Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 18:56, реферат

Описание работы

Азамат соғысының аяқталуы мен 1922 ж. Кеңестік Coциалистік Республикалар Одағының — КСРО-ның құрылуы елдегі ұлттық-мемлекеттік құрылысты одан әрі дамытуға қолайлы жағдай туғызды. Ұлттық-аумақтық мемлекеттік құрылымдардың басшылары мен жекелеген халық өкілдері, солардың ішінде Қазақ АКСР-і де бар, ұлттық мемлекеттілік көлемінде белгілі бір халықтың бүкіл этникалық аумағын біріктіру (қосу) мәселесін орталық алдына жиі-жиі қоя бастады.

Работа содержит 1 файл

Азамат соғысының аяқталуы мен 1922 ж.doc

— 76.50 Кб (Скачать)

     Азамат  соғысының аяқталуы мен 1922 ж. Кеңестік Coциалистік Республикалар Одағының — КСРО-ның құрылуы елдегі ұлттық-мемлекеттік құрылысты одан әрі дамытуға қолайлы жағдай туғызды. Ұлттық-аумақтық мемлекеттік құрылымдардың басшылары мен жекелеген халық өкілдері, солардың ішінде Қазақ АКСР-і де бар, ұлттық мемлекеттілік көлемінде белгілі бір халықтың бүкіл этникалық аумағын біріктіру (қосу) мәселесін орталық алдына жиі-жиі қоя бастады.

     Қажетті саяси-экономикалық жағдайдың жасалуына байланысты Орта Азияны ұлттық мемлекеттік межелеу жөніндегі аса күрделі жұмысқа тікелей кірісу мүмікіндігі туды. Ұлттық мемлекеттік межелеу ең алдымен аймақ халықтарының әрқайсысын ұлт ретінде таныстыруды тездету және оны нығайту үшін қажет болды. Осыған байланысты Орта Азияны межелегенге дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың (Түрікмен АКСР-і, Бұхара және Хорезм Халық Республикалары) Түркістан генералгубернаторлығының, Бұхара әмірлігі мен Хиуа хандығының революцияға дейінгі, 1917 жылға дейінгі әкімшілік шекараларында құрылғанын айту керек. Бұл шекаралар негізгі Орта Азия халықтарының этникалық орналасу шекераларына сай келмейтін және Түркістан АКСР- нің (1918 жылғы мамыр), Хорезм (1920 жылғы қазан) республикаларының құрылулары бұл этникалық жағдайды өзгерткен жоқ. Республикалардың бір де бірінде Орта Азия халықтарының ешқайсысы да тұрғындардың тұтас көпшілігін құрап алмады.

     Кеңеске қатысушылардың басым көпшілігі межелеу жүргізуді жақтады. Түркістан OAK төрағасының орынбасары Н.Айтақов өз сөзінде Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу жүргізудің және түрікмен халқын бір кеңестік республикаға біріктірудің қажеттілігін атап өтті. Түркістан Компартиясы ОК-нің жауапты хатшысы, көрнекті мемлекет қайраткері және ғалым С. Асфендияров өз сөзінде қазақ -қырғыз автономиялық облысының заңдылығын негіздеп берді. Басқа бағытта сөйлегендер де болды. Мысалы, Орта-азиялық экономикалық, кеңестің төрағасы М. Паскуцкий аймақтың "экономикалық тұтастығының" пайдалылығын желеу етіп, бүкіл Орта Азия республикаларын біріктіруді талап етіп, сол арқылы Орта Азияны ұлттық-аумақтық межелеуге іс жүзінде қарсы шықты.

     Бұл мәселені ресми деңгейде талқылау ұлттық мемлекеттік межелеуге тартылып отырған республикаларда одан әрі жалғасты. Мысалы, 1924 жылғы 19 қыркүйекте өткен Бұхара Халық Кеңестік Республикасы кеңестерінің бесінші Құрылтайы: "Бұхара халқының жоғарғы еркін қолдай отырып, Түркістан және Хорезм өзбектерімен бірге Өзбек Кеңестік Социалистік Республикасын құруға келісім берді. Құрылтай Өзбекстан мен Түркістанның КСРО құрамына кіруі қажеттігін батыл ұсынады" — деген қаулы қабылдады. 10 күннен кейін Кеңестердің бүкіл хорезмдік бесінші Құрылтайы да осындай қаулы алды.

     Түркістан ОАК-нің Төтенше III сессиясы 1924 жылғы 16 қыркүйекте қабылдаған қаулысында: "қазақ халқы жұмысшылар мен дихандар бұқарасының ортақ еркін орындау үшіи ТАКР-дың қазақ облыстарын Қырғыз (Қазақ) Кеңес Социалистік Республикасына біріктіру мақсатымен Қазақ халқына ТАКСР-і құрамынан шығу құқығы берілсін" — деп көрсетілді.

     Қазақ жерлерінің біріктірілуі халық тарихындағы аса маңызды оқиға болды. Бұл бірігу қоғамды таптарға бөлу принциптерімен құрылған және күн өткен сайын коммунистік идея үстем бола түскен. Кеңес Қазақ мемлекеттілігі кәлемінде жүргізілгеніне қарамастан, аймақта бапыргы халықтардың, соныңішінде қазактардың даүлттык топтасуы мен қалыптасуының және олардың мемлекеттілігінің кеңестік негізде нығаюының жаңа кезеңін бастап берді.

     1925 жылғы ақпанда Төрткөлде өткен Қара-қалпақ автономиялы облыстык кеңестерінің I Күрштай съезі Қара-қалпақ автономиялық облысының құрылуы мен оның Қазақ АКСР-і құрамына кіруін заң жүзінде бекітті.

     Межелеу нәтижесінде Қаззалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент ояздары, Әулиеата оязының үлкен бөлігі, бұрынғы Сырдария облысының Ташкент және Мырзакөл ояздарының бір бөлігі Қазақстанға қосылды. Қазақ АКСР-іне Жетісу облысынан Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) ояздары, Пішпек (Бішкек) оязының Георгиев, Шу, Қарақоныс болысшары енді. Осының нәтижесінде Қазақ АКСР-інің аумағы 700 мың км2-ге, яғни үштен бір бөлікке ұлғайып, 2,7 мың км2-ні құрады. Тұрғындар қатары 1468 мың адамға өсіп, жалпы саны 5230 мыц адамға Memmi. 1926 жылғы санақ бойынша қазақтар республикалардағы барлық тұрғындардын үштен екі бөлігіне (61,3%) жақындады. 

     ҚАЗАҚ ЖЕРЛЕРІН БІРІКТІРУ 

     Бұл мәселе Орта Азия мен Қазақстанда күрделі сипат алды. Атап айтқанда, Сырдария және Жетісу облыстарын Қазақ АКСР-іне қосу кажеттігі туралы мәселе жиі көтерілді. Осымен бір уақытта көпұлтты Түркістан АКСР-ін бөлу және өзбектердің, түрікмендердің, тәжіктердің, қарақалпақтардың, қырғыздардың ұлттық мемлекеттік және ұлттық мемлекеттік құрылымдарын ұйымдастыру мәселесі туды. Бұл кезде Түркістан АКСР-і Орталық атқару комитеті төрағасының міндетін атқарған Тұрар Рысқұлов 1920 жылы қаңтарда Түркістан Компартиясының өлкелік V конференциясында Түркістан дербес ұлттық коммунистік ұйымын біртұтас "Түркі халықтарының коммунистік партиясына" біріктіру идеясын, Түркістан АКСР-ін Түркі Кеңестік Республикасы деп атау туралы ұсыныстар жасады. Ол 27 мамырда РК(б)П ОК мен РКФСР ХКК-ге жоғарыда айтылған идея ұсыныстар негізге алынған Ресей социалистік федерациясының құрамындағы "Түркістан Автономиялық Кеңестік Республикасының" ережелерін тапсырды.

     В.И. Ленин мен оның төңірегіндегі ел басшылығы, едәуір дәрежеде БОАК мен РКФСР Тұркістан Істері жөніндегі Халық Комиссарлар Кеңесінің сыбырлауымен Т. Рысқұловтың ұсыныстарын кері кайтарды.

     Ленин 1920 жылғы 13 маусымда РК(б)П ОК-нің "РК(б)П-ның Түркістандағы міндеттері туралы" шешімінің жобасына жасаған ескертпелерінде: "Меніңше, Рысқұловтың жобасын кері қайтарып, комиссиясының жобасын қабылдау керек..." деп жазды Ленин ескертпелерін: 1. Түркістанның Өзбекияға, Қырғызияға және Түрікменияға бөлшектелген картасын (этнографиялық және басқа) жасау жүктелсін. 2. Бұл үш бөлікті қосу және бөлу шарттары нақты анықталсын" деген ұсыныспен аяқтаған.

     Мысалы, өзбектердің үлкен бөлігі (66,5%) Түркістан КСР-інде тұрды, бірақ олар мұнда тұратындардың жартысына жетпейтін бөлігін ғана құрады (41,4%), өзбек тұрғындарының 22,2%-ы Бұхара және 11,3%-ы Хорезм республикаларында өмір сүрді. Түрікмендердің 40%-дан астамы Түркістан АКСР-ін, 29,8%-ы Хорезм республикасын және 27%-ы Бұхара республикасын мекендеді, бірақ бұлардың ешқайсысында да көпшілік болған емес; олардың Түркістан АКСР-інде не бары 4,7%-ы, Бұхарада — 10,64%-ы, Хорезмде — 28,7%-ы тұрды. Тәжіктер негізінен екі республикаға орналасқан: олардың саны Түркістан АКСР-інде 7,7%-ға, Бұхарада — 31%-ға ғана жетті. Қырғыздар негізінен Түркістан АКСР-ін қоныстанған (98,6%), бірақ олар республика тұрғындарының 10,8%-ын ғана құрады. Қарақалпақтардың үштен екі бөлігінен астамы Түркістан АКСР-інде тұрды, тұрғын халықтың 1,4%-ына ғана жетті. Орта Азияда өмір сүрген қазақтар үш республикаға да бөлініп кеткен және қайсысында да азшылдық болған: Түркістан АКСР-інде — 19,3%, Бұхарада — 1,5%, Хорезмде 3,5%.

     Орта Азияны әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамыту барысындағы міндеттер ұлттық нығаю факторынан басқа Орта Азия халықтарының ұлттық мемлекеттігін құруға деген бағытын да айқындап берді. 1924 жылғы қаңтар айында Қазақ АКСР-інің үкіметі Жетісу және Сырдария облыстарының қазақ аудандарын Қазақстанға қосу туралы мәселе қойды.

     Түркістанның  барлық байырғы халықтары Орта Азия шекараларын межелеп беруге мүдделі болды.

     1924 жылғы 31 қаңтарда РК(б)П ОК-нің  ұйымдастыру бюросы шекараларды межелеу туралы ұсыныстарды алдын ала қарап, РК(б)П ОК-нің хатшысы Я.Рудзутакқа осы мәселе жөнінде Ташкентте кеңес өткізу тапсырылды. Кеңес 1924 жылғы 10 наурызда өтті. Онда "Түркістанды ұлттық-аумақтық межелеу туралы" Түркістан Компартиясы ОК-нің хатшысы А.Рахымбаев баяндама жасады. Ол баяндамасында Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу өткізуді қажет ететін басты себептердің бірі Түркістан АКСР-і, Бұхара жөне Хорезм Халық Республикалары кіретін бұл аймақта "ұлтаралық қатынастардың шиеленісіп отырғандығын тілге тиек етті. Бұған дәлел ретінде ол 1921 жылғы съезде Түркістан Республикасы қазақтарын ұсыну, оларды автономиялық республика етіп бөлу ұсыныстарын, Қазақ АКСР-і басшыларының РК(б)П ОК алдына бірнеше рет қойған, сондай-ақ 1922 жылы РК(б)П XI съезінде оған Түркістанның қазақ аудандарын қосу, түрікмендердің Орта Азияда өз республикасын құру шарасы" талаптары факторлары мен басқа да көптеген мәселелерді келтірді.

     Орта  Азияда ұлттық-аумақтық межелеуді іске асыру қажеттілігінің енді бір себебі КСРО большевик басшыларының ұлттық республикалар құру және аймақтағы ұлттық-мемлекеттік құрылымдардың басқа да түрлері арқылы олардың әрқайсысында таптық қарама-қайшылықтарды шиеленістіріліп, әр түрлі әлеуметтік топтардың, әр түрлі халықтардың бірлігіне сүйенген Орта Азиядағы басмашылар қозғалысын әлсіретуге ұмтылысы еді.

     Рахымбаев баяндамасында осы жайларды ашық айтты. Ол: "Біздің партиямыздың көзқарасы  бойынша бұл ұйым, яғни біртекті ұлттық республикалар құрудың тиімділігі сонда, егер өзбек кедейі — өзбек кулагымен, түрікмен кедейі — түрікмен, қырғыз — қырғызбен күреске шығатын болса, онда біздегі таптық күрес ұлттық белгілерімен бүркемелене алмайды," — дегенді ашық айтты.

     Түркістан АКСР-і Егін шаруашылығы халық  комиссары және "Ақ жол" газетінің редакторы С.Қожанов "жасанды жолмен ажыратуға болмайтын" түркі тайпалары біртұтас түркі тілдес халық болып табылады" деп жазды. М.Паскуцкийдің, Қожановтың және оларды жақтаушылардың бірқатарының ұсыныстары шын мәніне келгенде Түркістан АКСР-і, Хорезм мен Бұхараның Закавказье Федеративті Республикасы сияқты саяси бірігуіне саяды.

     Кеңес Паскуцкий мен Қожановтың ұсыныстарын қабылдамай, Орта Азияны ұлттық-аумақтық межелеу туралы А.Рахымбаевтын баяндамасындағы негізгі ойларды мақұлдады.

     1924 жылғы сәуірдің соңында РК(б)П  ОК Орта азиялық бюросы мен Түркістан Компартиясы ОК-нің біріккен отырысында Орта Азияны межелеуге әзірлік және оны өткізу жөніндегі комиссия құрылды. Оның үш (қазақ, өзбек және түрікмен) аралық комиссиясы жұмыс істеді. Ұсыныс жобаларын әзірлеу барысында комиссияның жекелеген мүшелері Орта Азия республикаларының федерациясын құруды қолдап сөйлегендерімен, мұқият талдаулардан кейін федераця құрмай, Орта Азияны межелеу қажеттігі туралы шешімге келді.

     Орта Азияны межелеу жөніндегі комиссияның материалдарын қараған РК(б)П ОК-нің Орта азиялық бюросы 1924 жылғы 12 мамырда екі одақтық — Өзбек және Түркімен республикалары, екі автономиялық — Өзбекстан құрамында Тәжік және РКФСР құрамында Қарақырғыз облыстары құрылсын, ал Түркістанның қазақ аудандары Қазақ АКСР-інің құрамына қосылсын, деген шешім қабылдады.

     Комиссия материалдары мен РК(б)П ОК Ортаазиялық бюросының бұл шешімі партияның Орталық Комитетіне тапсырылды. РК(б)П ОК 1924 жылғы 12 маусымда Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу жүргізу туралы қаулы қабылдады. Бұл құжаттың бір тармағында РК(б)П ОК Ортаазиялық бюросының жанынан Орта Азияның ірі ұлттарының өкілдерінен арнайы аумақтық комиссия құру қарастырылған. Аумақтық комиссияның құрамына саяси, экономикалық, статистикалық және бірнеше ұлтаралық комиссиялар енгізілді. Олар жаңадан құрылған республикалардың конституциясын, жаңа ұлттық республикалардың келісім шарттары мен декларация жобаларын әзірлеуге; мемлекеттік аппараттың ұйымдық және құрылымдық мәселелерін дайындауға; жаңа республикалар кеңестері Құрылтай съезінің тезистері мен баяндамаларын әзірлеуге тиісті болды. Экономикалық салада оларға ұлттық республикалардың жаңа шегаралары көлеміндегі мемлекеттік бюджеті мен шаруашылық жоспарларынын жобасын жасау; кредит ұйымдастырудың формаларын белгілеп, әзірлеу; банкідер капиталы мен жер суландыру мәселелерін анықтау, т.б. тапсырылды.

     Орта азиялық бюро 1924 жыдцың жазында бірқатар күрделі мәселелерді шешумен айналысты. Бұл жұмыстарда аумақты, материалдық-қаржылық құндылықтарды бөлу, сондай-ақ жаңа әкімшілік аудандастыру шарттарын белгілеуге байланысты толып жатқан қиыншылықтарға тап болды.

     Межелеуге жатқызылған барлық аудаңдарда, белгілі бір халықтардың екілдерінің бір мұрағат құжатында атап көрсетілгендей, "адамдар көп жиналып, қызу катысып, ерекше белсенділік танытатын" жиналыстар жаппай өткізілді. Осындай талдаудың барысында Түркістан АКСР-інде тұратын қарақалпақтар Хорезм республикасының Ходжейлі облысындағы отандастарымен біріккісі келетіндіктерін және Казақ АКСР-і құрамында Қарақалпақ автономиялық облысын құру қажеттігі туралы пікірлерін білдірді.

     РК(б)П  ОК Саяси бюросының жаңадан құрылған республикалар мен облыстар өкілдерінін қатысуымен 1924 жылдың 11 қазан айында өткізілген кезектен тыс мәжілісінде экономиқалық межелеу және жаңадан құрылған республикалар мен облыстар бойынша мемлекеттік қорлар мен капиталдарды бөлу тәртібі анықталды. Ташкент туралы дау (бұған дейін қазақ және өзбек халықгары осы қалаға таласумен келген) біржолата шешілді, Ташкент Өзбек КСР-іне қарады. Осынау өкілетті кеңесте Өзбекстан құрамында Тәжік АКСР-ін құру мәселесі де шешілді, ал Памирдің жайы арнаулы комиссияның қарауына жүктелді де, кейін оның ұсынысымен КСРО ОАК-ның Президиумы Тәжік АКСР-інің құрамында Таулы-Бадахшан автономиялы облысын құрды. КСР Одағы ОАК-нің 1924 жылғы 27 қазанда өткен сессиясы Орта Азияны ұлттық-аумақтық межелеу туралы және "ұлттардың өзін-өзі билеу принциптері бойынша" құрамына Тәжік АКСР-і кіретін Өзбек КСР-ін, РКФСР құрамында Қарақалпақ автономиялы облысын құру туралы қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес қазақтарға тиесілі этникалық аумақтың бір бөлігін құрайтын Түркістанның жекелеген аумақтары Қазақ АКСР-іне қосылды. Қазақ АКСР-інің құрамына жаңадан құрылған Қарақалпақ облысы да енгізілді. Жаңа республикалар мен облыстардың құрылуларына байланысты Түркістан, Бұхара және Хорезм ОАК-нің (1924 жылғы қараша) сессиялар өз қызметтерін тоқтату туралы шешім қабылдады. Республикалар мен облыстарда экономикалық межелеуді жүргізу және Орта Азиядағы Еңбек және қорғаныс уәкілдігінің жанындағы жекелеген ұйымдар мен мекемелерді тарату комитеті құрылды. Бұрынғы республикалар құрамынан бөлінетін аумақтарды уақытша басқару және жаңадан құрылған республикалар мен облыстар Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыруға әзірлеу, өкіметтің уақытша органдарына — революциялық комитеттерге (ревкомдарға) жүктелді. 1924 жылғы 21 қарашада Қазак АКСР-і OAK ТАКСР-інен бөлініп, Қазақ АКСР-і құрамына қосылған аудандарды басқару жөніндегі революциялық комитет туралы ережені бекітті.

Информация о работе Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары