Отаным-Казакстан

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 10:20, реферат

Описание работы

(Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне арналған шығарма)

Отан...Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз.

Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан.

Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.

Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғығы толы кезеңімен есте қалды.

Работа содержит 1 файл

реферат.doc

— 95.00 Кб (Скачать)

Отаным-Қазақстан 

  

(Қазақстан Республикасы  тәуелсіздігіне арналған шығарма) 

         Отан...Бұл сөз-әр адамның жанына  жақын, жүрегіне жылы тиер сөз.  

         Құс ұясыз болмайтындай, адам  Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау  Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан.  

         Қазақстан дегенде көз алдыма  шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған  ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы  бұлбұл құстың үні мен айдын  көлдегі аққу құстың қиқулаған  даусы құлағыма келеді.  

Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғығы толы кезеңімен есте қалды.  

         Мың тоғыз жүз он алтыншы  жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналықты жадымызда ұстайық! 

          Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет  болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттағанбыз. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіліміз-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы- Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.  

         Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр-жастар  ғасыры. Мұқағали ағамыз: 

                                                                      « Сендердікі қоғам, өмір, заман  да,  

                                                                        Сен түзеген қалаңменен далаң да,  

                                                                        Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,  

                                                                        Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!»,- дейді. 

         Біз - халқымыздың үміт артарымыз,  өлкемізді көркейтіп жасартары  да біз-жастар. 

         Қазақстан, сен заңғар биіксің,  кеңсің. Менің жаным өзіңе деген  мақтанышқа бөленген. Туған жер!  Мен сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңмын! 

Тәуелсіздік...

Осы бір бунақтары  буын-буынымен бұлқынып тұрған сөз  қазақ үшін «тәуекел» сөзімен  бара-бар естіліп, шендесіп қалады. Ұлтымызға туа біткен-түсінік  емес, жүре біткен әлеуметтік ұғым. Заманалар сарыны, тарих толқыны талайына бұйыртып, ақыры қанжығысына байлап берген саяси әлеуметтік таным.

Біз үшін: Тәуелсіздік - Ту, Тәуелсіздік-ауа, жер-су, Тәуелсіздік-ел дәулеті. Қазақтың тәуелсіздігі қанды  қыздырып, жанды қинардай күрделі қатпарлы түсінік. Тәуелсіздік қазақ тірлігінің жұлын-жотасы сынды сезіліп тұр. Арқаумен тұсаудан шыққалы небәрі он бес жыл. Ол күнтізбелік жыл тәуелсіздік туы көтеріп, рәсімделгенде дүниеге келген қазақ перзенті бүгін небәрі он бес жаста ғана. Он бес жасар ұлан мүлдем басқа дүние, өзгеше ғалам азаматы. Тәуелсіздіктің шын кейіп-кесірін, ерекшелігін сол он бес жасар қазаққа қарап білесің.

Он бес жыл  ішінде қазақ азаматтары нені түсінді? Тәуелсіздік көктен түспейді екен... Соны білдік.

Тәуелсіздік хатпен келмейді екен... Соны аңғаруға болады.

Осы он бес жылда  қазақ қазақ екендігін түйсінді. Қазақты қазақ таныды. Ең әуелі  өзімізді өзіміз таныдық. Аламан дүниедегі  есемізді, еншімізді, несібемізді білдік. Осы он жылдың ішінде, заман ғаламат  көрген ақсақалдарым он бес жылды тарихымыздың он бес ғасырына айырбастамайтынына кәміл сенем.

Қазақ санасындағы  кіреуке жыртылды, аруана уызына тінтінген  түйсікпен ұмтылған ботақандай ұлттық тінтінген сана көзін ашып, алмағайып, аласапыран дүниеге тұнық жанармен қарай бастады.

Қасиетіміз де, қасіретіміз де сол тұнықтығымыз, тазалығымыз, бейкүнә сәбилігіміз  екен. Соны ұқтық. Он бес жыл ішінде. Ұтылсақ та, ұтсақ та өз таланымыз  тағдырымыздан. Маңдайға бұйырған жұлдызымызды көрудеміз. Тарихтың жолы, дамудың күллі  түйіні, сахара мен заман қисындарының тоғысы осы өмір ағынына әкелді. Қазақ перзенті атамекен қара жер құрсағын ... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

БӨКЕЕВ  ОРАЛХАН (1943-1993 ЖЖ.) 
 

                                                     Көрінуші ең көнелердің көзіндей,

 Жазғандарың  -қара өлеңнің сөзіндей,

 Асқақ  едің, атақты едің,

 Нар  едің -

 Туған  өлкең -өр Алтайдың өзіндей 

(С.Тұрғынбеков) 
 

Оралхан Бөкеев 1943 жылы 28 қыркүйекте Катон-Қарағай  ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған.

1961 жылы Сұлтанмахмұт  Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторист болып төрт жылдай жұмыс істеген. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекетік ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тәмамдап шығады. 1965-1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық "Еңбек туы" газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық "Коммунизм туы" газетінде әдеби қызметкер болған.

1968 жылы республикалық  "Лениншіл жас" газетінің  шақыруы бойынша Алматыға келеді, осы газетте мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеді, ал 1974-1983 жылдарда "Жұлдыз" журналы проза бөлімінің меңгерушісі әрі редколлегия мүшесі болған. Өмірінің соңғы күніне дейін "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторлық қызметін атқарады. 

Шынында да осы  Оралхан Бөкеев деген кім ?

 Оның көзі  тірісінде де, бақиға аттанған  соң да аттандап: "Алтайдың  кербұғысы!", "Мұзтаудың мұзбалағы!" деген сынды эпитеттерді қарша  боратқанымыз өтірік емес. Әлі  күнге Оралхан туралы әңгіме қозғала қалса әлгі эпитеттерді малданып келеміз. Осы астам сөздердің екінші бетіне көп үңіле қоймағанымыз да, үңілуге батпай жүргеніміз де шындық. Үңілуге әрекеттеніп көрелікші. 

Бала Орашты, бозбала Оралханды, жазушы әрі қайраткер  Бөкеевті танығысы келген кез келген адам оның шығармаларын екі қайтара оқып шықса, сол жеткілікті шығар. Екі қайтара деп отырғаным, жалқы оқумен Бөкеевтің будақ - будақ бу атқылап жатқан иін -иірімдеріне малтығып, тұншығып қаласыз. Оның үстіне екінші қайталағанда Оралханмен ілесіп жеті қат көкті шарлап кеткен көңіліңіз сәл - пәл байсал тартып, жерге түсесіз. Ақбаз дүниенің аппақ тұманының арқасында Орекеңнің жартылай адам, жартылай пері кейіпкерімен бірге адасып жүрген сіз, сансырай шаршағаныңызды сезесіз. Шаршау - салқын қандылықтың өзегі.

Оралхан - жазушылыққа  өзін бала кезінен дайындаған адам. Жиырма жасына дейін ел деген, Өр Алтай  деген құнарлы да қыз - табиғат  өңірдің уызынан қанып ішкен  ол, өз санасында сандаған повестер мен сарытап сағыныштарға толы әңгімелердің негізін қалап үлгерген екен. Алтайда жатып асқақ та өршіл дауысымен алты алашты елең еткізген өренді, Алматыдағы қазақ жұртының қаламының желігі бар жастарын құтпан айғыр секілді үйіріне қуып тығатын Шерхан Мұртаза сынды аймүйіз ағасы аяқ- қолын жерге тигізбей астанаға алғызған. Сөйтіп… Қазақтың шоқ жұлдыздарының қатарына мұрты жаңа ғана тебіндеп келе жатқан, жүрісі де, тұрысы да кербез, жұмбақ, өр де астам, басына сынық түймедей сөз асырмайтын түз тағысы - Кербұғы келіп қосылған….

Орекеңнің үлкен, көлемді шығармаларын былай қойғанда, кез келген ұсақ әңгімесінен туған жеріне, тіпті оның әр бұта - қарағанына деген, жалпы адамзат баласына деген алапат сағынышы аңқылдап тұрады. Сағынышсыз адам - құр тұлып. Ал , Оралхандыкі тым ерекше. Туған жерінің төсінде ойнақтап жүріп - ақ әр тал ағашын, әр тал жусанын мың сан еңірей құшады. Сол от - жалынға оранған алапат сағынышына тым ерте өртеніп кетті ме, кім білсін ?

 Кез келген  өнер иесі туралы әріден әңгіме  қозғау барысында біз оның  өмірін- дайындық, білімін жетілдіру,  даму, өсу кезеңдері деп шартты түрде бөліп, бөлшектеп жататынымыз рас. Осы бір шарттылық шеңберіне Оралхан сыймайтын секілді. Себеп мынада: Оралханның қулық пен сұмдыққа толы қитұрқы өмірдің мәні мен мағынасын әлі толық ажырата алмай жүргенде жазылған шығармалары мен кейіндеу жазылған шығармаларын безбендер болсақ, бірін - бірі баса алтай, итжығыс түсіп жатар тұстары көп. Асылық болмасын, тіпті отызында жазылғандары қырық жасындағы "ағаларынан" өр де өршілдеу екендігін ешкім жоққа шығара алмас. Яғни Оралхан шығармашылыққа өмірдің өзінен дайын келді деген сөз. Оның әдебиет институты да, аспирантурасы да, академиясы да- айналайын ауылы, соның ақеділ адамдары, Өр Алтайы, оның табиғаты болатын. Соған тамсануын тауыса алмай, таңырқауын түгесе алмай көз жұмды. Қат - қат сағыныштрын өзімен бірге ала кетті.

Оралхан Бөкеев шығармашылығының бастауы ретінде "Сарыарқаның жаңбыры" атты ұзақ әңгімесін атап жүрміз. Бәлкім, дұрыс  та шығар. Дегенмен, мен айтар едім, "Сарыарқаның жаңбыры" болашақта  дауылдатып, селдетіп өтер автордың оқырмандарына, цензураға жіберген "барлаушы" шығармасы ғана деп. Ол онда аспайды, таспайды. Сұлтанмахмұтпен кеудесіне сырыл араласа бастаған бейкүнә ақынмен бірге байсал күй кешеді. Мұңдасады, сырласады. Алғашқы шер шеменінің шетін шығарады. Оны Махмұттың ауызымен айтқызады. Күркіременің бойындағы ай сәулесінен жасыруға қауқары жоқ сирек талдың жанында, бой түзеп қалған балаң бойжеткенге айтқан өзінің асық жырын Махмұттың аузына салады. Бұл - автор мен оның кейіпкерінің тағдырларындағы ұқсастықтан да шығар.

Оралханды өз биігіне  шығарған, "Бөкеев - нағыз талант" дегізген шығармасы - "Мұзтау" повесі. Міне, дәл осы шығармасынан бастап Оралхан Бөкеев қоғаммен, оның кереғарлығымен, адамзатқа қасірет әкелетін сойқанды іс - әрекеттермен тайталасқа түседі. Бөкеевтің мәңгіге бітпес айтысы басталады. Міне, осы "Мұзтаудан" басталған қоғам кереғарлығымен Бөкеевтің жекпе - жегі оның қалған ғұмырындағы шығармаларының лейтмотивіне айналғаны рас.

 Аршалы. Қазақ  жерінің күншығыстағы сіргежинар  пұшпағы. Жұрты екі - ақ күнде  көр -жерін буып - түйіп бел  асып, бошалап кеткен, әдірем қалған  мекен. Мылқау шешесімен Ақтан  ғана қалған. Тағы да бір Ақтанның  мұңдасы, тіршілік иесі бар,  ол арса -арсасы шыққан Шағырқасқа. Оның да терісі қанжар жүзіндей боп жұқарған, жүдеген. Мынау мүлгіген мылқау тірліктен Шағырқасқа да әбден зәрезеп болған: алқа салқасы шығып жылағысы, белгісіз бір шулы өмірге күңірене кісінеп еніп кеткісі келетін. Бірақ ондай шылбыр үзер тентектікті Шағырқасқаға кім беріпті ?! Қайта мынау меңіреу тайгадағы өзі салған, өзі мың сан таптаған сүрлеуімен митың - митың тапырақтағанына, тірлік етіп жүргеніне риза болсын. Жылқы да болса өз әулетінің тым жуастығына, тым көмпістігіне іштей қан түкіре налитын. Екі аяқтылардың еркіне көндім дегенің, табиғат берген тәуелсіз тірлігіңнен айырылдым деген сөз. Анау жылы бір тентек суға тойып алған, зәр жіберер долы Екі аяқты мұның көзін шұқып та алған. Шағырқасқа аталып жүргені сондықтан, Шағырқасқа екіаяқтылардың қолынан күніне сан рет жем алып жүрсе де оларға сауырын сипатпайтын бұғы, маралдардың ерлігіне қызығатын, Аршалының самырсынды бір сайында туып, соның ғана төсін дүбірлетіп келе жатқан Шағырқасқаның қиялы да қысыр қалған. Аршалы көгінің көкжиегін көмкерген әнеу бір, қол созым жердегі түкті төбемен шектелген. Шіркін, бұғы - маралдардай тәуелсіз болсам - ау дегенді ғана армандайды. 

Шағырқасқаның үстіндегі иесі - Ақтан да жалқы. Жалғыз. Жартылай аң, жартылай адам. Табиғилығына түрен түспеген пенделердің соңғы тұяғы. Өрелдегі өңезкеуделердің Аң атап жүргені де сондықтан. Олардың ойынша қулық, сұмдық, аярлық, алааяқтықты меңгермеген жан - Аң. 

Ақтанның бар  ермегі - ой. Санасына мәңгі тыныштық бермейді. Оралхан өзін шаршатқан, санасын  сансыратқан, жауабын табу қияметқайым сандаған сұрақтарын Ақан арқылы жарыққа шығарады. Ақтан мен Аңды пікірталасқа түсіру арқылы жауап іздейді. Жақсылық пен Жамандықтың қансонарда жерді жапқан аппақ қылаудың бетіндегі қатар жатқан, бәсекелес қос із екендігін, жиі -жиі бастары тоқайласқан сәтте шарпысып, шаптығысып тіпті, қантөгіске де баратынын - қолқасына өгіз тобығы тұрып қалғандай өксікпен өреді.

Информация о работе Отаным-Казакстан