Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 19:38, реферат
XVII ғасырдың екінші жартысында жоңғар шапқыншылығы каупінің ұлғаюына қарамастан қазақ халқының ынтымағы
едәуір әлсіреді. Жәңгір тұсында бой көрсеткен орталықтан тыс күштер белен алып, аймақтар арасындағы экономикалық байланыстар айтарлықтай қысқара түсті, жергілікті сұлтандардың оқшаұлығы күшейді. Тіпті бірқатар сұлтандар өздерін бір жүздің немесе рудың ханы деп жариялауға дейін барды. Олар сөз жүзінде бірлік пен жалпы қазақ ханына бағынуды қолдағандарымен, іске келгенде өз саясаттарын жүзеге асырды. Жергілікті сұлтандардың бұлайша оқшаулана түсуі мен ішкі қайшылықтар салдарынан мемлекеттің әскери қуатының төмендей түскені табиғи нәрсе.
Негізгі бөлім
Қожаберген – батыр, мемлекет қайраткері және дипломат.
«Елім-ай» - эпикалық өміршең трагедия.
Қожаберген – Ордабасы.
Қорытынды
Мақтады деп сөкпе жұрт
Орта жүз қалың керейді.
Жырламауға хақым жоқ
Көпке қорған мерейді,—
деп Бұқардың өзі айтқан. Біз білетін Бұқар жырауда «Керей қайда барасың» деген өлең болмаған. Бұл ежелден белгілі Бұқар Қалқаманұлының «Садыр қайда барасың» деген өлеңінің өзгертілген түрі екені белгілі. Бұл арада белгілі жазушы-ғалым Мұхтар Мағауиннің «Алдаспан» кітабында «Садыр қайда барасың» деген өлең орынсыз бұрмаланып, «Керей қайда барасың» болып жаңсақ жазылып кеткенін орынды сынға алғанына біз де қосыламыз.
Қожаберген батырдың, жан-жақты қабілеті бар дарабоз тұлға екенін жоғарыда айттық. Оның емші әрі сынықшы болғаны жайлы да деректер бар. Соғыс кезінде жаралы сарбаздарын өзі емдеп, жазып отырған. Оған ақынның «Емшілік» деген өлеңі дәлел.
Өлеңнен салып жүрмін ою-өрнек,
Жасадым түрлі шөптен дәрі-дәрмек.
Сынықшы Қожаберген атағым бар,—
Талайыи науқастардың жаздым емдеп.
Қожаберген жыраудың Төле, қаз дауысты Казыбек, Әйтекелермен тұстас өмір сүріп, бірге жүріп, Әнет би мен Әз-Тәукеден бата алғанын біз жоғарыда айттық. Ал Қожабергеннен Абылайхан, Бөгенбай, Аскап, Ерсары, Көшек, Қабанбай, Жәнібек, Бөгенбай, Баян, Сырым, Есет батырлар мен Бекболат, Айтбай, Едіге, Малайсары, Қараменде, Алдабек, Әлдибек секілді билер үлгі-өнеге алған. Мәселен, Едіге би Төлебайұлы Ақдәулет есімді жеті жасар ұлын ертіп тоқсан алты жастағы қартайып отырған Қожаберген жыраудан бата алу үшін сәлем бере Гүлтөбеге келеді. Едіге «халің қалай» дегенде Қожаберген «Кәрілік» деген өлеңімен жауап берген екен. Батасының ішінде Едіге бидің баласы Ақдәулетке Шоң деген есім береді. Ол бала кейін өсіп, ержетіп Шоң деген атақты би болған. Шоңның Ақынбай атты баласы СССР халық артисі, марқұм Шәкен Аймановтың төртінші атасы екенін де айта кетуіміз керек.
Осы арада Қожаберген қолбасшының мемлекет қайраткері екендігін дәлелдейтін тағы бір шежіре дерегін келтіре кетейік:
Атақты Абылай
Орта жүз Әбілмәмбет ханның Бас уәзірі,
әрі беделді сұлтаны болып тұрғ
Бұл деректі Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы, Ұзынкөл ауылының тұрғыны, шежіреші қарт Нұрмағамбет Әкібайұлынан 1954 жылы 23 шілде күні жазып алдық,
Осы арада соңғы кезде табылған Қожаберген жайлы тағы да бір жаңа тарихи тосын деректі келтіре кетелік. Мәселен, Қазыбек бек Тауасарұлы (Шапырашты Казыбек бек Тауасарұлы, «Түп-тұқианнан өзіме шейін», Алматы, «Жалын» баспасы, 1993 ж., 215 бет) Қожаберген жыраұлы 1717 жылы алғаш көргенін айтып, кітабында былай деп жазады: «1095—тауық жылы (біздіңше 1717 жыл)... Аягөзде қалмақпен қатты ұрыс болды... Аягөзде болған осы ұрыстан кейін найман Тобан ауылында Кожаберген жыраұлы кездестірдім. Қожаберген жырау мен көргенде қартайған, екі тізесінен ақсап басатын шал кісі екен. Осынысына карамай, жырау сонша әдемі киінеді. Басында сусар бөрік, үстінде күзен ішік, белінде діңмент. Оның қолында домбырасы да жоқ. Бірақ өлеңді сапырып, мен көргенде домбырасыз тақпақтап айтты.
Қожаберген
Толыбай баласы Тәуке заманында
ғаскер басы болған, жау түсіріп, ту
алған батыр еді. Ол батырлығымен
бірдей сол заманның өзі көзбен көрген
оқиғасын мол жырлаған адам. Жасы мен құралпы
Бұқар оған құлдық ұратын. Бәлкім, егер
Қожаберген жырау болмаса, бізге ол заманның
көп шындығы
жетпес те еді...»
Қорытынды.
Қорытып айтсақ, бұл қасиетті әулет қазақтың рухани мәдениетінде үлкен із қалдырған. Қожабергентану – ендеше қазақ мәдениетінің ұлы жырау туған, өскен, мәңгілік, ортасы Гүлтөбе сияқты құнарлы, шұрайлы бөлігі, халық мұрасы. Ол бір Солтүстік Қазақстан өңірімен шектелмейді.
Ал Қожабергентануды кең мағынада түсінсек, ол байтақ Солтүстік Қазақстан өңірінің бай мәдени мұрасы. Мағжантану, Шалақын, Ыбырай мұралары – осылай кете барады.
Қазақ мәдениетінің ірі қайраткерлері Ы. Алтынсарин, Сегіз Сері, М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және т. б. Қызықтырған Қожаберген мұрасын игеру - заман талабы.
Солтүстік Қазақстандағы еңселі білім ордасы – университет ғалымдары, есімі шар тарапқа танымал ғалым Т. Кәкішев, белгілі тарихшы А. Күзембайұлы, белгілі ауыз әдебиетін зерттеуші Қаратай Биғожин Ғылым академиясының ғалымдары болпып Қожабергентану ісіне жегілуі абзал.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев өзінің «Месіндегі» бір шағын мақаласын Он төрт тоймас бар» деп атапты. «Жер жұтуға тоймайды. Кісі ойға тоймайды, бөрі қойға тоймайды. Құлақ естуге тоймайды. Көз қарауға тоймайды. Өмір жасауға тоймайды. Бай малға тоймайды. Ғалым ғылымға тоймайды. Бала нанға тоймайды. Тірі іске тоймайды».
Ие, өлмейтін жан жоқ. Абай баба айтқан «Өлді деуге бола ма артында өлмейтұғын сөз қалдырған» дегендей қазақ халқының үш ғасырлық жүрек жарды жыры «Елім-айдың» авторы Қожаберген жырау өз халқымен мәңгі бірге жасайды.
Қожаберген есімі Әз-Тәуке хан, Абылай хан, Әбілқайыр хан, Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сияқты ұлтымыздың ұлыларының қатарында Отан тарихында хатталады.
Қолданылған әдебиеттер
Негізгі әдебиет:
Қосыша әдебиет
Информация о работе Қожаберген – батыр, мемлекет қайраткері және дипломат