Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2011 в 10:53, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу, дербес мемлекет құру тарихында Шыңғыс хан мен оның үрім-бұтағы билеген мемлекет үлкен рөл атқарған. Түркі-монғолдар жауларын санмен емес, сапамен жеңді. Өйткені оларда мықты тәртіп, ғажайып ұйымдастырушылық қасиет болды. Оған Шыңғыс ханның саяси қызметі мен қолбасылық қабілетінің ерекше жоғарылығы қосылды. Ол орнатқан жүйе мен тәртіп далалық өркениетті әрі қарай жетілдірді. Кейіннен бұл жүйе мен тәртіп басқа халықтарда жалғасын тауып, атап айтқанда, қазақтарда XIX ғасырға дейін, яғни олар өздерінің көшпендлік қалпын жоғалта бастаған кезге дейін сақталды.
3-бап. Жүздіктің, мыңдықтың, түменнің бектері /қолбасылары/ жылдың басы мен соңында біздің жиынымызға келмесе, әскерді басқара алмайды. Өзеннің жағасында, суға батқан тас секілді не қалыңға кірген жебе секілді әрекетсіз отырған адамда ақыл болмайды. Ондай адам бұйрық бере алмайды.
4-бап. Өз үйін дүрыс басқарған адам иелігін де дұрыс басқарады. Ал он адамды дұрыс басқарған адам мындық пен түменді де дұрыс басқара алады.
Бұл баптардан біз Шыңғыс ханның жыл сайын өтетін әскердің дайындығына үлкен мән бергенін әрі кіші әскербасылардың адал қызметі арқасында әскери қызмет дәрежесінің сатылап жоғары өрлеуіне мүмкіндік туғызылғандығын көруге әбден болатындығын байқай аламыз.
6-бап. Әскердің ондыққа, жүздікке, мындыққа, түменге бөлінуі барлық уақытта қатал сақталуы қажет. Бұл тәртіп әскерді кез келген уақытта тез арада жинауға және басшыларын белгілеуге көмектеседі.
7-бап. Жорықтың басында әрбір жауынгер кімге бағынса, содан қару алуға міндетті. Ол бұл қаруды жақсылап күтіп, шайқас басталар алдындағы байқау кезінде өз басшысына көрсетуге міндетті.
8-бап. Әскербасылардың рұқсатынсыз бірде-бір жауынгердің жаудан қалған заттарды тонауға қақы жоқ. Тонауға рұқсат берілген жағдайда әскербасы олжаны барлық жауынгерге бірдей етіп бөліп беруге міндетті. Әрбір еркек әскер болуға міндетті. /Ерекше жағдайда ғана босатылуы мүмкін/.
9-бап. Егер біреу шайқас кезінде садағын, қорамсағын т.б. қаруын түсіріп алып, байқамай қалса, артта келе жатқан жауынгер оны алып, иесіне апарып беруге міндетті. Олай істемеген жағдайда, өлім жазасына кесіледі.
17-бап. Соғысқа қатыспаған кез келген еркек белгілі бір уақытқа дейін әскердің пайдасына тегін жұмыс істеуге міндетті.
18-бап. Әрбір оскербасы жорыққа шығар алдында қарауындағылардың қару-жарақтарын, ат-көліктерін тіпті ине-жібіне дейін тексеріп шығуға міндетті. Керек-жарақтарын толық алмаған жауынгер жазалануы тиіс. Жеңіл қару мен киім-кешекті әр жауынгер өз есебінен алуы керек.
21-бап. Ханның бұйрығын орындай алмаған әскербасылар мен мемлекет қызметкерлері қызметін дұрыс атқара алмағаны үшін өлім жазасына кесіледі.
22-бап. Ол әмірлерді /бектерді/ әскердің басына қойып, олардың басқаруына ондықты, жүздікті, мыңдықты берді.
24-бап. Ол әмірлердің мына нәрселерді істеуіне тиым салды: билеушіден басқамен оның рұқсатынсыз қарым-қатынас жасауына; оның рұқсатынсыз қарым-қатынас жасайтын болса, өлім жазасына кесіледі.
Кейіннен Шыңғыс ханның мұрагерлері бұл заңдарды бағынған халықтарға да енгізді. Соның арқасында Шыңғыс хан ұрпақтары ұзақ уақыт биліктен кеткен жоқ.
Шыңғыс ханның өз айтуынша, алғашында оған 13 мың отбасы бағынған 20 жылдың ішінде олар 720 елді өздеріне бағындырып, әскер саны 130 мыңға жетті39 /122, 109/.
Әскер жасақтау кезінде әрбір он үйден қажеттілік бойынша бір немесе үш жауынгер шығуға тиіс. Ол өзін-өзі тамақпен қамтамасыз етуге міндетті. Жауынгерлер жалақы алған жоқ, қайта өздері мал басына қарай салық төлеп тұрды: әр жүз бастан — бір бас. Соғыс кезінде түскен олжаның бір бөлігі ханға беріліп, қалғаны барлық жауынгерлерге тең етіліп бөлініп берілді.
Монғолдардың күші жөніндегі неғұрлым нақты деректерді XIV ғасыр басында өмір сүрген парсы тарихшысы Рашид-ад-Дин қалдырған. Ол Иран билеген хулагидтердің уәзірі болды да, бізге жетпеген монғол мәліметтерін пайдаланды. Атап айтқанда, Иран хандарының қазынасында сақталған "Алтын дафтар" /Алтын дәптер/ деректеріне сүйенеді. Оның деректері бойынша Шыңғыс ханның өлер алдында 129 мың жауынгері болған. Бұл цифр "Монғолдың құпия шежіресінде" келтірілген мәліметтермен сәйкес келеді. Ондағы мәліметтер бойынша Шыңғыс ханда 1206 жылы 95 мың әскер болды деп көрсетілген.
Монгол оскеріндегі XII ғасырда-ақ қалыптасқан әскери және аймақтық тәртіпке Еропа халықтары XIX ғасырға дейін жете алмады. Олардан Шыңғыс ханның екі артықшылығы болды: а) түрік монғолдардың әскери көшпелі өмірі; ә) рулық-тайпалық құрылым.
Билік
пен жасақ заңының бізге
Шыңғыс хан 1227 доңыз жылы 72 жасында қайтыс болды. Өлер алдында ол өзінің ордасына кіші ұлдары Үгедей мен Толыны, немересі Исикке аканы /қайтыс болған Жошының ұлы/ шақырып алып, соңғы өсиетін айтты. /Шағатай бұл бас қосуда болған жоқ. Ол бұл кезде Монғолиядағы ордада билеуші болып қалған/.
"Балаларым менің! Бұл соңғы жорықта менің Көк Тәңіріне кететін уақытым таянды. Мен сендер үшін бір шетінен екінші шетіне жету үшін бір жыл жүріп әрең жететін үлкен патшалық құрып нығайттым. Менің сендерге мынадай өсиетім бар: жауды талқандап, досты көбейтер кезде бәрің бір ауызды болыңдар. Сонда патшалықтарың баянды болып, еркін өмір сүресіндер. Менің мұрағерім Үгедейді хан тағына отырғызыңдар. Оған және мен жасаған жасақ заңына еш уақытта сатқындық жасамаңдар. Опасыздық жасасаңдар, патшалықтарың күлге айналады". /122, 165/
Өз орнына мұрагер таңдауды Шыңғыс хан Хорезм жорығының алдында ойластырған болатын. Бұл жөнінде оған әйелі Есуй: "Хан, сен таулар мен өзендерден өтіп, алыс елге жорыққа кетіп барасың. Егер сенің атың осы жорықтардан кейін аталмай қалса, орныңа төрт ұлыңның қайсысын мұрагер етіп қалдырар едің?" — деп сұраған. Шыңғыс хан мұрагерлікке Үгедейді лайықты деп тауып, оның мінезінің жайлылығын, елмен тіл табыса білетіндігін тілге тиек етті. Үгедейдің мұрагер болуы жайындағы ұсыныспен бәрі де келісті. Алайда Шыңғыс ханның бұл шешімі кейіннен ол құрған ұлан-байтақ мемлекеттің ыдырауына алып келді. Дегенмен оның бұл өсиетін ұлдары мен немерелері көп уақыт бұлжытпай орындады. Атап айтқанда, кейін Үгедейдің орнына хан тандағанда, ол менің ұрпақтарымның ішінен ең лайықтысын таңдай біліп, ұсынындар", — деп /99, 180/ деп өсиет етті. Ол таққа мұрагерлікке лайықты адамды өз ұлдарының ішінен көре алмай отырғандығын жасырмай айтты. Ал Құбылай өз ұлын мүрагерлікке бекітер кезде: "Шыңғыс хан бізге мұрагерлерді таңдауда заңды мұрагерлерді уақытында әрі ең тандаулы, яғни лайықтысын сайлауды өсиет еткен", — деп, оның аманатын еске салды.
Шыңғыс хан Азияның жартысынан астамын бағындырып, жүз миллионнан астам халықты билегенімен, еш уақытта сән-салтанатпен өмір сүрген емес. Әсіресе, Хорезм мемлекетін бағындырған кезде оның әскербасылары мен мұрагерлері сән-салтанатқа үйірленіп, әлемдегі ең таңдаулы Дамаск семсерлерімен, Бұқара және Самарканд шеберлері соққан ою-әрнекті аса қымбат қару-жарақтармен қаруланды. Әдемі қаруларды ұнатқанымен Шыңғыс хан күнделікті өмірде қарапайым көшпенділер секілді киініп, далалықтардың салт-дәстүрлерін берік ұстанды. Балалары мен немерелерін отырықшылардан, әсіресе қытай мәдениеті ықпалына түсіп кетуден қатты сақтандырып отырды.
Шыңғыстың қайсарлығы мен қаталдығы, қан құмар қатыгездігі де осал емес. Ғұн сайыны Мүде мен Ескендір Зұлқарнайындай әкесін өлтірмесе де, әкесі бар, шешесі бөлек Бектерді, артынан ерген Хасар мен өгей әкесі Меңліктің Хөхөчу әулиесін өлтіріп, ата жауы татарлардың еркек кіндіктісінен арба доңғалағынан асқанының басын қырқып, Хорезмнің қамалын аларда, Шағатайдың үлкен ұлы Магадаганды өлтірген қала тұрғындарын қыруға жарлық береді. Ал Қытайды қан сасытып, Пекинді айдан астам көк жалынға тұншықтырады. Ауырып жатқан Жошыға әлсін-әлі шапқыншы жіберіп, ақыры қаралы хабар жеткенде қатты қайғырыпты. Егер Жошы 1227 жылдың басында өлгені шын болса, оны Шыңғыс тауда естіген ұлы хан, одан жеті ай өткенде таңғұт елінде өледі. Шыңғыс ханның шытырман тарихының осы бір тұсы жұмбақ.
Сөз соңында, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, Шыңғыстай шытырман тарихы бар, қаталдығы мен қаһармандыгы басым, көшпелілердің күдірлі керуенін бірде ілгерілетіп, кейде кері шегіндірген құдіретті қолбасшының шын тарихы күні бүгінге дейін толық айқындалмай отырғанын айту ләзім.
Қорыта
келгенде, монғол империясының құрылуы
дүние жүзілік тарихтағы аса ірі оқиғалардың
бірі болды. Тарихта бірінші және соңғы
рет Қиыр Шығыс, Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа
елдері бір мемлекеттің қол астына бірікті.
Монғолдардың әскери өнерді жетік меңгеруі,
темірдей тәртіп, сол кездегі ең соңғы
үлгідегі қару-жарақ, қолбасшылардың тактикалық
және стратегиялық шеберлігі, ел билеуші
хандардың біліктілігі — міне осының
бәрі Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің
бірнеше ондаған жылдар бойы ешкімнен
жеңілмеуі әрі екі ғасырдан астам уақыт
дүние жүзіндегі ең құдіретті мемлекет
құру себебі міне осында.