Тарих - шындық, ал, оның дәмі удай ащы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 14:38, реферат

Описание работы

Тарихи деректерге көз салсақ, көшпенділер ұрпағының пешенесіне әу баста-ақ, артта қалушылықты жазып қойғандай көрінеді де тұрады. Ежелгі көшпенділер Орта және Орталық Азияда қазіргі қытайлар мен орыстардың арғы ата-бабаларының түсіне кірмей тұрғанда-ақ, алғашқы мемлекетті құрғанын тарихшылар дәлелдеп қойған. Расында, жыл санауымыздан бұрынғы 209 жылы шаңырақ көтерген Ғұн мемлекетінен бастасақ, көшпенділер ел билеудің, өкімет құрудың 2200 жылдан астам тарихы бар ежелгі халықтардың бірі. Бірақ, оның несімен мақтанамыз, қалай масайраймыз деген ой тағы келеді.