Қожа Ахмед Ясауи

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 21:30, реферат

Описание работы

Қожа Ахмет Йассауи– түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидың арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Йассауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады.Қожа Ахмет Йассауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. Қожа Ахмет Йассауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын.

Работа содержит 1 файл

Ахмет Ясауи реферат.doc

— 773.50 Кб (Скачать)

Ғимаратты енді аз күнде бітірген жөн қалай да.

Шеберлерді ықыластап, ынталамақ ниетпен,

Хан оларға балдызының қызметін сый еткен.

 

Хан балдызы – Мәрзия ару ішке бүгіп мұратын,

Күнде түсте шеберлерге сусын әкеп тұратын.

Сырт көздерді қалдырмайын  дейді ме өрттің өтіне,

Паң бойжеткен жұқа ғана перде ұстайтын бетіне.

 

Гужбан тағдыр иығына нені артса да көнердей

Шебер жіпт Мәрзияға ғашык, еді өлердей.

Ғашығының айдай жүзін  бір көруге тамсанды,

Бірде сусын әкелгенде  пердесіне қол салды.

 

Қыз қымсынып тұрып қалды, тұрып қалды күлімдеп,

Алма беті гүл-гүл толқып, оймақ ерні дірілдеп.

Сосын, ләм деп тіл  қатпастан, еркін басып шеткері,

Өзіне арнап орнатылған ақ шатырға беттеді.

 

Мосқал шебер күйіп-пісті: «Қарағым-ау, мұның не?

Көпсінгенің осы нұрсыз шабаталы күнің бе?

Сезіміңнің төзім жібін  албырттығың қиды ма?

Енді қайттің? Әлде басың  өкпелі ме иығыңа?

 

Пітінелі болмак, енді саған мына атар таң,

Ертең ерте Ақсақ Темір  оралады сапардан.

Болған жайды балдызы  оған айтпай, сірә, түрмайды

Айтты, бітті. Жаның онда жаһаннамға зырлайды.

 

Солай, ұлым. Әміршіден  енді рақым іздеме,

Бірақ, сенің кесепатың  соқпай кетпес бізге де».

Жігіт боп-боз. Қаны қашып, сөзін зорға бастады,

(Бедерсізін бұрын  қалай сезбей келген достары).

 

- Туысқандар,

Қамданайық, амал-айла жасайық,

Біреу айтты:

- Бүгін түнде ұйымдасып  қашайық. 

Келісілді. Бірақ, бірақ,... жөн болды ма қашқаны?

Хан әскері қуып, ұстап, зынданға әкеп тастады.

 

Енді ненің мәні қалды. (Мұңдан, мейлі мұңданба?

Ертеңгілік Мәрзиядан  хат кеп түсті зынданға.

Жігіт жылдам оқып шыңты дір-дір етіп қолдары,

Кыздың хаты мынау  еді сондағы:

 

«Бір күнде ашып мінезіңнің бар қырын,

Тез сөндірдің жігеріңің  жарқылын.

Ұнап еді батылдығың алғашқы,

Тырағайлап қашқаның не, жарқыным?

 

Жарылардай сондай құштар сезімнен,

Өзімді-өзім тұсаулаушы ем төзіммен.

Өлімнен де қаймықпаған  тілекті,

Қалай оқи алмағансың көзімнен?

Өнерің бар қараган  жұрт қанбаған,

Әның анау аспанымда  самғаған.

Құдай саған бәрін  беріп, Тек қана

Ерлік бермей қойғанына  таң калам 

Енді бәрі өшті, бәрі сөнді. Далбаса.

Амал қанша өз сенімің  алдаса?

Сен өлді деп өкінбеймін. Әттең-ай,

Бітпей қалған мына ескерткіш  болмаса...

Бұлақ өмір сүргенімен, құрақсыз

Сезім өмір сүре ала ма мұратсыз?

Жүрегенінде ерлігі жоқ  адамның,

Барлығы да махаббатқа тұрақсыз

Қожа Ахмед Иассауи еңбектеріндегі халықтық

педагогика  мәселелері

 

Ұлы ұстаз Қожа Ахмет  Иассауидің өз халқына қызмет етуге  ұмтылысы оның мәні өшпес, ойгілі мұрасы "Диуани хикмет" (Ақыл, даналық  кітабы) атты жинағынан айқын көрініс  берді. Ол халық даналығы мен оған түсінікті тәрбие туралы идеяларды қорытыңдылай келе, оларды ерекше бейнемен өзгертті және халықтың өзіне кайтарды. Мүнда халықтың болашаққа мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналылығын жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар. "Көшпелі жартылай көшпелі қыпшақ, оғыздардың тұрмыс-тіршілігін, көзқарас-танымын ескере отырып, сол жұрттың өз тілінде төгілте жырлаған, араб тіліңдегі кұран мен шариғат заңдарын өлеңмен сипаттап берген"13 бұл шығарма, сонымен бір мезгілде педагогикалық аса көрнекті туынды екендігі күмән туғызбайды.

 

Автор тәрбиенің мақсаты  тұлғаның кемелденуі жайлы қамқорлық  деп ұдайы есіңде үстайды. Мәселен  шығармадағы "Басты ізгіліктердің" олардың маңыздылығы есепке алынып бірізділікпен орналастыруы қызығушылық тудырады: жетілудің нәтижесі - ақыл, бірақ анықтаушысы адамгершілік түрғыда кемелдену:

 

Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғын,

Көре қалсақ мүсәпірді  сырлас болғын,...

 

Әрі қарай еңбек ақыл, денсаулық, әсемдік жөне басқалары ілеседі. Және де ақыл ұтымы адамгершіліктің кептеген маңызды белгілерін енгізетін аса ауқымды мәнге ие:

 

Ақылға ерсең ғаріпгтерді  мейіріммен сүй,

Мұстафадай елді кезіп, жетімді жый,

Дүниеқоңыз, пасықтардан  бойыңды тый...

 

Жетілудің шексіз жөне ете кең мүмкіңдіктері айрықша атап көрсетіледі. Автор өзін-өзі тәрбиелеу жолымен жастар өз бойына ең жақсы адамдық сапалар; мейірімділік, әдептілік, еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, әділеттілік, ададдық пен шыншыдцықты сіңіре алатынына сенімді. Шығармадағы иедагогикалық түрғыдан қызығушылық туғызатын орталық сюжетті желілердің бірі - ол жас сипаттамалары:

 

\ Бір жасымда аруақ  маған үлес берді,

"Еқі жаста пайғамбарлар  келіп керді.

Үш жасымда шілтен келіп халім білді,...

Бес жасымда шариғатқа  белім будым,

 

 

 

Дін жолында ораза  ұстап әдет қылдым... Зерттеушілер "Қазақ  поэзиясындағы жас мерзімдерін  шалқыта суреттеу де" осы Қожа Иассауи дәстүрінің әсерінен екенін аңғару қиын емес. Рас, мұның көптеген ұқсастықтарымен қатар, кейбір өзгешелік  белгілері де жоқ емес. "Диуани Хикметте" жас бейнелерін жинақтап түйіп айту басымырақ болса, бізде бұл үрдістің жалғаса жырлану арқылы тың сапаға ие болғанын көреміз – деп шығарманың байлауы болып табылатын жасқа бөлу идеясын жоғары бағалайды. Еңбекте автордың өмірі педагогикалық цикл ретінде толық баяңдалумен қамтамасыз етілген:

 

Жазуменен жасым жетті  жиырма бес,

Субхан ием, зікірменен көкейім тес. '

Көкірегімдегі түйіндерді сен өзің шеш, Сол

себептен хаққа сиынып келдім міне...

Отыз тоғыз жасқа  кірдім, қылдым қасірет,

Уә дариға, өтті ғұмырым, қане тағат?

Қанағатшыл хақ қасында  хош сағадат,

Қызыл жүзім тағат  қылмай солды, достар...

 

Сыртқы кейпі және мазмұны бойынша да айқын педагогикалық  құбылыстар ретінде көрінетін мүңдай үлгілер осылай жалғасып кете береді. Мұның барлығы "Диуани хикметті" поэзия мен педагогиканың ұлы ескерткіші ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Оның өмірде неге ұмтылып, неден безіну керектігін белгілейтін моральдық ұғымдарын оқып үйренудің бүгінгі кезең үшін мәнді тұсы жастардың тәртібі, этикалық жөне эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру ісіңде тәлім-тәрбиелік бағдар бола алатын мүмкіндігінде. "Диуани Хикмеи" көп уакыттар бойы ел аузында айтылып, қолжазба түрінде сақталған, араға көп уақыт салып барып, Стамбул, Қазан, Ташкентте басылып шыккан. Оның казақ тіліндегі тұңғыш нұсқасы 1901 жылы Қазаңда жарық көрген. Ал толық күйіңде жеке кітап болып қазакшаға түсірілуі 1993 жылы жүзеге асты. Ғалымдар көрсетілуінде коғамдық-педагогикалық ойдың қалыптасуына үлкен ықпал жасаған ірі тұлға Қожа Ахмет Иассауи жайлы хикаяттар да аз емес екен. Үлы ұстаз өмірі, дүниетанымы, қызметі жайлы білімдерді терендетуге септігін тигізер деген мақсатпен осы материалдарды келтіре кетуді жөн көрдік. Автор "Төменде ертеректе жазылып алынған үлгілермен қатар, өзіміз ел аузынан жинаған нүсқаларда ұсынып отырмыз. Қожа Ахмет жайындағы халық аузындағы әңгімелердің сан алуан нұсқасы бар.

 

 

ҚОЖА АХМЕТ  ИАСАУИ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН.

 

ЮНЕСКО-ның қаулысы  негізінде Қазақстан Республикасы алдағы 1999-2000 жылдары көне түрік  елінің астанасы Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын атап өту жөнінде арнайы шешім қабылдады. Бұл мәні зор оқиға тек қазақ елінің ғана емес, бір кездерде Тұран мемлекеттін құрған өзге түрік жұртшылығының да үлкен мерекесі болмақшы. Аталған қала соңғы дәуірлерде қазақ хандықтарының да астанасы болды.

Түркістан десек ең алдымен  әйгілі ақын, ойшыл, кемеңгер Қожа Ахмет  Иасауи есімі ойға оралады. Өйткені  бұл атаулар қашаннан бөліп жаруға келмейтін, бірін-бірі толықтырып айқындай түсетін ұғымдар екені аян. Қ.А.Иасауидің  ер жетіп есейген шағынан бастап қазіргі Түркістан бұрынғы Иасы арылында көз жұмғанша өмір сүріп, оның ірі сауда мәдени, діни орталыққа айналып, қала ретінде жан-жақты дамып, өркендеуіне тікелей әсер етуі де себеп болғаны рас. Мұхаммед пайғамбардың ізбасары, әулие әрі сопы атанған, шығармаларын тұңғыш рет түрік тілінде жазған ақын сол Түркістан қаласныда тұрып, өзінің өлмес, мәнді де асыл туындысы – «Диуани хикметті» («Ақыл кітабын») сонда жазып аяқтайды. Ұлы гуманист ақын қайтыс болған соң, яғни өлгеніне 240 жылдай мерзім толғаннан кейін, әйгілі Әмір Темір оның басына теңдесі жоқ, ғажайып мавзолей – кешен салдыртады. Бұл заңғар да сәулетті ескерткіш заманның талай – талай ауыр сындарынан мұдірмей өтіп, құдіреттің барлығын паш еткендей көз жауын алып, тәкаббар күйінде қазақ жерінде әлі күнге қасқайып тұр.

Түркістан қаласының  Қожа ахмет Иасауи атымен тығыз байланысты екендігі налғашқылардың бірі болып  айтқан Әмір Темірдің жорықтары тарихын  зерттеп жазған Шарафддин Ғали Иазди  еді.

Қожа ахмет Иасауидің  өзі хикіметінде:

Он алтымда барлық әруақ үлес берді,

Айхай, Сізге мүбарак  деп адам келді,

Перзентім деп мойным құшып көңілім тапты,

Он жетімде Түркістанда  тұрдым, міне! — 

дейді. Біздің ойымызша, осы айтылып  отырған кезең әйгілі Түркістан  қаласы туралы емес, жалпы түрік  халықтарының Отаны үлкен Түркістан, яғни Тұран жөнінде айтылған деп ойлаймыз. Өйткені Түркістан қаласының «Түркістан» болып аталуы, көп кейін болуы керек. Бұған ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» атты өлеңіндегі мына бір жолдар да айқын дәлел бола алады.

Түркістан – екі дүние есігі  ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой,

Тамаша Түркістандай жерде туған 

Түріктің тәңірі берген несібі ғой!

Әмір Темір Көреген ғажайып  кешен – ескерткішті тұрғызумен қатар, оның ғасырдан ғасырларға тозбай жетуін көздеп, мавзолейдің кіре беріс маңдайына асыл тас, алтын, күміс толы шыны құтылар да қалдырған, бірақ бұлары кешегі зұлмат заман тұсында қолды болып кетке.

Түркістан қаласы мен  оның ардақты да асыл ұлы Қожа Ахмет  Иасауидің атының әйгіленіп даңқа  бөленуіне әйгілі Әмір Темір Көрегеннің қосқан үлесі де айрықша бөліп атауға тұрарлықтай: Әмір Темір Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи мавзолейінің архитекторы да болғанға ұқсайды. Ол 1387 жылғы Иасыдағы Қожа Ахмет мазарына дұға қылып қайтқаннан кейін, бұрынғы құлаған кішігірім мавзолейдің орнына бұрын – сонды болмаған мавзолей – кешен салуға жарлық берді. Тарихшының жазуынша, Әмір Темір сол күмбездің биіктігі ішінен 130 кез, қалыңдығы 41 кез болуы керек деп көрсеткен. Сондай-ақ ол күмбездің түрлі түсті таспен (глазүрмен) безендірілуі, есіктері қайнатылған темірден, ал, хауызы қайнатылған тастан (мәрмәрдан) қалануы тапсырылған. Ескерткіштің салынып біту мерзімін бір жыл деп көрсетіп, оны басқару ісі Мәлен Садырға тапсырылады.

ҚОЖА АХМЕТ  ЯСАУИ   КЕСЕНЕСІ

 

 

 

 

Сәулеттік ерекшелігі мен  әлеуметтік қызметі күрделі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу және қалпына келтіру  жұмыстарының өзіндік сыры мол. Сондықтан да, кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына  арнайы  тоқталудың маңызы ерекше деп білеміз. Қалпына келтіру дегеніміз – мұражай ісінде табиғи тозудың әсерінен пайда болған бүлінуді жойып,  оны бастапқы қалпына келтіру деген мағынада қолданса керек. Қалпына келтіру тек кәсіби шебер-реставраторлардың қолымен ғылыми негізде іске асырылғанда ғана нәтижелі болатыны сөзсіз. Кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын сипаты мен маңыздылығына қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастырған орынды.

 

Бірінші кезең: кесене салынғалы  бергі ХХ ғ. бас кезі, яғни І дүниежүзілік соғыс басталғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші кезең: 1917 жылдан 1950 жылдардың бас кезіне дейінгі кезеңді қамтыса, үшінші кезең: 50 жылдардың бас кезінен,  мұражай ашылған 1978 жылға дейінгі уақытты еншілейді, төртінші кезең:  мұражай мәртебесі өзгеріп,  “Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып өзгеріп, “Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып аталған 1989 жылдан осы кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Жөндеу және қалпына келтіру саласындағы әр кезеңнің  көтерер жүгі жеңіл емес.  Осы арқылы қоғамның мәдени мұраға деген көзқарасы танылатындығы сөзсіз.

 

Бірінші кезеңде атқарылған жұмыстар туралы белгілі шығыстанушы  М.Е.Массонның зерттеу еңбегінен  көп мағлұматтар кездестіруге болады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін Әзірет Сұлтан кесенесін жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңіл бөлінді. Ол жұмыстар кесене төңірегіндегі қоқысты тазалауға бағытталды. Ал, 1884 жылы қазынадан 15 мың сом қаржы бөлініп, кесененің төбесінен су өткізбеу шаралары жасалып, шөге бастаған кесене іргетасы бекітілді. 1886-1887 ж.ж. кесененің батыс бұрышын құлаудан сақтау үшін қабырғаның сыртынан кірпіштен тіреулер өрілді.

 

Үкіметтік шаралардан бөлек  жергілікті тұрғындардан жиналған 12 мың  сом қаржыға Асхана бөлмесі мен  кесенеге әрлеу жұмыстары жүргізілді. 1910 жылы жүргізілген бұл жұмыстан бір жыл өткен соң Түркістан генерал-губернаторлығы арнайы комиссия шығарып,  кесенені тиянақты жөндеуден өткізу үшін 100 мың сомның жұмыс көлемін анықтады. Бұл жерде әңгіме қалпына келтіру емес, тек қана жөндеу жұмыстары туралы болып отырғандығын атап айту керек. Сол кездің ақша бағамында бұл қомақты қаржы еді. Әйтсе де І дүниежүзілік соғыс зардабы аталған шараларды іске асыруға мүмкіндік бермеді. Бұл кезеңде жөндеу жұмыстарының ғылыми негіздемесіз тұрпайы технологиямен жүргізілгендігін көреміз. Мысалы,  қабырғаның сыртқы бедеріне еуропалық үлгідегі кірпіш қаланып,  әрлеудің стилін бұзды,  өрнектер әктеудің астында қалды, тіпті орталық бөлмедегі сәндік плиталар алынып тасталды.

 

 

 

Бұл кезеңде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі адам қолымен,  қоғам ықпалымен қамқорлыққа алынумен бірге,  тағылықпен қирату әрекетін де бастан өткізді. Атап айтқанда, 1864 жылдың 9 шілдесінде полковник Веревкиннің бұйрығымен ғимаратқа зеңбіректен он екі оқ атылды, оның бірі кесене қабырғасына тиіп,  зақымдады. Массонның жазуына қарағанда, кесене қабырғаларының жарылғанды­ғын, оның құлаған жағдайда жанындағы әскери гарнизонды басып қалу қаупін желеу етіп,  жергілікті әкімшілік Қожа Ахмет Ясауи кесенесін бұзуға қаулы шығарып,  сорақылық жасаған. Бірақ,  бұл қаулы Түркістан генерал-губернато­рының араласуымен бұзылған.

Ал,  кесенені жөндеу және қалпына келтірудің екінші кезеңі ХХ ғ. басындағы әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты болды. Кеңестер билігі жүргізген  әлеуметтік реформалардың қатарында мәдениет ескерткіштері мен өнер туындыларын сақтап қалу мақсатында олардың мемлекеттік меншік деп жарияла­нуын атауға болады. Осындай өзгерістердің ықпалымен Түркістан АКСР-інің Орталық Атқару Комитеті “Мемлекеттік және көркемдік маңызы бар көне ескерткіштер мен өнер туындыларын қорғауға алу” жөніндегі №191 декретін жариялап,  бұл жұмыстарды жүзеге асыру Архив басқармасына жүктелді.

Ал, 1921 жылдың 23 мамырында  Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар  Кеңесі Халық ағарту комиссариаты жанынан өнер туындылары мен табиғат ескерткіштерін қорғаумен және мұражай жұмыстарын ұйымдастырумен айналысатын комитет (Туркомстарис) құрып, оның ережесін бекітті.

1922-1923 ж.ж. профессорлар  Д.И.Печкин мен А.А.Семенов басқарған  экспедиция Түркістан қаласында болып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін суретке түсірген, архитектуралық өлшемдерін алып, оны қорғаудың қарапайым шараларын ұйымдастырды. Әйтсе де мамандардың, қаражат пен құрылыс материалдарының жетіспеуіне байланысты ел ішіндегі ескерткіштердің ең маңыздыларын ғана қорғауға алып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болды. Солардың қатарында Айша Бибі кесенесі, Сайрам колонналары мен Сығанақ қаласы қалдықтарымен бірге,  Қожа Ахмет Ясауи кесенесі де бар еді.

Информация о работе Қожа Ахмед Ясауи