Сақ тайпаларының мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 20:51, реферат

Описание работы

Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді.

Работа содержит 1 файл

Динара реферат.docx

— 60.73 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

Тарих және халықаралық қатынастар кафедрасы

 

 

 

             Реферат

         Сақ тайпаларының мәдениеті

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Абдрахманова Д. Ағылшын тілінің l тобы

                                                    Қабылдаған:Профессор Молдабаева М.

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Алматы,2012

Жоспары:

  1. Кіріспе.................................................................3
  2. Негізгі бөлім:

а)Сақ мәдениеті......................................................5

ә) Сақтардың өнері.................................................7

б) Алтын адам........................................................12

  1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                      2

Кіріспе 
   Б.з. дейінгі бірінші мыңжылдықта Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс жерлерінде Ассирия мен Мидия мемлекеті құрылады. VІ ғ. Мидия мемлекетінің орнын Ахеминидтер мемлекеті басады. Бір топ парсы тайпаларының көсемі ІІ-Кир оның негізін салады, б.з. дейінгі 550 жылы ол Мидияны талқандап, өзіне бағындырады да, тіпті Орта Азияның оңтүстік аудандарында қоластына қаратып орасан зор империя құрады. Б.з. дейінгі 530 және 522 жылдар арасында Ахаменид мемлекетінің құрамына Парфия мен Хорезм, Бактрия мен Соғдиана, Сақа енеді, ал Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеген халықтарды Ахеминидтер не жаулап алады, не бағындырады.  
Көне деректерге жүгінсек, бактриялықтар, соғдылар мен хорезмдіктердің теріскей жағын «желдей жүйрік атты көшпелі турлар» мекендеген. Парсы деректерінде турлар – сақтар деп аталады, бұл «еңіреген ерлер» деген сөз, ал грек авторларының туындыларында олар скифтер деген атпен кірген, бұл көшпелілердің екінші аты, бейнесі ретінде айтылып, әдетке айналып кеткен.  
Б.з. І ғ. Көне рим оқымыстысы Плинийдің Үлкені: «Яксараттың арғы бетінде скиф тайпалары тұрады. Парсылар жалпы оны сақтар деп атайды... Скиф халықтарының саны хисапсыз көп... Олардың ішіндегі ел-жұртқа әйгілі болғандары сақтар, массагеттер, даилар, исседондар... аримасптар» – деп жазады.  
Біздерге жеткен деректерге қарасақ, сақтар малшылар болған, олар жылқы, мүйізді ірі қараны, уақ малдарды өсірген, шеттерінен ат құлағында ойнайтын шабандоздар, құралайды көзінен ататын садақшы-мергендер екен.  
Дарийдің Бехустин жартасында сақтарға жорық кезінде жазған текстерінде сақ тайпаларының үш тобы аталады. Олар: хаомоварга сақтары (хаомо сусының дайындайтын сақтар), парадария сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар), және тиграхауд сақтары (шошақ тымақты сақтар) деп аталады. 
Зертеушілердің пікіріне сенсек, парадария сақтары Арал өңірінде, Сырдария мен Амударияның төменгі арасында немесе Қаратеңіздің теріскей бетінде өмір сүріп, тіршілік құрған, тиграхауд-сақтары Сырдарияның орта аймағы мен Тянь-Шаньді мекендеген; хаомоварга-сақтар Мұрғап алқабынан қоныс тепкен. К. А. Ақышевтің пікірі бойынша, Иран жазба деректеріндегі тиграхауд сақтарына ортокарибантия скифтері сәйкес келеді, өйткені жоғарғы екі атаудың екеуі де «шошақ бөрікті сақтар» деген сөз. Бұған қоса айтатын бір жәйт, персепольдегі Ксеркс сарайының барельефтерінде бейнеленген сақтардың бет пішіні моңғолоидті және олар биік шошақ бөрік киеді, ендеше бұлар, әсілі, тиграхауд-сақтар Жетісуда тұрып тіршілік еткен деп қорытынды шығарады ол. Есік обасына қойылған сақ патшасының басына биік шошақ бөрік кигендігі оның бұл болжамын дәлелдеп дәйектейді.

 Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан. Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.

                                                                 3

Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ  тайпалары егіншілікті де кеңінен  өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.

   Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді. Сақ ескерткіштерін зерттеуде әлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткен әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір, Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі. Мазмұны бойынша мифологиялық, пішімі бойынша реалистік деп атауға болатын хайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойынша декоративтік өнер болып табылады. Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар.

Ғалымдар хайуанаттық нақыштың даму барысын үш кезеңге бөледі.

    • Ерте кезеңге (б.з.б. 8 — 7 ғ-лар) тән маңызды белгілерге жануарлардың қозғалыссыз немесе басын бұрып тұрған (түрегеп тұрған немесе жатқан) сәтте берілуі жатады.
    • Екінші кезеңде (б.з.б. 6 — 4 ғ-лар) хайуанаттық нақыш стилистик. қайта қалыптасуды бастан кешіреді. Статик., яғни қозғалыссыз, көбіне жалғыз тұрған бейнелердің орнына динамикаға толы бейнелер, олардың күрделі топтамалары келеді. Жануарлардың өзара айқасы немесе жырқыштардың шабуылы, әсіресе денесі бұралып берілген бейнелер осы кезеңге тән.
    • Үшінші кезеңде (б.з.б. 3 — 2 ғ-лар) өнердің дамуында саябырлау мен құлдырау байқалады. Хайуанаттық нақыш бірте-бірте ою-өрнекке айналған. Оның орнына атақты ғұн дәуірінің ескерткіштері келген.

Тарих, археология ғылымдарында сақтардың  хайуанаттық нақышының шығу тегіне байланысты екі түрлі пікір бар.С.Руденко, М.Артомонов сияқты ғалымдар бұл  өнер, ең алдымен, Алдыңғы Азиядан бастау алған, оның сақтар арасында қалыптасуына сақтардың б.з.б. 7 ғ-да Алдыңғы Азияға (Мидия) жорық жасауы әсер еткен десе, К.Ақышев, С.Киселев, С.Черников, т.б. зерттеушілер Алдыңғы Азия өнерінің сақтарға ықпалы болғанымен, бұл ықпал б.з.б. 6 ғ-дың соңына таман, ахемен әулеті дәуірі тұсында бой көрсеткенін айтады (дәл осы кезде сақтарға мүлдем тән емес арыстан, фантастикалық арыстан-грифон, ортада қасиетті ағаш немесе құдай бейнесі бар геральдик. композициялар, лотос түйіні немесе оның гүлі араласқан

                                                              4

 өсімдік  оюлар расында да пайда болады). Олар хайуанаттық нақыштың шығу  тегі жергілікті ортамен, далалық  тайпалардың соңғы қола дәуіріндегі мәдениетімен байланысты деп санайды.

   Сақ мәдениеті дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен әшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде, бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында қолданылады. Ғылымда С. м-нің мемл. қалыптасу деңгейінде тұрғандығы жайлы мәселе айқындалып келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты.

   Сақтардың мәдениеті мен өнері — Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпалардың мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті.

Тұрғын үй және киімі

Еуразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде біртұтас экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың — әсіресе ерте кездегі сақтардың, сарматтардың, скифтердің және басқаларының көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелді. Алайда осы тайпалардың мәдениеті мен өнерінде елеулі айырмашылықтар да бар, олар Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген сақтайпаларында әр түрлі болған.Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшім-қонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-жығылатын үлгісі — киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады». Кешпелі тұрғын жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі б. з. б. I мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі болған еді.

   Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал өсіретін тайпалардың кәші-қонды тұрғын үйлерімен бірге, көшпелілерде барынша кеңінен тараған төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз үйлер де болды; жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарында пайдаланды. Қазақстан аумағының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудандарында тұрақты тұрғын үйлер: оңтүстікте — шикі кірпіштен, солтүстікте және шығыста — боренелерден салынған үйлер болғаны мәлім. Археологиялық деректер бойынша, қола дәуірінде даланы мекендеушілер күмбез тәрізді кима шатыры бар жертөле түріндегі тұрғын жайлар салды. Төбесі ағашпен деңгелете жабылған мұндай үйлер Қазақстанда, Орта Азияда және Ресейдің оңтүстігінде табылды. Бұғылы өңірінен (Орталық Қазақстан), Шағалалы өзенінің бойынан (Солтүстік Қазақстан) табылған соңғы андроновтық кезендегі жер үстіндегі тұрғын жайлар киіз үйдің одан да гөрі жақын ертедегі үлгісі болып табылады. Төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған бұл ағаш кұрылыстар киіз үйге ғажап ұқсайды. Көшелі сәулет өнерінің бастамасы нақ осы киіз үй тәріздес тұрғын жай болған. Орманды аймақ көшпелілерінің киіз үй тәріздес кұрылыстарының бастапқы түрі тебесі шошақ күрке, ал далалық аймакта дөңгелете шатыр шығарылған жартылай жертөле болды.

 

                                                               5

 Діни нанымдары мен  ғұрыптары                                                  

   Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруғына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.Мұндай ғұрып кейін сүйегін ру зиратына кешіретін болып не уақытша жерлеуді немесе еліктің сақталуына көмектесетін қайсыбір амал қолдануды керек еткен.Таулы Алтай мен Қазакстан аумағындағы сақтар зираттарын ашып-қазу сақ қоғамынын ерекше аксүйек өкілдері үшін өліктерді бальзамдау мен мумиялау колданылғанын көрсетеді.Ондаған және жүздеген обалардан тұратын ірі-ірі рулық зираттар Қазақстанның көптеген аудандарында (Шілікті, Есік, Бесшатыр, Жуантөбе, Сы- пыра-оба, Қараоба, Ұйғарақ), яғни отырықшы және жартылай кешпелі мал шаруашылығы басым болған жерлерде белгілі. Сонымен бірге шөлді-далалық аудандарда ірі зираттар жоқ, онда қыстау үшін қолайлы жерлерде әрқайсысы 2—4 обадан тұратын аздаған мола зираттар ғана бар. Халықтың кеші-қонымының көптігіне және коныстарының жиі ауыстырылуына байланысты көшпелі мал шаруашылығы аудандарында қыстайтын орындар, рулық зираттар болу дәстүрлері қалыптаспаса керек.

   Сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы алдындағы уақыттың ғүрыптарынан едәуір ерекше болды. Егер қола дәуірі үшін тас қоршаулар мен тас жәшіктерге жерлеу тон болса, сақтар мекендеген аудандардың бәрінде обалы қорымдар болып, адамдар көбіне сопақша етіліп қазылған кабірлерге жерленді. Лақаттап және ақымдап жерлеудің жаңа түрлері шықты. Жерлеу әдістері де өзгереді: өлікті ортеудің немесе оның аяқ-қолын қусырып, қырынан жатқызып жерлеудің орнына шалқасынан созылта салып жерлеу шығады.Жерлеу ғүрыптарының салттарында да бірсыпыра айырмашылықтар орын алып, олар шағын және уақытша сипатта болған. Мәселен, Оңтүстік Орал сырты мен Батыс Қазақстанның савроматтары тайпаластарың бетін ағашпен жапқан тар немесе кеңтік бұрышты шұнкырларға көмген. Осы аумақтағы кейбір тайпаларда шаршы және шеңбер түріндегі кабірлерге жерлейтін болды, ұзын қабырғаларының жақтауынан шығарылған кертпешелері немесе ойықтары бар қабірлер ұшырасады. Арал маңы сақтарында түбін айнала шамалап орлаған, жерден ойып нар жасаған және түбінің бұрыш-бұрышына не оны айналдыра орнатылған діңгектердің орны бар өзінше бір үлгідегі кабірлер кездеседі. Жетісуда және Алтайда ауқатты адамдар сол кездегі жердің бетіне салынган не жерді қазып орнатқан үлкен ағаш қималарға қойылатын болған. Бұл аудандарға қарапайым адамдарды бір қабірге бірнешеуін жерлеу немесе аса терең казылмаған қабірлерге бірінен кейін бірін жерлеу ғұрпы да тон. Орталык Қазақстанда жалпақ тақтатастармен жабылып, жерден қазылатын сопақша жерлеу тұрақты дағдыға айналды, нақ осында тас кешенді обалар түріндегі мола құрылыстардың ерекше үлгісі де болған. Тайпалардың жерлеу ғұрпындағы айырмашылықтар оларда біртүтас жүйелі діни ұғымдардың болмағандығын көрсетеді.

 Бейнелеу өнері

  Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылыгының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты компоненті б. з. б. VII—VI ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және Оңтүстік Еуропаның тайпалары арасында тараған аң стилі деп аталатын өнер болды. Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылған орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылығы шартты түрде скифтік-сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы андарды,

                                                                   6

хайуандарды және аңыздағы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Мазмүны  жағынан мифологиялық, түрі жағынан  реалистік аң стилі өнері сәндік сипатта қолданылды. Бейнелеу әдістерінің  көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсак, айбалта, жүген, айна секідді заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланылды. Ертедегі шеберлер көп жағдайда заттардың  пайдалылығын бейнелеуді мазмұндылығымен  жақсы үйлестіріп отырды, осының нәтижесінде  олардың жасаған көптеген бүйымдары  дүние жүзіндегі ең тандаулы үлгілерден қалысқан жоқ. Ертедегі суретшілердің  шығармашылығы өздерінің айналасындағы  жануарлар дүниесінің нақты бейнелеріне  етене жақын болды. Сақ шеберлері  арқар мен таутекенің, жолбарыс пен  кабанның, марал мен түйенің, дала қыраны мен киіктің, касқыр мен қоянның, жылқы мен бұланның өздеріне жақсы  таныс бейнелерін сомдай білген. Андарды  бейнелеуде әр түрлі материалдар  қолданылды. Бізге дейін жеткен бұйымдардың  көбі қола мен алтыннан жасалған, сүйектен, мүйізден, темірден, киізден жасалған андардың бейнелері де кездеседі.  Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне заманғы кезеңге, өрлеу мен құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады. Б. з. б. УШ—VII ғасырлар үшін андарды бір орында тұрған қалпында жеке немесе ішінара бейнелеу тэн болып келеді. Таутекенің, аркардың мүсіндері, басын көтеріп жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының ұшымен тұрған бұғылардың бедерлеп салынған суреттері көп кездеседі. Қос шенберлі тұғырда тұрған екі текенің құйма қола мүсіні назар аударарлық: текелер біршама схемалы түрде, бейне бір секіруге оңтайланған кейпінде, бастары тұкырта бейнеленген, ал бедерлі үлкен мүйіздері арқаларына тиіп тұр (Тасмола).  Жетісудан (Талдықорған) табылган екі қола мүсінде мүйіздері айнытпай түсірілген текелердің басы реалистік тұрғыда керсетілген; мүсіндер ұзын конус тәріздес төлкелерге орнатылған. Алдыңғы қола құю өнерінің тағы бір үлгісі — Солтүстік Қазақстаннан табылған, басын жоғары кетерген және мүйіздері бірнеше рет бүралган арқардың іші куыс мүсіні, ол соғыс қаруы — балғашотқа (Бурабай) салынған. Шілікті обасынан (Шыгыс Қазақстан) табылған заттардың арасында үлкен мүйіздерін арқасына қайыра жатқан бұғы кейпінде шебер жасалған алтын бұйымдар, қабандардың ойып жасалған шагын мүсіндері ерекше көзге түседі. Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе түтас мүсіндерін салып әдемілеу, ал жүген тоғаларына аттың басын немесе ат тұяғының таңбасын салып әшекейлеу сол кездегі көп тараған әдіс болған.[1]

Информация о работе Сақ тайпаларының мәдениеті