Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 21:30, реферат
Қожа Ахмет Йассауи– түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидың арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Йассауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады.Қожа Ахмет Йассауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. Қожа Ахмет Йассауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын.
1996 жылы Қожа Ахмет Ясауи өмірімен байланысты тарихи орын, жерасты мекені, сопылық орталық болып саналатын ХЫЫ-ХЫХғғ. Ескерткіш «Қылует» мешіті музей қызметкерлерінің күшімен экспозиция қойылып музей ретінде ашылды.
«Түркістан тарихы» музейі орналасқан ғимарат — ХЫХ ғасырда салынып әскери казарма ретінде пайдаланылған. Кеңес заманында тігін тоқыма фабрикасы қызметін атқарған. ХЫХ ғасырда салынған сәулет ескерткіші мемлекет қарауына алынып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп 2000 жылы «Түркістан тарихы» музейі-тарихи қаланың 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылып пайдалануға берілді. Музейден тарихи, рухани қаланың өткені, кешегісі туралы толық мағлұмат алуға болады. Музей экспозициясы үлкен-үлкен сегіз бөлімнен тұрады. Музей қызметкерлерінің мақсаты көне қаланы «музейлер қаласы, рухани орталық» ретінде түрленте беру. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан қаласында болғанда «Қазақстанның рухани орталығы Түркістан»-деген болатын. Сондықтан «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің халқымыздың рухани өсіп өркендеуінде алатын оны ерекше.
Музейде мынадай құрылымдық бөлімдер бар.
Ғылыми-зерттеу бөлімі.
Ғылыми кітапхана
Ғылыми қор бөлімі
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімі
Болашақта осы бөлімдерді кеңейтіп, жаңа ғылыми зерттеу салаларын ашу жоспарланып отыр. Олар: археологиялық-ескерткіштерді зертеу бөлімі, этнография және этнология бөлімі, дін тарихы бөлімі, мәдени көпшілік және насихат бөлімі, экспозиция және көрмелер бөлімі, туризм және сервис жұмыстары.
"Әзірет Сұлтан " қорық музейі Қазақстандағы ерекше маңызы бар рухани орталық болып табылады. Мұнда:
қазақ халқының тарихы мен рухы насихатталады
қазақтың ел билеген
хандары мен елін жерін қорғаған
батырлары, би-шешендерінің мәңгілік мекендері
ретінде олардың рухтарына
халқымызды имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейтін Қожа Ахмет Ясауидің мұрасы насихатталады
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі өзінің жан-жақты шығармашылығы және рухани құндылықтарды насихаттау арқылы, өзінің алдындағы барлық мақсаттарын жүзеге асыруға және бұл салада қызмет ететін барлық ұйымдар мен мекемелер, қорлар мен агентттіктермен ынтымақтаса отырып жұмыс жүргізуге дайын.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Факультеті: Филология: қазақ филологиясы
Мәнжазба
Пәні: Ежелгі дәуір әдебиеті
Тақырыбы: Қожа Ахмет Ясауи
Орындаған: Тулегенова Перизат ҚФ-101 гр
Тексерген: Баян Бораш
Ақтөбе 2012 жыл
Жоспар
Кіріспе
а) Ахмет Иассауидің өмірбаяны.
б) Қожа Ахмет Ясауидің атақты “Диуани Хикмет” кітабы
Қожа Ахмет Ясауи ескерткіші (М.Шаханов)
Қожа Ахмет Ясауи еңбегіндегі педагогикалық мәселелер
Қожа Ахмет Ясауи және Түркістан
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
А.Иассауи аса көрнекті ақыны, есімі ислам әлеміне мәшһүр болған ойшыл қайраткер
Пайдаланған әдебиеттер
Қорытынды
Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ы - Қожа Ахмет Ясауи. Ол өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Ақынның “Даналық кітабы” және “Парасатты сөздер жинағы” атты өлең кітабы шығыста кең тараған сопылық поэзия түрінде жазлған болатын. Яссауидің «Даналық кітабы» кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған. Ақынның кітабында көбінесе адамгершілік, әдептілік, ынсап, қанағаттылықты дәріптейтін сөздерді көптеп кездестіре аламыз. Сонымен қатар оның кітаптарындағы өсиеттері дінге берік болу, адалдықпен өмір сүріп, адамды сүюге бағыттылған сөздерді көптеп кездестіреміз.