің  арта  түсуі  тегіннен-тегін  емес. Кеңес  Одағының  күйреуінен  кейінгі  идеологиялық  бос кеңістікті  діннің  адамгершілік, имандылық  тәрбиесіне  пайдалы  ықпалымен толтыру  мә-селесі  күн тәртібіне қойылып  отыр. Қоғамдағы  оңды  өзгерістерді  мәдениет, өнер,  білім, салаларының  дінмен  байланысы  арқылы  көргісі  келетіндер  саны  күннен-күнге  артып  келеді.

   Дегенмен, мәдениет  пен  діннің  арақатынасы  туралы  ортақ  пікір ғалымдар арасында  әлі  жоқ. Бірінші  мәдениеттанушылық  тұжырымдама – діни  тұжы-рымдама. Оның  өкілдері  дінді  мәдениет  негізі  деп  қарастырады. Бұл  пікірдің  көрнекті  өкілі  ағылшын  этнографы Дж.Фрезер  «Барлық мәдениет  ғибадатха-надан пайда болған», дейді.

   Бұған  қарама-қарсы  атеистік  бағыттың  өкілдері  дінді  мәдениет  ұғымына  мүлде  кіргізбейді. Бұл  көзқарастардың  басында «ағартушылық  тұжырымдама-лардың»  өкілдері  Гольбахтың, Гельвецийдің, Дидроның, Фейербахтың  пікірле-рі  жатқанын аңғару  қиын  емес. Бүлардың  пікірінше, дін  рухани  өсуге  кесел  келтіреді.

   Бұдан  көретініміздей, аталған  пікірлер  бір-біріне  қарсы, бір-бірін  жоққа  шығаратын, ешқандай ымыраға  келмейтін  көзқарастар  болып  табылады. Алайда, дін  мен  мәдениеттің  байланысы, бір-бірімен  арақатынасы  жайында  бұлардан  өзге  көзқарастар  бар  екенін  естен  шығармаған  жөн.

   Дін (религия) дегенміз (латынның  сөзі  religio – тазалық, қасиеттілік, құдай-ға  сенгіштік  деген мағынаны  білдіреді) құдайдың  бар екендігіне  негізделген дүниетаным  мен тәртіптер жүйесі  болып  табылады. Дін  өзінің  дамуында  ұзақ  және  қиын  қалыптасу  жолынан  өтті. Адамзат  қоғамы  дамуының  алғашқы  кезеңдерінде  адамдардың  санасына  табиғат  күштері  әсерінен  діни  сенімдер  қалыптаса  бастады.

   Табиғат  жағдайларының  мәнін  түсінбеген, олардың  алдында  дәрменсіз  адам  қатты  қорықты. Сондықтан  табиғаттың  құпия  дүлей  күштеріне  қарсы  күресу  амалдарын  табуға  тырысты. Сқйтіп, діни  қарым-қатынастардың  қа-сиетті объектілері саналған  заттарға, жан-жануарларға  сыйына  бастады. Сы-йынатын объект  фетишке  айналды. Өзінің  сыйынатын  затынан  немесе  жа-нуарынан қажетті  әрекет  күткендіктен, адам сиқыршылық  әдет-ғұрыпты, ар-бауды  дамытты. Ежелгі  заман  адамдарының  фетиштік  дыни  сенім-наным-дары  біздің заманымызға  жетуі  таңданарлық  жайт  екенін  айтқан  жөн. Мыса-лы, қазақтар  үшін  қасиетті  жануарлар  болып табылатын  аққуды, қара-құсты, бүркітті, қарлығашты  өлтіруге  болмайды. Бірте-бірте  адамдар  арасында адам-ның жаны  оның  денесінен бөлек өмір  сүреді  деген сенім қалыптасты. Мұндай  сенімді анимизм деп атайды. Сондықтан да дыни  қарым-қатынастардың бұдан әрі дамуы дүниені екі бөлікке бөлуге, яғни  бұл дүние және  о дүние деп бөлуге  әкелді. Кейінірек, феодалдық  қоғамынң  нығаюы  нәтижесінде  аса ірі  діни  жүйелер – буддизм, христиан  және  ислам  діндері  қалыптасты. Дін  мен  көркемөнердің  түп-тамыры  және  бастаулары  бір. Көркемөнер  өз  бастауларын  адам  тәжірибесінен, адам ынта+жігерінен  алады. Себебі  шығармашылық  бостандық  дегеніміз – дамыған  және  тереңдеген  еңбек әрекетінің  нәтижесі. Оның  барысында  және  нәтижесінде  адам  еңбек  құралдарын  жасайды, қоршаған  ортаны  игереді, өзі  сияқтыларымен  қарым-қатынастарды  тереңдетеді, өзін  танытады, дүниені  эстетикалық  тұрғыдан  танып  біледі.

   Дін  бастауларының  қайнар көзі  де адам  тәжірибесінде, бірақ жоғарыда  көрсетілгендей, адамның қоршаған  ортаға  тәуелділігін  бейнелейтін әрекетін  көрсетеді. Соған байланысты  адам  өзінен  әлдеқайда құдіретті күштерді іздеуге мәжбүр болды. Нәтижесінде, сиқыршылық, фетишизм  және  басқа алғашқы сенім-нанымдар  пайда болды. Діннің  ең  алғашқы түрі  фетишизм (француз тілінен fetiche – идол, тұмар) болды. Ол  жансыз  дүниелерге  табыну-дың  нәтижесаінде  туындаған  еді. Діннің  ең  ежелгі  түрі  анимизм (латын  тілінен  anima – жан) – жанның болатынына  сендірсе, тонемизм – адамдар  мен  жануарлардың  туыстығын  дәлелдеуге  тырысты. Бұл діни  сенімдер  алғашқы  қауымдық  құрылыс  дамуымен  сәйкес  келіп, деңгейі  жөнінен  сол  қоғам  талаптарын  қанағаттандырды. Қоғамның  одан  әрі  дамуы  ұлттық-халықтық  діндерді – политеизмді тудырды.Бұған классикалық мысал ретінде ежелгі  грек  қоғамында үстемдік  еткен көрқұдайлық дінді алуға болады.

   Ұлттық-халықтық  діндердің  қатарына  иудаизмді, индуизмді, синтоизмді, конфуций  ілімін  жатқызуға  болады.

   Сайып  келгенде, қоғамдық  қатынастар  күрделенген  сайын  діни жүйелер  де ерекше  құндылықтар  қабаттарын  қалыптастыра  отырып, күрделілене  түседі.

   Дүниежүзілік  тарихи  дамуда  әр  түрлі  діндер  әр  түрлі  рөл  атқарады. Олардың  ішінде  әлемдік  дін  атына  ие  болған  үш  дін: будда, христиан, ислам  діндерінің  шешуші  рөл  атқарады. Шын  мәнісінде  осы  дін-дер  ғана  өздерінің  алғаш  пайда  болған  аясынан  шығып, басқа  жерлерге  та-рап, миллиондаған  адамдардың  санасын жаулап  ала алды. Әлемді  діндер  даму  барысында тарихи  жағдайларға сәйкес  өзгерістерге  ұшырап  отырды.

   Будда  діні  Үндістанда  б.д.д. VI-V ғасырларда  құл иеленушілік қатынас-тар үстемдігі негізінде пайда болды. Будда дінінің алғашқы кезеңіне  адам-дардың  ауыр  тұрмысын, олардың әлеуметтік  жағдайларына  қарамастан, рухани  теңдік жолымен т.зеуге тырысушылық тән болған  еді.

   Алғашқы  Солтүстік  Үндістанда  көптеген  секталардың  бірі  болып  қалыптасқан  будда  діні, кейін  бүкіл  Үндістанға, одан  соң  Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс  және  Орталық  Азияға  кеңінен  тарады.

   Христиан  діні  алғашқыда  Шығыс  Жерорта  теңізі  өңіріндегі  еврей  орта-сында  иудаизмнің  бір  тармағы  болып  құрылды  да, кейінірек  өзінің  туысқан  негізінен  батыл  түрде  бас  тарта  отырып, онымен бітіспес  қарама-қарсылыққа бой  ұрды. Отанынан  аласталған  христиан  діні  аса  қатты  қуғын-сүргінге  ұшырады. Б.д.д. І ғасырда  ол құлдар  мен  кедейлердің, Рим  империясына ба-ғынышты  халықтардың  арасына  тарады. Одан  кейін  тарихи  даму  барысын- да  жер  шарының  барлық  аймақтарына  таратады. Бұдан  христан  дінінің  әлеуметтік, ұлттық  шектеулерден  және  құрбандық  шалудан  бас  тартуы  се-беп  болды.

   Христиан  дінінің  басты  идеялары – Иисус  Христостың  күнә  кешу  қызме-ті, Христостың  екінші  рет  оралуы, Азапты  сот, аспанға  жалбарыну, аспан  патшалығының  орнатылуы.

   Христиан  діні  католицизм, православие  және  протестанттық  бағыттарға  бөлінеді. Протестанттық  өз  негізінде  лютерандық, кальвинизм, англикандық  бағыттарға  бөлінеді.

   Ислам б.д. VII ғасырында  Аравияда  басқа  діндерден  бөлек  әлеуметтік  жағдайларда  қалыптасқан  еді. Будда  және  христиан  діндерінен  өзгешелігі, ислам  діні  олардан  кенеттен  түрде  пайда  болған  жоқ, ол  араб  феодалдығын  кеңейтуге  бағытталған жоспарлы  жұмысының  нәтижесінде  қалыптасты. Ислам  Азия  және  Африка  халықтарының  арасына  кеңінен  тарады. Дүниежү-зілік  үш  ұлы  діндердің  тарихи  дамуында  ұқсастықтар  аз емес. Ең  басында бұл діндердің әрқайсысы белгілі бір аумақта, белгілі бір ұлттық  ортада  пай-да  болғанымен, кейін бұлар сынап сияқты  басқа елдерге тез тарап үлгерді. Тек осы жағдайдың өзінен-ақ  діндердің халықтарға  ықпалын білуге  болады. Діндер  тарихын оқып-үйрену  көп жағдайда  дін мен мәдениет  арасындағы  байланыстың айқын мысалы  бола  алатын  діни  ескерткіштерді   оқып-үйрену  арқылы  жүзеге  асырылады. Діни  ескерткіштер  дегеніміз – ең  алдымен табы-ну  ескерткіштері: діни  көркемөнер  ескерткіштері (көркемсурет,музыка), діни  әдебиет, діни  сәулет  өнері ескерткіштері болып табылады.

   Көптеген  діни  ескерткіштер  діни  қызметтік  мақсаттары  болса   да, дүние-жүзілік  мәдениеттің  жетістіктерін  құрайды.Оларды  жасақтауға  данышпан  сәулетшілер, фрескалық  сурет  шеберлері, икона  жазушылар, композиторлар  қатысты. Сөйтіп, дін көркемөнердің  барлық  түрлерін  дамытуға  аса зор  үлес қосты, яғни  мәдениетті  дамытуға  ат  салысты.

   Жалпы  алғанда, отырықшы  және  көшпелі  халықтың  діни  нанымдарында  алдындағы  дәуірлерден   алынғаны  көп. Адамдардың  құдайлық  күштермен  «қарым-қатынасындағы» аралық  міндеттер  қоғамдағы  ерекше  топтың – шамандардың  қолында  болды, ал  шамандар  ертедегі түрік текстерінде  кам  деп  аталған. Шамандар  сәуегейлер, емшілер, «құдайдың  қалауын» жариялау-шылар  болған.

   X-XII ғасырларда  Қазақстан  халқының  арасында  әртүрлі  сенім-нанымдар, діндер  тарады. Көшпелі  халықтардың  басым  көпшілігі  шамандықты  қолдап, қаңарлы  табиғат  күштеріне, аруақтарға  сиынды. Дегенмен бірте-бірте  ислам  діні  де ене  бастады.  

                 
 

   Түркілер  өздерінің  діни  наным-сенімінде  ата-бабалар  аруағына  табынды, олардың  о  дүниелік  болғаннан  кейінде  өмір сүретініне  сенді. Сондықтан  жерленген  адамдардың  тірі  кезінде  пайдаланған  заттарымен, мініс  аттарымен  бірге  қоятын  әдет-ғұрыптары  қалыптасты. Түркілер  нанымының  басты  бір  түрі – отқа  табыну  болды. Мұндай  әдет-ғұрып  адам  бойындағы  ауру  немесе  жаман  пиғылды  «шайтан» әрекеттері  болса, оны  отпен  аластап  тазарту  қа-жет  деп  түсінді. Оны  Византия  елшісі  Земархты  түрік  қағанына  кездестіру-дің  алдында  жағылған  екі  оттың  арасынан  өткізіп, алып  баруы  айқын  көрсетеді. 

                         

                                                     Тәңірлік  діні 

   Ертедегі  түріктер  негізі  Көкке (Тәңір)  және  Жер – Суға (Йер-Суб) сыйыну болды. Құдырет  деп  есептелген  бұл  қос  күштің  негізгісі  Көк  болды. Қаған-дар  нақ  осы  Көктің  еркімен өздерін халықтан  жоғары  тұрып билеп отыр-мыз, Көктің  еркімен соғыста жеңіске жетіп отырмыз, жұт жылдары түрік халқын  Көк пен Жер-Су сақтап  қалады  деп түсінді. Сондықтан түрік ханда-ры  Көк тәңірін әрдайым өздерін желеп-жебеуге шақырды. Түріктердің нанымы  бойынша Көктен  кейінгі желеп-жебеуші әйел  тәңірісі – Ұмай  ана. Ол  от  басымен бала  шағаны  қорғаушы. Ұмай  түрік тайпалары сыйынған  құдіретті үш  күштің  бірі  болған. Оны түріктердің атақты  әскер басшылары-ның бірі  Тоны-көктің  құрметіне  орнатылған  ескерткіште  жазылған – «Көк, Ұмай (құдай), қасиетті  Жер-Су, міне  бізге  жеңіс  сыйлаған  осылар  деп  ойлау  керек» - деген  сөздерден  көруге  болады. Кейбір  түркі  тайпалары  күнге, айға, жұлдыздарға  табынған. Түркілер  жыртқыш  аңдарының  ішінде  бөріге (қас-қыр) табынып, оларды  «көк  бөрі» деп  атаған. 

                             

                                    Буддизм 

   Ортағасырлық  Қазақстан  жерінде  ертедегі  пұтқа  табынушылықпен  қатар  белгілі  дүниежүзілік  будда, христиан, манихей, зороастра діндері де  тарай бастады. Олардың тарауына  Ұлы Жібек жолы  маңызды рөл атқарды. Шығыс Түркістан мен Қытайға будда діні  Үндістаннан Орта  Азия  мен Қазақстан арқылы  өткен. Зерттеушілердің пікірінше,түріктер  VI ғасырдан  бастап  буд-дизмнің  ықпалына  түскен, ал VII ғасырдың  бірінші  жартысында  батыс  түрік-терінің  кейбір  билеушілері  буддизмді  қолдап, оған  қамқорлық  жасаған. Буд-да  діні  Қазақстанның  оңтүстігі  мен  Жетісуда  едәуір  кең  тараған. Будда  діні-

мен  қатар  Жібек  жолымен  Батыстан  ШЫғысқа  қарай  жылжи  отырып  хрис-тиан  діні, оның  несториандық  бағыты  тарайды. V ғасырдың  бірініші  жарты-сында  Шығыс  Рим  империясында  әулие  Несторий  Мария  анадан  құдай  емес, адам  туған, Христос «құдайлар  мекенінен  келуші», қасиетті  рухты  тара-тушы  ғана  болған  деп  уағыздайды. Бұл  жаңалық  халық  арасында  абыржу-шылық  туғызды.Бұл  325 жылы  Никей  соборында  қабылданған  дін  бейнесіне  жатқан  қарама-қайшы  келеді, ол  қағида  бойынша, Христос  бөлуге  болмай-тын  ипостастың – адамдық  және  құдайлық  киелі  қасиеттің иесі болып  есеп-телетін, сол себепті  де  оның  құдай-әкемен  біртамырлас  екенін  жоққа  шыға-руды  ресми  шіркеу  барып  тұрған  дінсіздік  деп  таниды. Несторийдің  ағымы  431 жылы  Эффес  соборында  айыпталып, несториандар  аяусыз  қуда-лана  бастады. Қуғындаулар  нәтижесінде  олар  шығысқа  қашуға  мәжбүр  болды. Азияның алыстағы аймақтарының несториандармен  байланысты  болғаны  қайран  қалдырады. Олардың  колониялары  мен  сауда  факториялары  Жерорта  теңізінің  жағалауын «Аспан  империясына» дейін  созылып  жатты. Таулар  мен  ойпаттар  арқылы  өткен  бұл  жол  бойын-дағы  алқаптардан  христиан  мәдениетінің  ескерткіштері  табылды. Метрополияда  да, отарларда  да  соғдыларға  христиан  дінінің  таралуы  соғдылардың  сирия  жазуымен  танысуына  жеткізді.Сиирия  жазуы  христиан-соғдылардан  ертедегі  түріктерге  жетті;бұл  жазуды  ұйғырлар  қабылдады:«сириялықтар  дүниежүзілік  ғылым  мен  мәдениетке  зор  үлес  қосты.Олар  Шығысты  дүниежүзілік  мәдениет  дамуының  көне  замандағы  жетістіктерден  бастау  алған  сарынына қосты». 

                          

                                                     Буддизм  кесенесі

    

   VII-VIII  ғасырларда  несториандық  ағым Оңтүстік  Қазақстан мен Жетісу  қалаларында орын  алды. Көптеген  қалаларда христиан  шіркеулері  болды. Патриарх  Тимофей кезінде, сірә, қарлұқ жабғуы  болар, түрік патшасы хрис-тиан дінін қабылдаған.IX-X ғасырлар шебінде ерекше  қарлұқ  метрополиясы құрылды, Тараз  бен  Меркеде  христиан  шіркеулері  жұмыс  істеді. Тарихи  деректер  христиан  дінінің  несториандық  тармағын  қыпшақтардың  батыс  бөлігі, Жетісу  жерінде  наймандар  мен  керейіттердің  қабылдағаны  жөнінде  мәлімет  береді. Жетісу  және  Оңтүстік  Қазақстан қалаларынан табылған нес-ториандықпен  байланысты  олжалар жазбаша деректемелердің мәліметте-рін айқын дәлелдейді. Бұл – Ақбешім қаласының жұртынан  табылған  христиан  шіркеуінің  қалдықтары.

Информация о работе Тарих дін