Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 23:39, реферат
Ерте орта ғасырдағы сақ тайпаларының ескерткіштері.
Осында
аттың басы, жауырыны және екі
қойдың басы табылды. Аттың
басында жүгені бар, ал қайыс
жүген әр түрлі қола
Басқа бір обаға (Тасмола-5, 2) жерленген адамның аяқ жағына жеті жылтығы, таутеке мүсіні түрінде қоладан жасалған әшекей заттар, салмақты қоңыраулар табылды. Алайда бұл жай ғана құрбан шалу, не арнау ғұрпы емес, қайта жеті ат жегілген «аспан арбасын» жабдықтау салты. Бір ғажабы, Ригведада күн-құдай Сурья нақ жеті алтын түсті бие жегілген күймемен жүреді.
Тасмола
мәдениетінің алғашқы
Екінші кезеңде (б. з. б. V-III ғасырлар) Тасмола тайпаларының мәдениеті көбінесе өзінен бұрынғылардың дәстүрлерін жалғастырды.Жерлеу жоралғыларының кейбір бөлігі өзгерді, атап айтқанда, өлікке ат арнап, бірге көму ғұрпы жойылды.
Үшінші кезеңде - б. з. б. III-I ғғ обалардың бұрынғы құрылымы, түрі сақталады, бірақ мола ішінде түбі тегіс домалақ ыдыстар пайда болады.
Сонымен, Есік, Шілікті қорғандары, Бесшатыр, Тасмола мәдениеттері, Түгіскен мен Ұйғарақ кесенелері, Шірік-Рабат пен Баланды қалалары секілді сақ мәдениетінің көрнекті ескерткіштерін археологтардың ашуы ( Бесшатыр 31 обадан, оның ішінде 3 үлкен оба қазылды ; Есік 40-тан астам қорғаннан, оның ішінде ең құндысы, әрі бастысы - Есік қорғаны ; Тасмола ескерткіштерінің ерекше түрі - « мұртты қорғандар » негіз болды ) тағы бір кедергіден өтуге мүмкіндік берді. Табылған жазбалардың, көрнекті өнер туындыларының жәдігерлеріне сүйене отырып, біздің дәуірімізге дейінгі 1мың жылдықтың ортасында Қазақстан аумағында пайда болған көне сақ мемлекеттері туралы сөз етуге болады. Сақ тайпаларының ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары олардың өмір-тіршілігі( киіз үйге ұқсас, төбесі шатырланып, дөңгелете жабылған ағаш құрылыста тіршілік еткен ), әдет-ғұрпы ( ата-баба аруақтарына,патшаларға, күн бейнелі күшті қамқоршыларға табынды ), салт-санасы ( жазудың, әліпбидің болу фактісі әлеуметтік - экономикалық ұйым дамуының жоғарғы деңгейін білдіреді ), жерлеу ғұрпы ( сақтар өздерінің өлген патшаларына алтын киімін киіндіріп, кең лақытқа қойған, ал олардың үстіне зәулім архитектуралық ескерткіш – алып оба тұрғызған), шаруашылығы (мал шаруашылығы мен егіншілікпен қатар қосалқы кәсіп ретінде аңшылық пен балық аулау) туралы көптеген деректерді береді. Бұл ескерткіштер осы арадағы өмір сүрген тайпалардың мәдениет дәрежесінің, әлеуметтік-экономикалық даму сатысының, бірдей өмір сүру сипатының этникалық, қан жағынан және географиялық шоғырлану жағынан ( Іле өзенінің жаға лауында) туыстық, жақындық белгілерін дәлелдейді.
Бүкіл адамзат
тарихының дамуымен біздің тарихымыздың
тығыз және ажырамайтын байланысы және
өзара қатынасының нәтижесі болып табылатын
материалдық мәдениет ескерткіштерін
сақтауға бәріміз борыштымыз.