Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 18:56, реферат

Описание работы

Азамат соғысының аяқталуы мен 1922 ж. Кеңестік Coциалистік Республикалар Одағының — КСРО-ның құрылуы елдегі ұлттық-мемлекеттік құрылысты одан әрі дамытуға қолайлы жағдай туғызды. Ұлттық-аумақтық мемлекеттік құрылымдардың басшылары мен жекелеген халық өкілдері, солардың ішінде Қазақ АКСР-і де бар, ұлттық мемлекеттілік көлемінде белгілі бір халықтың бүкіл этникалық аумағын біріктіру (қосу) мәселесін орталық алдына жиі-жиі қоя бастады.

Работа содержит 1 файл

Азамат соғысының аяқталуы мен 1922 ж.doc

— 76.50 Кб (Скачать)

     Ұлттык-аумақтық межелеу нәтижесінде Түркістан АКСР-інің қарамағында болған бұрынғы Жетісу және Сырдария олыстарының үлкен бөлігі Қазақ АКСР-і құрамына өтті. 1924 жылғы қараша айынан бұл облыстарды басқару ісін Қазак АКСР-і үкіметі құрған ревкомдар жүзеге асыра бастады. 1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың басында Казақ АКСР-іне қосылған жекелеген ояздар мен болыстар шекараларын анықтау одан әрі жүргізілді.

     Экономикалық  ресурстары бай, тарам-тарам суару  торы бар, миллиондаған малы каптаған кең-байтақ аумақтың қосылуы Қазақстан өндірістік күштерінің дамуына қолайлы жағдай тудырды. Осыған орай республиканы жаңадан аудандастыру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Оны талдау барысында республика астанасын Орынбордан басқа қалаға көшіру мәселесі туды. Орынбор Қазақ АКСР-інің калыптасу жолында маңызды рөл атқарды. Дегенмен, тарихи жаңа жағдайда оның географиялық орны Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму талаптарына жауап бере алмайтын болды. Оның үстіне Орынбор аумақтық жағынан қазақ халқының қалың бұқарасынан тым қашық жатты, Орынбор губерниясы экононикалық жағынан Оңтүстік Оралға бейім еді. Мұның сыртында Орынбор мен осы атгас губерния тұрғындарының басым көпшілігін орыстар құрады.

     Қазақстанда болашақга әкімшілік-аумақтық аудандастырудың бірнеше нұсқасы әзірленді. Республиканың болашақ ортасы, астанасы Ақтөбе, Ақмола, Шымкент, Әулиеата, Ақмешіт қалалары аталды. 1925 жылғы 26 қазанда РК(б)П ОК Қазақстанды аудандастырудың комитет ұсынған жобасын талқылап, оны әрі қарай зерттеуді БОАК-нің әкімшілік комиссиясына тапсырды. Қазақ астанасын Ақмешіт қаласына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Үкімет мекемелері орналасатын ғимараттар құрылысына РКФСР үкіметі 4 миллион қаржы бөлді. 1925 жылғы 6 сәуірде БОАК Президиумы Қазақ АКСР-і құрамына Орынбор губерниясын бөлу туралы қаулы қабылдап, БАК-тың арнаулы комиссиясына аумақтық-экономикалық мәселелерді нақтылауды тапсырды. Қазақ АКСР-і құрамынан бөлінген Орынбор губерниясына орыс тұрғындары басым аудандар мен Орал губерниясы Елек оязының бір бөлігі берілді.

     Қазақ АКСР-інің өкімшілік бөліктерін қайта құру 1925 жылдың басында аяқталды. Бұдан былай Қазақ АКСР-і Адай оязын (губернияға теңестірілген), Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу, Сырдария губерниялары мен Қарақалпақ автономиялы облысын біріктірді.

     1925 жылдың бірінші жартысында республиканың  негізгі мемлекеттік мекемелері  Ақмешітке көшіп келді. 1925 жылғы  15 — 19 сәуірде республиканын жаңа астанасында Қазақстан Кеңестерінің V съезі өтті. Съезд Қырғыз АКСР-ін Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы деп өзгертіп, байырғы қазақ халқының тарихи атауын қалпына келтірді. Съезд сонымен катар республиканың жаңа астанасының атын да өзгертті: Ақмешіт (бұрынғы Перовск) қаласы Қызылорда болып аталды. Съездің республика халқына жолдаған үндеуі: "Алдымызда Қазақ республикасын қайта жаңғырту белесі тұр, ол елдің өндірістік күштерін нығайту жолындағы, Қазақ АКСР-ін мекендеген барша еңбекшілердің материалдық әл-ауқаты мен мәдени деңгейін көтеру жолындағы күрес белесі" деген сөздермен аяқталды.

Информация о работе Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары