Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2011 в 10:53, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу, дербес мемлекет құру тарихында Шыңғыс хан мен оның үрім-бұтағы билеген мемлекет үлкен рөл атқарған. Түркі-монғолдар жауларын санмен емес, сапамен жеңді. Өйткені оларда мықты тәртіп, ғажайып ұйымдастырушылық қасиет болды. Оған Шыңғыс ханның саяси қызметі мен қолбасылық қабілетінің ерекше жоғарылығы қосылды. Ол орнатқан жүйе мен тәртіп далалық өркениетті әрі қарай жетілдірді. Кейіннен бұл жүйе мен тәртіп басқа халықтарда жалғасын тауып, атап айтқанда, қазақтарда XIX ғасырға дейін, яғни олар өздерінің көшпендлік қалпын жоғалта бастаған кезге дейін сақталды.
Тэмучин керейлерге шешуші соққы беру үшін көп күш жинау қажет екендігін түсінді. Сондықтан шайқас аяқтала салысымен дереу кейін шегініп кетті де, әскерді тың күштермен толықтыруға кірісті. Мұнымен қоса ол уақыттан ұту үшін Тұғырыл ханмен келіссөз жүргізе бастады. Ол өзін Уан ханның өкіл ұлымын деп атап, өзінің оны қатты құрметтейтіндігін, сондықтан онымен татуласқысы келетіндігін жеткізді.
Кеңеске қатысушылар келіссөзді қысқартып, тез арада соғысқа әзірлену қажет деп шешті. Бұл кезде Тэмучин өзіне бірнеше одақтастар тауып үлгерген болатын. Сонымен соғыстың болмай қоймайтындығы белгілі болды. Шайқасты өзіне қолайлы жағдайда бастау үшін Тэмучин өз әскерін орманға тығып қойды. Олардың жақсы тығылғандығы соншалық, жаулары олардың тіпті іздерін де таба алмай қалды. Оларды табу үшін Тұғырыл хан тұтқынға түскен Тэмучиннің інісі Хасарды алдарына салып алды да, әйелі мен балаларын кепілдікте ұстады. Содан кейін оның өзін Тэмучинді іздеуге жіберді. Хасар ағасын тапты, ол інісіне мынандай ақыл айтты: "Сен Уан ханға өзің бармай, бір сенімді жолдасыңды жібер. Ол оған монғолдар еш жерде жоқ, сенбесеңдер өз адамдарыңды бізбен бірге жіберіңдер десін"20. Бұл қулық жүзеге асты. Керейлердің еріп келген сенімді адамдары қолға түсті. Олар кезекті қинау кезінде Тұғырыл ханның ордасында болып жатқан барлық жағдайды баяндап берді. Ордада жау қарасы көрінбеген соң, бітпейтін тойлар басталған екен. Нақты жағдаймен танысқаннан кейін, монғолдар түнде жасырынып жатқан жерлерінен дереу аттанды да, тойлап жатқан жау әскерін қоршап алып, күтпеген шабуыл бастады. Тұғырыл хан әскері қатты қарсылық көрсеткеніне қарамастан, толықтай талқандалды. Уан хан мен оның ұлы Сенге жараланып, аздаған адаммен қашып құтылды. Ал керей ұлысын Тэмучин өз жұртына қосып алды.
1203 жылы күзде Керей мемлекетінің ордасын ойрандаған Шыңғыс оның елінен қолға түскен Тұғырылдың інісі Жақай-Қамбының бойжетіп отырған қызы Ибағатты өзі алып, сіңлісі Сорқақтанды баласы Төлеге берді де, әкесі Жақай-Қамбыны "арбаның бір дөңгелегіндей тірегіміз болып жүр, өз басыңа азаттық бердім" деді. Тұғырыл хан найманға қашып бара жатып, қарауыл басы Қорсаубештің қолына түсіп ажал құшса, Сенгенді атқосшысы Көкешім бетпақ далаға жаяу тастап кетті. Ол Шыңғысқа Сенгенді ен далаға тентіретіп жаяу тастап кеткенін айтып куанышты хабар жеткізгенде "хан иесіне қас қылған қараша ешқашан ешкімге де дос болмас" деп басын алдырады да, керісінше Сенгеннің сусын ішетін алтын тостағанын тастатқан әйелін азат етеді.
Даладағы ең куатты ұлыс керейлерді талқандағаннан кейін монғолдар, шын мәнінде, сол өлкенің нағыз қожайынына айналды. Даладағы бүкіл көшпенділерді біріктіру үшін Тэмучинге енді қалған екі ұлысты /наймандар мен ұйғырларды/ өзіне бағындырып қосып алу керек болды. Бұл екі ұлыс даладағы ең қуатты әрі мәдениеті жағынан басқаларға қарағанда көш ілгері тұрған ұлыстар болатын. Сондықтан олармен соғысуға Тэмучин мұқият дайындалды. Ол Уан ханды талқандағаннан кейін үш жыл бойы әскерді тынықтырып, болашақ ұрысқа дайындала бастады. Екі ұлыстың ішінде, әсіресе, наймандар сол кезеңде өзінің ең күшейген, дамыған шағында еді. Тэмучин өз адамдарын найман ұлысына барлауға жіберіп, оларды жан-жақты зерттеді. Сонан соң соғысуға сылтау іздей бастады. Бұл сылтау коп ұзамай-ақ табыла кетті. Найман ұлысының билеушісі Таян хан 1204 жылы монғолдарға қарсы бірлесіп соғысу жөнінде Ұлы Қытай қорғанының іргесінде мекендейтін онғұттарға елшілік жіберді. Парсы жылнамасында көрсетілгендей, ол онғұт билеушісіне мынадай мазмұнда хат жолдады: "Менің естуімше, бұл өңірде Шыңғыс хан деген патша пайда болыпты. Менің білетінім: көкте ай мен күн кезек-кезек өмір сүреді. Ал жерде қалайша екі патша болуы мүмкін? Сен менің оң қолым бол және әскеріме көмектес. Біз оның хандығын тартып алайық"21.
Бірақ онғұт әміршісі Ала-күш айдаладағы Таян ханнан гөрі жақындағы Шыңғыс ханға көбірек сенді. Сондықтан бұл хатты өз қолымен оған әкеліп тапсырды. Монғолдар дереу құрылтай шақырып, наймандарға қарсы жорыққа аттану керек деп шешісті. Жорыкқа қажеттінің бәрі алдын-ала дайындалып қойылған болатын. 1204 жылы 16 маусым күні Шыңғыс хан тікелей өз басшылығымен Алтай тауын мекендейтін найман ұлысына күйрете соққы берді. Әскердің орталық бөлігін өзінің туған інісі Жошы-Хасар басқарды.
1204
жылғы соғыста Таян хан мен
оның баласы Күшілік
Тайталасқан тайпалар бас-басына билік құрып, қырқысқан көшпелілер әулеті бір орталыққа бағынып, елдікке қолы жетуі Шыңғыс ханның тарих алдындағы қайталанбас ерлігі. Бұл, әрине, ілгерілеушілік, айрықша маңызды бетбұрыс.
Наймандар талқандалғаннан кейін Шыңғыс хан солтүстік пен батыстағы ұсақ тайпаларды талқандау үшін жан-жаққа әскери жасақтар жіберді. 1205 жылы ол Батыстағы ұсақ тайпаларды бағындыру үшін әрі Таян ханның ұлдарын ұстап әкелу үшін Сүбедей бастаған әскер аттандырды.
Шыңғыс ханның басқалардан бір ерекшелігі — ол дұшпанын тек талқандап қана қоймай, түбіне жеткенше тыным таппайтын, кез келген істі ақырына дейін жеткізіп тынатын. Наймандар талқандалғаннан кейін Жамухаға тығылатын ешқандай жер қалмады. Сондықтан ол өз маңайына бір топ қарақшыларды топтастырып, өзі солардың атаманына айналды. Алайда ол қарақшылар оның өзін Шыңғыс ханға ұстап әкеліп берді. Ақсүйектер заңын қатты құрметтейтін Шыңғыс қарақшыларды түгелдей өлім жазасына бұйырып, Жамуханың өзіне кешірім жасады. Алайда Жамуха монғол салты бойынша одан өзінің қан шығармай өлуіне бөгет болмауын өтінді. Өтініш қанағаттандырылғаннан кейін, Шыңғыс хан өзінің негізгі бәсекелесінің жаназасын салтанатты түрде өткізді.
1190—1206
ж.ж. Орталық Азиядағы
Кейіннен наймандардың бір бөлігі Шығыс Қазақстаннан Жетісуға қоныс аударып, Сырдарияның бойына дейін жетті. Ал керейлер Батысқа қарай кетіп, Еділ бойына дейін жетті де, енді бір бөлігі Солтүстік Қазақстанды мекендеп қалды. Кейіннен бұл екі ұлыс та осы өңірлердегі қазақ халқының қалыптасуына түп қазық болды. Сөйтіп бұл өз заманына сай алға басушылық фактор болды. Сонымен Тэмучин ханның керей, найман меркіттерді монғолдарға бағындыру жөніндегі алдына қойған бірінші мақсаты орындалды.
1207—1208
жылдардың қысында Шыңғыс
1205 жылы монғолдар Таңғұт мемлекетіне /Батыс Қытайға/ сәтсіз жорық жасады. Бұл елге келесі жорық кейінге қалдырылды. 1207 жылы Шыңғыс хан Батысқа шегініп кеткен наймандарға Жебе мен Сүбедейді жіберіп, бұл жорық та көздеген мақсатына жете алмады. Олар осының алдында ғана қырғыздарды талқандаған Ұйғыр хандығын бағындырып келді.
Даланы мекендейтін барлық тайпалар бағындырылғаннан кейін, монғолдар Алтайдағы Қытай қорғанына дейін ұланғайыр аймақты бір өздері биледі. Бұл өңірді мекендеген тайпалар ежелгі түркі мемлекеті құлағаннан кейін, тұңғыш рет бір орталыққа бірікті. Сөйтіп Шыңғыс ханның көшпенділерді бір орталыққа бағындыру жөніндегі алдына қойған бірінші мақсаты орындалды.
Алтайдан Ұлы Қытай қорғанына дейінгі өңір, негізінен, шөл және шөлейтті аймақтардан тұратын. Бұл далада халық өте сирек қоныстанған болатын. Әрбір ру, тайпа өз қалауынша ешкімге бағынбай, еркін өмір сүретін. Бұларды бір орталыққа бағындыру Шыңғыс ханның өте мықты ұйымдастырушы мемлекет қайраткері, аса талантты қолбасшы болғандығын көрсетеді.
Әйгілі
саяхатшы Марко Поло Шыңғыс хан өмірінің
осы кезеңін былайша
Ұлы даладағы билік үшін жиырма жылға созылған қиян-кескі шайқастарда Шыңғыс хан өз жауларының бытыраңқылығы мен ала ауыздығын шебер пайдалана отырып, оларды бір-біріне қоспай, жеке-жеке талқандады. Ол қарсыласқандарға садақ атып, тізе бүккендерге табақ сыйлады. Оған жан аямай қарсылық көрсеткен Тоқтабек, Жамуха, Бұйрық, Таян хандар қан майданда қазаға ұшырады. Өз еркімен берілген Үйсін қарт пен Көкше бақсыға төрден орын берілді. Жалайыр тайпасынан шыққан Мукалыны гоуаң /мемлекет әмірі/ етіп тағайындады. 1204 жылы тұтқынға түскен найман ханының бас уәзірі Тататонды хатшылық қызметке тағайындап, наймандардың ел басқару ережесін, жазу мәдениетін бұған дейін найман, керей меркіттер қолданған ұйғыр жазуын қабылдады. Монғол әскері Жетісуға келгенде, өз еркімен ел болған арғын /қарлық/ Арыстан ханға /Балқаш көлінің шығысындағы Қиялық қаласын билеген/ Шыңғыс хан өз қызы Алқа бикені атастырды.
Іле алабындағы Алмалық қаласында тұрып Жетісуды билеген қаңлы тайпасының ұлыс бегі Тұғырыл мен оның ұлы Сунак тегін өз әскерлерімен монғолдарға қосылғанда, Шыңғыс хан Жошының үлкен қызы Бикені Сунак тегінге қосты. Сөйтіп Шыңғыс хан Жоңғария, Жетісуда тұрған найман, үйсін, арғын /қарлық/ қазіргі қазақ халқының бір бөлігі Шыңғыс хан мемлекетіне өз еріктерімен қосылды, сөйтіп оның Батысқа жасаған жорықтарында шешуші рөл атқарды.
1206
жылы көктемде /барыс жылы/ Онон
өзенінің жоғарғы жағында
Сөйтіп Шыңғыс хан ежелгі түркі дәстүрі бойынша хаған /хахан/ атанды. Құрылтай оған арнайы басылған мөр тапсырды. Онда төмендегідей жазулар ойылып жазылды: "Аспан тәңірінің жерді билеушілерге жіберген хағаны. Адамзамат билеушісінің мөрі". Құрылтайда Шыңғыс хан мынадай сөздер айтты: "Көк тәңірі маған барлық халықтардың үстінен билеуге әмір берді. Тәңірінің қалауымен мен керейлерді талқандап, ұлылық дәрежеге жеттім. Менің сөздерім — көк тәңірінің сөзі. Менің тоғыз шашақты ақ туымды ұрпақтарым қадірлеп сақтасын. Бұл ту оларды әлемді билеу үшін жеңісті жорықтарға бастайды"26. Бұған қоса құрылтай кезінде өзінің жақын серіктері мен тайпа көсемдеріне әртүрлі сыйлықтар тапсырып, түрлі қызметтерге тағайындады. 95 қолбасыға мыңбасы атағын беру жөнінде арнайы жарлық шығарды. Тек өзінің жақын досы Бұғыршы ноянға кезек келгенде: "Оның дәрежесі барлық мыңбасылар мен нояндардан жоғары, тек ханнан төмен, оған атақ не керек", — деді27.
Шыңғыс хан! Осы тағдыры қайшылықты тұлғаның атағының өзі алыстағы арыстансыған алыптардың зәре-құтын қашырды. Ол езінің ежелгі бабалары түркі хағандары секілді "Бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген" ғажайып тұлға болды.
Тэмучинге Шыңғыс хан атағын берген оның ордасындағы аса ықпалды адамдардың бірі Хөхөчу-көк тәңірі бақсы еді. Оның бақсылығы мен сиқыршылық өнерін қалың көпшілік, соның ішінде тәңір дінін ұстанған Шыңғыс хан да аса жоғары бағалады. "Монғолдың құпия шежіресінде" Хөхөчудің ағайынды алты бауыры бірге Шыңғыс ханның туған інісі Хасарды сабайтыны айтылады. Ағасына мұң шағып келгенде Шыңғыс інісіне: Сен еш пендеге күш бермеуші едің ғой, неге әлің келмеді? — деп елеусіз шығарып салады. Ағасына өкпелегеи Хасар үш күн бойы үй бетін көрмей кетеді.
Хөхечу жай ғана бақсы емес, ақылы мен айласы, ісі мен қайраты сай адам еді. Ол ағайынды екеуінің арасында болған әңгімеден кейін Хасардың түбіне біржолата жетуді мақсат етеді. Сәтті жағдайды пайдаланған ол өзінің белгілі сәуегейлігіне басып: "Жасаған ием елге бір рет Тэмучин, бір рет Хасар билік жүргізеді деп еді. Хасардан сақтанбаса, не боларын білмеймін", — деп ханды сендіреді. Бұл әңгімені ордадағылар Шыңғыс ханның шешесі Үлүн Екеге жеткізеді. Ол жедел түрде ордаға аттанып, таң алдында ханның інісін тергеп отырған жерінде үстілерінен түседі. Шешесінің "Жауды жайратып болды деп Хасарға көре алмастық жасағаның не?" — деген сөзінен кейін Шыңғыс хан райынан қайтады. Дегенмен шешесінен жасырып, Хасардың қол астындағы ел-жұртын тартып алып, оған тек 1400 үй ғана қалдырады. Осы оқиғадан кейін, көп ұзамай шешелері қайтыс болады. Ал шешесінің қол астындағы ел Хөхөчу бақсыға барып қосылады. Кеткен жұрттың ішінде Шыңғыс ханның кенже інісі Отчигиннің адамдары да болады. Хөхөчуге кеткен елді қайтару үшін Отчигин оған Сохор деген елшісін жібереді. Бірақ бақсы оның жіберген адамын сабап-сабап атын тартып алады да, ер-тоқымын жаяу арқалатып қоя береді. Ұлы хағанның туған інісі үшін бұл үлкен қорлық еді. Елшісі таяқ жегеннен кейін, Отчигин бақсыға өзі келеді. Бірақ бақсы оған ағайынды алты інісімен бірге тап беріп, өздеріне тағзым етуге мәжбүр етеді. Бұл оқиғаның барлығы Хөхөчу бақсының өзін Шыңғыс ханмен терезесі тең адамға санап, онымен бәсекеге түсе бастағанын көрсетеді.
Бақсының
алдында қатты жәбірленген