Қожаберген – батыр, мемлекет қайраткері және дипломат

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 19:38, реферат

Описание работы

XVII ғасырдың екінші жартысында жоңғар шапқыншылығы каупінің ұлғаюына қарамастан қазақ халқының ынтымағы
едәуір әлсіреді. Жәңгір тұсында бой көрсеткен орталықтан тыс күштер белен алып, аймақтар арасындағы экономикалық байланыстар айтарлықтай қысқара түсті, жергілікті сұлтандардың оқшаұлығы күшейді. Тіпті бірқатар сұлтандар өздерін бір жүздің немесе рудың ханы деп жариялауға дейін барды. Олар сөз жүзінде бірлік пен жалпы қазақ ханына бағынуды қолдағандарымен, іске келгенде өз саясаттарын жүзеге асырды. Жергілікті сұлтандардың бұлайша оқшаулана түсуі мен ішкі қайшылықтар салдарынан мемлекеттің әскери қуатының төмендей түскені табиғи нәрсе.

Содержание

Негізгі бөлім
Қожаберген – батыр, мемлекет қайраткері және дипломат.
«Елім-ай» - эпикалық өміршең трагедия.
Қожаберген – Ордабасы.
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

XVII ғасырлын екінші жартысынла жоңғар шапқыншылығы каупінін үлғаюына.doc

— 127.00 Кб (Скачать)

Дауылпаз  Қожаберген - дүлділ тарихшы. Біріншіден, тек «Елім-ай» дастанында ғана бүкіл  дәуірді суреттейді. Жоңғар империясының дәуірлеп, күшею себептерін ашады. Екіншіден, жоңғарлардың «орыстар мен қытайларға арқа сүйегенін» көрсетеді. Орыс империясы өзіне көрші қазақ елін тұқыртып, жоңғарларға кіші зеңбірек жасауды үйретіп, құтыртып, екі түркі тілді халықтарды өзара қырып салуына мүмкіндік жасағанын ғажайып суреттейді. Үшіншіден, түрікпен, Қоқан, Хиуа, Бұқардың қазақ еліне деген қастандық саясатын өзбек пен тәжіктің жаттығын әшкерелейді. Төртіншіден, Әз-Тәукеден кейінгі қазақ хандығында болған теке-тірес, бақталас берекесіздіктің бет-пердесін ашады. Бесіншіден, ақтабан шұбырынды қалай болды, халық қалай, неге тозды деген сауалдарға жауап береді. «Қырылу Алакөлден басталып тұр», — деп Алқакөл емес, Алакөл екендігін еске алады. Ең соңында, Отан соғысы қалай өтіп жатыр, Қара ноғайдың қазақпен үздіксіз бір болуын, Қарақалпақ бектерінің жалтақтығын, Әбілқайырдың дәл 1723 жылы дер кезінде көмекке келе алмағандығын, халық қарсылығының өрістеп, Сарысу бойында жау бетін қайтарғанын айтады. Автор өз өмір жолынан хабар береді. 61 жасының 45 жыл ғұмыры жорыққа өткенін, «Жасымнан қол бастаған болдым сардар» деп, өзінің ел ағасы ретінде болашаққа көз салады. Шығарма кешенді, диалектикалық салыстырмалы талдауға негізделген.

«Елім-ай»  әдеби тұрғыдан алғанда да тендесі жоқ туынды. Онда тек халық мұңы ғана емес, оның сыры, рухы бар. Автор егіліп те, төгіліпте жырлайды, бірде тарихи тереңдікке бойласа, бірде бүгінгіге қайғырып, болашақты ойлайды, философиялық пайымдармен орағыта толғайды.

Ендеше Қожаберген бабамызды қол бастаған батырдан өтіп, ғасырлар қойнауына мұра етіп алып келе жатқан асылымыздың авторы — Дауылпаз жырау деп атау орынды.

Әлемдік тарихта  қолына қалам алып, оны семсер қылышпен қатар ұстаған тұлғалар бірен-саран-ақ. Ол атақты Байрон, Шандор Петефи. Ал дауылпаз Қожаберген өз соңына Ақтамберді, Үмбетай, Тәттіқара сияқты тарлан жыраулар көшін бастады. Махамбет пен Сегіз сері дауылпаз бабасы Қожаберген дәстүрін одан әрі жалғады.

Қожаберген  бабамыздан қалған рухани мүра шексіз. Қазақ халқының ХVIII-ХХ ғ. Ел ұраны болған «Елім-ай» әні, «Күлдірмамай», «Қойлыбай көреген», Қарасары Балта керей», «Соқыр абыз», «Баба тіл» сияқты дастандары, «Ақсауыт», «Ғасыржас», «Дүние», «Жігіттік» т.б. толғаулары, Қарғыс атқан қалмақ-ай», «Шоңғал, шоңғал, шоңғал тас», «Сылаң Сыр», «Балкан, Балкан, Балкан тау», «Қазақ пен ноғайдың қоштасуы» сияқты өлеңдері, «Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Күлдірмамай», «Шұбырынды», «Сұлама» сияқты күйлері өз зерттеушілерін сарғайып күтуде. Жеті бөлімнен, 3683 шумақтан, 14732 жолдан тұратын «Елім-ай» дастаны теңдесі жоқ ұлы туынды өз алдыңа бір төбе.

Мұнымен Қожаберген баба мұрасы шектелмейді. Бұл тек қана әзірге белгілілері ғана.

 

 

 

 

 

 

Қожаберген – Ордабасы.

3. Ордабасы — көне түрік сөзі. Ол ұғым, бүгінгіше айтқанда бас қолбасшы деген мағынаны білдіреді. Қазақта бас қолбасшы сайланған жердің аты — Ордабасы деп аталған. Мұндай атаулар туған республикамыздың әр өңірінде кездеседі. Әдетте, қазақ салтында ханды, бас уәзірді, ордабасын, төбе биді сайлағанда халық оларды боз биенің сүтіне шомылдырып, шымқай ақ киім кигізіп, ақ киізге орап, жоғары көтеріп, кұрмет көрсетеді. 1683 жылдың маусым айында Түркістан шаһары манында Әз-Тәуке бастаған барша қазақ жақсылары жиырма бес жастағы Қожабергенді Ордабасы етіп сайлап, ак киізге көтергенде оған Орта жүз, арғын Әнет би бата берген. Ауызекі айтылған ол бата біздін бүгінгі күнімізге жетпеген, аңыз күйінде ғана қалған. Қожаберген Ордабасы яғни хан ордасының бас қолбасшысы болған сәтте тікесінен тік тұрып көкірегіне құран ұстап, қылыш сүйіп, халық алдыңда серт береді. Сонда ол былай дейді:

Қолбасшы  батыр болмасам,

Көбелі сауыт  кимейін.

Ту ұстайтын болмасам,

Арабы ақбоз  мінбейін.

Талапты жігіт  болмасам,

Ұрандап жауға  тимейін.

Қару-жарақ  соқпасам,

Зергер болып  жүрмейін.

Майданда  жауды жеңбесем,

Қызық дәурен сүрмейін.

Дұлығамның төбесі,

Буылмаса  маржанмен,

Басыма оны  кимейін.

(Өлеқ Қазақстан  Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтынық қолжазба   қорында сақтаулы).

Қожабергеннің Ордабасы болғандығын онық бас шәкірттерінің бірі Бұқар жыраудық «Ұстазым» атты дастанындағы мына жолдар айқын дәлелдейді (өлең тұңғыш рет жарияланып отыр).

Ақ жолды  сардар Қожекең 
Жауынан айыл жимаған. 

Ерлігі көп  ұстазды,— 

Мұсылман  түгел сыйлаған. 
Екі жүз жауды майданда 
Бір кісідей көрмеген. 
Жолбарыстай шұбармен,— 
Дұшпанды қуып өрлеген. 
Айбарынан жау қашқан, 
Есінен қалмақ адасқан. 
Ұрандап жауға тигенде,— 
Жарқылдап қолда алдаспан. 
Қожаберген сабазға 
Ордабасы атақ берілген. 
Ғаріп-касер, жетімнен,— 
Жан емес ұстаз жерінген. 
Ұстазымлы ешқашан 

Жау болған жоқ басынған.

Бата алған  Бұқармын,— 

Қожаберген асылдаи.

Бұқар жырау Қалкаманұлының (1693— І787 ж. ж.) Қожабергеннің өзіне шәкірт болғанына осы  Ордабасы ақынның «Елім-ай» дастанындағы 1723 жылы шығарған мына шумақтары айғақ бола алады.

Шәкіртім  Сүйіндікте Бұқар жыршы,

Ол Бұқар өзі ақын, өзі сыншы.

Ол-дағы қарап  жатпас, аттан салар,— 

Сөзіне оыың халқым құлақ түрші

Бұқаржан  биылғы жыл отыз жаста,

Атағы ақын болып  шықты алашқа.

Қарағым, қатты  налып жүрген шығар 

Түскен сон  ауыр бейнет қайтсін басқа.

Өзіміз сөз  етіп отырған баһадур Қожаберген Толыбапұлының 1688—1710 жылдар аралығында үзіліссіз жиырма үш жыл бойы қазақ. карақалпак, қарағаш1, барабы2 халықтарыкың біріккен әскерін басқарып, басқыншы жаулармен соғыста елін корғап, үлкен ерлік көрсеткенін сол кездегі оған арналған ақын-жыраулар өлеңінен де айқын көреміз. Оны осы қолбасшының кіші шәкірттерінің бірі ақын Жанақ Төлеқұлынын (1743—1821 ж.ж.) «Ордабасы — Ұстазым» атты өлеңі де дәлелдейді.

Орта жүз  керейдегі Көшебеден,

Ер шыққан Толыбайұлы Қожаберген.

Әрқашан жауды жеңіп жүргеннен соң,—

Жұрт оған Ордабасы атақ берген.

Тұсында Әз-Тәукенің ғаскер бастап,

Ханнан да, халқынан да алғыс алған.

Көз жұмлы  жүзден асып есіл сабаз,— 

Оған да опа  болмай дүние жалған.

Хисса-өлең шығаруды көріп мақұл,

Кожекең топтан асқан болды ақып.

Барғанда  он алтымда бата алуға,—

Тигізген біздерге де шарапатын.

(Бұл өлеңді  Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы, Петровка селосының тұрғыны, шежіреші Қожахмет Дәрібайұлынан 1954  жылы 19 шілде күні жазып алынды.

Сондай-ақ Қожабергеннің ордабасылық қызмет атқарғандығын оның өзі туралы шығарған, күні бүгінге дейін еш жерде жарияланбаған мына бір өлеңінен де көруге болады.

Үш жүзде  болса да олар басты кісі,

Қазыбек, Төле, Әйтеке менен кіші,

Соларға жол  көрсеткен ұстаз едім,—

Сардар деп  құрметтеген үлкен-кіші.

Жеңіс жоқ  соғыстарда шабандарға,

Жағдай жоқ  тағат қылып амалдарға.

Жеңіске жету үшін қайрат қылып,

Ат койдым ғаскер бастап қамалдарға.

Мәлім ғой, елге ғаскер басқарғаным,

Болдым деп  Ордабасы мастанбадым.

Мылтығы көп  болса да кәпір жаудың

Қалмақтын ғаскерінен жасқанбадым.

Басқарып  үш жүз қолын жиырма үш жыл

Орнымды Бөгенбайға бердім биыл.

Еш сардар қайт қылған жоқ

жарлығымды.—

Кезінде ұзақ соғыс күндер киын.

Қожаберген ұзақ жыл әскер бастап, сыртқы жаумен соғысып, әрдайым жеңіске жетсе де, ақыры қатты шаршап, өзін бас қолбасшылық қызметтен босату туралы Тәуке ханға 1710 жылы жазда өтініш жасайды. Әз-Тәуке оның орнына Қожаберген сиякты әрі дана, әрі батыр қолбасшы таппағандықтан Ордабасының бұл өтінішін қабылдамайды. Сонда Қожаберген өз орнына батыр шәкірттерінің бірі жас сардар қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлын (1683—1775 ж.ж.) ұсынып, оған оң батасын береді. Осы оқиғаны белгілі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1857—1931 ж.ж.) «Даналар» атты өлеңінде былайша суреттейді.

Бабадан Қожаберген бата алған,

Бөгенбай қанжығалы сардар болған.

Ел қорғап, қамал бұзып, даңқы шығып,—

Оған да аруақ  пен бақыт қонған.

Ал Ордабасының  шәкірті Бұқар жырау Қожабергеннің бас қолбасшылық кызметін Бөгенбайға бергеніне риза болып, мынадай жыр арнайды.

Көшебе кереп  ағасы,

Толыбай сыншы  баласы.

Қол бастаған Қожекең 

Үш жүздің болған данасы.

Қожаберген  ғаділ ер,

Қадірін білген қалың ел.

Бөгенбайдай батырға 

Билігін берген ардагер.

Қожекеме  Бөгенбаи Шәкірт болған жан еді

Сайлатқан оны  ұстазым,—

Қарадан шыққан хан еді.

Баласы да, інісі Ұстазымның бар еді.

Оларға бермей орынын Арғынға берген нар еді.

Алдымызда Бөгенбай Жасы үлкен аға еді.

Бүкіл қазақ  еліне,—

Жаңа шыққан пана еді. 

Бөгенбайды  өкшелеп

Арғыннан  шыққан Бұқармын.

Ақындыққа келгенде

Жыраудың  көбін ұтармын.

Қожаберген Толыбайұлы Ордабасы қызметін атқаруымен бірге Әз-Тәукенің бас ақыны болған. Ол сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды, қазақ хандығының ішкі-сыртқы саяси хал-ахуалын жете біліп, әрдайым өз жырларына арқау етіп отырғанын білеміз. Мысалы, ол Тәуке ханға арнаған, кезінде елге мәлім болған, кейін ел есінен ұмытылған «Жеті жарғы» атты тарихи дастанында былай дейді:

Шығайдан  соң орнында Тәуке қалды,

Әз-Тәуке деп  кезінде атақ алды.

Төле, Казыбек, Әйтеке ақылшы боп,

«Жеті жарғы» дейтұғын заң шығарды.

Осымен бірге  Қожаберген ақынның Әз-Тәукенің тапсырмасын  орындап, «Жеті жарғыны» ақ былғарыға  жазып, ханға табыс еткені соңғы кезде белгілі болып отыр. Бұған оның өзіміз ел аузынан жазып алған «Жеті жарғы» атты мына өлеңі дәлел бола алады:

Қарабас тархан ағамды,

Алаш жұрты  тыңдаған.

Соғысқа, дауға  қатысып 

Ер еді  жастан шыңдалған.

Мұра боп  қалған көне сөз 

Низам мен  заңның мәні бір.

Бұл өлеңді 1954 жылы 21 шілде күні Солтүстік Қазақстан оолысының тұрғыны, шежіреші Балғожа Кенжеғозыұлынан жазып алған едім. Содан кейін осы өлеңді 1956 жылы 17 маусымда    Қарағанды қаласының Жамбыл көшесіндегі 45-үйде тұратын ауыз әдебиетінің білгірі, қарт педагог Омар Иманбайұлынан екінші рет жазып алып, екеуін салыстырғанымда, еш айырмашылығы болмады. Осы арада Майлы бидің кім екенін айта кетелік. Майлы би Толыбайұлы Қожабергеннің ең үлкен ағасы. Шежіре дерегі бойынша 1626 жылы туған. Жас жігіт - кезінде салқам Жәңгірдің, Шығай ханның бас уәзірі болған. Кейін жасы ұлғайған шағында Әз-Тәукенің төбе биі болып сайланған. Төле биге, Казыбек биге, Әйтеке биге бата беріп, олардың әуелгі ұстазы болғанын білеміз. Бұл кісі қазақ жылнамасы бойынша үлкен Майлы би деп аталады, себебі Көшебе керейден шықкан әрі ата-анасы осы данышпанның есімін койған екінші Майлы би және болған. Оның әкесінің аты Қалжан батыр. Осы Майлы бидін жасы, үлкен Майлы бидің  кіші немересімен шамалас. Бұл Абылайханның тұсында әрі қазы, әрі оның уәзірі болған. Біз сөз етіп отырған осы үлкен Майлы биді екінші Майлы бимен шатастыруға болмайды.

Қожабергеннің «Жеті жарғы» дастанын жазғандығына тағы бір дәлел ретінде Бұқар жыраудың «Ұстазым» атты хиссасындағы мына шумақты келтіре кетуді жөн көрдік.

Қожаберген  ұстазым,

Бұхара барып  оқыған.

Төрт-бес тілді  үйреніп,

Көкейге берік тоқыған.

Тәукенің жазып низамын,

«Жеті жарғы» деп атаған.

Қатаң баппен енгізіп,

Жауыздарды  матаған.

Бұл айтұлы дастанды біз 1957 жылы 15-16 маусымда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Мұрынтау аулының тұрғыны Охап Қожанұлының аузынан жазып алдық.

Осы арада  бір ескерте кететін жайт мынау: жоғарыдағыдай Қожабергенді ұстазым деп қатты қадірлеп, көсемдік кабілетіне бас иген шәкірті Бұқар жырау «Керей қайда барасың» деген өлеңді шығарды деу шындықка жанаспайды. Бұлай дел Бұқар жырау мұрасын дұрыс зерттемеген шалағай дүмшелердің ғана айтуы   мүмкін. Оған дәлеліміз — біріншіден, ағайынды керей мен арғын рулары арасында қандай бір кикілжің болғандығы туралы ешбір тарихи дерек жоқ. Екіншіден, керейлер Сарысу, Сыр өзендері бойын мекендемеген ел, 1723 жылы күзде керейдің терістік Сарыарқадан ауып, көшіп барып тоқтаған жері қазіргі Ақмола, Карағанды облыстарының шектесетін Корғалжын, Теңіз  аудандарының жері. Бұл аймақта Керей жұртынын ескі белгі-ескерткіштері: Керей өзені, Керей көлі, Жәнтекен көлі, Жұмабай көлі секілді жер-су аттары әлі күнге дейін бар. (Мысалы, Жантекей — Абак-керейдің бір руының аты, ал Жұмай — балта керей елінің батыры), үшіншіден, Көшебе керей Қожабергенге Бұқар жырау шәкірт   болғанын жоғарыда айттық. Шәкірт адам өзінің ұстазына ешқашан карсы шықпайды, оның елін де орынсыз ғайбаттамайды. Төртіншіден, керей ол кезде қаймағы бұзылмаған қабырғалы қалың ел, сан жағынан да, абырой-атағы жағынан да арғынмен, найманмен терезесі тең ел болған. Оны «Ұстазым» дастанында:

Информация о работе Қожаберген – батыр, мемлекет қайраткері және дипломат