Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 20:51, реферат
Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді.
қайтқан соң, оның көзінің
тірісінде-ақ таққа отырған
Төртіншіден, 2005 жылы 14 желтоқсанда сол
кездегі Тарих және этнология институтының
директоры, тарих ғылымдарының докторы
Мәмбет Қойгелдиев: “Біз енді тарихи қателікті
түзетуіміз керек. Есік қорғанынан табылған
Алтын адамды біз осыған дейін сақ, оның
ішінде сақ-тиграхауд деп келдік қой. Қытайдың
жылнамалық деректері мен ондағы ғалымдардың
тарихи мәліметі бұл Алтын адамның үйсін,
үйсін қоғамының адамы екенін бұлтартпай
дәлелдейді… Алтын адам – …үйсін бекзадасы!”
– деген мәлімдеме жасаған болатын (“Жас
Алаш”, 15.12.05.)
Бесіншіден, Алтын адамның үйсін ханзадасы
екенін алғаш жорамалдаған жазушы Тұрсын
Жұртбаев болатын. “Осы арада Кемел Ақышев
қазған Есік қорғанындағы “Алтын киімді
ханзада” сол Ұлы Күнбидің ұлы емес пе
екен деген ой ұшығы қылт ете қалады. Оның
жас мөлшері жиырманың ар жақ, бер жағы
деп айтылып жүр”, – дейді ол өзінің “Дулыға”
атты екі томдық тарихи зерттеулерінде
(Алматы, 1994.1-том. 292-бет).
Ғылымдағы бір қателік, дер кезінде түзелмесе,
кейін дәлелденуі өте қиын көп қателікті
тудырары даусыз. Алтын адамның үйсін
емес, сақ болып және сақтың қазаққа қатысы
жоқ халық боп қалуын қалайтын, ол табылған
жерді қазақ жері дегісі келмейтін ішкі-сыртқы
күштердің бар екеніне біз көз жұмып қарамауға
тиіспіз. Тарих ғылымдарының докторы,
қытай тілін жетік білетін ғалым Нәбижан
Мұқаметханұлы “Үйсін мемлекеті жөнінде”
атты мақаласында: “Демек, қазір қытай
тарихшыларында өзінің және өз елінде
қалыптасқан ұстанымды негізсіз өзгерту
байқалады”, – деуі бізді қатты сақтандыруы
тиіс (“Жас Алаш”, 04.03.04). Бұған ежелден
аталып келе жатқан “ғұнды” бір кезде
“сиуңну” деп, “йүзіні” “жу-жы” деп,
қазір “нүкіс” деп, Елжау деп оқылып келген
Күнбиді Лапкөк, Мөде-Мүдені Бақтұғ деп,
тағы басқа толып жатқан атауды жаппай
өзгертіп жаза бастағаны да дәлел. Соның
бәрін көре-біле тұрып біздің жайбарақат
жүріп жатқанымыз ғылымға мән бермеушілік
екені сөзсіз.
Сонымен, Есік қорық-мұражайының ғылыми
негізін дұрыстап жасау үшін, алдымен
сол Алтын адаммен бірге табылған бір-екі
затты басқа екі мемлекетте бір-біріне
қатыссыз жағдайда ғылыми-техникалық
әдіспен қай заманның дүниесі екенін анықтайтын
зерттеу жасату қажет.
Сонан соң Есік қорық-мұражайының құрамына
бірінші кезекте көне Талғар қаласының
орнын емес, Есік қорғанының қасындағы
Рахат ауылының тепсеңінде жатқан қала
орнын қосып, алдымен соны ашқан жөн. Себебі,
оны ертедегі Үйсін мемлекетінің астанасы
Шығу қаласының орны деген ғылыми болжаулар
бар. Егер ол қаланың Шығу екені дәлелденсе,
онда Алтын адамның үйсін екені де өз-өзінен
дәлелденеді. Алтын адамды тапқан Бекен
Нұрмұхаметов Есік маңындағы “Патшалар
қорғанында” бұрын 600-700 оба бар еді, қазір
60-70-і ғана қалды дейді. Ал 600-700 обаға ел
билеушілері құрығанда 6-7 ғасыр бойы жерленуі
тиіс. Соншама уақыт бір жерге басшыларын
жерлеген ел соншама уақыт сол араны тұрақты
мекен етуге де тиіс. Біз әңгіме етіп отырған
обадан табылған хан мен ханзада да, сөз
жоқ, сол көне қалада өмір сүрген адамдар.
Ал оны археологиялық жолмен дәлелдеу
– өте мәдениетті елдің үлесі. Біз сол
үлесті үнемі болашаққа сырғыта бермеуіміз
керек.
Ата шежіредегі: “Ел астанасы Үш Қараш
астындағы Шығу қаласы еді”, – деген сөз
де (“Түп-тұқианнан өзіме шейін”. 45-бет)
шындық пен болжамның арасын біржола анықтап,осындай
ғылыми-археологиялық зерттеуді жедел
түрде жүргізуге шақырады.
Пайдаланған әдебиеттер: